Аттестация / Психология

Психология - пәнінен Педагогтердің білімін бағалауға дайындық сұрақтары - Аттестацияға дайындық үшін

Психология пәнінен ұлттық біліктілік тестілеуге дайындық сұрақтары. Әр нұсқада Психология 10 сұрақ және Оқыту әдістемесі 20 сұрақ бар.
Нұсқа саны:
0
Уақыты:
120 минут
Қатысу жарнасы:
490 тг.
Нұсқалар тізімі бос.
Басқа пән таңдау үшін Аттестация батырмасын басыңыз
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтерінің білімін бағалау

Педагогтердің білімін бағалау – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.

Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Педагогтердің білімін бағалау екі блоктан, барлығы 30 тест тапсырмасынан тұрады:

  • бірінші блок «Оқыту әдістемесі» - 20 тапсырмадан тұрады;
  • екінші блок «Психология» - 10 тапсырмадан тұрады.

Педагогтердің білімін бағалау бойынша тестілеу тапсырудың уақыты 80 минутты құрайды.

Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар ,стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б. негізінде жасалады.

Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.

Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.

Тест құрылымы
Блок Тапсырма саны Тапсырманың формасы Уақыт (минут)
Оқыту әдістемесі 20 Бір дұрыс жауапты тапсырма 50
Психология 10 Бір дұрыс жауапты тапсырма 30
Пайыздарды балдарға ауыстыру шкаласы
Категориялар Блок Пәндер бойынша балдар ПББ-өту (пайызы, %) ПББ-өту (балы)
Педагог Оқыту әдістемесі 20 50% 10
Психология 10 50% 5
Педагог-модератор Оқыту әдістемесі 20 60% 12
Психология 10 60% 6
Педагог-сарапшы Оқыту әдістемесі 20 70% 14
Психология 10 70% 7
Педагог-зерттеуші Оқыту әдістемесі 20 80% 16
Психология 10 80% 8
Педагог-шебер Оқыту әдістемесі 20 90% 18
Психология 10 90% 9