×
Сайт бойынша сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады
Инстаграмдағы ұстаздарға арналған парақшаға жазылыңыз. Білім саласындағы жаңалықтарды сонда салатын боламыз https://www.instagram.com/ustaz_kz/
Аттестация және онлайн сабақтар туралы ақпаратты екі күнде жариялаймыз. Жазылып қойыңыз!

Ең үздік ертеңгілік

Байқауға қатысушылар:

Ұстаздар Тәрбиешілер Оқушылар

Байқауға өтініш қабылдау уақыты:

2020 жылы - 01.04.2020 - 31.04.2020
Байқаудың бітуіне қалды:

Байқау нәтижесі:

Қатысушы жұмысын жіберген уақыттан бастап жұмыс күндері 1 сағат пен 3 күн аралығында нәтижесі шығады.

Қатысу жарнасы:

500 теңге

«Ең үздік ертеңгілік» республикалық байқауын өткізу ережесі

Байқауға кез келген білім беру мекемелерінің педагогикалық жұмысшылары қатыса алады (мектепке дейінгі білім беру мекемелері; орта жалпы білім беру мекемелері; техникалық және кәсіби білім ұйымдары; түзетуші білім беру мекемелері; балаларға қосымша білім беру мекемелері).

Білім алушылардың жасы шектелмейді, педагогикалық өтіл ескерілмейді. Әрбір қатысушы өз жұмыстарын бірнеше байқауларға ұсына алады.

Байқауға қолданушы жеке өзі немесе жетекші арқылы қатыса алады.

Байқау талаптары:

1. Байқауға қатысушылар материал тақырыбын өзі таңдай алады.

2. Байқаудың материалдары орыс және қазақ тілдерінде электронды нұсқада қабылданады.

3. Материал MS Word бағдарламасында өткізілуі керек

4. Материалдың бет саны 2-ден кем болмауы керек

5. Жұмыстың ауқымы қатысушының өз еркінде

Байқауды бағалау критерийлері:

  • Тақырыптың өзектілігі
  • Форматқа сәйкестік
  • Оқу материалдарының мазмұны
  • Сауаттылық
  • Оқытушының әдістемелік шеберлігі
  • Материал дизайны, қосымша мүмкіндіктерді қолдану

Сертификат: барлық қатысушыларға беріледі

Диплом: егер қатысушы 60/100 балдан жоғары жинаса диплом беріледі.

Байқауға қатысу тәртібі:

  • Ұстаз тілегі сайтына тіркелу керек. Егер тіркелген болсаңыз, жеке кабинетке кіру керек.
  • Сайттағы жеке шотыңызды байқау жарнасына сай толтыру керек.
  • Байқаулар бөліміне өтіп керекті байқауға өтіп, байқауға қатысу батырмасын басу керек.
  • Ашылған бетте тапсырыс беріп, жеке шот арқылы байқауға төлем жасап, қатысушы аты жөнін жазу керек.
  • Қатысушы материалын менің байқауларым бөлімінде сайтқа салып, байқау нәтижесі шыққанын күту керек. (нәтижесі 7 күнде белгілі болады)
  • Байқау нәтижесіне орай марапаттарды менің байқауларым бөлімінен жүктеп алу керек.

 

Редакциямен байланыс

Тел: +7 771-234-55-99( WhatsApp )

Почта: admin@ust.kz

Адрес: Казахстан, Алматы, Сатпаев көш, 29 үй