Әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми – зерттеу жұмысына баулу.
Вебинарға қатысушылар жоспарлау нұсқауларымен танысады, осыған көмектесетін пайдалы ресурстарға бірқатар сілтемелер алады және де қарастырады оқу жылы ішінде құжаттаманы жүргізу бойынша ұсыныстар.
Оқу орындарының басшылары, директордың орынбасарлары, сынып жетекшілері, мұғалімдер, Мәскеу облысының басшылары.
Конференцияға тіркелген барлық қатысушылар академиялық сағаты көрсетілген, портфолиоға арналған сертификат алуына болады
ТіркелуТақырыбы: Оқушының өз бетінше білім – дағдыларын жетілдіру барысында мұғалімнің атқаратын қызметі.
Шуленбаева Замира Серикбаевна
Лауазымы: География пәні мұғалімі. Педагог-мастер. Оқу әдістемелік кешен авторы.
Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті. Сондықтан да, кез келген мұғалім оқушының дарындылығын, шығармашылық жұмыспен айналысуына түрткі болатындай белсенділікпен араласу керек
Тақырыбы: Ғылыми жұмыс -оқушылардың өздігінен білімдерін жетілдіруге белсенді әрекет жасау.
Жумабекова Айжан Еркиновна
Лауазымы: Ғабиден Мұстафин атындағы ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі. Педагог-шебер. Магистр.
Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі.Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру зерттеуге оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Тақырыбы: Ғылымның әр саласынан дарынды балаларды таңдап алу және олардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Беристемова Нуржама Косымтаевна
Лауазымы: ОӘК авторы ж.ғ.м. педагог-зерттеуші
Оқушыны ғылыми-зерттеу жұмысына қатыстыру үшін алдымен, оны қызықтыра отырып, зерттеу талабын қалыптастыру қажет. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс. Ол мектепте оқып жүргенде-ақ қоғам мүшесі екенін сезініп, өз бетінше шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуге, әдебиеттермен жұмыс істей білуге, баяндама жасауға, талдауға қатысуға, басқаларды тыңдауға үйренуі қажет.