1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қашықтықтан оқыту
ОНЛАЙН КУРС (STEPIK)
1.2 Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлері
Құрметті ұстаз, бұл модульдің бірінші тақырыбы қашықтан оқытудың ерекшеліктерін айқындауға арналады.
Материалды
оқып шығып, бірінші тапсырманы
орындауға дайындалыңыз.
Қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады.
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері:
ақпаратты жеткізу ортасы (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер);
ақпарат алмасудың техникалық ортасына байланысты әдістер.
Қашықтан оқыту екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады – синхронды және асинхронды оқыту.
Қызықты
факт
Қашықтан оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан анағұрлым ертерек пайда болған.
1840 жылы Ұлыбританияда өзінің стенография жүйесін ойлап шығарған Исаак Питман (Isaac Pitman) болашақ стенографист мамандарды поштамен жіберілген материалдар арқылы оқытуды қолға алған. Бұл ең алғашқы қашықтан оқыту курсы болды. Питманның жедел жазу жүйесі ағылшын тілді жұртшылықтың арасында кеңінен таралды, бұған стенографияны үйренушілердің кең ауқымды желісі де ықпал еткен.
! Курс материалдарымен жұмыс істеу ыңғайлы болуы үшін Глоссарийді жүктеп алыңыз
Қашықтан
оқытуға тән сипаттамаларды белгілеңіз.
(Мүмкін болатын жауаптарды белгілеңіз)
Оқытушының оқушылармен өзара әрекеттестігі жанама түрде іске асады
Әртүрлі қарым-қатынас технологиялары қолданылады
Оқу мақсатына қол жеткізу
Оқуды бағалау міндетті емес
Оқыту әдістері техникалық жағдайлардың қамтамасыз етілуіне байланысты
Синхронды және асинхронды оқытудың айырмашылығы неде?
Қашықтан оқыту түрлерінің сипаттамаларымен танысыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
Синхронды оқыту мысалдары: Сабақты ZOOM, Teams, Google Meet арқылы жүргізу.
Асинхронды оқыту мысалдары: Тапсырмаларды электронды пошта, мессенджер, Kundelik.kz арқылы жіберу. Тапсырмаларды оқыту платформаларына (Google Classroom) орналастыру. Онлайн оқулықтар.
МҮМКІНДІКТЕРІ
СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ
+ мұғалімнің жедел кері байланыс беру мүмкіндігі – оқушыларда қиындық туғызған мәселелер бойынша бірден түсініктеме беруге болады;
+ топтық өзара әрекеттестікте оқуды ұйымдастыру;
+ өзара қарым-қатынаста және бірлесе оқу дағдыларын дамыту;
+ оқушыларды өзара қарым-қатынас орнату арқылы оқуға ынталандыру.
АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ
+ оқу кестесі мен тәртібінің икемділігі (оқуды басқа сабақтармен қатар жүзеге асыру мүмкіндігі);
+ оқу бағдарламасын өзіне ыңғайлы қарқынмен меңгеру мүмкіндігі;
+ оқу материалдарының кез келген уақытта қолжетімді болуы;
+ өзін-өзі ұйымдастыру және өз бетінше оқу дағдыларын дамыту.
ШЕКТЕУЛЕР МЕН КЕДЕРГІЛЕР
СИНХРОНДЫ ОҚЫТУ
- оқу кестесі мен тәртібін, оқу қарқынын қадағалау қажеттігі;
- бірқатар оқушыларға мұғалімнің жеке көңіл бөлуі қажет болған жағдайда басқа оқушылар күтуге мәжбүр болады;
- оқытудың тиімді болуы мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты болады;
- сабақ кезінде техникалық байланыстың сапасына жоғары талаптар қойылады.
АСИНХРОНДЫ ОҚЫТУ
- сабақ материалын түсінбеген жағдайда мұғалімнен жедел кері байланыс алудың мүмкін болмауы;
- материалды меңгеру барысында мұғаліммен тікелей қарым-қатынаста үйренуді қажет ететін дағдыларды (мысалы, музыкалық аспапта ойнау, шет тілін үйренуде дыбыстарды дұрыс айтуды үйрену және т.б.) дамытудағы кедергілер;
- білім алушылардың өз бетінше оқу дағдыларына жоғары талаптар қойылады.
Оқыту түрлері
мен сипаттамаларын еске түсіріңіз. Оқыту
түрлері мен сипаттамаларын сәйкестендіріңіз.
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Қашықтан
оқытуға қатысушылардың рөлдері
Ойлануға арналған сұрақ: Онлайн оқу кезінде мұғалімнің және оқушылардың қызметінде қандай өзгерістер болады?
Қашықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушылар бір-бірінен біршама қашықтықта орналасып, оқыту үдерісі пошта, теледидар, платформалардың және АКТ құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Осыған орай білім беру үдерісіне қатысушылардың атқаратын қызметі де бірқатар өзгерістерге ұшырайды.
Қашықтан оқыту барысында мұғалім мен оқушының өз рөлдеріне сәйкес қандай іс-әрекеттерді орындайтыны туралы қысқаша түсініктеме жазыңыз.
Құрметті ұстаз, біз «Қашықтан оқытудың ерекшеліктері мен түрлері» атты бірінші тақырыпты аяқтадық.
Тақырып аясында қарастырылған мәселелер:
Қандай оқыту түрі қашықтан оқыту деп аталады?
Синхронды оқытудың асинхронды оқытудан қандай айырмашылығы бар?
Қашықтан оқыту барысында мұғалімнің қызметі қандай болады?
Қашықтан оқыту барысында оқушының іс-әрекеті қандай?
1.3 Оқу үдерісін жоспарлау
Құрметті ұстаз, "Оқу үдерісін жоспарлау" тақырыбы аясындағы материалдармен жұмыс істей отырып, қашықтан оқыту сабағының құрамдас бөліктерін айқындаймыз және жоспарын әзірлейміз.
Сіз
"Оқыту әрдайым жоспарлаудан басталады"
деген тұжырыммен келісесіз бе?
Қашықтан оқытуды оқу күнін жоспарлаудан бастаймыз.
Мұғалімнің оқу күнін жоспарлаудағы негізгі міндеті аудиториялық оқу барысында өзіне және оқушыларға түсінікті, қолайлы оқу тәртібін қамтамасыз ете білу болып табылады. Алдын ала әзірленген сабақ кестесінің болуы және тапсырмаларды орындау мерзімдерінің алдын ала белгіленуі білім беру үдерісіне қатысушылардың алаңдаушылығын азайтуға көмектеседі.
1. Оқу уақытын белгілеңіз. Балалар мен ата-аналарға оқудың уақытын хабарлаңыз (мүмкіндігінше, күннің алғашқы жартысын пайдаланыңыз).
2. Қашықтан оқытуда оқу күнін үйреншікті 40 минуттық сабақтар түрінде емес, анағұрлым қысқа (синхронды оқытуда) сабақтар түрінде жоспарлаған орынды. Оқушылардың компьютер алдында үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығының жас ерекшеліктеріне сәйкес белгіленген нормаларын ескеріңіз. Оқыту барысында міндетті түрде үзіліс жасап, балалардың орнынан тұрып, монитордан алшақ тұрып, көзге арналған жаттығуларды, бірнеше қарапайым дене жаттығуларын орындауына, су ішуіне мүмкіндік беріңіз.
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне қандай уақыт қолайлы екендігін балалармен және ата-аналарымен кеңесіп алыңыз.
4. Оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындау мерзімдерін нақты белгілеңіз. Тапсырмаларды орындауға берілетін уақыт оқу мақсатына байланысты әртүрлі болуы мүмкін, мысалы:
бір сағаттың ішінде орындау — Сіз бір сағаттан кейін тапсырмаға қайта ораласыз;
ертеңге дейін орындау – Сіз тапсырманы келесі сабақта тексересіз;
бір аптаның ішінде немесе басқа мерзімде орындау – мысалы, жобалау тапсырмалары және т.б.
Оқу күнінің жоспары шаблонын жүктеп алыңыз.
Курс аясында ұсынылып отырған жоспарлар үлгілерін қолдану міндетті емес. Мұғалім өзінің жұмысына анағұрлым ыңғайлы үлгіні таңдай алады немесе өзі құрастыруы мүмкін.
Қашықтан
оқыту сабақтарын жоспарлау
Табысты сабақ жоспарының критерийлерін жүктеп алыңыз
Қашықтан оқытудағы білім беру үдерісін жоспарлауда оның үш маңызды құрамдас бөліктері ескерілуі тиіс:
Оқу біздің өміріміздің маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан балаларды оқуға қызықтыру жолдарын қарастырғанда, білім беру мақсаттарын көздеумен қатар, оқушылардың тұлға ретіндегі қажеттіліктерін де ескеру қажет.
Сіз оқушы білім беру үдерісіндегі басты тұлға болып табылатынымен келісетін шығарсыз? Сондықтан әрбір баланың жеке психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктерін, оның оқып-үйрену деңгейін ескеру қажет.
Өзіңізге келесі сұрақтарды қойыңыз:
Мен өз оқушыларымды жақсы білемін бе?
Олар қай кезде қызығушылықпен оқиды?
Олардың оқуына не көмектеседі?
Оқуға не кедергі келтіреді?
Әрбір оқушының білім алуы үшін қандай жағдайлары бар?
Егер Сіз бұл сұрақтарға жауап бере алатын болсаңыз, сабақты жоспарлау үдерісі тиімді оқу мақсаттарын анықтауға және анағұрлым тиімді тапсырмаларды, әдістер мен тәсілдерді, оқыту құралдарын қамтуға, саралап оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Саралап оқыту туралы
Қашықтан оқыту үшін оқушыларды өз бағыт-бағдарын айқындай отырып, оқуға ынталандырудың маңызы зор (бұл туралы келесі модульде қарастырылады).
Сіздің пікіріңізше, оқушының өз бетінше әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға не ықпал етеді?
"Бұған әртүрлі деңгейлі және түрлі форматтағы мұқият ойластырылып, нақты нұсқаулармен қамтамасыз етілген тапсырмалар оң ықпал етеді" деген пікірді қолдайсыз ба?
Оқытуды саралай отырып, келесі аспектілерді қамтамасыз ету маңызды:
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру.
Оқушыларды осы ерекшеліктеріне қарай топтастыру.
Топтағы оқу үдерісінің вариативтілігі .
Саралау түрін айқындай отырып, оқушылардың әрқайсысына қолдау көрсетіп, оқудың барынша табысты болуын қамтамасыз ететін тәсілді таңдаймыз.
Оқушыларыңыздың ерекшеліктерін ескеріңіз және онлайн сабақты жоспарлау барысында сабақ мақсаттары мен тапсырмаларды әзірлеп, бір немесе бірнеше саралау тәсілін таңдаңыз.
Жоспарлау үдерісі
Мазмұны
Қашықтан
оқыту сабағын (оқу сыныбындағы сабақ
сияқты) сабақ
мақсаттарын тұжырымдаудан бастаймыз.
Бұл үшін оқу бағдарламасындағы оқу
мақсаттарына шолу жасап, оқушылар
сабақта қол жеткізуі тиіс мақсаттарды
таңдаймыз, сынып оқушыларының
ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ
мақсаттарын әзірлейміз. Сараланған
сабақ мақсаттарын белгілеуге болады, бұл
әрбір оқушының оқу тиімділігін
барынша арттыру үшін сабақта
жұптық, топтық немесе жеке жұмыс түрлерін
ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Барлық
оқушылар үшін ортақ бір мақсат ұсынуға
болады, мұндай жағдайда бұл мақсатқа
барлық оқушылар табысты жете ала ма, бұл
үшін бір ресурсты немесе әртүрлі
ресурстарды, оқу тәсілдерін пайдалана
ала ма, әлде қосымша қолдау көрсету
арқылы қол жеткізе ала ма - осы
мәселелерді ойластыру аса маңызды.
Мына мысалды қарастырайық.
Сабақтың мақсаты барлық оқушылар үшін қажетті білім көлемін қамтамасыз ететінін және сабақ аясында белгіленген оқу мақсаттарына жетуге ықпал ететінін назарда ұстаңыз. Әрбір оқушының осы оқу мақсатына жетуіне және өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен өзінің қол жеткен табыстарын көрсете білуіне көмектесу аса маңызды.
Оқушылардың басым бөлігіне және (немесе) кейбір оқушыларға арналған сабақ мақсаттарын ұсына отырып, біз саралап оқытуды қолданамыз және әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісіне қатыстырамыз.
Сабақтың мақсатын тұжырымдау үшін қолданылатын етістіктер оқушының білім алу нәтижесінде жүзеге асыратын нақты іс-әрекеттерін баяндауы тиіс екендігін есте ұстау керек. Яғни мақсаттар нақты және өлшемді болуы тиіс. Сонымен қатар жүзеге асырылған оқыту дәлелдері қандай болатынын да ойластыру қажет, бұл оқушылардың жазбаша немесе ауызша жауаптары, құрастырылған модельдер, суреттер және т.б. болуы мүмкін.
Практикалық
жаттығу
Сабақ жоспарының шаблондарын (1-шаблон, 2-шаблон) жүктеп алыңыз. Өзіңізге қолайлы нұсқаны таңдаңыз. Қандай сыныпқа (пәнге) арналған қашықтан оқыту сабағын дайындайтыныңызды ойластырыңыз.
Өз пәніңіз бойынша Оқу жоспарындағы оқу мақсаттарына шолу жасаңыз. Сабақта оқушылардың қандай оқу мақсаттарына жетуі керек екендігін белгілеңіз. Таңдалған оқу мақсаттарына сәйкес сабақ мақсаттарын тұжырымдаңыз. Оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарын шаблонға енгізіңіз.
Сабақ мақсаттары мен қолайлы дәлелдер анықталғаннан кейін, Сіз белгіленген мақсаттарға жету үшін оқушыларға ұсынылатын оқу мазмұнын таңдауыңыз керек. Оқыту түрі қандай болатынын ойластырыңыз – синхронды және асинхронды немесе тек асинхронды бола ма? Сонымен қатар қашықтан оқытуда мұғалімнің жанында болмауы оқушыдан өз бетінше жұмыс істеу дербестігінің жоғары деңгейін қажет ететінін ескеру керек. Сондықтан оқушылардың күтілетін нәтижелерге (сабақ мақсаттарына) қол жеткізуіне мүмкіндік беретін негізгі ақпаратты, мазмұнды материалдар мен ресурстарды таңдаймыз.
Оқу мазмұнын таңдау барысында онлайн сабақтың құрылымына қатысты нұсқауларды ескеріңіз (егер синхронды оқытуды қолдана отырып сабақ өткізуді жоспарласаңыз).
Сабақтың
басталуы ұйымдастыру
мәселелерін қамтиды (байланысты тексеру –
дұрыс көрінуі және естілуі, ережелер
туралы келісіп алу – микрофонды ажырату
және қосу ережелері, экранды көрсету,
сұрақ қою мүмкіндігі).
Сабақтың ең көлемді бөлігі болып табылатын негізгі бөлімінде белгіленген оқу мақсаттарына жету қарастырылады. Осы мақсатта мұғалім материалдарды түсіндіреді және экраннан көрсетеді, оқушыларға тапсырмаларды орындатып, олардың өзара әрекеттестікте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді (мысалы, жұпқа және топтарға бірігіп жұмыс істеу, интерактивті тақтаны қолдану және т.б.).
Сабақтың қорытынды бөлімі материалды бекітуді немесе жинақтап қорыту мен рефлексияны қамтиды. Сіз интербелсенді сауалнама немесе тест өткізе аласыз, орындалған тапсырмаларға түсініктеме бере аласыз. Оқушыларға алдын ала келісілген бағалау критерийлерін және/немесе дескрипторларды қолдана отырып, өзінің оқуына талдау жасауды және бағалауды, оқудағы келесі қадамдарын жоспарлауды немесе тақырыпқа қатысты өз бетінше орындайтын жұмысқа қатысты іс-әрекеттерді таңдауды ұсына аласыз.
Практикалық
жаттығу
Өзіңіздің сабақ жоспарыңызды қайта қараңыз. Белгіленген сабақ мақсаттарына сәйкес оқулықты және басқа да ресурстарды пайдаланып, оқушының табысты оқуына ықпал ететін оқу материалын таңдаңыз.
! Оқушының оқу қызметімен айналысуына шектеулі уақыт бөлінетінін есіңізде ұстаңыз
2. Ұйымдастыру
Оқу
материалдарын мұқият таңдағаннан
кейін, оқушылардың оларды қалай меңгеретінін айқындау қажет.
Оқушылардың таңдалған материалдардың қайсысын
өз бетінше меңгере алатынын, ал
қайсысын мұғаліммен бірге
қарастыратынын анықтау қажет. Осыған
сәйкес сабақты синхронды форматта
өткізу барысында қандай
әдіс-тәсілдерді, оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру формаларын
қолдануға болатынын шешеміз.
Асинхронды оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?
Бұл жерде оқушылардың тек білімді меңгеретінін немесе білімді де, дағдыларды да меңгеретінін айқын түсіну маңызды. Сонымен қатар оқушылардың таңдалған оқу мақсаттары бойынша қандай тәжірибесі бар екенін бағалай білу қажет. Барлық оқушылар өз бетінше оқу материалымен жұмыс істеп, өздігінен меңгере ала ма? Егер өз бетінше меңгере алмайтын болса, қай оқушыға қандай қолдау қажет болады? Оқушының дағдыларын дамытуға не көмектеседі – жаттығулар жиынтығын орындау ма немесе сыныптастарымен бірлесіп жоба бойынша үй тапсырмасын орындау ма? Яғни нақты сынып үшін және әрбір оқушы үшін оқу мақсаттарының күрделілік деңгейін айқындау қажет.
Құрметті ұстаз, сыныпта оқытудың бірқатар әдіс-тәсілдерін қарастырып, оларды қашықтан оқытуда қалай тиімді қолдануға болатынын ойластырайық.
Халықаралық білім беру кеңістігінде оқыту әдіс-тәсілдерін жіктеуге қатысты бірыңғай жүйе қалыптаспаған.
Қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерді шартты түрде келесі жүйемен топтастыруға болады:
Қолданылып жүрген әдістер мен тәсілдер бойынша:
📗 Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс
Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалімнің материалға түсініктеме беруі суреттер/сызбалар/тәжірибелер арқылы бекітіледі және «орташа» деңгейлі оқушыға бағдарланады.
💻 Қашықтан оқытуға нені алуға болады:
Таныстырылым арқылы көрсету үшін суреттерді, сызбалар мен модельдерді, скринкаст және қысқа бейнероликтерді пайдаланып, оқушыларға оларды таныстыруды немесе түсініктеме беруді ұсынуға болады.
📗 Проблемалық оқыту
Мұғалім – оқушылардың ойлануына бағыт-бағдар беретін жетекші. Оқушылардың жаттап оқуына мүмкіндік берілмейді, ал білім алу ойын түрінде немесе оқу іс-әрекеттері арқылы меңгеріледі.
💻 Қашықтан оқытуға нені алуға болады:
Оқушылардың алдына белгілі бір оқу міндеттері қойылады, бұл міндеттерді шешу үшін оқушылар қолжетімді ресурстарды пайдаланып, қажетті ақпаратты өздері таба алады.
*Кейбір оқушыларға қажетті ресурстар қолжетімсіз болған жағдайда олардың жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?
📗 Бағдарламаланған оқыту
Мұғалім тапсырма бөліктерінің жүйелі түрде орындалуын ұйымдастырады. Меңгерілген жаңа білім тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіледі, содан кейін тексеріліп, бағаланады.
💻 Қашықтан оқытуға нені алуға болады:
Бөлім бойынша оқу мақсаттарын модульдерге бөлу, уақытты үнемдеу және өлшемдеу мақсатында оқытуды алдын ала жазып алынған бағдарламалар (Bilimland, ЯУчебник, электронды оқулықтар) арқылы жүзеге асыру.
Өзара әрекеттестік түріне қарай
📗 Офлайн оқыту (аудиториялық, сыныптық-сабақтық жүйе)
Оқу бөлмесіндегі белсенді өзара әрекеттестік ортасы және оқушылардың жауабын бірден білу, жедел кері байланыс алу мүмкіндігі.
💻 Қашықтан оқытуға нені алуға болады:
Жағымды эмоционалдық ахуалды қалай қалыптастыруға болатынын ойластырыңыз. Синхронды оқытуда – мұғалімнің бірқалыпты жағымды дауыс мәнері, сабырлы күлімсіреуі, оқытудың интербелсенді құралдарын тиімді қолдануы (Padlet, Jamboard, Trello интерактивті тақталары, Google дискідегі бірлесе қолдануға арналған құжаттар және т.б.). Асинхронды оқытуда мұғалімнің кері байланысы оқушыларды ынталандыруға және қолдау көрсетуге бағытталып, оқушылардың жұмысы туралы жағымды пікірлерден басталуы тиіс (бұл синхронды оқытуда да маңызды).
🎥 Синхронды оқыту
Педагог пен оқушының нақты уақыт кезеңінде өзара қарым-қатынастағы оқу іс-әрекеттері.
📔 Асинхронды оқыту
Оқушы мұғаліммен ешқандай қарым-қатынаста болмай, білімді өз бетінше меңгереді.
Мазмұнды ұйымдастыру бойынша
📗 Сызықтық оқыту
Оқушы білімді әр сабақ сайын жүйелі түрде меңгереді. Білім алушылардың басым бөлігі үшін тамаша модель: біз жүруді, оқуды немесе тамақ әзірлеуді осылай үйренеміз. Алайда сіздің сыныбыңызда дарынды балалар болса, мұндай мызғымайтын құрылым оларға кедергі болып, пәнді оқуға қызығушылығын төмендетуі мүмкін.
💻 Қашықтан оқытуға нені алуға болады:
Оқу материалдарын ұсыну біртіндеп, шағын бөліктермен жүзеге асырылады (белгіленген оқу мақсатына қатысты тек ең негізгі, өзекті материалдар).
📗 Сызықтық емес оқыту
Оқушылардың білім алу бағыт-бағдарын өз бетінше қалыптастыруға, тақырып бойынша материалдар, ресурстар мен тапсырмалар жиынтығынан оқушының өзі жұмыс істегісі келетінін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Мұндай оқыту келешекте студент болуға әзірленіп жүрген жоғары сынып оқушылары үшін өзекті болып табылады.
💻 Қашықтан оқытуға нені алуға болады:
Дербестендірілген оқуды ұйымдастыру үшін (саралап оқытуды ескере отырып) әртүрлі форматтағы (таныстырылымдар, бейнероликтер, мәтіндік материалдар) оқу материалдарын ұсына отырып, оқу нәтижелерін оқушының да, мұғалімнің де тексере алу мүмкіндігі (мысалы, Гугл Класс немесе Teams қолдану). Ашық курстар бар оқу платформаларына сілтемелер ұсыну.
👥 Оқу қызметін ұйымдастыру түрлері (ОҚҰТ) бойынша
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық оқыту жүйесінде фронталды, топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері қолданылады.
💻 Қашықтан оқытуға нені алуға болады:
Синхронды оқытуда ZOOM сессияларын немесе Teams командаларын, WһatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы топтық қоңырау шалуды қолдана отырып, топтық және жұптық жұмысты ұйымдастыруға болады. Қажет болған жағдайда жеке оқу бағыттарын ойластырып, жоғарыда аталған құралдарды қолдана отырып, оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсету.
Асинхронды оқытуда оқушыларға жұптарға немесе топтарға бірігіп жоба жұмыстарын орындап, оның ақпараттары мен нәтижелерімен мессенджер чаттарында, бірлесіп қолданылатын құжаттарда, интерактивті тақталарда өзара бөлісуді ұсыну.
Практикалық
жаттығу
Өзіңіздің сабақ жоспарыңызға қайта оралыңыз. Қандай әдіс-тәсілдерді қолдана алатыныңызды ойластырыңыз. Оқушылардың оқу қызметін қалай тиімді ұйымдастыруға болады? Өзіңіздің және оқушылардың жағдайы мен мүмкіндіктерін міндетті түрде ескеріңіз.
Сабақ
мақсаттары айқындалып, оқу материалдары
іріктеліп, қандай оқу қызметін ұйымдастыру
тәсілдемелерін қолданатыныңыз шешілгеннен
кейін, оқушыларға материалдар мен
тапсырма түрлері қандай
форматта ұсынылатынын
ойластыру қажет.
ФОРМАТТАРЫ
Іріктеп алынған оқу материалын қашықтан оқыту үшін қолайлы форматтарға айналдыруға болады.
Құрметті ұстаз, оқушыларға оқу материалдарын практикалық белсенділікті қамтамасыз ететін тапсырмалар арқылы меңгеруді ұсыну аса маңызды. Бұл оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуына және қажетті білімді меңгеруіне немесе дағдыларды дамытуына мүмкіндік береді. Онлайн оқытуда мұндай тапсырмалар практикалық жаттығу деп аталады.
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
ТАПСЫРМАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР
Қашықтан оқытуға арналған тапсырмаларды әзірлеуде нені ескеру қажет?
Сіздің оқушыға тапсырманы түсіндіруге әрдайым мүмкіндігіңіз бола бермейді, келісесіз бе? Сондықтан тапсырманың табысты орындалуы, жалпы орындап шығу мүмкіндігі тапсырмаға берілетін нұсқаулыққа тікелей байланысты болады.
Нұсқаулық әр
қадамды қамтитын, егжей-тегжейлі, бірақ
онша көлемді болмауы тиіс. Балалардың
жас ерекшелігіне сәйкес түсінікті
тілмен жазылуы
керек. Нұсқаулықта тапсырманы
орындау мерзімі және
оның қалай тексерілетіні көрсетілгені
орынды. Нұсқаулықта оқушы үшін тапсырманы
орындау барысында қиындық
туындаған жағдайда қалай көмек
алуға болатыны туралы ақпарат берілетін
болса (оқулықтың бетіне,
ресурсқа сілтеме, мессенджер
арқылы мұғалімге сұрақ қою немесе
сыныптасымен талқылау мүмкіндігі), оқушы үшін
өте тиімді болады. Нұсқаулық баланың
тапсырманы орындап шығуына және
мазасыздануын азайтуға көмектесуі
керек. Нұсқаулықты карта,
маршрут қағазы немесе жай ғана
қағазға басылған мәтін түрінде әзірлеуге
болады.
3. Технологиялар
АКТ
сервистері мен құралдарын
таңдауда біз минимализм
принципін ұстанамыз.
Мүмкіндігінше анағұрлым аз ресурстарды
пайдалануға, платформалар мен байланыс
арналарын да аз қолдануға тырысамыз. Оқуға
арналған платформалар мен аккаунттардың
көптігінен балалар да, ата-аналар да
шатасады. Оларды таңдау барысын барынша оңтайландырыңыз
және азайтыңыз, өзіңізге «бұл
сервис немесе құрал не үшін
қолданылады?» деген
сұрақ қойып отырыңыз. Әдетте құралдарды
оқыту әдістемесіне сәйкес таңдау
керек, бірақ керісінше
емес екенін есте ұстаңыз. Құралдарды
таңдауда сабақтың мақсаттары мен
мазмұнын басшылыққа аламыз.
Төменде ұсынылған cуретте оқушылардың синхронды оқыту аясында тапсырмаларды орындау барысында мұғаліммен және бір-бірімен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуге көмектесетін АКТ құралдары мен сервистерінің мысалдары келтірілген.
Келесі мысалда алдыңғы суретте көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін асинхронды оқыту барысында қандай технологиялар қолданылатынын көрсетеді (оқушылар мен мұғалімнің қолданатын ресурстары шектеулі – гаджеттер жетіспейді, интернет жылдамдығы төмен).
! Сервистер мен қашықтан оқытуды ұйымдастыру құралдары жайлы "АКТ құралдары" модулінде тереңірек танысасыздар
Практикалық
жаттығу
Өзіңіз әзірлеген сабақ жоспарыңызды қайта қараңыз. Сабақтың техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі туралы ойланыңыз, оқушыларыңыздың мүмкіндіктерін ескеріңіз. Қашықтан оқыту сабағыңыз үшін қандай АКТ құралдары мен сервистерін қолданатыныңызды айқындаңыз. Оларды сабақ жоспарына енгізіңіз.
Идея
Онлайн сабақты өткізу үшін (синхронды оқыту) қолдануға болатын пайдалы құралдардың бірі – онлайн сабақтың сценарийі. Онлайн сабақ сценарийі шаблонын жүктеп алыңыз.
Құрметті
ұстаз, Сіз бірінші модульдің екінші
тақырыбын аяқтадыңыз.
Сонымен, қорытынды жасайық.
Біз қашықтан оқытуды жоспарлау кезеңдерін қарастырдық.
Сызба түрінде жоспарлау процесін мынадай кескінде бейнелеуге болады:
Қашықтан оқыту барысында сыныпта оқытуды қайталау мүмкін емес екендігін түсіну аса маңызды. Сіздің сыныбыңызға және өзіңізге қолайлы және тиімді қашықтан оқыту түрін табуға ұмтылу керек.
Кеңестер:
📌 Барлық жұмысты бірден жүзеге асыруға тырыспаңыз. Қашықтан оқыту кезеңінде қандай мақсаттарыңызға қол жеткізуге болатынын мұқият ойластырыңыз.
📌Қашықтан оқытудың ең қарапайым бір-екі құралын таңдап алып, солармен жұмыс істеуді бастаңыз. Бірден көптеген құралдарды қолдануға тырыспаңыз.
📌Қашықтан оқыту кезеңінде Сіздің оқу сценарийлеріңіз неғұрлым қарапайым, түсінікті және шынайы болса, оларды ойдағыдай жүзеге асыру және қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі соғұрлым көбірек болады.
📌 Оқытудың жаңа форматына Сіз ғана емес, оқушылар мен олардың ата-аналары да жаңадан бейімделуде екенін, олар да Сіз сияқты мазасызданатынын есіңізде ұстаңыз.
Интернетке қол жеткізу қиын болған жағдайда не істеу керек?
Егер оқушыларда интернет жылдамдығы төмен болса, сабақ барысында видео жазбаларды өшіруге болады.
Егер интернет белгілі бір уақытта ғана қолжетімді болса, оқушыларға тапсырманы кез келген уақытта қосылуға болатын сервис қызметі арқылы беріңіз.
Егер интернет мүлдем болмаса, оқытуды қағаз нұсқадағы материалдарды қолдана отырып ұйымдастырыңыз:
қажетті материалдарды басып шығарыңыз, оқулықтың қандай тарауларын оқу керек екенін хабарлаңыз.
Мұғаліммен онлайн қарым-қатынассыз, сабақты өз бетінше оқитын балалардың белсенділігін қадағалап отыру маңызды. Егер мұндай оқушылардың ата-аналары тапсырманы аптасына бір рет алатын болса, тапсырмаларды бірнеше бөліктерге бөліп беріңіз. Мұндай оқушылар үшін ынталандырушы тапсырмаларды таңдауға немесе оларды жоба жұмыстарына қатыстыруға тырысыңыз.
* Осы тақырыптың мазмұнын құрастыру барысында Я Учитель платформасынан алынған материалдар қолданылды
1.4 Бағалауды ұйымдастыру
Құрметті ұстаз, "Бағалауды ұйымдастыру" тақырыбы аясында қашықтан оқытудағы бағалау әдіс-тәсілдерін және оларды қамтамасыз ету нұсқаларын қарастырамыз.
Сіз
кері байланыстың адам өміріндегі маңызы
зор екендігімен келісесіз бе?
Біз өзіміздің іс-әрекеттеріміз арқылы,
олар туралы ойлану және басқалардың
оларға көзқарасын қадағалау арқылы
үйренеміз, өзімізді дамытамыз
және нәтижелерімізді
жетілдіреміз. Оқытудың қашықтан
немесе сыныпта өткізілетініне
қарамастан, кері байланыс әрқашан құнды болып
табылады. Оқу барысында тиімді
кері байланысты қалай қамтамасыз етуге
болады? Оқу үлгерімін жақсарту үшін
мұғалім мен оқушылар не істей
алады?
Кері байланыстың ықпалы: оқушының мұғалімге кері байланысы
Зерттеуші Дж.Хэттидің (John Hattie) пікірі бойынша, мұғалім үшін ең басты мәселе кері байланыстың оқушыдан мұғалімге бағытталған жағдайда ғана күшті ықпал ететінін түсіну болып табылады. Егер мұғалім оқушылардан кері байланыс алуды мақсат етсе және оқушылардың білімді қаншалықты меңгергенін, неден қателескенін, нені түсінбейтінін немесе орындай алмайтынын түсіну үшін өзі кері байланысқа ашық болса, оқыту мен оқу үйлесе отырып, күтілетін нәтижеге алып келеді. Оқушының мұғалімге кері байланысы оқытудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Оқушының мұғалімге кері байланысын қалай ұйымдастыруға болады?
1. Оқушының оқу мақсатын түсінуіне және қабылдауына көмектесіңіз.
Сабақты жоспарлау кезінде мақсатты белгілеу барысында оқушылардың және сыныптың ерекшеліктерін ескеріңіз, пән бойынша оқу мақсатында белгіленген ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес нақты және өлшемді етістіктерді пайдаланыңыз, түсінікті және анық баяндау тілін қолданыңыз.
Бұл мәселені біз 2-тақырып аясында қашықтан оқыту жоспарын әзірлеу барысында қарастырдық.
2. Оқушыларға сабақтың мақсатын талқылау және тапсырмаларды орындау кезінде сұрақ қоюды ұсыныңыз. Жұптарға бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттырыңыз, бұл әр оқушының ойлау деңгейін байқауға мүмкіндік береді.
Синхронды оқыту барысында оқушылармен талқылауды сабақ өткізу кезінде немесе оқушыларға байланысқа шығу уақытын алдын ала хабарлап, WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы топтық қоңырауды, чаттарды пайдалана отырып ұйымдастыруға болады.
Асинхронды оқыту барысында оқушылармен сабақ мақсаттары мен тапсырмаларға қатысты нұсқауларды, тапсырмаларды орындау барысын электронды поштаны, мессенджерлер чаттарын пайдалана отырып талқылау туралы келісіңіз.
3. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды ұйымдастырыңыз және бақылау жүргізіңіз. Объективтілікті қамтамасыз ету үшін интерактивті тақтада (Padlet, Jamboard, ZOOM), оқушыларға алдын ала жіберілген маршрут парақтарында, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау формаларында орналастыруға болатын тапсырмаларды бағалау критерийлері мен дескрипторларын ұсыныңыз (және оларды міндетті түрде өзіңіз пайдаланыңыз).
Сабақты ZOOM арқылы өткізу кезінде мұны оқушылар жалпы залда жұмыс істеген кезде де, яғни сұрақтарға жауап беру, орындалған тапсырманы экраннан көрсету, сұрақ қою кезінде, сондай-ақ оқушыларды сессия залдарында жұптарға немесе топтарға бөлу (3-тен 6 оқушыға дейін) арқылы да жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда мұғалім бір залдан келесі залға ауысып, оқушылардың жауаптары мен түсініктемелерін тыңдай алады және қажет болған жағдайда бағалау қызметіне қатыса алады.
ZOOM-да сессия залдарын қалай әзірлеу және интерактивті тақтамен қалай жұмыс істеу туралы ақпаратты АКТ сервистері мен құралдары бойынша Гидтен оқи аласыз. Сессия залдарын құру жөніндегі нұсқаулықпен жұмыс істеуге арналған чат-ботты пайдаланыңыз.
Синхронды және асинхронды оқытуда кері байланыс пікірлерін ұсыну үшін Гугл файлдарындағы «Пікірлер» қызметін пайдалануға болады. Оқушылар мұғалім қолдану үшін ашып берген бір құжатта бірлесіп жұмыс істей алады. Немесе оқушылардың әрқайсысы мұғалім ұсынған құжатты өзінің Гугл Дискісіне көшіріп алады (бұл үшін міндетті түрде Гуглде есептік жазбасы (электронды пошта мекенжайы) болуы керек және сыныптастары мен мұғалімге оның сілтемесін жіберіп, басқалардың түзетулер енгізуі және өз пікірлерін білдіруі үшін ашып береді.
Синхронды және асинхронды оқытуда өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды ұйымдастыру үшін жұмысқа қатысты нұсқаулар мен ережелерді ойластырып, оқушыларға ұсыну аса маңызды.
4. Тапсырмаларды орындау кезінде, онлайн сабақ барысында және қорытындылау кезеңінде келесі үш маңызды сұраққа жауап іздеу арқылы оқушылардың рефлексиялық ойлауын дамытуға ықпал етіңіз:
«Мен қандай мақсатқа ұмтыламын?» – қызығушылығын туғызу үшін.
«Мен қандай нәтижеге жеттім?» – оқу қызметін талдау және бағалау үшін.
«Келесі қадам қандай?» – келесі әрекеттерді жоспарлау үшін.
Бұл сұрақтардың әрқайсысы оқу үдерісін жан-жақты қарастыруға бағытталған. Нақты айтқанда, тапсырманың деңгейі (қаншалықты түсінікті, жақсы орындалды ма), жүзеге асыру деңгейі (тапсырманы түсіну немесе аяқтау үшін қажетті оқу қызметі), өзін-өзі реттеу деңгейі (өз іс-әрекеттерінің реттелуін және бағытын бақылау), тұлғалық деңгейі (оқушыны тұлға ретінде бағалау және ықпал ету) жан-жақты қарастырылады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу дағдылары қалыптасып, өзінің білім алуы үшін жауапкершілігі артады.
Оқушының мұғалімге
кері байланысын ұсыну үдерісін
ұйымдастыруға не көмектеседі?
(Мүмкін болатын жауаптарды белгілеңіз)
Оқушылардың
сұрақ қоюы
Өзін-өзі
бағалау және өзара бағалау
Оқушыларда
оқу қызметін талдау, бағалау және
жоспарлау дағдыларын дамыту
Мұғалімнің
бағасы
Кері
байланыстың ықпалы: мұғалімнің оқушыға
кері байланысы
Мұғалімнің бағалауы және пікір білдіруі оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар мұғалімнің кері байланысы үш деңгейдің біреуіне – тапсырма, үдеріс немесе өзін-өзі реттеу дағдыларына бағытталуы және оқушының жеке басына қатысты болмауы аса маңызды. Бағалаудың объективтілігін және түсініктеменің анықтығын қамтамасыз ету үшін мұғалімге де, оқушыларға да белгілі критерийлер мен тапсырма дескрипторларын қолдану қажет. Кері байланыс аясындағы түсініктемелер оқушының өз қателіктерін түзетуіне, оқу іс-әрекеттерін және өзінің оқуын бақылау қабілетін дамытуға немесе жетілдіруге түрткі болуы тиіс.
Мұғалімнің оқушыға кері байланысын қалай қамтамасыз етуге болады?
1. Оқушыға кері байланыс оны сынау үшін емес, өз жетістіктерін одан әрі жетілдіруіне көмектесу үшін ұсынылатынын түсіндіріңіз.
2. Сипаттамалық кері байланыс беруге тырысыңыз, себебі бұл анағұрлым ықпалды болады. Ол үш сұраққа жауап береді:
«Не жақсы орындалды?» – Орындалған жұмыстың сапасы қандай болғанына қарамастан, оқушыға қолдау көрсетіп, мақтайтындай жетістігін таба біліңіз. Мысалы: «Жарайсың, сен тапсырманы ойдағыдай орындауға тырыстың!».
«Нені әлі де жақсартуға болады?» – Не нәрсені жетілдіруге болатыны туралы өз пікіріңізді ұсыныңыз.
«Мұны қалай жетілдіруге болады?» – Оқушының тапсырма жөнінде ойлануына ықпал ететін сұрақ қойып, қажетті ресурстарды, нұсқаулықтарды ұсыныңыз.
3. Кері байланысты нақты оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелерге немесе бағалау критерийлеріне бағдарлай отырып, оның тиімділігін қамтамасыз етіңіз.
4. Кері байланысты тұрақты түрде және уақтылы ұсыну арқылы Сіз оқушыға өзінің іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік бересіз, ал өзіңізде оқушының кері байланысты қолданғаннан кейін тапсырманы қалай орындағанын бағалауға мүмкіндік болады.
5. Кері байланыс ұсынуда «Еске салу», «Кезең-кезеңмен көмек беру», «Үлгілер ұсыну» сияқты тәсілдерді қолданыңыз. Ескерту оқушының назарын оқу мақсатына шоғырландырады. Кезең-кезеңмен көмек беру оқу әрекетінің нақты аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл үшін сұрақтарды, тапсырманың немесе әрекеттің сипаттамасын, аяқталмаған сөйлемдерді қолдануға болады. Оқуда қиындықтары бар оқушыларға тапсырманы орындау үлгілерін ұсыну олардың тапсырманы ойдағыдай орындауына көмектеседі.
Кері байланыс ұсыну үшін бұрын ұсынылған құралдарды пайдалануға болады. Сонымен қатар Padlet, Jamboard, Trello интерактивті тақталарын пайдалану барысында мұғалім де, оқушылар да орналастырылған материалдарға немесе жауаптарға өз пікірін білдіруге және жұлдызша, лайк және т.б. жіберуге мүмкіндік алады.
Кері
байланыстың тағы қандай нұсқаларын
қолдануға болады?
Тапсырманы ойдағыдай орындаған оқушыларға мұғалім құттықтау ашық хатын немесе әртүрлі мазмұндағы смайликтер жібере алады (смайликтердің мән-мағынасын балалармен алдын ала келісіп алған дұрыс).
Оқушының жіберген қателерін белгілі бір түспен бояп, оқушыға оларды түзетуді ұсынуға болады.
Орындалған тапсырмаға қатысты аудиохабарлама жазып, оны оқушыға жіберуге болады. Онлайн білім беру саласында жұмыс істейтін оқытушылардың пікірінше, жазбаша кері байланыс жазуға қарағанда аудиохабарлама түріндегі кері байланысқа екі есе аз уақыт жұмсалады.
Егер оқушыларға интернет қолжетімді болса, ZOOM-да шағын конференция ұйымдастырып, 3-5 минут ішінде тақырыпты меңгерудегі қиындықтар мен табыстарды талқылауға болады. Шағын конференцияға бір оқушыны да немесе тапсырмаларды орындау барысында ұқсас қателіктер жіберетін оқушылар тобын да шақыруға болады.
Сонымен бірге кері байланысты Kundelik платформасында орналаскан электронды күнделік арқылы да жіберуге болады.
! Ең бастысы, кері байланыстың тиімділігі оның сапалы болуында екендігін есте ұстаңыз
Төменде ұсынылған кері байланыс мысалдарының ішінен мазмұнды және оқуды жақсартуға мүмкіндік беретін нұсқаларды көрсетіңіз.
(Бір жауапты белгілеңіз)
«Өте нашар! Ережені жаттамағансың, жаттығуды қате орындағансың. Қатеңді түзет!»
«Қарапайым жоспар құрастыруды ойдағыдай орындадың! Жұмысты жалғастыр».
«Есептің қысқаша шартын дұрыс жазып, есептеулерді орындай алдың. Тапсырмада нені табу керек деп ойлайсың – бөлігін бе немесе бүтінді ме? Белгілі бір бөлікті қалай табуға болады? Ал бүтінді ше?»
«Жарайсың! Бәрекелді!»
Кері
байланыстың ықпалы: білім беру
платформаларының мүмкіндіктері
Оқушылардың оқуға ынтасын сақтау және қашықтан оқытудың табысты болуын қамтамасыз ету үшін сипаттамалық кері байланысқа баса назар аудару керек. Бұл оқушылардың тапсырмаларды орындауы барысында көмектеседі.
Көптеген оқу платформаларында (Google Classroom, Teams, Яндекс Оқулық және т.б.) орындалған тапсырмаларды бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету үшін кіріктірілген функциялар бар. Оларды қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде, тапсырмаларға арналған бағалау критерийлері мен дескрипторларына негізделген кері байланыс беру үшін қолданыңыз.
Яндекс Оқулық – education.yandex.ru, Учи.ру – uchi.ru, Skysmart интерактивті жұмыс дәптері – edu.skysmart.ru білім беру платформалары ұсынатын дайын тапсырмаларды пайдалану мұғалімге асинхронды оқытуда қалыптастырушы бағалауды да, жиынтық бағалауды да ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ұсынылған ресурстарды пайдаланып, олардың ішінен өз сыныбыңыздағы оқушыларды оқытуда өзекті болатын ресурстарды іріктеп, орындалған жұмыстарға кері байланыс ұсыну арқылы Сіз тиімді оқуды қамтамасыз ете аласыз.
! Кімге, қашан және қандай түрде кері байланыс ұсынуды ұстаз ретінде өзіңіз ғана шешетініңізді түсіну аса маңызды болып табылады.
Төменде ұсынылған жағдайлардың қайсысында мұғалім міндетті түрде мазмұнды кері байланыс беру арқылы оқушының жұмысына түсініктеме беруі керек?
(Мүмкін болатын жауаптарды белгілеңіз)
«Оқушы барлығын дұрыс орындаған, бірақ көптеген түзетулер жасаған»
«Оқушы тапсырманың бір бөлігін ғана орындаған»
«Оқушы барлығын дұрыс орындаған»
«Оқушы қатарынан бірнеше жұмысында бірдей қателер жіберген»
Қашықтан оқыту аясында бағалауға арналған тапсырмалар
2019-2020
оқу жылының төртінші тоқсанында қашықтан
оқыту кезеңіндегі оқушылардың орындаған
тапсырмаларын тексеруге мұғалімдер
көп уақытын жұмсаған болатын. Тапсырмаларды
орындау ата-аналардың түсінбеушілігі
мен наразылығын туғызды, өйткені
олар баласының тапсырманы өз бетінше
орындай алмайтынын немесе оны орындауға
көп уақыт жұмсайтынын көрді.
Оқудың табыстылығын, яғни оқу мақсаттарына қол жеткізу деңгейін бағалау қажет екендігі сөзсіз. Бұл үшін қашықтан өткізілетін сабақтың өзі де, оқушылардың тапсырмалар бойынша өзіндік жұмыстары да мұқият ойластырылып, жоспарлануы және жүзеге асырылуы тиіс. Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім белгіленген нормалар мен нұсқауларды ескере отырып, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалардың көлемін анықтау үшін оқушылардың тұтас оқу күнінің кестесін білуі керек.
Мысалы, мұғалім мен оқушыларға интернет пен жеке компьютерлер қолжетімді (ноутбуктер, планшеттер немесе смартфондар). Мұғалім синхронды және асинхронды оқытуды қолдана отырып, 10.00-ден 10.40-қа дейінгі уақыт аралығында қашықтан оқыту сабағын өткізуді жоспарлаған.
Синхронды оқыту ZOOM арқылы онлайн сабақ түрінде өткізіліп, онда жаңа сабақ материалы түсіндіріледі (себебі материал оқушылар үшін таныс емес және күрделі) немесе іс-әрекет тәсілдер көрсетіледі (егер оқу мақсаты қолдану, талдау, жинақтау немесе бағалау сияқты ойлау дағдыларының деңгейлерімен байланысты болған жағдайда). Білім алушылар сабақ мақсатын талдап, сұрақтар қоя алады, ұсынылған оқу материалдарын талқылау үшін топтарға немесе жұптарға бірігіп жұмыс істей алады және ZOOM немесе Гугл Форма арқылы (Гид арқылы басқа да қызметтерді табуға болады) ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің меңгерген білімі мен тақырып бойынша түсінігін тексере алады. Сабақты өткізу және тарату ұзақтығы кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін – 10-15 минуттан, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 20-30 минуттан аспауы тиіс.
Осыған орай, сабақты өткізу уақыты сағат 10.00-ден 10.15-ке дейінгі (бастауыш сыныптар) немесе 10.00-ден 10.30-ға дейінгі (орта және жоғары сыныптар) аралықтағы уақытты алады. Сағат 10.40-қа дейінгі қалған уақытты оқушылардың оқулық тапсырмаларымен немесе белгілі бір қызмет түрлері арқылы жіберілген ресурстармен өз бетінше жұмыс істеуі үшін пайдалануға болады. Оқушыларға орындалған тапсырманы тексеруге жіберу уақытын немесе бірін-бірі өзара бағалау мүмкіндіктері туралы ескерту керек.
Егер сіз білім беру платформасында немесе ортақ файлдарда орналастырылған тапсырмаларды қолдансаңыз, онда мұғалімнің тексеруін немесе өзара тексеруді синхронды түрде жүргізуге болады. Сондай-ақ білім беру платформаларында көптеген тапсырмалар бойынша автоматты тексеру тәсілі ұсынылады.
Дегенмен, Сіз өз бетінше орындалатын тапсырманың қандай нұсқасын ұсынсаңыз да, оны орындамайтын оқушылар болуы мүмкін. Мұның әртүрлі себептері әртүрлі болуы мүмкін. Оқушыдан себебін анықтаңыз және оқушыға өз көмегіңізді ұсыныңыз. Ұсынылған тапсырманың мән-маңызын түсіндіріңіз, балаға таңдау еркін ұсыныңыз немесе өз бетінше тақырыпқа қатысты белгілі бір тапсырманы белгілеуін сұраңыз. Оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттері туралы ойланыңыз (Говард Гарднердің көптік зият теориясы маңызды). Балаларға орындалған тапсырманың нәтижелерін әртүрлі нұсқада – мәтін түрінде, таныстырылым немесе бейнежазба түрінде көрсетуді ұсыныңыз. Мектеп тәжірибесінде геометриялық теоремаларды түсінуде қиындықтары болған оқушының олар туралы рэп шығару арқылы табысты меңгергені жөнінде шынайы мысалдар болған.
Қашықтан оқыту барысында әлеуметтік аспектіні, яғни оқу қызметі барысында оқушылардың өзара қарым-қатынаста оқып-үйренуін қамтамасыз ету қажет. Төмендегі суретте мұны АКТ құралдары мен қызметтерін пайдалану арқылы ұйымдастыру нұсқалары көрсетілген.
Оқушылардың өз бетінше орындайтын немесе бірлескен жұмысына арналған тапсырмалардың тамаша нұсқасы – үйге берілетін жоба тапсырмалары. Жоба оқытудың әмбебап құралы болып табылады. Мұғалім оқушылар орындайтын жоба тапсырмасын өз бетінше немесе бірлесе отырып (топта, жұпта) бөлімді немесе бөлімшені өту барысында орындайды. Тапсырманың әр бөлігі бөлім (бөлімше) бойынша белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес келеді және оқушының оқу мақсаттарына табысты қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім жобаны орындау мерзімі және аралық тексеру мерзімдері көрсетілген тапсырманы орындауға арналған нұсқаулықты әзірлейді.
Оқушылар жоба тапсырмасы бойынша әр сабақта кезең-кезеңмен жұмыс істейді. Оқушылардың жеке немесе бірлескен жоба бойынша жұмысын басқаруға SCRUM тақтасы көмектесе алады.
Аралық нәтижелерді мұғалім немесе сыныптастары тексере алады. Кері байланыс ұсыну оқушының немесе топтардың әр тақырыпты сапалы оқып зерделеуіне және қажет болған жағдайда іске асыруына қосымша күш салуға мүмкіндік береді.
Соның нәтижесінде аяқталған жобалау жұмыстарын бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін пайдалануға болады.
Практикалық
жаттығу
Өзіңіз әзірлеген қашықтан оқыту сабағының жоспарын қайта қараңыз. Қалыптастырушы бағалауды қалай ұйымдастыратыныңызды қарастырыңыз.
Ұсынылатын тапсырмалар бойынша бағалау критерийлері белгіленген бе, дескрипторлар әзірленген бе, осыларды тексеріңіз.
Барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар беріле ме, әлде әртүрлі бола ма? Мүмкін бұл жоба тапсырмасы болады.
Тапсырмаларды орындау барысында қай оқушыға қолдау қажет болатынын шешіңіз. Мұны қалай ұйымдастыруға болады (мұғалімнің немесе сыныптастарының кеңесі, тапсырманы орындау алгоритмі немесе үлгісі).
Тапсырмалар мен оларды орындау техникалық жағынан қалай қамтамасыз етілетінін анықтаңыз – оқушылар тапсырманы онлайн сабақ кезінде ала ма, электронды пошта арқылы ма, ол білім беру платформасына орналастырыла ма, әлде мессенджер арқылы жіберіле ме?
Егер оқушыда қажетті жабдықтар, гаджеттер немесе интернет байланысы болмаса, Сіз оған тапсырманы қалай бересіз және қандай қолдау көрсетесіз (қоңырау арқылы, WhatsApp чатындағы хабарлама арқылы)? Жоспарыңызды толықтырыңыз. Ұсынылған жағдайды қарастырыңыз. Мәселені шешу үшін әріптесіңізге не ұсына алар едіңіз?
Жоспарды толықтырыңыз.
Жиынтық (қорытынды)
бағалауды ұйымдастыру және өткізу
Қашықтан оқыту барысында жиынтық бағалауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты бірқатар сұрақтар туындайды. Олардың жауабын қорытынды жұмыс басталғанға дейін тауып алу қажет.
Мұғалім келесі сұрақтардың жауабын тауып, соған сәйкес шешім қабылдауы тиіс.
Сіз "Жиынтық бағалауды ұйымдастыруда белгілі бір ережелерді басшылыққа алу керек" деген тұжырыммен келісесіз бе? Оларды шартты түрде «Үш негіз ережесі» деп алайық.
Қашықтан оқыту барысында жиынтық бағалау жұмыстарын орындау кезінде сенімділікті, егжей-тегжейлі нақтылауды және шынайылықты қамтамасыз ету жолдарын қарастырайық.
Мұғалім мен оқушының арасындағы сенімділік табысты және нәтижелі қарым-қатынасты қалыптастыруға құруға мүмкіндік беретінімен келісесіз бе? Сенімді қарым-қатынастар орнату үшін өзара тілектес және ізгі ниет таныту қажет. (өзіңіздің және басқалардың сезімдері мен эмоцияларын түсіне білу және соған сай орынды әрекет ете білу).
Жиынтық бағалауды жүзеге асыру барысында өзара сенімділікке негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз етуге болады.
Жалпыға ортақ келісім жағдайын жиынтық бағалау басталғанға дейін қалыптастырып, оқушыларға оқудың табыстылығы туралы шешім қабылдауға негіз болатын тапсырманы орындау ережелерін, бағалау критерийлерін ұсыну қажет болады. Оқушылардың әрқайсысы осы ережелер мен критерийлерді қабылдауы тиіс. Бұл үшін ZOOM арқылы сауалнама жүргізіп, оқушыларға өздеріне түсінікті ережелер мен бағалау критерийлерін белгілеуді ұсынуға болады. Сонымен қатар оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, тиісті түсініктемелер ала алады. Сондай-ақ оқушылардың барлығымен немесе жекелеген оқушылармен дербес келісім жасап, онда жиынтық бағалау барысындағы мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас ережелері туралы келісімге келуге болады.
Жиынтық
бағалауға арналған тапсырмаларды
әзірлеу барысында әр қадам бойынша
нұсқаулар мен ұсыныстар берілген
нұсқаулықтарды әзірлеу аса маңызды.
Мұндай нақтылық оқушылардың өз бетінше
жұмыстарды орындау кезінде сенімді
әрекет етуіне көмектеседі.
Оқушылар үшін байланыс технологиялары мен интернет қолжетімді болған жағдайда Сіздің бақылауыңызбен жұмыс істеуді және шынайылықты қамтамасыз етуге болады. Бұған мүмкіндік беретін қызметтердің әртүрлі нұсқаларын келесі суреттен көре аласыз.
Жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу барысында әр қадам бойынша нұсқаулар мен ұсыныстар берілген нұсқаулықтарды әзірлеу аса маңызды. Мұндай нақтылық оқушылардың өз бетінше жұмыстарды орындау кезінде сенімді әрекет етуіне көмектеседі.
Тапсырмалармен асинхронды түрде жұмыс істеген кезде сенімділікке негізделген қарым-қатынас пен нұсқаулардың сапалы болуы өте маңызды. Әрине, оқушылар оқу материалдарының не болмаса ата- аналарының көмегіне жүгінуі мүмкін. Дегенмен бұл өзін-өзі реттеу мен өз бетінше жұмыс істеу дағдысының төменгі деңгейін көрсетеді. Осы орайда жоғарыда айтылған жобалық тапсырмаларды еске түсіру қажет. Бөлім/тарау соңында оқушы тарапынан ұсынылған дайын жобаны жиынтық (қорытынды) бағалау үшін қолдануға болады. Сонымен қатар оқушыға тест тапсырмасының сұрақтарына жауап беруді, бөлім бойынша әртүрлі жауап нұсқалары және дұрыс жауабы көрсетілген тест тапсырмасына арналған сұрақтар әзірлеуді не болмаса есеп құрастырып, оны шешуді ұсынуға болады.
Оқушылардың жұмысын тексеріп болған соң олардың ата-аналарына бөлімді/тарауды қаншалықты табысты меңгергені туралы хабарлама беріңіз. Толтырылған рубриканы немесе жұмысқа жазылған комментарий жіберіңіз.
Тапсырманы/ жұмысты орындауға арналған нұсқаулардың ішінен егжей-тегжейлі нақтыланып берілген нұсқаларды белгілеңіз.
(Мүмкін болатын жауаптарды белгілеңіз)
«Тест тапсырмаларын орында. Мұқият бол. Тапсырмалар туралы ойлан. Толық аяқтағаннан кейін жұмысты жібер».
«Пайыздарды бөлшектерге және бөлшектерді пайыздарға айналдыр. Есепті шеш. Әртүрлі бұрыш түрлерін салып, олардың градустық өлшемін көрсет».
«Құрметті бесінші сынып оқушысы, бұл жиынтық бағалау жұмысы әртүрлі тапсырмалардан тұрады. Жұмыс 40 минутқа есептелген. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда 20 ұпай алуға болады»
«Ғарыш туралы не білетініңді еске түсір. Ол туралы айтып беруге дайындал. Төменде ұсынылған суреттердің (фотосуреттердің) ішінен өзіңнің әңгімеңді суреттеуге көмектесетін суреттерді таңда. Әңгіме жазылған аудио хабарламаны маған WhatsApp арқылы жібер. Мәтіндік хабарлама арқылы өзің таңдаған суреттердің нөмірлерін жазып жібер».
Құрметті
ұстаз, "Қашықтан оқытудың ерекшеліктері"
модулінің үшінші тақырыбы аяқталды.
Сіз қашықтан оқытудың барлық сипаттары дәстүрлі сыныптық-сабақтық оқыту түрінен түбегейлі ерекше бола бермейтінін білдіңіз. Тиімді оқытудың бірқатар аспектілері өзгеріссіз сақталуы тиіс. Мысалы:
Оқушыларға ізгілікті қарым-қатынас және қолдау көрсету;
Барлығына түсінікті және дәйекті ережелер мен рәсімдерді қалыптастыру;
Оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді қолдану;
Оқуда және тапсырмаларды орындауда цифрлық немесе цифрлық емес құралдарды таңдау және пайдалану;
Барлық оқушылардың табысқа жетуіне жағдай жасалатын, оқушыларда өз пікірін айтуға және тапсырмаларды таңдауға мүмкіндігі болатын саралап оқытуға бағдарлану.
Сыныптағы
оқыту мен қашықтан оқытудың тиімділігін
арттырып, табысты оқуға айналдыруда
Сізге не көмектеседі?
1.5 Онлайн сабақты жүргізу: сыртқы келбет және онлайн этикет
Құрметті ұстаз, модульдің төртінші тақырыбы аясында Сіз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға қолдау көрсететін онлайн сабақтарды өткізу ережелерін бекітесіз.
Оқу күнінің жоспары мен онлайн сабақтың сценарийі дайын, мазмұнды меңгерту үшін қолданылатын АКТ құралдары мен қызметтері таңдалды. Сонымен, енді онлайн сабақты бастауға болады (Дайындықты тексеру парағын жүктеп алыңыз). Ендеше трансляциялаудың уақыты келді.
Сабақты трансляциялауға дейін және оның барысында қандай мәселелерді назарда ұстау керек?
1. Оқушыларға бет-жүзіңіздің анық көрінуін қадағалаңыз
Сынып бөлмесінде оқушылар мұғалімді әрқашан жақыннан көреді. Қашықтан оқыту сабағында мұғалімнің қатысып отырғанын сезіну үшін, балалар Сіздің бет-жүзіңізді көріп отыруы тиіс. Сізге жарық жоғарыдан немесе бір қырыңыздан түсіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Егер терезе Сіздің артыңызда болса, оны тұтас жабыңыз немесе жалюзи қолданыңыз, себебі күн сәулесі балаларға бетіңізді күңгірт етіп көрсетеді.
Сабақ барысында оқушылар ештеңеге алаңдамауы керек. Камера қамтитын аймақта бөгде заттардың болмауын қадағалаңыз. Қарапайым ақ немесе ақшыл түсті қабырға, кітап сөрелері ең жақсы фон болып табылады.
2. Сыртқы келбет
Мұғалімнің бейнесіне іскерлік стиль тән. Сабаққа бейтарап түсті немесе көрермен жақсы қабылдайтындай жағымды түсті киімдер дайындаңыз. Тым ашық түстер алаңдатып қана қоймай, бейнежазба тоқтап қалған жағдайда, көрермендерге жағымсыз әсер етуі мүмкін. Ашық қызыл түсті киім кимеңіз, ол экрандағы адам бейнесін бұлдыр етіп көрсетеді. Аппақ түсті киім де онша тиімді емес, камераның контрасты бейнелеуіне кедергі келтіреді. Есіңізде болсын: жейде, көйлектегі немесе галстуктегі тік жолақтар Сіз қозғалған кезде тұтасып көрініп, ұнамсыз әсер қалдыруы мүмкін.
❗ Ешқашан үй киімімен онлайн сабақ өткізбеңіз!
Егер
сіз макияж қолданатын болсаңыз, онлайн
сабақта оған да мән беруді
ұмытпаңыз – бұл оқушылардың
назарын аударудың қосымша тәсілдерінің
бірі.
ZOOM-да сабақты жүргізу
барысында барлық қатысушыларды шолуға
болады немесе тек мұғалімді көрсетуге
болады, сондықтан оқушылар Сіздің
үлкейтіп түсірілген бейнеңізді көруі
мүмкін. Онлайн сабақ өткізуді әртүрлі
режімдерге ауыстыра отырып, қажет
кезде экранды көрсетіп, қажет емес
кезде ауыстыруыңызға болады.
3. Дербес компьютердің, ноутбуктың жұмыс үстелі
Сабақ кезінде экранды көрсететін болсаңыз, жұмыс үстеліне оқушыларды алаңдатпайтындай бейтарап фон орнатыңыз. Оқушылардың назары мазмұнға шоғырландырылуы тиіс, сондықтан жұмыс үстелінен қажет емес белгішелерді алып тастағаныңыз дұрыс.
Дыбыстық хабарландырулар мен қалқымалы терезелері бар барлық бағдарламаларды өшіргеніңіз дұрыс. Интернет қосылымын қолданатын барлық бағдарламаларды, жалпы, сабақ барысында қажет болмайтын барлық бағдарламаларды өшіріп қойыңыз. Бұл сіздің компьютеріңіздің жұмыс өнімділігін және байланыс жылдамдығын арттырады.
4. Дыбыс
Компьютердің басқару тақтасында микрофонның параметрлерін бөлек тексеріңіз – құрылғыны жүйе тануы керек және оның атауы көрсетілуі керек. Онлайн сабақты жүргізу кезінде құлаққапты қолданған дұрыс, дегенмен, егер сіз динамиктер қолдануды қаласаңыз, қажетсіз жаңғырық тудырмас үшін, оларды микрофоннан мүмкіндігінше алысыраққа жылжытыңыз.
Шуды азайтыңыз. Әдетте микрофондар жөтелу немесе қағаздың сыбдыры сияқты дыбыстарға өте сезімтал. Мұндай бөтен шу сабаққа қатысушыларға жағымсыз болуы мүмкін.
5. «Камераға» жұмыс істеу
Жан-жағыңызға алаңдамай, камераға тіке қараңыз. Онлайн сабақты жүргізу барысында орындықтан тапжылмай нық отырыңыз. Отырған қалпыңызды ауыстырмай, аяқтарыңызды қозғалтпай отырыңыз. Мүмкіндігінше аз қозғалуға тырысыңыз, үздіксіз қозғала берсеңіз, көрермен Сіздің бейнеңізді емес, бұлдыр көмескі бейнені көруі мүмкін. Сабақты түсіндірген кезде оқушыларыңыздың көзіне қарап тұрғандай, камераға тура қарап сөйлеңіз. Онлайн сабақ барысында аудиториямен көз арқылы байланыс орнатуға тырысыңыз. Күлімдеуді де ұмытпаңыз!
6. Балалармен байланыс орнатыңыз
Сабақтың басында оқушылардың аты-жөнін атап түгендеп, сабаққа уақытында қосылғаны үшін мақтап ынталандырып қойыңыз.
Балалардың зейінін шоғырландыру үшін, барлық іс-әрекеттеріңізге түсініктеме беріп отырыңыз, мысалы: «Қазір біз сабақтың мақсаттарын талқылаймыз», «Енді мен экранды қосамын». Оқушылардан байланыста қандай ақаулар барын, сабақта нені түсінбей отырғанын сұрап, әрдайым анықтап отырыңыз.
Сабақта сабырлы, бірқалыпты, жылы шырайлы мәнермен сөйлеңіз.
7. Сабақтағы тәртіп ережелерін келісіп алыңыз
Сабақтың басында оқушыларға өзін қалай ұстау керектігін және проблемалар туындаған жағдайда не істеу қажет екенін айтыңыз. Егер мектепте сабақтағы тәртіп ережелерінің тізімі болса, оның онлайн сабаққа арналған нұсқасын әзірлеңіз.
Ол мынадай ережелерді қамтуы мүмкін:
Сұрақтарды чатта қоямыз.
Егер сіз бірдеңе айтқыңыз келсе немесе пікір білдіргіңіз келсе, қолыңызды көтеріп, шақыруды күтіңіз (егер бейне сабақ болып жатса, бала өзі қолын көтере алады немесе «Қол көтеру» белгісін қолдана алады).
Сабақ кезінде тамақ жеуге, орнынан тұруға және бөгде нәрселермен айналысуға болмайды.
Сабақта қолдану жоспарланбаған браузердегі барлық қосымшаларды жабу керек.
8. Белсенді өзара әрекеттестікті ұйымдастырыңыз
Оқушылардың онлайн ортаға үйренуіне уақыт беріңіз және оларды біртіндеп сабақтағы белсенді іс-әрекетке тартыңыз. «Иә» және «Жоқ» дегенді білдіретін ым-ишаралар мен белгілерді қолдану туралы келісіп алыңыз, оларды жабық сұрақтарға жауап ретінде қолдануды ұсыныңыз.
9. Нұсқауларды қайталап отырыңыз
Нұсқауларды бірнеше рет қайталап айтыңыз немесе экранға жазып орналастырыңыз, оқушыларға алдын ала жіберіңіз. Бұл әсіресе бастауыш сынып оқушылары мен зейінін шоғырландыра алмайтын балалар үшін аса маңызды.
Оқушылар үшін оқу платформаларымен және қажетті қызметтермен компьютерде жұмыс істеу алгоритмдерін меңгеруге арналған бірнеше сабақ өткізіңіз. Балалар қай батырманы басу керектігін, экранды көрсету деген не екенін, чатқа хабарламаны қалай жазуға болатынын білуі керек.
10. Оқушыларды қолдау
Онлайн сабақ барысында әртүрлі техникалық қиындықтар туындауы мүмкін. Егер сабақта балаларда осындай қиындықтар туындаса, оларға ұрыспаңыз. Барлығын реттеуге болатынын түсіндіріп, мәселені шешуге көмектесіңіз. Егер ата-аналардың көмегінсіз жасай алмасаңыз, оларды да көмекке шақырыңыз.
11. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды назардан тыс қалдырмаңыз
Қашықтан оқытудағы қатерлі топтар – біріншіден, реттеу функциялары нашар дамыған, мазасыз және ұшқалақ балалар, екіншіден, оқуға ынтасы төмен оқушылар. Мұндай балалар үшін сабақ мазмұнының қызықты болуы мен оқу іс-әрекеттерінің ауысып отыруы аса маңызды. Оқушыларды назарда ұстаңыз, оларды есімдерімен атаңыз және кішкентай жетістіктері үшін мақтап, ынталандырып отырыңыз.
12. Ашық және шынайы болыңыз
Оқушыларға қашықтан оқытудың Сіз үшін де қиындықтары бар екендігін шынайы айтыңыз, олар Сізді міндетті түрде түсінеді және қолдайды. Өзіңіз де АКТ құралдары мен қызметтерін пайдалану дағдыларыңызды оқушылармен бірге жетілдіріп жатқаныңызды және Сізде де алаңдаушылық болатынын түсіндіріңіз. Бұл оқушылармен арада сенімді қарым-қатынасты қалыптастырады.
13. Сабақтың жазбасын жасаңыз
Онлайн сабақты жазып алыңыз. Қазіргі кезде барлық бейнеконференцияларға арналған платформаларда жазып алу мүмкіндігі бар.
Сабақтың бейнежазбасын сабаққа қатыса алмаған оқушыларға жіберіңіз. Сабақ бейнежазбасында тек өзіңіз болуыңыз керек екендігін есте ұстаңыз. Егер бейнежазбада оқушылар да болса, олардың ата-анасының жазбаша келісімін алу қажет болады.
Ұсынылған ережелердің ішінен қайсысын қашықтан оқытуда қолдандыңыз?
Өз тәжірибеңізді қай ережемен толықтырар едіңіз?
Оларды нөмірленген тізім ретінде жазып шығыңыз.
Онлайн сабақ жүргізген кезде сол ережелерді басшылыққа алыңыз.
1-2-3-4-5-6-7-8-9-10-12
Қашықтан оқуда оқушылардың мазасыздану деңгейін төмендету,олардың онлайн сабақтарға қатысуын және оқу іс-шараларына белсенді атсалысуын қамтамасыз ету үшін оқушыларға қандай кеңестер беру керек?
Оқушыға
арналған кеңестер
Оқушыларға
түрлі-түсті безендірілген кестені
жіберу олардың көңілін көтеріп қана
қоймай, сонымен қатар қай мұғаліммен
және қандай уақытта байланысқа шығу
керек екендігін ұмытпауына көмектеседі.
(Сабақ
кестесі шаблонын
жүктеп алыңыз).
Оқушыларға пижамамен немесе үйге киетін спорттық шалбармен сабаққа қатысуға болмайтынын түсіндіріңіз. Киімнің өзі жұмыс жағдайына бейімдеуі керек! Ал сабақ басталғанша оқушы жуынып, таңғы асын ішіп, киімін ауыстырып, оқуға бейімделуі керек.
Оқушы оқу барысында мұғаліммен және сыныптастарымен онлайн қарым-қатынас ережелерін қадағалауы керек. Балаларға интернетті қалай пайдалану керек екендігін үйретіңіз! Әрдайым осы ережелерді оқушылардың есіне түсіріп отыру үшін оларға плакат-слайдтарды жіберіңіз немесе өз қолымен жасап алуды ұсыныңыз. (Ескертпе плакат нұсқасын жүктеп алыңыз).
Оқушыларға сабақ кезінде смартфон мен компьютердегі қалқымалы хабарландыруларды өшіріп, әлеуметтік желілерден шығу керектігін ескертіңіз.
Оқушыларға өздерінің
табыстары мен жетістіктерін күн
сайын жазып отыруды ұсыныңыз (Табыс
парағын жүктеп
алыңыз).
Ұсынылған ережелердің қайсысы мұғалімге, қайсысы оқушыға бағытталған? Ал қайсысын онлайн сабақтың барлық қатысушысы орындауы қажет?
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Құрметті
ұстаз, "Қашықтан
оқыту ерекшеліктері" модулі аяқталды.
Енді Сіз қашықтан оқытудың ерекшеліктері және ережелері жайлы білесіз. Оларды сабақты өткізуде басшылыққа алу қажет. Сіз қашықтан оқыту сабақтарын жоспарлай аласыз, қолдаушы және дамытушы бағыттағы кері байланыс ұсынып, бағалауды ұйымдастыра аласыз.
Бірінші модульдің қысқаша мазмұнын ұсынылып отырған интеллект-картадан көре аласыз.
"Оқуға қатыстыру" тақырыбындағы келесі модульде қашықтан оқуға оқушыны тарту бойынша өзекті ақпаратты таба аласыз! Сәттілік!
2.1 Сыртқы мотивациядан ішкі мотивацияға дейін
Құрметті ұстаз, "Оқуға қатыстыру" модулінің "Сыртқы мотивациядан ішкі мотивацияға дейін" атты 1-тақырыбы аясында "Оқу үдерісінде оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыруын қалай дамытуға болады?» деген мәселе қарастырылады.
Қазіргідей құбылмалы, тұрақсыз әрі өзгермелі әлем жағдайында оқушылардың оқу процесінде өзін-өзі ұйымдастыру дағдысын дамыту білім берудің өзекті мәселесіне айналды. Бүгінгі таңда қашықтан оқыту жағдайында бұл мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы анағұрлым арта түсті.
Оқу үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру дағдысын қалай дамытуға болады?
Оқушылардың
өзін-өзі ұйымдастыру дағдысын дамыту
мәселесінде Геральд
Гроу ұсынған «Өздігінен реттелетін
оқу» тұжырымдамасы ерекше
қызығушылық тудырады.
Өздігінен реттелетін оқу дегеніміз – бұл оқушы өз бастамасымен әрекет ете отырып, өзін-өзі ұйымдастыратын, өзінің «нені?» және «қалай?» үйренгісі келетінін түсіну процесі. Осы тұжырымдамаға сәйкес әр оқушы және тұтас топ өзінің даму барысында «тәуелді» сатыдан бастап «өздігінен реттелетін» сатыға дейінгі аралықта келесі 4 кезеңнен өтеді.
Г.Гроудың «Өздігінен реттелетін оқу» кезеңдік моделі
Өздігінен
реттелетін оқудың анықтамасын есіңізге
түсіріңіз. Бос орынға қажетті сөзді
жазыңыз.
Өздігінен реттелетін оқу дегеніміз – бұл оқушының ................. әрекет ететін, өзін-өзі ұйымдастыратын, өзінің «нені?» және «қалай?» үйренгісі келетінін түсінетін үдеріс. / өз бастамасымен /
Өздігінен
реттелетін оқу кезеңдерін дұрыс
реттілікпен орналастырыңыз.
Практикалық
жаттығу
Сіз және сіздің оқушыларыңыз Г.Гроудың «Өздігінен реттелетін оқу» моделінің қай сатысында деп ойлайсыз? Сіздің сыныбыңызда жауапкершілік сатысы өз сыныптастарының басым бөлігінен ерекшеленетін оқушылар бар ма?
Осы тұста бұрын таныс емес жаңа жағдайға тап болғанда ересек адамдардың өзі де «тәуелді қатысушы» сатысында болатынын атап өткен жөн. Егер оқушылар алғашқы екі сатыда болатын болса, онда олардан жауапкершілік пен дербестікті талап етудің ешбір пайдасы жоқ. Оларды келесі сатыға өткізу стратегиясын ойластыру қажет. Сонымен қатар «топ жарып алға шығуға» дайын оқушылар қатары болса, онда мұғалімнің басты міндеттерінің бірі олардың бойында өзін-өзі реттей алу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беру. Жауапкершілік оқушының өзін-өзі бағалауын арттырады, оның есеюіне көмектеседі. Жауапкершіліктің арқасында оқушы санасында «менің де өз ықпалым бар» деген ой түйеді. Бұл сатыда оқушының тұрақты ішкі мотивациясы пайда болып, мағыналы оқу орын алады.
Өздігінен
реттелетін оқу үдерісіне оқушыларды
қалай ынталандыруға болатынын ойластыра
отырып, оқу мақсаттарын ғана емес,
олардың жеке қажеттіліктерін де ескеру
қажет. Оқушының оқуға қызығушылығын оята
білу шеберлігі – бұл мұғалімнің қолындағы
маңызды әрі пәрменді құрал, оны меңгеру
қажет. Алайда сабақ барлығына бірдей
қызықты болуы үшін не істеу керек?
Оқушыларға өтіп жатқан сабақ қызықты
екенін қалай түсінуге болады? Мәселен,
қашықтан оқыту жағдайында пайдаланатын
цифрлық технологиялар қазіргі балаларды
қызықтырады. Бірақ осы цифрлық
технологиялар арқылы жүргізетін
сабағымыз мағыналы әрі қызықты болуы
үшін мұғалім тарапынан жаңа білімді,
икемділікті және жағдайға орай
тез
әрекет ету дағдысын талап етеді.
Өздігінен реттелетін оқу үдерісіне оқушыларды ынталандыру үшін бірінші кезекте оларға өтілетін сабақтың, оның мазмұнында қамтылған тапсырмалар мен оқу әрекеттерінің не үшін керек екенін түсінуіне көмектесу қажет (1-кезеңге қараңыз – тәуелді оқушылар).
"Оқу мақсатын жүзеге асыру үшін жоспарланған сабақ тақырыбы мен тапсырмалары оқушылар үшін неліктен маңызды?" деген сұраққа жауап ойластырыңыз. Әзірленген сабақ жоспарындағы тапсырмалардың бірін орындауға арналған нақты нұсқаулар дайындаңыз.
Құрастырылған сабақ жоспарын қайта қараңыз. Оқушылар өз ықыластарымен орындағысы келетін тапсырма ретінде таңдап алу мүмкіндігін ұсынатын сараланған (деңгейлі) тапсырмалар әзірленген бе? Соны тексеріңіз. Оқушыларға зерделеніп жатқан тақырып аясында өз бетінше өздеріне арналған тапсырма құрастыруды ұсынуға болады.
Оқушылар арасында кері байланысты қоса алғанда аталған тапсырмаға кері байланыс беру жолын ұсыныңыз (бұл туралы бірінші модульдің "Бағалауды ұйымдастыру тақырыбында айтылған болатын).
Тапсырмаларға нақтыланған, егжей-тегжейлі нұсқаулардың берілгеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Өздігінен реттелетін оқуға одан әрі ынталандыру үшін оқушыларды сабақтың мақсатын белгілету немесе осы сабақта нені үйренгісі келетіні туралы сұрақтар қоя отырып қызықтыру маңызды. Балалардан мәтінге немесе басқа бір оқу материалы бойынша тапсырма құрастыруды сұраңыз. Немесе тапсырмаларды таңдауды ұсыныңыз. Сондай-ақ кері байланыс беру және оқушылар арасындағы өзара әрекеттестікті қалыптастыру туралы да мұқият ойлануымыз керек (2-кезеңдегі «қызығушылық танытқан оқушыларды» қараңыз). Интернет ресурстарды пайдалануда қиындықтар болған жағдайда да, өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мәселесін естен шығармау аса маңызды, мысалы, смс-хабарламалар, телефонмен қысқа мерзімді әңгімелесу, мессенджерлердегі чаттар арқылы.
Егер сізді өздігінен реттелетін оқу және оны саралау мен бағалау арқылы қамтамасыз ету жолдары қызықтырған болса, төмендегі берілген вебинарларды көруді ұсынамыз:
вебинарға сілтеме «Қашықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру жолдары» Оспанов Е.Т.
https://www.youtube.com/watch?v=ss8aBxHwtxU&list=PLZFi3qvIJVkisek352UmZvUlKz9PGHJn0&index=121
вебинарға сілтеме «Қашықтан оқытуда оқушыларға кері байланысты қалай беруге болады?» Ұлтанбаева С.Е.
https://www.youtube.com/watch?v=Lnxwu86GPu0&list=PLZFi3qvIJVkisek352UmZvUlKz9PGHJn0&index=11
вебинарға сілтеме «Қашықтықтан оқыту жағдайында саралап оқытуды ұйымдастыру» Джансугирова Ж.Д.
https://www.youtube.com/watch?v=K_D657LSj4o&list=PLZFi3qvIJVkisek352UmZvUlKz9PGHJn0&index=63
Г.Гроудың «Өздігінен реттелетін оқу кезеңдік моделін есіңізге түсіріңіз. Оқу үдерісінің әр кезеңіне сәйкес келетін компонентті анықтаңыз.
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Өздігінен реттелетін оқуды дамытуда оқушылар ақпаратты бақылауды, жинауды, талдауды және жалпылауды жүргізетін, идеяларды әзірлейтін, сын тұрғысынан ойлайтын, проблемаларды анықтайтын және шешімін табатын, т.б. жоба жұмыстарының жұптық және топтық түрлерін пайдалануға болады. Жобалар пән бойынша ғана емес, пәнаралық жоба болуы да мүмкін. Жоба жұмысының тақырыптары бойынша идеяларды Ғаламдық мектеп зертханасының сайтынан зерделей аласыздар.
Практикалық
жаттығу
Әзірленген онлайн сабақтың жоспарын қайта қараңыз. Оқушыларға жоба жұмысына арналған сабақ немесе бөлім, бөлімшені зерделеу барысында орындайтын тапсырма ұсынуға болады ма, жоқ па? Осы туралы ойланып, шешім қабылдаңыз. Жоба тақырыбы пәндік немесе пәнаралық болуын есте ұстаңыз. Бәлкім, Сіз ауқымды зерттеу тақырыбын анықтарсыз, ал оқушылар соның аясында өздерінің жобаларының тақырыбын тұжырымдай алады.
Жобаны орындау формасы туралы ойланыңыз (жеке, жұпта, топта).
Егер жоба жұпта немесе топта әзірленетін болса, оқушылардың бірлескен жұмысын қалай қамтамасыз етуге болады?
Оқушылар өз бетімен қандай тақырыптарға мәтіндік немесе медиа ресурстар дайындай алатынын анықтаңыз.
Мотивация
үшін жағымды көңіл-күй маңызды
Қашықтан жұмыс істеу барысында өзара жағымды және оңтайлы қарым-қатынас аса маңызды. «Уақытында тапсырмадың! Не деген масқара?!» деудің орнына тағы да бір мүмкіндік беру жолдарын қарастырған абзал. Басты назарды ынталандыру, қолдау, эмоцияларды білдіру, адами қарым-қатынасты сақтау мүмкіндіктеріне аудару керек.
Барлық қатысушылар үшін өзінің іс-әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін белгілі бір ережелерді әзірлеу қажет. Мысалы, «синхронды оқыту кезінде өз ойымызды айтқымыз келсе, дауыс көтермей, «қолымызды көтереміз» (мұндай функция көптеген ресурстарда бар) немесе «чатқа жазамыз» деп балалармен алдын ала келісіп аламыз.
Оқу материалын меңгеруде қиындықтар туындаған жағдайда оқушыларға келесі алгоритмді ұсыныңыз:
Өзім түсінуге тырысамын.
Сыныптасымның көмегіне жүгінемін.
Топтың көмегіне жүгінемін.
Мұғалімнің көмегіне жүгінемін.
Оқу жауапкершілігі
«Жауапкершілікті
табыстау» туралы
ой барлығымызға таныс, бірақ оны шын
мәнінде іске асыратындар аз. Бұл нені
білдіреді? Қашықтан оқытуға көшу –
білім беруді ұйымдастыру жауапкершілігін
балалармен және олардың ата-аналарымен
бөлісудің тамаша мүмкіндігі.
Мысалы, оқушылар онлайн сабақтарды ұйымдастырушы бола алады, «цифрлық қадамдарды» (оқушылардың жұмыстарын, жауаптарын) жинақтаумен айналыса алады, талқылау модераторы бола алады, берілген уақытты ұстануды қадағалай алады. Бұл сияқты тапсырмаларды орындау үлгерімі төмен оқушылардың да қолынан келеді. Ынталандырудың бұл түрі оқушы аймағын табыс алаңына айналдырады.
Міндетті түрде бәріне ортақ ережелерді талқылап қалыптастыру қажет. Бұл да өз алдына жауапкершілікті табыстаудың бір тәсілі болып табылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, шешімі туралы баяндайтын қысқа бейне немесе аудиоподкаст жазып, жаңа тақырыптарды таныстыруда мұғалімнің көмекшісі де бола алады.
* Модуль мазмұнын құрастыруда "Как мотивировать учеников учиться?"//А.Половинкин, В.Гайдамака, О.Скобина. - Фоксфорд Учителю құралы қолданылды.
Құралды мына сілтеме бойынша Учителям "Фоксфорд. Книги" https://books.foxford.ru/teacher жүктеп алуға болады. Ол үшін тіркелу қажет.
Құрметті ұстаз, тақырып аясында "Оқушыларды оқу үдерісіне қалай ынталандыруға/тартуға болады?" деген мәселені қарастырамыз.
Осы мәселені шешуде оқушыларды оқыту үдерісіне ынталандыру факторларын, әдіс-тәсілдерін анықтау аса маңызды.
Оқушыларды оқу үдерісіне ынталандыруға қандай факторлар әсер етеді?
Отандық педагогиканың негізін қалаушы М. Жұмабаев, оқытудың психологиялық негіздерін әзірлеген Ж. Аймауытов, классик педагогтер Я. А. Коменский мен Г. Песталоцци, көптеген заманауи ғалымдар мен педагогтер оқушыларды оқу үдерісіне ынталандыруда олардың мотивациясы үлкен рөл атқаратынын растайды.
Оқу мотивациясы сыртқы (бағалау және марапат, педагогтер мен ата-аналардың жазалауы) және ішкі (оқушының қызығушылығы, оның оқуға деген жеке қажеттілігі) болатыны белгілі.
Өкінішке орай, сыртқы мотивация оқушыларды оқу үдерісіне ынталандырудың негізгі өзегі болғанымен, ол үнемі оң нәтиже бере бермейді. Оқушылардың барлығын бірдей бағалау, мадақтау немесе жазалау арқылы оқуға ынталандыру мүмкін емес.
Дегенмен оқушылардың ішкі мотивациясын қалай арттыруға болады?
Ішкі
мотивация адамның
жеке қызығушылығы пайда болған кезде
немесе ол не үшін оқитынын түсінген
кезде туындайды. Нәтижесінде оқу мен
орындалатын іс-әрекет мән-мағынамен толығып,
оның өнімділігі артып, іштей қуанышқа
бөлейді. Ішкі мотивациямен бірге
«қызықты», «бұл іс мені толығымен баурап
алды», «мұнымен айналысқан кезде уақыт
туралы мүлдем ұмытып кетемін», «бұл
қиын, бірақ маған ұнайды», «мұнымен
демалыс күндері де айналысуға дайынмын»
деген ойлар қатар жүреді.
Айналадағы қоршаған ортаны және онда қалыптасқан нормалар мен құндылықтарды танып білу үшін, сол ортада өзін мойындату үшін ішкі мотивация адамның табиғи қажеттілігі болып табылады. Сол себепті балалар мектепке алғаш рет ерекше ықыласпен барады. Бірақ уақыт өте келе олардың ішкі мотивациясы бәсеңдейді және оқуға деген ынтасы негізінен сыртқы мотивациямен реттеледі.
Сыртқы және ішкі
мотивацияға тән элементтерді
белгілеңіз.
(Тиісті ұяшықты таңдаңыз)
Зерттеушілер оқу мотивациясына зор ықпал ететін алты ауқымды факторды немесе қажеттіліктерді қарастырады. Атап айтсақ:
қауіпсіздік;
белсенділік таныту;
қызығушылықты және жағымды эмоцияларды сезіну;
мойындату және басқа адамдармен байланыс;
оқу мағынасының болуы;
еркін әрі дербес болу қажеттіліктері.
Аталған қажеттіліктерді қарастырып, оларды оқушыларды оқу үдерісіне ынталандыру барысында қалай іске асыруға болатынын анықтап көрейік.
Қауіпсіздік қажеттілігі: оқу мотивациясы және сынып ішіндегі сенімділік ахуалы
Абрахам Маслоу өзінің қажеттіліктер пирамидасында өзін-өзі келешекте дамыту және таныту үшін қауіпсіздік қажеттілігін қанағаттандырудың маңыздылығы туралы жазған болатын. Оқушы өзін сабақта неғұрлым жайлы және қауіпсіз сезінсе, оның белсенділігі де соғұрлым жоғары болады. Алайда оқушы мұғалімнен қаймығып немесе сыныптастарының мазақтауынан жасқанатын болса, бұл оның оқуда белсенділік танытуына кедергі болады.
Практикалық
жаттығу
«Сыныптағы ахуалдың қауіпсіздік деңгейі» атты өзін-өзі тексеру парағын (бейімделген нұсқасын) қолдана отырып, сыныпта өзіңіздің сабағыңыздағы ахуалдың қауіпсіздік деңгейін бағалаңыз. Ұсынылған критерийлер бойынша «жоғары» (Ж), «орташа» (О), «төмен» (Т) шкалаларының көмегімен сыныптағы қауіпсіздік деңгейін бағалаңыз.
(Тиісті ұяшықты белгілеңіз)
Белсенділік қажеттілігі: физикалық және зияткерлік қозғалыс мидың жұмысын жақсартады
Оқуда
табысқа жету үшін оқушының белсенді
болуының маңыздылығы туралы Конфуцийдің
өзі айтқан болатын. Ұлы дананың
«Естігенімді естен шығарамын, көзіммен
көргенімді ойға түйемін, ал өзім жасағаның
барлығын ұғамын» деген
нақыл сөзі
ел аузында.
Мұғалім сабақ барысында (сабақты түсіндіру барысында, оқу материалымен таныстыру барысында) неғұрлым белсенділік танытса, оқушылар керісінше соғұрлым енжарлық танытады (көңілдері бөлінеді, тыңдаудан және қараудан жалығады).
Сабақ
үстінде оқушылардың физикалық
белсенділігіне арналған қарапайым 3
идея:
1. Бәрін өзіңіз орындамаңыз. Қатысушылар өздері оқысын, талқыласын, бақыласын, зерттесін, сурет салсын немесе сызсын. Сонымен қатар синхронды оқытудағы кейбір функцияларды оқушыларға тапсыруға болады: тақтаға жазу, тақтаны сүрту, сабаққа арналған медиа материалдарды таңдау немесе дайындау және т.б.
2.
Синхронды оқытуда да, асинхронды оқытуда
да қимыл-қозғалыс ойындарын
пайдаланыңыз. Энерджайзерлер
(сергіту ойындары), жаттығулар немесе
ми сыңарлары жұмысының белсенділігін
арттыратын саусақ жаттығулары –
өзін еркін ұстаудың, сергектенудің
тамаша мүмкіндіктері. Асинхронды оқыту
кезінде Сіз бұл ойындарды немесе
жаттығуларды оқушы
өз бетінше немесе
ата-анасымен бірге оқып, орындай алуы үшін
сипаттап бере аласыз. Энерджайзерлерді
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
таңдаңыз.
3. Қатысу форматын өзгертіңіз. Мысалы, жеке тапсырмаларды, жұп болып орындайтын, 3-5 адамнан тұратын шағын топ болып орындайтын жаттығуларды кезектестіріп, әр мезгілде ұсыныңыз. Кейде балаларға тұтас ұжым болып бірігіп, бір жаттығуды орындауды ұсыныңыз [1].
Практикалық
жаттығу
Сабақ жоспарын қайта қараңыз. Сабақ барысында оқушыларға қандай іс-әрекеттерді емін-еркін тапсыра аласыз? Сабаққа арналған сергіту жаттығуын ойластырыңыз да, оны сабақ жоспарына енгізіңіз.
Сабаққа қатысудың әртүрлі форматтарында балалар нақты не істей алатындарын жазыңыз.
Жеке |
Жұппен |
Топпен |
Барлығы бірге |
|
|
|
|
Практикалық
жаттығу
«Сыныптағы ахуалдың қауіпсіздік деңгейі» атты өзін-өзі тексеру парағын (бейімделген нұсқасын) қолдана отырып, сыныпта өзіңіздің сабағыңыздағы ахуалдың қауіпсіздік деңгейін бағалаңыз. Ұсынылған критерийлер бойынша «жоғары» (Ж), «орташа» (О), «төмен» (Т) шкалаларының көмегімен сыныптағы қауіпсіздік деңгейін бағалаңыз.
(Тиісті ұяшықты белгілеңіз)
Энерджайзерлер
дегеніміз не?
(Бір жауапты таңдаңыз)
Сабақ
барысында зияткерлік белсенділікті
қалай түрлендіруге болады?
Сабақ үстінде зияткерлік тапсырмаларды түрлендіруге «вербалды өзара әрекеттесуді талдау жүйесі» деп аударылатын «SAVI» моделі көмектесе алады.
Бұл модельге сәйкес оқу процесінің барысында қатысушылар төмендегі іс-әрекеттерді іске асыра білуі керек:
S = somatisch: қимылдау және әрекет ету
A = Auditiv: тыңдау және айту
V = Visuell: бақылау және ішкі бейнелер (қиял) арқылы үйрену
I = Intellektuell: проблемаларды шешу және рефлексия жасау
Практикалық
жаттығу
Төменде ұсынылған сұрақтарға жауап бере отырып сіздің сабағыңызда мұғалім және оқушы қандай іс-әрекет атқаратыны туралы ойланыңыз.
Сабақ барысында оқушылардың қозғалуына қаншалықты рұқсат беремін (жол беремін)?
Оқушылар сабақ үстінде негізінен тыңдай ма, әлде олардың сөйлесуге, өзара талқылауға мүмкіндіктері бар ма?
Оқушылар қаншалықты жиі өз бетінше жұмыс істейді?
Мен визуализацияны қаншалықты жиі қолданамын: оқушыларға түрлі суреттерді, сызбаларды ұсынамын, түсіндіру мақсатында көрнекіліктерді әзірлеймін және оларды оқушылардың өз бетінше дайындауына мүмкіндік беремін? Мен медиа құралдарын қолданамын ба?
Оқушы қиялына қаншалықты мүмкіндік беремін?
Менің сабағымда оқушылар өз бетінше шабыттанып шешетін мәселелер мен тапсырмалар жеткілікті қарастырылған ба?
Үйренген тәжірибесі бойынша рефлексияға қанша уақыт бөлінеді?
«SAVI» моделі сіздің сабағыңызда қолданыла ма?
Сабақ жоспарына оралыңыз. Оқушылардың зияткерлік белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін қандай тапсырмаларды енгізуге болады?
Сабақ
барысында зияткерлік белсенділікті
қалай түрлендіруге болады?
Сабақ үстінде зияткерлік тапсырмаларды түрлендіруге «вербалды өзара әрекеттесуді талдау жүйесі» деп аударылатын «SAVI» моделі көмектесе алады.
Бұл модельге сәйкес оқу процесінің барысында қатысушылар төмендегі іс-әрекеттерді іске асыра білуі керек:
S = somatisch: қимылдау және әрекет ету
A = Auditiv: тыңдау және айту
V = Visuell: бақылау және ішкі бейнелер (қиял) арқылы үйрену
I = Intellektuell: проблемаларды шешу және рефлексия жасау
Практикалық
жаттығу
Төменде ұсынылған сұрақтарға жауап бере отырып сіздің сабағыңызда мұғалім және оқушы қандай іс-әрекет атқаратыны туралы ойланыңыз.
Сабақ барысында оқушылардың қозғалуына қаншалықты рұқсат беремін (жол беремін)?
Оқушылар сабақ үстінде негізінен тыңдай ма, әлде олардың сөйлесуге, өзара талқылауға мүмкіндіктері бар ма?
Оқушылар қаншалықты жиі өз бетінше жұмыс істейді?
Мен визуализацияны қаншалықты жиі қолданамын: оқушыларға түрлі суреттерді, сызбаларды ұсынамын, түсіндіру мақсатында көрнекіліктерді әзірлеймін және оларды оқушылардың өз бетінше дайындауына мүмкіндік беремін? Мен медиа құралдарын қолданамын ба?
Оқушы қиялына қаншалықты мүмкіндік беремін?
Менің сабағымда оқушылар өз бетінше шабыттанып шешетін мәселелер мен тапсырмалар жеткілікті қарастырылған ба?
Үйренген тәжірибесі бойынша рефлексияға қанша уақыт бөлінеді?
«SAVI» моделі сіздің сабағыңызда қолданыла ма?
Сабақ жоспарына оралыңыз. Оқушылардың зияткерлік белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін қандай тапсырмаларды енгізуге болады?
Қызығушылық пен жағымды эмоцияларды сезіну қажеттілігі
Дэниел
Гоулман оқу жетістігіндегі және жалпы
өмірдегі эмоциялардың маңыздылығы
туралы өзінің «Эмоциялық зият. Неліктен ол
IQ-ден маңыздырақ болуы мүмкін» атты
кітабында атап өткен болатын. Жалпы
эмоциялар оқушылардың оқуға ынтамен
қатысуына тікелей әсер етеді.
Оқу үдерісіне эмоцияларды кіріктіруде «Edutainment» тұжырымдамасын қарастыруға болады. Бұл ұғым «education» – білім және «entertainment» – ойын-сауық деген екі сөздің бірігуінен пайда болған. Бұл тұжырым оқу мен ойын-сауық ұғымын біріктіреді. Эдьютейнмент – ойын-сауыққа және оқу процесінен ғанибет алуға негізделген оқытудың ерекше түрі. Бұл өз алдына тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға түрткі болады. Ойын-сауықты ойын ретінде, туындаған жағдайларды эмоционалды түрде бастан кешу, шығармашылық, интербелсенді медиа құралдарын пайдалану деп түсінуге болады.
Эдьютейнмент келесі қағидаттарға негізделген:
Ынталандыру арқылы оқыту (мәжбүрлемейміз, қысым жасамаймыз, ойынмен қызықтырамыз, қызықты тапсырмалармен, суреттермен, медиа құралдармен оқушының қызығушылығын туғызамыз). Синхронды және асинхронды оқыту жағдайында тапсырмаларды түрлендіру үшін және ойын элементтерін енгізу үшін түрлі АКТ құралдарын пайдалануға болады, мысалы, Kahoot, Quizlet, Google Form, Microsoft Form, iSpring Suite, Edutaime.ru және басқалар;
Іс-әрекет негізінде оқыту (балалардың өз бетінше бір нәрсені/затты жасауына, сынап көруіне, эксперимент жасауына, қолмен және мимен жұмыс істеуіне жағдай жасау);
Қазіргі заман талабына сай болуына басты назар аудару (ХХІ ғасыр технологияларына - ұялы телефондарға, қосымшаларға, интернетке тыйым салмаймыз, керісінше, белсенді түрде пайдаланамыз.
Практикалық жаттығу
Қашықтан оқыту сабағында эдьютейнмент тұжырымдамасын қолдану нұсқаларын ойластырыңыз. Сабақта қандай ойындарды, шығармашылық тапсырмаларды қолданасыз? Оқытуда ұялы телефондарды, оқытуға арналған қолданбалы бағдарламаларды тиімді пайдалану нұсқаларын қарастырыңыз.
«Edutainment»
(Эдьютейнмент) тұжырымдамасы оқытудың
қандай тәсілдерін қамтиды?
(Мүмкін болатын жауаптарды белгілеңіз)
Мойындату және басқа адамдармен қарым-қатынас қажеттілігі
Оқушының
мұғалім үшін маңыздылығын көрсететін өзара
сыйластыққа негізделген сабақтағы
қарым-қатынас оны
оқу үдерісіне ынталандыру үшін өте
маңызды.
Бұл тұрғыда белгілі психолог Маршалл Розенбергтің «Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» тұжырымдамасы қызығушылық тудырады.
«Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас» тұжырымдамасы қарым-қатынастың 4 компонентіне назар аударуды ұсынады:
бақылау (көрген жағдайдан нені байқадық?)
сезім (біздің бұл туралы сезіміміз қандай?)
қажеттіліктер (қол жеткізгіміз келетін нәрсе)
өтініш (тілдесіп отырған адамға баяндайтынымыз).
Ойдан шығарылған кейіпкер - ағылшын тілі мұғалімінің оқиғасын елестетіп, талдап көрейік: оның Геральд есімді оқушысы үй тапсырмасын орындамауды әдетке айналдырды. Мұғалім барлық қолжетімді әдіс-тәсілдерді қолданып көрді. Төзімі таусылған ол бірде ашу үстінде:
«Геральд, сенің әрекеттерің адам төзгісіз! Сен өзі қашан оқисың? Сыныптан дереу шық, бар да өзіңнің қылықтарың туралы ойлан!» - деді.
Әрине, біздің жүйкеміз темірден жасалмаған, алайда мұндай жекудің пайдасы бар ма? Бұдан басқа қандай жолдары бар?
Енді дәл осы оқиға реакциясына зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас тұрғысынан қарап көрейік:
«Геральд, мен дәптеріңді ашып, тағы да бос орынды көргенде (бақылау), сенің үй тапсырмасын орындамағанына қатты ашуландым (сезім), тіпті ызам да келді, өйткені кеше де дәл осылай болған. Мен келісімді бұзбауды өтінемін, сенің үлгерімің (қажеттілік) мен үшін өте маңызды. Біз дәл қазір осы жағдайды талқылай аламыз ба? (өтініш)»
Практикалық
жаттығу
Зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынастың төрт компонентін қатыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіруге жаттығып көріңіз.
Проблемалық жағдайды есіңізге түсіріп, оны бірнеше сөйлеммен жазып, осы құралды пайдалана отырып, дәйекті тұжырым жасауға тырысыңыз.
"Зорлық-зомбылықсыз
қарым-қатынас" тұжырымдамасы бойынша
қарым-қатынастың әрбір компонентінің
сипаттамасын анықтаңыз.
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Мән-мағынаның болу қажеттілігі: оқу үдерісі оқушылардың жеке мүдделерімен байланысты ма?
Оқу үдерісі оқушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескеруі тиіс. Өкінішке орай, педагогтердің барлығы бірдей белгілі бір тақырыптың немесе тапсырманың оқушының дамуы үшін, оның болашақ мамандығы үшін маңыздылығын әрдайым түсіндіре бермейді. Сондықтан болар оқушылар көбіне тапсырмаларды тек баға үшін ғана орындайды, тіпті кейде бір-бірінен көшіріп те алады.
Оқу үдерісін ұйымдастыруда сабақта әдетте жиі орын алатын қателер:
«Оқулықтың 165-бетін ашыңдар, 3-тапсырманы табыңдар, соны орындауға кірісіңдер». «Ал қазір топпен орындайтын тапсырма. Сендер 4 топқа топтасыңдар. Топпен 10 идея ойлап табыңдар және баяндама дайындаңдар. Орындауға 15 минут беріледі».
Алайда оқушыларды сабақ тақырыбымен қызықтырып, оқу әрекетіне белсенді қатыстыруға көмектесетін тәсілдер де бар. Мысалы, сабақта орындалатын тапсырмалар мен іс-әрекеттердің мән-мағынасы мен мақсатын түсіндіру.
Нақты мысал келтірейік.
Біз орыс тілі сабағында қатыстық. Сабақтың тақырыбы – «Сабақтас бағыныңқылы құрмалас сөйлем». Оқушыларды сабаққа қалай қызықтыруға болады? Мүмкін оқушыларды: «Осы сабақтан кейін сендер сөйлемді әдемі құрастыруды үйреніп, әлеуметтік желілерде қызықты пост жаза аласыңдар, қарым-қатынас барысында өздеріңедеген сенімдерің артады» деп ынталандыруға болар еді.
«Бұл тапсырма сіздерге ..... көмектесе алады» деген сөйлемді қалай толықтыруға болады
проблеманы шешуге,
сіздердің ....... сенімділігіңізді арттыруға,
... дағдысын жаттықтыруға,
білімдегі олқылықтарды түзетуге,
зерделегенді пысықтауға немесе кіріктіруге,
күш-жігеріңізді арттыруға, көңіл-күйіңізді көтеруге,
қатысушыларды жақындастыруға, сыныпты біріктіруге.
Практикалық
жаттығу
Оқушыларыңыз сіздің сабағыңызға қызыға қатысатындай, таяуда өтетін тақырыптарға ынталандырушы нұсқаулар әзірлеп жаттығыңыз.
№ |
Сабақ тақырыбы |
Бұл сабақтан кейін сіздер … |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* Модуль тақырыбының мазмұнын құрастыруда Как мотивировать учеников учиться?//А.Половинкин, В.Гайдамака, О.Скобина. - Фоксфорд Учителю құралы қолданылды.
Құралды келесі сілтеме Учителям "Фоксфорд. Книги" https://books.foxford.ru/teacher бойынша жүктеп алуға болады. Жүктеп алу үшін тіркелу қажет.
Қандай
шарттар мен тәсілдер төменде көрсетілген
қажеттіліктерді қамтамасыз етуге
көмектеседі?
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Құрметті
ұстаз,
"Оқуға қатыстыру" модулі аяқталды.
Оқушыларды оқуға қатыстыру - мұғалімге қажетті мықты құрал және ол құралды меңгеру өте маңызды. Оқушыларды оқуға қызықтыру, ынталандыру жайлы ойлаған кезде, біз олардың ішкі мотивациясын аттыру жолдарын түсінуге тырысамыз. Оқуға қатыстыру дегеніміз оларды қызықтыру, жаңа бір нәрсе жасап көруге, таңдауға, қателесуге, қайтадан бастауға, табысқа жетуге ұмтылуға мүмкіндік беру. Осылайша, оқушыны оқуға белсенді қатыстырудың тәсілдерін қашықтан және дәстүрлі оқытуда кеңінен қолданып, балалардың дербес оқушыға айналуына көмектесеміз.
Екінші модульдің қысқаша мазмұны "Оқуға қатыстыру" атты интеллект картасында ұсынылған.
"АКТ құралдары" атты үшінші модульді зерделеуде сәттілік тілейміз! Бұл модуль аясында АКТ құралдарымен танысып, сабағыңызға қажеттілерін таңдайсыз.
3.1 Оқу қызметін ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары мен қызметтері
Құрметті ұстаз, бұл модульде Сіз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға қажетті АКТ құралдарымен танысасыз. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидтің көмегімен Сіз өз тәжірибеңізде қолдану үшін қолайлы АКТ құралдарын таңдай аласыз.
Сапалы цифрлық білім
беру ресурстарын қалай таңдауға
болады және оларды оқу процесін
ұйымдастыруда мақсатқа сай қалай
тиімді қолдануға болады?
Қашықтан оқытуға арналған АКТ құралдары бойынша гидті жүктеп алып, мұқият зерделеңіз.
Гидпен жұмыс істей отырып, өзіңіздің қашықтан оқыту тәжірибеңізде қолдануға болатын құралдарды таңдаңыз. Оқушылардың және өзіңіздің жұмыс істеу жағдайларыңыз бен мүмкіндіктеріңізді ескеріңіз.
ZOOM, Kahoot, Padlet, LearningApps және GoogleClassroom-мен жұмыс істеуге қатысты нұсқаулар Telegram мессенджерінің ICT robot чат-ботында (бот атауы @Komektezbot) орналасқан.
📲 Ботты іске қосу үшін Telegramда "үлкейткішті" (жоғарыда оң жақта) басып, іздеу жолына @Komektezbot ботының атауын жазып, ашылған боттар тізімнен ICT robot ботын тауып алып шертіңіз. Ботпен жұмысты бастау үшін экранның төменгі жағындағы "Старт" батырмасын басыңыз. ICT robot бот курс аяқталған соң да Сізге қажетті кезде қолжетімді болады.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидпен танысқан соң, ұсынылған тапсырмаларды орындап, оқыту мен оқуда АКТ құралдарын қолданудың маңыздылығы туралы материалдармен жұмыс істеңіз.
Ұсынылған құралдардың ішінен тек синхронды оқытуды ұйымдастыруда қолдануға болатын құралдарды көрсетіңіз.
(Мүмкін болатын жауаптарды белгілеңіз)
Оқыту
мен оқуда АКТ құралдарын қолдану
неліктен маңызды?
Сабақта ақпараттық технологияны қолдану дәстүрлі оқыту әдістерін артта қалдырды. АКТ құралдарын қолдана отырып, оқушыларды оқу іс-әрекетіне белсенді қатыстыратын және оқылатын материалды терең түсінуіне көмектесетін қызықты интербелсенді оқу ресурстары мен тартымды сабақтарды әзірлеуге болады.
Дәстүрлі сыныптық-сабақтық оқытуда және мектептердің басым бөлігі үшін жаңалық болып табылатын қашықтықтан оқытуда АКТ құралдарын қолдану арқылы дербестендірілген оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі, бұл оқушыға оқу үшін маңызды болып табылатын ресурстарды таңдауға және өзіне қолайлы қарқынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Қазір көптеген сайттар оқушыға мектептің оқу жоспарына тәуелсіз өзіне ұнайтын кез келген тақырыпты оқып-үйренуіне мүмкіндік беретін ақысыз және ақылы онлайн білім беру қызметтерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларында («Тиімді оқыту» және т.б.) құзыретті мұғалім білімнің үш саласын – пәндік, педагогикалық және технологиялық салаларын тең меңгеретіні туралы айтылған. Пәннің мазмұнын терең білу, оқушыларға білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды шебер қолдана білу оқытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Келесі модельде мұғалім кәсіби қызметінде шебер қолданатын үш білім саласы бейнеленген.
Үш білім саласының тоғысқан орталығында білімнің технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім аспектілері орналасқан (TПМБ).Білім беру саласын зерттеушілер білімнің барлық үш саласы арасындағы тығыз байланысты жүзеге асыра алатын мұғалімді жоғары деңгейлі кәсіби маман деп санайды. Сонымен қатар олар мұндай мұғалімдер жаңа технологияларды қолдану тұрғысынан зертханалардағы тәжірибелі ғалымдармен немесе бағдарламашы сияқты технология мамандарымен және тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейдегі кәсіби білімді меңгерген деп тұжырымдайды.
Қандай
АКТ құралдары мен сервистер қай жұмыс
түрлерінде қолдану үшін қолайлы екенін
белгілеңіз.
(Сәйкестікті орнатыңыз)
3.2 АКТ құралдары: қазақстандық платформалар
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін қазақстандық платформаларды қолдануға болады.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидтің 6-бөлімінде берілген Bilimland (Online Мектеп), Kundelik және Daryn.Online платформаларының сипаттамаларымен танысыңыз.
КҮНДЕЛІК
Күнделік (www.kundelik.kz) — мұғалімдерге арналған бірыңғай электрондық білім беру ортасы. Ол білім беру ұйымдары үшін электрондық құжат айналымының мүмкіндіктерін және білім беру үдерісінің барлық қатысушылары (педагогтер, ата-аналар, оқушылар) арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың әлеуметтік желілік құралдарын біріктіреді.
BILIMLAND
Bilimland (www.bilimland.kz)— бұл электрондық оқытудың әлемдік көшбасшыларының озық жетістіктеріне негізделген сандық білім беру платформасы. Бұл – мектеп бағдарламасы негізінде түсірілген 40 мыңнан астам электрондық сабақтар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық пәндерді қамтитын тренажерлер, интерактивті жаттығулар, бейне және анимациялық оқу фильмдер түрінде ұсынылған заманауи білім беру контентінің ірі цифрлық кітапханасы.
Online Mektep – еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына арналған Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген сандық контентті қамтитын Bilimland білім беру порталының жаңа модулі. Бұл модуль арнайы әзірленген цифрлық білім беру ресурстарынан тұрады: бейнесабақтар, деңгейлік тапсырмалар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған дағдыларды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейтін интербелсенді жаттығулар.
DARYN.ONLINE
Daryn.Online — бұл кез келген жерде, кез келген уақытта жоғары білікті оқытушылардан білім алуға мүмкіндік беретін қашықтан білім беруге арналған платформа.
Сіз қашықтан оқытуда осы платформалардың қайсысын және қандай мақсатта қолдана алатыныңыз туралы ойланыңыз.
Қазақстандық платформалардың әрқайсысының мүмкіндіктерін еске түсіріңіз. Платформа атауларын олардың мүмкіндіктерімен сәйкестендіріңіз.
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Ұсынылған кейсті қарастырыңыз. Осындай жағдайда
әріптесіңізге қандай ұсыныс
берер едіңіз?
Мұғалім өте күрделі тақырып бойынша қашықтан оқытуға арналған сабақ жоспарын дайындады. Мұғалім сыныптағы бірнеше оқушыға Интернет байланысы қолжетімді емес екенін біледі, бірақ олар WhatsApp мессенджерін қолданады.
Қашықтан сабақ өткізу үшін мұғалім қандай құралдар мен сервистерді таңдай алады?
Білім беру порталдарын, яғни телекоммуникациялық технологияны пайдаланып, сабақ жүргізеді. "БАЛАПАН", "ELARNA", "Қазақстан" телеарналарынан телесабақтарды көрсетіп, WhatsApp мессенджерін қолдану арқылы тиімді сабақ жүргізуге болады.
Практикалық
жаттығу
Құрметті ұстаз, Сіз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидпен жұмыс істеу барысында бірқатар АКТ құралдарымен және сервистерімен таныстыңыз.
Өзіңіздің қашықтан оқытуға арналған сабақ жоспарыңызды қайта қараңыз. Қашықтан оқыту сабағын өткізу мақсатында таңдалған АКТ құралдарын бағалаңыз. Қажеттілік туындаған жағдайда өзгерістер енгізіп, жоспарды толықтырыңыз.
! Оқушылардың және өзіңіздің техникалық мүмкіндіктеріңізді ескеру маңызды екенін әрдайым есте ұстаңыз
Құрметті
ұстаз,
"АКТ құралдары" модулі мәресіне
жетті.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша гидті және Telegram мессенджеріндегі ICT robot чат-ботын қолданып, оқу мақсатына сәйкес келетін цифрлық құралдарды таңдау арқылы қашықтан оқыту мен оқудың, сондай-ақ дәстүрлі сыныптағы сабағыңыздың тиімділігін арттыра аласыз.
Модуль аясында ұсынылған ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарына шолуды ұсынылып отырған интеллект-картадан көре аласыздар.
4.1 Бірлескен жоспарлау және сабақты бақылау
Құрметті ұстаз, “Кәсіби ынтымақтастық” модулінің бірінші тақырыбы аясында біз бірлескен тігінен (сатылай) жоспарлау мен көлденеңінен (деңгейлес) жоспарлаудың ерекшеліктерін қарастырамыз және оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін сабақты бақылаудың маңызын айқындаймыз.
Қазір
бүкіл әлемде интернет қоғамдастықтар (комьюнити)
танымал болып келеді, онда ортақ
қызығушылықтары бар адамдар бір-бірімен
интернет арқылы қарым-қатынас жасайды.
Мұндай виртуалды қоғамдастықтың мақсаты
– қарым-қатынас.
Кәсіби қоғамдастықтар мамандығы, кәсібі бірдей немесе ұқсас адамдарды біріктіреді. Мұндай қоғамдастықтар қызметінің мақсаты өзара тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылады. Мектеп тәжірибесінде кәсіби қоғамдастықтар ұзақ уақыттан бері жұмыс жасап келеді. Олар педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестіктер және шығармашылық топтар түрінде қызмет атқарып келеді.
Қашықтан жұмыс істеу кезінде кәсіби қарым-қатынасты телефон, смартфон, планшет, компьютер сияқты әртүрлі байланыс құралдары арқылы қамтамасыз етуге болады. Әріптестермен ынтымақтастықта болу қашықтан оқытуды жоспарлауға және оқытуда туындайтын қиындықтарды шешуге көмектеседі, өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Білім беруде оқу үдерісін жоспарлаудың түрлі тәсілдері бар. Соңғы жылдары мұғалімдер тобы бірлесе отырып жүзеге асыратын сабақтарды тігінен және көлденеңінен жоспарлау танымал болып келеді.
Тігінен жоспарлау - бір пәннен сабақ беретін мұғалімдер тобының оқыту мен оқуға қатысты нұсқауларды әзірлеу және қолданысқа енгізу үшін бірлесе жұмыс істеуі, осының нәтижесінде оқытудың негізгі бағыттары, тұжырымдамалары, әмбебап оқу әрекеттері (дағдылары) мен оқыту тәсілдерін сыныптан-сыныпқа сатылай түрде қарастырып, оқу мақсаттарына жетудің негізгі табыс критерийлері айқындалады.
Суретте тігінен жоспарлаудағы интеграциялау нүктелері көрсетілген.
Көлденеңінен жоспарлауды бір деңгейдегі сыныптарда сабақ беретін және оқытуда оң жетістіктер мен ілгерілеуді қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде кездесіп, кеңесіп отыратын әртүрлі пән мұғалімдері жүзеге асырады. Мұғалімдер белгілі бір деңгейге, сыныпқа, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар жекелеген оқушыларға арналған бағдарламаның барлық көлемін ескере отырып, оқытуды жоспарлау үшін бірлесіп жұмыс істейді. Көлденеңінен жоспарлау барысында оқыту мен оқудың келесі аспектілері қарастырылуы мүмкін:
саралау;
ресурстарды бірлесіп пайдалану;
оқушылардың жүктемесі мәселелерін шешу (үй тапсырмасының көлемі);
пәнаралық интеграция, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды теңестіру;
бірлескен міндеттерді жобалау;
бір деңгейдегі оқушылар үшін оқу үдерісін жоспарлау.
Суретте көлденеңінен жоспарлаудағы интеграциялау нүктелері көрсетілген.
Қандай
белгілер тігінен жоспарлауды және
қандай белгілер көлденеңінен жоспарлауды
көрсететінін анықтаңыз.
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мектеп тәжірибесінде жаңа құбылыс болып табылады. Оқытудың жаңа нысандарын енгізу кезінде белгілі бір қиындықтар туындайды.Әріптестерге бірлескен кәсіби ынтымақтастық арқылы қиындықтарды шешу тиімді болады.Сондықтан мұғалімдер шағын топтарға бірігіп, сабақтарды бірлесіп жоспарлау мен бақылауды жүзеге асыра алады.
Тігінен жоспарлауды қолданған кезде бір әдістемелік бірлестіктің мұғалімдері топқа бірігіп, технологиялық карта әзірлейді, соның негізінде оқытудың таңдап іріктелген тәсілдерін пайдалана отырып, әртүрлі деңгейдегі сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекеттері мен дағдыларын дамыту бойынша жұмыс істейтін болады.
Тігінен жоспарлауға арналған технологиялық карта (үлгі)
Тігінен жоспарлауға арналған технологиялық карта шаблонын жүктеп алыңыз.
Көлденеңінен жоспарлау үшін бір деңгейлі сыныптарда жұмыс істейтін әртүрлі пән мұғалімдері бірігіп жұмыс істей алады. Технологиялық картаны жасау кезінде олар оқушылардың пәндік интеграциясы мен әмбебап оқу әрекеттері мен дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін анықтайды, сондай-ақ қажетті ресурстардың ортақ қорын құрады.
Тігінен жоспарлауға арналған технологиялық карта (үлгі)
Көлденеңінен жоспарлауға арналған технологиялық карта шаблонын жүктеп алыңыз.
Биология және География (7- сынып) пәндеріне арналған көлденеңіне жоспарлаудың мысалы
Сонымен қатар әрі тігінен, әрі көлденеңінен жоспарлаумен айналысатын мұғалімдер тобы қашықтан оқыту сабағын жоспарын жасау бағытында жұмыс істеп, оқыту үшін ең өзекті ресурстардың іріктелуін және оқушылардың оқу процесіне барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ете алады.
Кез келген бірлескен қызмет кезінде топтардың үйлесімді жұмыс істеуіне және табысқа жетуіне көмектесетін ережелер қажет.
Қашықтан жұмыс істей отырып, мұғалімдер топтары синхронды қарым-қатынас үшін ZOOM, Teams, Google Meet немесе Hangouts, телефон қоңыраулары немесе мессенджерлер арқылы сөйлесуді пайдаланады (бұлар асинхронды қарым-қатынас үшін де қолайлы) Топтық жұмыста ортақ пайдалану үшін ашылған Google құжаттар мен кестелер өте ыңғайлы. Олар бір мезгілде жұмыс істеуге, жұмыстарға пікір жазуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы арқылы педагогтер бірін-бірі қолдайды және қашықтан оқыту мен оқуда тәжірибе жинақтайды.
Ұсынылған кейстегі
жағдайды қарастырыңыз.
Қашықтан оқыту кезінде 7-сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер көптеген оқушылардың оқуға қызығушылығы мен ынтасының төмендегенін байқады. Балалардың өздеріне ұсынылған тапсырмаларды орындамауы жиіледі. Әртүрлі пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері оқу үлгерімінің төмендегенін көрсетті.
- Оқушылар мектепте болмағандықтан, біз бұл жағдайда не істей аламыз? - деп мұғалімдер шарасыздық танытты.
Шын мәнінде, осындай жағдайда мұғалімдер тобы өз күш-жігерін біріктіре отырып не істей алар еді?
"Онлайн мұғалім" сияқты оқыту порталдары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесіне көшер еді.
Сабақты
бақылау
Тиімді оқыту - бұл өнер.
Зерттеуші Дж.Хэттидің (John Hattie) пікірі бойынша, мұғалімдерде өз жұмысын талқылау, қателерді немесе қиындықтарды дамуға ынталандыру ретінде қабылдау, қате ілімдер мен түсініктерден бас тарту, өзінің оқытуға көзқарасын дамыту және қайта қарау мүмкіндігі міндетті түрде болуы тиіс. Қашықтан оқыту аясында сабақтарды бақылау және талқылау арқылы кәсіби даму үшін қолайлы ахуалды қалыптастыруға болады.
Мұғалім сабағын бақылаудың екі түрлі нұсқасын қолдануға болады:
онлайн сабақты жүргізу барысында сабаққа қатысу (синхронды оқыту);
әріптесінің сабақ жоспарын қарастыру арқылы.
Бақылау тиімді болуы үшін, оның бағыт-бағдарын айқындап алу қажет.
Бұл модельде бақылаудың төрт бағыты
көрсетілген:
оқыту, оқу, кәсіби даму және жеке немесе бірлескен зерттеу жүргізу.
Егер сабақты бақылау фокусы оқытушылық қызметпен байланысты болса, онда бақылаудың мақсаты сабақтың сараланған мақсаттарын әзірлеу немесе қарапайым және күрделі сұрақтар қою біліктерін анықтау болуы мүмкін.
Бақылаушы назарын сабаққа аудару арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетіне арналған тапсырмалар мен тәсілдерге қатысты реакциясын көре алады.
Сабақты бақылау аттестаттау және мектепішілік бақылау сияқты Нормативтік немесе әкімшілік рәсімдермен байланысты болуы мүмкін. Ондай жағдайда сабақтарға әкімшілік, аттестаттау комиссиясының мүшесі немесе тәлімгер қатысады. Сәйкесінше, сабаққа қатысу мақсаты оқытушылық тәжірибенің қолданыстағы нормалар мен талаптарға сәйкестігін белгілеу болады.
Зерттеу барысында жүргізілетін бақылаулар қызықты болады. Мұндай жағдайда бақылаудың мақсаты проблемаларды шешу үшін таңдалған педагогикалық әдіс-тәсілдердің оқушылардың білім алуына немесе мұғалімнің оқытуына әсер ету дәрежесін анықтау болады.
Аталған бақылау түрлерінің әрқайсысында бақылаушы оқушылардың сұрақтарға, тапсырмаларға, жұмысты немесе тапсырмаларды бірлесе орындау үшін ұсынылатын АКТ құралдары мен қызметтеріне көзқарастары қандай екенін, чатта не жазатындарын және қандай белгілер беретінін (бейнекамера қосылып тұрған кездегі ым-ишараларды байқауға болады) көре алады. Бақылаушы тек сабақты бақылауға назар аударатындықтан, ол сабақ жүргізіп тұрған мұғалім байқамай қалатын тұстарды байқай алады. Бақылау тиімді болуы үшін, сабақтың бақыланатын аспектілерін, оларға оқушылардың көзқарасын қамти отырып, сабақ барысында белгілеп, қажет болған жағдайда ескертпелерді жазып алатын арнайы форма әзірлеп алуға болады. Сондай-ақ бақылау үшін бірінші модульдің 1.2 "Оқу үдерісін жоспарлау" тақырыбы аясында ұсынылған табысты сабақтың критерийлерін қолдануға болады.
Әріптесінің немесе топтың әзірлеген сабақ жоспарын қарастырып, талдау кезінде модельде көрсетілген аспектілерге назар аудару қажет.
Сабаққа жүргізілген бақылау фактілерін сыншы досымен немесе кәсіби қоғамдастық шеңберінде талқылап, мұғалімдер ашық пікірталас жүргізе отырып, кері байланыс аясында қойылатын үш басты сұраққа жауап таба алады:
Біз не нәрсеге ұмтыламыз?
Бұған қалай қол жеткізіп жүрміз?
Біздің келесі қадамымыз қандай болуы мүмкін?
Осыған орай виртуалды мектеп және мектепаралық педагогикалық қоғамдастық шеңберінде Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін ұйымдастыруға болады.
🔔 Сабақтарды жоспарлау және бақылау бойынша мұғалімдердің бірлескен қызметі қашықтан оқытуға арналған тиімді педагогикалық тәжірибелерді іріктеуге және оларды таратуға ықпал ететін болады.
Келесі "Кәсіби ынтымақтастық" модулін меңгеруде сәттілік тілейміз!
Ұсынылған кейстегі
жағдайды қарастырыңыз.
Сіз мұғалімдерге не ұсынар едіңіз? (Қашықтан оқытудағы сабақты бірлесіп жоспарлау және бақылау туралы біліміңізді және АКТ құралдары мен сервистері бойынша гидті қолданыңыз).
Бастауыш сынып мұғалімдері қашықтан оқыту кезінде проблемаға тап болды – онлайн сабақты жүргізу кезінде бастауыш сынып оқушыларының назарын ұстап тұру өте қиын болды.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды синхронды оқытудағы оқу қызметіне тарту мәселелерін шешуде мұғалімдер бір-біріне қалай көмектесе алады? Олар бұл үшін қандай құралдар мен сервистерді қолдана алады?
Мұғалімдер онлайн-сабақтарды бірлесіп жоспарлау туралы келісе алады.
- бір параллельдің мұғалімдері – көлденеңінен жоспарлау үшін;
- әр түрлі параллельдерден мұғалімдер-тігінен жоспарлау үшін.
Аталған бақылау түрлерінің әрқайсысында бақылаушы оқушылардың сұрақтарға, тапсырмаларға, жұмысты немесе тапсырмаларды бірлесе орындау үшін ұсынылатын АКТ құралдары мен қызметтеріне көзқарастары қандай екенін, чатта не жазатындарын және қандай белгілер беретінін (бейнекамера қосылып тұрған кездегі ым-ишараларды байқауға болады) көре алады. Бақылаушы тек сабақты бақылауға назар аударатындықтан, ол сабақ жүргізіп тұрған мұғалім байқамай қалатын тұстарды байқай алады. Бақылау тиімді болуы үшін, сабақтың бақыланатын аспектілерін, оларға оқушылардың көзқарасын қамти отырып, сабақ барысында белгілеп, қажет болған жағдайда ескертпелерді жазып алатын арнайы форма әзірлеп алуға болады. Сондай-ақ бақылау үшін бірінші модульдің 1.2 "Оқу үдерісін жоспарлау" тақырыбы аясында ұсынылған табысты сабақтың критерийлерін қолдануға болады.
Құрметті
ұстаз, "Бірлескен жоспарлау және
сабақты бақылау" модулі аяқталды.
Енді Сіз бірлесе жоспарлау мен сабақты бақылаудың қашықтан оқыту кезінде де өзекті екендігін білдіңіз, себебі бұл оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға және таныс емес жаңа жағдаяттарға тез икемделуге мүмкіндік береді.
Әріптестеріңізбен ынтымақтастықта жұмыс істеуге келісіп, қолайлы байланыс құралдарын таңдап, педагогикалық шеберлігіңізді шыңдаңыз.
4.2 Виртуалды мұғалімдер бөлмесі
Құрметті ұстаз, "Кәсіби ынтымақтастық" модулінің екінші тақырыбы аясында кәсіби өзара әрекеттестікке арналған виртуалды мұғалімдер бөлмесінің мүмкіндіктері қарастырылады.
Алдыңғы тақырыпта қазіргі әлемде интернет қоғамдастықтар (комьюнити) кеңінен танымал болып отырғандығы туралы айтылды. Бұл қоғамдастықтар қарым-қатынас жасау үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады.
Педагогикалық қоғамдастық кәсіби қарым-қатынас үшін виртуалды мұғалімдер бөлмесін қолдана алады.
Виртуалды мұғалімдер бөлмесі ұсынатын мүмкіндіктерді және оны интернет кеңістігінде орналастыру нұсқаларын қарастырайық.
Виртуалды мұғалімдер бөлмесінің жұмысы құжаттарға ұжымдық қолжетімділік және жылдам кері байланыс арқылы бірлесе басқару принципіне құрылған және келесі мүмкіндіктерді қарастырады:
Виртуалды мұғалімдер бөлмесі функцияларына қатысты:
Виртуалды мұғалімдер бөлмесінің ұсынылған мүмкіндіктері мен қызметтері сабақты бірлесіп жоспарлаумен және бақылаумен айналысатын мұғалімдерге өзара тиімді іс-әрекет жасауға және өз тәжірибесін әріптестер арасында таратуға мүмкіндік береді.
Виртуалды
мұғалім бөлмесінің функциялары мен
мүмкіндіктерін еске түсіріңіз.
Аталған факторлардың қайсысы мүмкіндіктерге, ал қайсысы функцияларға жататынын анықтаңыз.
(Сәйкестікті орнатыңыз)
Кез келген жұмыс сияқты, виртуалды мұғалімдер бөлмесі жұмысының да белгіленген ережелері бар.
Біріншіден,
Екіншіден,
Мұғалім өз қызметінде қажетті мақсаттарға қол жеткізуге немесе проблемаларды шешуге мүмкіндік бермейтін белгілі бір қиындықтарға тап болады. Қиындықтардың алдын ала отырып, мұғалімдер қоғамдастықтағы тиімді іс-әрекетті қамтамасыз етеді.
Төменде виртуалды мұғалімдер бөлмесінің жұмысында кездесетін қиындықтар көрсетілген.
Виртуалды мұғалімдер бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру үшін ұсынылатын интернет-технологиялардың қандай нұсқаларын пайдалануға болады?
Қазақстан мектептерінде кең қолданыстағы Kundelik порталы мектепте виртуалды мұғалімдер бөлмесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл үшін арнайы "Мұғалімдер бөлмесі" қосымшасы жасалған.
"Мұғалімдер бөлмесі" ұжымдас мұғалімдерге кәсіби проблемалар бойынша белсенді виртуалды қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Виртуалды мұғалімдер бөлмесін құру үшін Google және Microsoft ұсынған платформаларды қолдануға болады.
Мұғалімдердің оқыту мен оқуға қатысты виртуалды педагогикалық қарым-қатынасын бір мектеп аясында ғана емес, мектептер желісінде де құруға болады. Бірлескен зерттеулер жүргізуді, қиын мәселелерді талқылау және үздік педагогикалық тәжірибемен алмасуды әртүрлі аудандық, қалалық, облыстық мектептер арасында педагогтерге арналған чаттар мен форумдарды қолданып мектепаралық желілерде ұйымдастыруға болады. Мысалы, Педагогикалық шеберлік орталығының сайты кәсіби байланыс үшін мұғалімдерге арналған форумды ұсынады. Бұл форумда қатысушылар өзара пікірлерін ұсынып, кері байланыс беріп, сұрақтарын қояды және кеңестер береді.
Кәсіби желілік қоғамдастықта мұғалімдер қол жеткізген жетістіктерімен бөлісіп, бір-біріне кәсіби қолдау жасайды.
Осылайша, бір-бірінен қашықта болғанына қарамастан, мұғалімдердің кәсіби дамуына мүмкіндіктер жасалуда.
Құрметті ұстаз, виртуалды мұғалім бөлмесінің мүмкіндіктерін есіңізге түсіріңіз. Бәлкім, жаңа оқу жылында өз мектебіңізде виртуалды мұғалім бөлмесінің құрылуына дәл Сіз бастамашы боларсыз.
Құрметті
ұстаз, «Кәсіби ынтымақтастық»
модулі аяқталды.
Ұсынылған интеллект-карта осы модульдегі негізгі ақпаратқа шолу жасауға көмектеседі.
"Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету" атты келесі модульде сәттілік тілейміз!
5.1 Қашықтан оқудағы ата-аналардың рөлі
Құрметті ұстаз, «Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету» атты бесінші модульде қашықтан оқыту кезіндегі ата-аналардың рөлі және олармен өзара әрекеттесу жолдары қарастырылатын болады.
2019-2020
оқу жылының төртінші тоқсанында
«Қашықтан оқуда ата-аналар мұғалімдерді
алмастырады екен» деген жалған ақпаратты жиі
естуге тура келді. Карантин
кезінде мектеп жасындағы балалардың үй
жағдайында оқуына байланысты және
мұндай оқу үйреншікті болмағандықтан, ата-аналарға
үлкен салмақ түскені бәрімізге
белгілі.
Мұғалімдер
сияқты ата-аналар да балаларды қашықтан оқу
форматына бейімделе бастады.
Оқу қандай форматта болсын – дәстүрлі сыныптық немесе жаңашыл қашықтан оқыту арқылы жүргізілсе де, ата-аналар білім беру процесінің маңызды қатысушылары болып қала бермек. Ата-аналар баласының оқуын үйде ұйымдастыруды өз қолына алып, оған қолдау көрсету үшін мектептің және мұғалімдердің тарапынан барынша нақты және түсінікті нұсқаулар қажет.
Мұғалім оқу және тәрбие процесінде ата-аналармен бірлесе отырып өзара іс-қимылды қалай ұйымдастыра алады?
Ата-ана мен мұғалім арасында сындарлы қарым-қатынас орнатудың 5 қадамы
1. Сауалнама арқылы ата-аналардың қажеттіліктерін анықтаңыз.
Кейбір ата-аналар баланың жетістіктері туралы ақпарат алу үшін электронды пошта арқылы байланысуды қалайды, кейбір ата-аналар телефонға қоңырау шалу арқылы байланысқа түссе, енді берулері үшін WhatsApp – ең ыңғайлы байланыс түрі. Бұл тұста ең ыңғайлы байланыс желісін мүмкіндігінше тезірек анықтау маңызды болып табылады. Өйткені бұл оқу туралы ақпарат алмасу кестесін құрып, қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Егер Сіз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда тиімсіз стратегияларды қолдансаңыз, байланыстың үзіліп қалу қаупі туындайды. Бұл отбасы мүшелерінің баланың мектептегі өміріне қатысуын төмендетіп, олардың тарапынан үйде оқушыларға қолдаудың болмауына әкеліп соғуы мүмкін.
Ата-аналардың қарым-қатынас үшін қандай байланыс желісін қалайтынын және баласының оқуы туралы ақпаратты қаншалықты жиі алғысы келетінін анықтау үшін сауалнама жіберіңіз.
Сауалнама үлгісі
Сауалнаманы Telegram мессенджерінің QuizBot чат-ботында (бұл туралы ақпаратты және оның мекенжайын Қашықтан оқытуға арналған АКТ құралдары бойынша гидтен алуға болады) құрастыруға және ата-аналардың чатына жіберуге болады. Бұл Сізге қажетті ақпаратты жылдам жинақтауға мүмкіндік береді.
Ата-аналардың
қарым-қатынас үшін қандай байланыс
желісін қалайтынын және баланың оқуы
туралы қандай ақпарат алғысы келетінін
анықтау үшін ата-аналарға арналған 5
сұрақтан тұратын
сауалнама әзірлеңіз.
Ата-аналардың қарым-қатынас үшін WhatsApp желісін қолдану тиімді. Балаларының оқуы туралы қандай ақпарат алғысы келетінін анықтау үшін Тelegram мессенджерінің QuizBot чат-ботында сауалнама құрастыруға және ата-аналардың чатына жіберуге болады.
2. Ата-аналармен қарым-қатынас жасау үшін байланыс кестесін жасап, оны өз жұмысыңызда пайдаланыңыз.
Ата-аналармен қарым-қатынасыңызды жоспарлаңыз.
Ата-аналармен қаншалықты жиі қарым-қатынасқа түсуге болатынын білгеннен кейін, жұмыс барысында ұстанатын байланыс кестесін жасаңыз.
Canva сайтында
ата-анамен байланыс кестесінің
шаблонын жасап ( бұл сервис туралы
ақпарат Қашықтан
оқытуға арналған АКТ құралдарына
арналған Гидте берілген ),
ата-ана жайлы мәліметтерді енгізе
аласыз, апта бойында оларға белгілі бір
мәлімет беріп, байланысқа түсетін
күндерді белгілей аласыз. Байланыс
кестесін Word және Excell форматында
да жасауға болады.
Ата-аналарды
ақпараттандыру кестесі деп
аталатын шаблонды жүктеңіз (Word, Excel)
Апта, ай немесе тоқсан ішінде қандай ақпаратпен бөлісу керек екенін белгілеп, күнделікті жазып жүріңіз. Мысалы, оқушылардың оқудағы табыстары мен жетістіктерін балалар мен ата-аналарға құттықтау ашық хаттарын жібере отырып, атап өтуге болады.
Ата-аналар алдын ала күтіп отыратындай, байланыс уақтылы және тұрақты болуы қажет. Хабарламалар жағымды, ізгі ниеттес және ақпараттық сипатта болуы керек, сонда ата-аналардың көпшілігі байланысты асыға күтетін болады.
Ата-аналар немесе оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойғанда немесе өтініштерін білдіргенде, оларды зейін қоя тыңдап, міндетті түрде жауап беруге тырысыңыз.
Мұғалім мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас нақты жоспарланбаса, онда байланыс жүйелі түрде жүргізілмейді (егер Сіздің жадыңыз барлық ақпаратты есіңізде ұстай алатындай мінсіз болмаса). Бұл ата-аналар арасында өздерін мазалаған сұрақтар мен баланың проблемалары мұғалім үшін маңызды емес деген пікірдің қалыптасуына себепші болады. Байланысты жүйелі, тұрақты түрде жүргізу табысқа жетудің кілті болып табылады.
Ата-аналармен байланысуды оқу жылының бір тоқсанына жоспарлаңыз. Апта сайын, ай сайын, тоқсан соңында ата-аналармен бөлісу қажет маңызды ақпараттарды жазып қойыңыз.
Canva сайтында ата-анамен байланыс кестесінің шаблонын жасап, ата-ана жайлы мәліметтерді енгізе аламыз және апта сайын ата-аналарға белгілі бір мәлімет беріп, байланысқа түсетін күндерді белгілей аламыз. Байланыс кестесін Word және Excell форматында да жасауға болады.
3. Сенімді қарым-қатынас жасаңыз
Ата-аналармен сенімді қарым-қатынас (раппорт) орнатыңыз. Бұл оларды балалардың оқудың нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісіне де қызығуына ықпал етеді. Сенімді қарым-қатынас орнату нәтижесінде ата-аналар балаларға барынша қолдау көрсетіп, олардың бойында өзінің оқуы үшін жауапкершілікті дамытатын болады.
Оқу жылының басында ата-аналардан өз балаларының оқуынан қандай нәтиже күтетіні туралы сұрауға болады.
Егер сіз сыныппен жұмыс істеуді енді ғана бастасаңыз, онда оқудың бірінші аптасында ата-аналарға өз ұлы/қызы туралы, мінез-құлықтарының күшті жақтары, олардың немен әуестенетіні мен қызығушылықтары туралы айтып берулерін сұрап, хат жіберуге болады. Мұғалімнің оқуды тиімді ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі маңызды болып табылады. Осылайша, Сіз өз шәкірттеріңіз туралы көп ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар. Әрине, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай бұл сұрақтарға өздері де жауап бере алады, дегенмен ата-аналардан да ақпарат алу пайдалы.
Кейсте ұсынылған жағдайды
қарастырыңыз.
Қашықтан оқыту кезінде мұғалімге ата-аналар қоңырау шалып, өздерінің балаларының оқу іс-әрекетіне көңілі толмайтындығын білдірді.
Ата-анамен сөйлесудің бастапқы кезеңінде төмендегі мұғалім жауаптарының қайсысын пайдаланар едіңіз?
(Бір жауапты таңдаңыз)
4. Тоқсанның басында пәндер бойынша оқу мақсаттарымен таныстырыңыз
Тоқсанның басында оқу бағдарламаларының қысқаша мазмұны немесе бөлімдердің оқу мақсаттары сипатталған құжат әзірлеңіз. Бұл құжатты тоқсан бойы ата-аналарға қажет болған жағдайда пайдалану үшін, электронды пошта арқылы жіберіңіз.
Шаблонды жүктеп алыңыз Оқу бағдарламасы (ата-ана үшін)
Ата-аналарға арналған ақпараттық парақтың үлгісі
5. Әлеуметтік желілер арқылы ата-аналармен байланыс орнатыңыз
Көптеген ата-аналардың әлеуметтік желілерде өз аккаунттары бар, сондықтан мұғалім Facebook немесе Instagram сияқты әлеуметтік желілерде сыныптағы жағдай туралы жалпы ақпаратты, кеңестерді орналастыра алады және ақпаратпен танысу үшін ата-аналарды осы парақшаға шақыра алады. Тіпті ата-аналар мұғаліммен осы платформаларда қарым-қатынас жасау ды ұнатулары мүмкін.
Ата-аналармен онлайн қарым-қатынас жасау кезінде ұстанатын 5 ЕРЕЖЕ
Ата-аналармен онлайн қосымшалар, әлеуметтік желілер, мәтіндік хабарламалар және т.б. арқылы қарым-қатынас жасау барысында Сіздің тарапыңыздан белгілі бір ережелерді ұстану талап етіледі, соның ішінде:
1️⃣ Дауыс ырғағы мен мәнерін дұрыс қолданыңыз, бетпе-бет кездеспегендіктен, кейбір дауыс ырғағын ата-аналар дұрыс түсінбей қалуы мүмкін, тиісіп сөйлеуден және сарказмнан аулақ болыңыз.
2️⃣ Анық және түсінікті тілде сөйлеңіз.
3️⃣ Байланыстың жағымды сипатта болуына көңіл бөліңіз.
4️⃣ Әртүрлі мәселелерді талқылаңыз – оқудағы жетістіктер, туындайтын қиындықтар және т.б.
5️⃣ Оқушыларыңыздың ата-анасы туралы көбірек білуге тырысыңыз, олармен қандай ақпаратпен бөлісуге болатынын, қашан және кіммен бөлісуге болатынын жақсы біліп алыңыз. Ешқашан да Б. оқушының ата-анасымен А. оқушы туралы ақпаратпен бөліспеңіз.
Мұғаліммен, сынып жетекшісімен өзара әрекет ету ережелері туралы ата-аналармен алдын ала келісіп алу керек.Туындаған сұрақтарды қою уақытын және ол үшін қандай байланыс желілерін пайдалануды (мысалы, пошта және чат) талқылап алыңыз. Жоба түріндегі үй тапсырмаларымен жұмыс істеу кезінде ата-аналарды нәтижелерді талқылауға, дауыс беруге тартуға болады.
Ата-аналарға балаларының оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда ғана емес, сондай-ақ бос уақытын ұйымдастыруға да көмектесуге болады. Ата-аналарға баланың қауіпсіздігін, соның ішінде интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ескерту қажет (кибербуллинг туралы материалды жүктеп, ата-аналарға ұсынуға болады). Сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдалану, күн тәртібі, баланың компьютермен жұмыс істеу уақыты бойынша ұсыныстар беру қажет.
Қашықтан оқу кезеңінде ата-аналармен виртуалды ата-аналар жиналысын жоспарлап, өткізуге болады. Онда балалардың интернет сервистерін қауіпсіз пайдалануы, қашықтықтан оқу ерекшеліктері, бос уақытты ұйымдастыру және баланың эмоционалдық көтеріңкі көңіл-күйде болуына жағдай жасау мәселелерін талқылауға болады.
Сонымен, қашықтан оқу кезеңінде мұғалімнің ата-аналармен жұмыс барысында келесі жұмыстарды ұйымдастыру маңызды :
✅Әр сынып үшін желіге қосылуға арналған сілтемелер тізімі, сондай-ақ қажетті оқу материалдарына сілтемелер көрсетілген апталық жоспар ата-аналар үшін баланың оқу аптасы бойынша өзіндік көмекші бола алады.
✅ Оқушыны бағыттау парағы. Егер оқушының интернетке қосылу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар үшін осы бағыттау парағына оқулықтағы жаттығулардан және бір аптадағы тақырыптар тізбесінен басқа, орындалатын жұмыстың сипаттамасы жазылған жадынаманы, баламен бірге талқылануы мүмкін сұрақтарды ұсынуға болады.
✅ Ата-аналар чатының модерациясы. Бұл эмоциялық хабарламалардың ағымында маңызды, сындарлы сұрақтардың назардан тыс қалып кетуіне жол бермеу үшін пайдалы. Модераторлар ата-аналар бола алады.
✅ Ата-аналар ақпарат жинаушы рөлінде бола алады. Олар электрондық пошта арқылы апталық жоспар туралы апта сайынғы ақпараттық хабарламаларды ұйымдастырып, кері байланыс жинай алады, туындаған даулы жағдайларды немесе түсінбестіктерді шеше алады.
Қашықтан оқыту кезеңінде гипербелсенді және баяу балаларды оқытуды ұйымдастыру
Балалар әртүрлі болады: кез келген баланы сабаққа отырғызу және оқуға тарту оңай емес. Кейбіреулері гипербелсенді және бір орында отыра алмайды, басқалары, керісінше, баяу болуы мүмкін. Бірақ ата-аналар белгіленген ережелерді ұстана отырып, кез келген баланың оқуын ұйымдастыра алады.
Үйде оқыту барысында гипербелсенді және баяу балалардың ата-аналарына балаларының оқуын ұйымдастыруға көмектесіп, ұсынылған кеңестермен бөлісіңіз. Олардың көпшілігі Сіздің жұмысыңыз үшін пайдасын тигізеді деген ойдамыз.
Баяу
баламен жұмыс істеу бойынша кеңестер
👉🏻Таңертең, сабаққа дайындалу кезінде балаға ұйқыдан тұрып, жуынуға және асықпай, өз қарқынымен тамақтануға мүмкіндік беру үшін уақытты алдын ала жоспарлау маңызды. Ол үшін ұйқыға ерте жатып, ерте тұру керек.
👉🏻Баяу бала үшін әдеттегі жағдайда жұмыс істеу өте маңызды. Егер оның өз үстелі болса, үй тапсырмасын әрқашан бір уақытта бастаса, онда оның психикасы тез жұмыс істейді.
👉🏻 Баяу балаға бір жұмыс түрінен екіншісіне ауысу қиынға соғады. Бір тапсырманы орындап жатқанда, оған күтпеген сұрақтар қоюдың қажеті жоқ.
👉🏻Балаға күтпеген жерден сұрақ қойып, тез арада ауызша жауап беруін талап етуден аулақ болыңыз. Оған ойлануға және дайындалуға уақыт беру керек.
👉🏻 «Жылдамдыққа» жұмыс істеудің қажеті жоқ. Баяу балалардың қозғалыс координациясы нашар дамыған, сондықтан моториканы дамыту үшін арнайы жаттығуларды қолдану пайдалы. Осы жаттығуларды орындау барысында қозғалыс қарқыны мен жылдамдығын бір мезгілде жаттықтыруға болады.
👉🏻 Балалармен үй тапсырмасын орындау кезінде бір пән бойынша сабақ уақытында үзіліс жасауға болмайды, өйткені мұндай жағдайда баланы жұмысқа қайта қосу қиынға соғады. Ең жақсы жолы мынадай: математикадан тапсырмаларды орындау – демалу – жазбаша тапсырмаларды орындау.
👉🏻 Мұғалімнің ойы мен іс-әрекетін түсіну үшін, бала алдын ала бір қадам алда болуы керек, яғни бала алдағы сабақта немен айналысатынын біліп отыруы тиіс. Мысалы, келесі сабақта балалар жануарлардың түрлері туралы тақырыпты өтетін болса, оған келесі сабақтың мазмұнына ішінара кіріспе ретінде жануарлар туралы ғылыми-көпшілік фильм көруді ұсынуға болады.
👉🏻 Баяу балалар жиі мазасызданады және соның салдарынан өзіне сенімсіз болады. Оларға тек жағымды қолдау көрсетіңіз: сәтсіздікке ұшырағанда, сүйеу болып, кез келген, тіпті ең кішкентай жетістігін атап өтіңіз. Бұл бала үшін ең жақсы ынталандыру болып табылады.
Гипербелсенді
баламен жұмыс істеу бойынша кеңестер
👉🏻 Міндетті түрде күн тәртібін сақтаңыз! Ұйқыдан тұру, түскі ас, сабақтарды орындау (тіпті демалыс күндері де) белгіленген бір уақытта жүргізілуі тиіс. Мұндай балалар үшін бұл өте маңызды. Қозғалыс белсенділігі жоғары балада нейродинамика деңгейі төмен болғандықтан, ол тез шаршайды және үдерістен шығып қалады.
👉🏻 Мүмкіндігінше бірыңғай талаптар жүйесін ұстану.
👉🏻 Гипербелсенді балалар мақтауды сүйеді. Оларды жиі қолпаштап, мақтауға тырысу керек. Бұл жағдайда артық мақтау зиян келтірмейді.
👉🏻 Сөйлескен кезде баланың көзіне тура қарауға тырысыңыз, баланың қолынан ұстауға болады.
👉🏻 Нұсқауларды қысқа, әрі қадаммен беріңіз.
👉🏻 Үй тапсырмасын орындау кезінде жаттығуды бірнеше қысқа блоктарға /бөліктерге бөлу керек.
👉🏻 Үй жұмысын орындау кезінде баланың алдында іс-әрекет жоспары болса, оған тапсырмаларды орындау оңай болады:
Отыру.
Оқулықтар мен дәптерлерді алу.
Тапсырманы оқу және т. б.
Баланың оқу күнін ұйымдастыру үшін және оның өзін-өзі ұйымдастыру мен жауапкершілігін дамыту үшін SCRUM-тақтаны қолдануға болады.
👉🏻 Жаңа
талаптарды бала
үйренгенше, біртіндеп
енгізіңіз. Оларды
көрінетін жерге іліп қойып, мезгіл-мезгіл
қарап тұруға болады. Талаптар көп
болмауы керек, бірақ олар анық, түсінікті
болуы керек. Гипербелсенді балаға қандай
да
бір маңызды жұмыстар немесе
жоспар туралы алдын ала айту керек,
сонда балаға мұндай талаптарды
қабылдау оңай болады.
👉🏻 Отбасындағы жағдай мүмкіндігінше жайлы, тыныш болуы керек; бұл баланың эмоционалдық жағдайын бірқалыпты ұстауға көмектеседі.
Қашықтан оқыту кезінде ата-аналарға арналған кеңестерді жүктеп алыңыз (1-парақ, 2-парақ).
Құрметті
ұстаз, «Ата-аналарға педагогикалық
қолдау көрсету» модулі мәресіне
жетті.
Модуль мазмұнында қашықтан оқыту кезінде ата-аналармен өзара тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыруға көмектесетін материал ұсынылды. Олардың ішінде негізгілері мыналар:
👩🏻🏫Байланыс желісін және ақпарат алмасу кестесін әзірлеңіз. Ата-аналар сізден келетін ақпаратты қайдан және қалай іздейтінін білетін болса, оны тиімді пайдалана алады. Оқиғаларды апта сайын жаңартып отыру - бұл сыныпта болып жатқан оқиғалар туралы барлық ата-аналарды хабардар етудің жақсы жолы. Электрондық хаттар, мәтіндік хабарламалар, блогтардағы хабарламалар, веб-сайттардағы хабарландырулар және ақпараттық бюллетеньдер арасында алмасу көп уақытты алады. Шығыс ақпарат үшін бір платформаны таңдап, оны ұстаныңыз. Егер бүкіл мектеп осыны ұстанатын болса, Сіз жоғары нәтижеге жетесіз.
👨🏻🏫 Байланысқа шығуды нақты күту уақытына және қоңырауларға шектеме қойыңыз. Оқушылар мен ата-аналар қоңырауды қашан күте алады? Қажет болса, сізбен қалай және қашан байланыса алады? Есіңізде болсын, «Әрқашан байланыста» статусымен алысқа бармайсыз. Жұмыс уақытын белгілеп, ата-аналардың Сізбен байланысуға мүмкіндіктері болуы үшін оны барлығына қолжетімді жерге орналастырыңыз.
👩🏻🏫Жұмыстан бос уақыт үшін және техникалық қолдау жасау үшін қосалқы жоспар жасаңыз. Егер ата-аналар немесе оқушылар сіздің әдеттегі жұмыс күніңізден тыс уақытта көмекке мұқтаж болса немесе оларға технологияларды игеруде көмек қажет болса, оны кімнен ала алады? Ата-аналар мен оқушыларды бұл ақпаратпен де хабардар етіңіз.
👨🏻🏫 Кез келген мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ақпарат беру жолдарын ойластырыңыз. Мысалы, ата-аналарға арналған хабарландыруларды пошта арқылы жібере аласыз және мессенджерлерде аудиохабарлама жазып жіберуіңізге болады. Бұл жағдайда оқушылар мен ата-аналар өздеріне қолайлы форматты таңдай алады.
👩🏻🏫 Ата-аналарға АКТ құралдарын қолдануды үйретіңіз. Ата-аналар білім беру платформасын, қызметтер мен АКТ құралдарын пайдаланатын болса, оқушыларға да жақсы қолдау көрсете алады. Оқытуды YouTube-те орналастырылған оқыту бейнероликтеріне сілтемелердің көмегімен немесе ата-аналармен платформада жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен бөлісе отырып қамтамасыз етуге болады.
Құрметті ұстаз, осы қарапайым, бірақ маңызды ережелерді ұстана отырып, ата-аналарыңызға көмек көрсете алатыныңызға және қашықтан оқуда нәтижелі жұмыс жасай алатындығыңызға сеніміміз зор.
Ұсынылып отырған интеллект-карта "Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету" модулі бойынша шолуды қамтиды.
* Модуль мазмұнын жасау кезінде Яндекс Оқулығына алынған ұсынымдар және келесі сайт материалдары қолданылды:
"Қашықтан
оқытуды
үйренемін"
курсын
табысты
аяқтауыңызбен
құттықтаймыз!
Құрметті ұстаз, 5-7 минут уақытыңызды бөліп, осы курстағы оқуыңыз туралы ой-пікіріңізбен бөлісуіңізді сұраймыз:
Сізге не ұнады?
Не қиындық туғызды?
Қандай сұрақтар туындады?
Сілтеме https://docs.google.com/forms/d/1NZXRU0EJxfZIaTMNNK9EbXhULQv--jmtjNLwP-eZrmY/viewform?edit_requested=true бойынша өтіп, ұсынылған сауалнаманы толтырыңыз. Шынайы пікіріңіз бен құнды ойларыңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз.
Қашықтан
оқытуды ұйымдастыруда
сәттілік
тілейміз!
Қызығушылық танытқан курстың барлық тыңдаушыларын бірлесіп жұмыс істеу мақсатында Telegramдағы Учусь учить дистанционно" каналына шақырамыз. Каналда қашықтан оқыту жайлы маңызды, әрі өзекті ақпаратты таба аласыздар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген