Материалдар / "Артикуляциялық жаттығулардың маңызы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Артикуляциялық жаттығулардың маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2021
525
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЫ А.Н.СТРЕЛЬНИКО ВА Логопед: Гүлсара Ниязқызы

1 слайд
ТЫНЫС АЛУ ЖАТТЫҒУЫ А.Н.СТРЕЛЬНИКО ВА Логопед: Гүлсара Ниязқызы

Бастапқы ұстаным: тік тұрыңыз, шынтақтарыңызды бүгіңіз, шынтақтарыңыз төмен түседі. Алақандар "көрерменге"бағытталған. Мұрның

2 слайд
Бастапқы ұстаным: тік тұрыңыз, шынтақтарыңызды бүгіңіз, шынтақтарыңыз төмен түседі. Алақандар "көрерменге"бағытталған. Мұрныңызбен терең тыныс алыңыз алақаныңызды қысамыз,ауаны шығарып алақанды ашамыз. «Алақан» жаттығуы

«Насос» жаттығуы Қолыңызға оралған газет немесе таяқ алып яғни насостың басы ретінде дөңгелектің желін босатқан т

3 слайд
«Насос» жаттығуы Қолыңызға  оралған  газет  немесе  таяқ  алып  яғни  насостың  басы  ретінде  дөңгелектің  желін   босатқан тәрізді қимыл  жасаңыз.   Әрбір  иілген  сайын- тыныс  алу  керек. Иілу  бітсе – тыныс  алу да бітеді.   Көп  уақыт тыныс  алу қажет. «Насос»  қозғалысы  көп тұтығатын   болған  адамға  өте  тиімді.

«Жұдырықтар» жаттығуы • Аталмыш жаттығу А.Н.Стрельникованың тыныс алу гимнастикасының ең бір жеңіл түрі болып саналады. Оны ор

4 слайд
«Жұдырықтар» жаттығуы • Аталмыш жаттығу А.Н.Стрельникованың тыныс алу гимнастикасының ең бір жеңіл түрі болып саналады. Оны орындау кезінде өкпе, тыныс алу органдары және саусақтар қозғалыста болады.Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: өкше бірге, аяқты, кеудені тік ұстап тұру, қол жанымызда дене бойымен ұстап, барлық бұлшықеттерді бос ұстау керек. • Бұдан соң қысқа, шулы және жылдам ретпен ішке дем алу, ауа мұрын арқылы ішке тартылады, осы мезетте саусақтарды бүгіп, жұдырыққа түйеміз. Жаттығу осы темпте жалғасады, яғни, жылдам ішке дем алып, жұдырықтарды түйеміз, және демді баяу шығарып, саусақтарды бос жібереміз. Жаттығуды 4 реттен кем қайталамауымыз қажет. Кейін 3-4 сек демеламыз, қайтадан жаттығуды 4 реттен жасап, арасында демела отырып, 24 рет жасауымыз қажет.

«Иығыңды құшақта» жаттығуы Иықтың бойымен қолыңызды көтеріңіз. Шынтағыңызды бүгіңіз. Алақанды өзіңізге тартып кеудеге қ

5 слайд
«Иығыңды  құшақта» жаттығуы Иықтың  бойымен  қолыңызды  көтеріңіз. Шынтағыңызды бүгіңіз.  Алақанды өзіңізге  тартып кеудеге  қойыңыз,  мойыннан  төмен  тұру  керек. Екі  қол  бір – біріне  қарама – қарсы  болу  керек.  Қолдарды  жақындату  керек.  Қатты  тыныс алып « иық  ауаға  көмектеседі» деп ойлаңыз.

«Мысық биі» жаттығуы • Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, аяқ түзу, иық деңгейінде, бас

6 слайд
«Мысық биі» жаттығуы • Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, аяқ түзу, иық деңгейінде, басты жоғары көтеру, иықты түзу ұстау, қолды дене бойымен төмен түсіру. Шынтағымызды шамалы бүгіп, саусақтарды жұдырыққа түйіп, шамалы отырып, денені сол жаққа қарай бұра отырып, белсенді ішке дем алу қажет. Дыбыс шығара дем алуға да болады және одан еш қысылудың қажеті жоқ. Осыдан кейін бастапқы қалыпқа оралып, түзу тұру, қолды төмен түсіру, аяқтарды тіктеп, демді сыртқа шығару керек. • Жаттығуды сол жаққа орындап болған соң дәл сол ретте оң бағытқа да жасау міндетті. Қайта бастапқы қалыпқа оралып, денені бір сол тұсқа, бір оң тұсқа бұра отырып, аталмыш жаттығуды 12 рет қайталау қажет. • Жаттығуды толықтай меңгеру үшін қиялдау да қажет. Берілген элементтерді орындау барысында өзіңізді оң (сол) бағыттағы кішкентай құсты ұстап алуға ұмтылған мерген мысықтай сезінген дұрыс.

«Үлкен маятник» жаттығуы Түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінен сәл ғана ашып қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішк

7 слайд
«Үлкен маятник» жаттығуы   Түзу тұрып, аяқтарын иық деңгейінен сәл ғана ашып қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау, жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.

«Бас бұру» жаттығуы Бастапқы қалып – түзу тұру. Басты оңға бұрыңыз, қысқа дем алыңыз. Содан кейін бірден басты солға бұрыңыз,

8 слайд
«Бас бұру» жаттығуы Бастапқы қалып – түзу тұру. Басты оңға бұрыңыз, қысқа дем алыңыз. Содан кейін бірден басты солға бұрыңыз, кейін тағы да тыныс алыңыз. Кейін жаттығуды қайталайсыз. Өте оңай! Дем алу арасындағы аралықта, ортасында дем шығарылады. Мойынға күш салынбайды, дене қозғалмайды. 8 рет дем алу қозғалысынан кейін - үзіліс. Жаттығудың видеосы мына парақшадан көруге болады.

«Қадамдар»жаттығуы Бастапқы қалып –түзу тұру, қолды түсіру. Оң аяқты сәл көтеріп, тізеңізді бүгіп, жүрелеп отырыңыз - дем алы

9 слайд
«Қадамдар»жаттығуы Бастапқы қалып –түзу тұру, қолды түсіру. Оң аяқты сәл көтеріп, тізеңізді бүгіп, жүрелеп отырыңыз - дем алыңыз. Осыдан кейін жоғары көтерілген оң аяқты еденге түсіресіз, түзу тұрасыз. Бұл ретте мұрын немесе ауыз арқылы баяу дем шығарылады. Кейін дәл осы қимылды сол аяқпен қайталау керек. Бұл жаттығудың Рок-н- ролл биіне аздап ұқсастығы бар. 8 рет дем алу қозғалысынан кейін - үзіліс.

«Допты үрлейміз» жаттығуы • Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, басты жоғары көтеру, иық

10 слайд
«Допты үрлейміз» жаттығуы • Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, басты жоғары көтеру, иықты түзу ұстау, қолды дене бойымен төмен түсіру, аяқ иық деңгейінде, өкше бірге. Одан соң азғана иілу, қолды босаңсыту, алға созып салбырату, иықты айналдыру, басты төмен түсіріп, бұлшықеттерді босаңсыту және бір мезетте мұрын арқылы жедел және қарқынды дем алу, содан соң бастапқы қалыпқа оралып, сол мезетте ауыз арқылы баяу дем шығару қажет. • Кейінгі жаттығуларда дененің жоғарғы бөлігі бұлшықеттерін босаңсыта отырып, дауыстай, белсенді дем алып, бастапқы қалыпқа оралу, түзелу, басты жоғары көтеріп, иықты түзелту, қолды дене бойымен төмен түсіру. Бұл жаттығуды орындау үшін демді ішке тарту кезінде қандай да бір кеселінізді бойыңыздан қуып жатқандай күшпен және жедел түрде іске асыру қажет. • Аталмыш жаттығудың тәсілін толықтай меңгеру үшін қиял мен ойңа берілу керек сияқты. Өзімізді резеңке допты үрлейін деп жатқандай күйде сезіну қажет. Бұл кезде допты бойымыздан арылту керек ауру деп санасақ та болады. Бәрімізге белгілі, допты артық күш сала үретін болсақ, ол жарылып қалуы мүмкін. Сондықтан да, әр ішке дем алуды «допты» жарып жіберерліктей күшпен жасауға болмайды. Демді ішке тартып, ауруыңызды бойыңыздан қуарлықтай демді сыртқа мұқият шығарамыз.

«Жүкті тастаңыз» жаттығуы • Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, аяқтар иық деңгейінде,

11 слайд
«Жүкті тастаңыз» жаттығуы •   Бұл жаттығуды орындау үшін мынадай бастапқы қалыпта тұру қажет: түзу тұру, аяқтар иық деңгейінде, өкше бірге, басты жоғары көтеру, иықты босату, шынтақты бүгіп, белге қою; бұл кезде саусақтар жұдырыққа түюлі болуы тиіс. • Бір дегенде қолды дене бойымен төмен түсіру, саусақтарды босаңсыту, ішке дем алу; осы мезетте иықтан және қолдан күшті түсіргендей сезіну қажет. Қол төмен түскен сәтте иық пен білекке барынша күш салу керек. • Осыдан соң бастапқы қалыпқа оралып, қолды белге қойып, саусақтарды жұдырыққа түю, және демді баяу сыртқа шығару қажет. • Аталмыш жаттығуды орнында тұрып, отырып, немесе жатып та орындауға болады. Алғашқы екі күн арасында 10 секундтан тынығып, жаттығуды 12 реттен жасау қажет.

«Көңілді күй» жаттығуы • А.Н.Стрельникованың бұл жаттығуын орындау үшін мынадай бастапқы қалыпты сақтауымыз қажет: түзу тұру, б

12 слайд
«Көңілді күй» жаттығуы • А.Н.Стрельникованың бұл жаттығуын орындау үшін мынадай бастапқы қалыпты сақтауымыз қажет: түзу тұру, басты жоғары көтеру, иықты бос қойып, қолды босаңсытып, дене бойымен төмен түсіру, аяқты түзу қойып, шамалы босаңсыту; • Бір деген де сол аяқпен алға қарай кішігірім адымдау қажет, тізе тұсынан аяқты жеңіл бүгу, оң аяқты аяқтың ұшына қойып, дененің бар салмағын сол аяққа сала отыру, шынтақты кеуде тұсына бүгу, дауыстап ішке дем алу, кейін демді сыртқа шығара бастапқы қалыпқа оралу. • Берілген жаттығуды 8 реттен қайталай отырып жасауға кеңес беріледі. Әр жаттығу арасында 10 секундтан кем емес дем алу қажет.

Стрельникованың балаларға арналған тыныс алу жаттығулар реті «Қуғындар» - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанын

13 слайд
Стрельникованың балаларға арналған тыныс алу жаттығулар реті «Қуғындар»   - тік тұрып, аяқты қосу, қолды жіберу; қолдарын жанына көтеріп, одан кейін денесінің алдына қарай бұлғау; демдерін тез шығару; «Итбалық»   - отырып, бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып, демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп,ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару. «Кеудені бұру»  - түзу тұру, аяқ арасын иық көлемінде қою; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сыртқа шығару; «Көкжиек»  - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу;