Педагогикалық айкидоға жалпы шолу жасалып, оқушылармен қалай сенімге негізделген қарым-қатынас орнату керектігі айтылады. Оқыту үдерісінің табиғаттың және экономиканың заңдарымен біртұтастығы, Грейвздің спиральді динамикасын, өзін-өзі реттеу технологияларын, ағын теорияларын оқыту үдерісінде де орындалатындығы көрсетіледі. Сонымен қатар педагогикалық айкидоға лайықты жаңа әдіс-тәсілдер, атап айтқанда Табата протоколі, табысты сәтсіздік, табула раса, жәрмеңке, робот әдістері сипатталады. Курс барысында педагогикадан байланыссыз дамыған жоғарыда айтылған теориялардың педагогикалық контекстегі біртұтас картинасы беріледі.