Материалдар / Ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2019
351
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
1991 жыл 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарынд

1 слайд
1991 жыл 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. 1 желтоқсан. Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.

1992 жыл Тәуелсіздіктің алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және ба

2 слайд
1992 жыл Тәуелсіздіктің алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси- экономикалық қатынас орнай бастады. Сонымен бірге 1992 жыл КСРО-ның кезінде басталған және Одақтың ыдырауымен күшейе түскен экономикалық дағдарысқа қарсы жүйелі күрестің басталған жылы болды. Ресейде 1992 жылы бағаны еркіне жібергендіктен Қазақстан күрделі шаралар қабылдауға және «шок терапиясын» жүзеге асыруға кірісті. Қазақстанда инфляция жыл аяғында 3000 пайызға жетті. Экономикалық дағдарыстың күшейіп және тіл мәселесіне байланысты қоғамда саяси жіктеліс тереңдей бастады.

1993 жыл 1993 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы экономикалық дағдарыстың ең тереңдеген жылы болды. Наурыз айында е

3 слайд
1993 жыл 1993 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы экономикалық дағдарыстың ең тереңдеген жылы болды. Наурыз айында елдегі құнсыздану процесі гиперинфляцияға айналды. 1993 жылы электр энергиясы мен . газ бағасы мыңдаган есеге көтерілді. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар: Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, «Қазақстанның Халық Конгресі» және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы «Невада - Семей», азаматтық «Азат» қозгалысы және «Қазақстанның халық бірлігі» одагы , 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық- саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар ұйымдасқан саяси күшке айналды. Қазақстанда қараша айында ұлттық валюта - теңге енгізілді.

1994 жыл Республика Үкіметінде жаңа Парламент туралы Заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, Парламент сайлауы өтті.

4 слайд
1994 жыл Республика Үкіметінде жаңа Парламент туралы Заң жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп, Парламент сайлауы өтті. Нәтижесінде Республикада көп партиялықтың қалыптасуы орын алды. Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорт-импорт банкі» құрылды. Ұлттық алтын-валюта резерві 805,221 млн. АҚШ долларын қамтыды. ҚР Парламенті стратегиялық маңызды «Мұнай туралы» Заң жобасын қабылдады. Халықаралық ұйымдардың Арал теңізін қайта жандандырумен сол аймақтардың экологиялық мәселелерін шешу бағытындагы іс- шаралары бастау алды. Жалпы, Қазақстан 1994 жылы шетел мемлекеттерімен достастық келісімдер мен экономикалық ынтымақтасу саласында бірқатар келісілішарттарға қол жеткізді.

1995 жыл Ел тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде таныт

5 слайд
1995 жыл Ел тәуелсіздігі орнаған күннен бастап, әлемдік сахнада Қазақстан өзін көпұлтты, бейбіт мемлекет ретінде танытуда. Осыған дәлел ретінде Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми турде бекітілді. Әлеуметтік- экономикалық маңызы бар «Жекешелендіру туралы» Заң қабылданды. Мүнай өндірісінің дамуында «Батыс Қазақстан - Құмкөл» мұнай құбыры іске қосылды.

1996 жыл 1994 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, жұмыссыз қалғандар саны 1,8 есеге үлғайды. Республикада кіші кәсіпке

6 слайд
1996 жыл 1994 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, жұмыссыз қалғандар саны 1,8 есеге үлғайды. Республикада кіші кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік деңгейде бағдарламалар іске косылды. Қазақстан ынтымақтасу мақсатында құрылған «Шанхай бестігі» ұйымына мүше бола отырып, өзінің саяси қатынастардағы орнын айқындай түсті. Республиканың жалпы сыртқы саяси басымдықтары мен әрбір елмен қарым-цатынасынан бастап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы келіссөздер белсенді жургізілді. Мемлекетіміздің табиғи ресурстарын рационалды кешенді игеру негізінде аймақтың дамуын тездету, жоғары тиімділігі бар экспортқа бағытталган өндірістерді құру, экономиканың әлемдік шаруашылық жүйесіне жоспарлы қосылу және әлеуметтік даму мәселелері қатаң бақылауға алынды.

1997 жыл Қазақстан Республикасының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспары айқындалды. Е

7 слайд
1997 жыл Қазақстан Республикасының алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспары айқындалды. Елдегі саяси партиялар, қогамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтар әлеуметтік- экономикалық қиындықтармен күресу мақсатында мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп қызмет ету келісіміне қол жеткізді. «Қазақстан Республикасындагы тілдер туралы» Заңы бекітілді. ҚР- ның астанасы Астана қаласына көшірілді және Астана ресми түрде Қазақстан астанасы мәртебесіне ие болды. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ел дамуының стратегиялық жоспары жасақталып, Елбасының халыққа Жолдауында Қазақстан 2030 жылы дамыған, саяси тұрақты мемлекет үлгісі ретінде бірінші ортаазиялық «барыс» мемлекеті болуы қажет деген мақсат қойды.

1998 жыл Қазақстан Республикасының бейбіт, жан-жақты даму жолына қарамастан, бірқатар аймақтарда дагдарыстық жағдайлар

8 слайд
1998 жыл Қазақстан Республикасының бейбіт, жан-жақты даму жолына қарамастан, бірқатар аймақтарда дагдарыстық жағдайлар көрініс тапты. Қазақстанның солтүстік аймағында әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық мәселелері басты мәнге ие болды. Қазақстан 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жылдық кезеңге БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі комитетінің мүшелігіне сайланды. Бүл Қазақстанның әлемдік сахнада өз мәртебесін айқындай түсті. Азаматтық қогам орнату және демократиялық мемлекет қалыптастыру бағытында «Сыбайлас жемқорлыңқа қарсы күрес туралы» Заң жарияланып. Президент Жарлығымен 1999-2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік багдарлама бекітілді.

1999 жыл Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауы өтті. Н.Назарбаев жоғары пайызды дауыспен Президенттік қызметі

9 слайд
1999 жыл Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауы өтті. Н.Назарбаев жоғары пайызды дауыспен Президенттік қызметіне қайта сайланды. ҚР-ның «Ұлттық банкі» және екінші деңгейлі қаржы институттары бірқатар халықаралық қаржы институттарымен тиімді келісімдерге қол жеткізді. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның қабылдануы ашық, еркін қоғам орнауының белгісі ретінде қабылданды. Республикалық маңызы бар «Мұнай туралы» жаңа заңға қол қойылды. ҚР Парламенті Сенатының сайлауы өтті. Көптеген оппозиция ұйымдары тарапынан сайлау нәтижелеріне қарсылықтар мен сенімсіздіктер айтылды. Республика аймақтарында жалақы және зейнетақы төлемдері бойынша шеру акциялары ұйымдастырылып, жүмысшылар өз наразылықтарын білдірді.

2000 жыл Қазақстан үшін алдағы уақытта серпінді даму үдерісі басталды. Көптеген халықаралық келісімдер мен мемлекетт

10 слайд
2000 жыл Қазақстан үшін алдағы уақытта серпінді даму үдерісі басталды. Көптеген халықаралық келісімдер мен мемлекеттік маңызы жоғары заң құжаттарына қол қойылды. Тұжырымдамалық түрде «Жер туралы» Заң жобасы қабылданды. Заң жобасының негізгі қағидасы мен ерекшелігі жерді Конституцияға сай үзақ мерзімді жалға беру құқығымен мемлекеттік меншік мәртебесін бекіту болып табылады және жерді жалға беру уақыты 99 жылдан 47 жылға төмендетілді. Бірқатар ЖОО-да гендерлік саясат курстары енгізіле бастады. Қазақстан айналасындағы геосаяси өзгерістер мен соңғы уақытта орын алған экстремизмнің өріс алуы, әскери конфликттердің эскалациясына байланысты ҚР Президентінің Жарлығымен республиканың Әскери доктринасы бекітілді.

2001 жыл Елбасы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай экономиканы өркендету, халықтың тұрмысын жақсарту тұрғысында барлық

11 слайд
2001 жыл Елбасы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай экономиканы өркендету, халықтың тұрмысын жақсарту тұрғысында барлық билік қүрылымдарына міндеттерін нақтылап берді. Сонымен қатар еліміздің 10 жылдық тәуелсіздік мерейтойына байланысты халықаралық дәрежеде іс-шаралар атқарылды. 21 ғасыр техника ғасыры болғандықтан, Қазақстан бұл сала бойынша да өзіндік даму жолын айқындай түсті. Ұлттық аңпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Қазақстан мен Қытай шекарааралық өзен суларын рационалды қолдану мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Қазаңстан-Қытай Үкіметтері арасында келісімге қол жеткізілді. Республиканың газ саласының 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасы талқыға түсіп, Қазақстан әлемде өндірген газ саласы бойынша 15, ТМД елдері арасында 4~орынды алатыны жарияланды.

2002 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен ағымдағы жыл Денсаулық жылы болып жарияланды. Бүл халықтың денсаулық сақтау мә

12 слайд
2002 жыл ҚР Президентінің Жарлығымен ағымдағы жыл Денсаулық жылы болып жарияланды. Бүл халықтың денсаулық сақтау мәдениетін, медицина саласындағы қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға арналған маңызды шешім болды. Еуразия Экономикалық қоғамдастығыныц отырысында Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин тарихи құжатқа – Ресей мен Қазақстан арасындагы Каспий теңізінің солтүстік бөлігін межелеу жөніндегі келісімге қол қойды. Саяси маңыздылыгы жоғары «Саяси партиялар туралы» Заң қабылданды. Түркістанда дүние жүзі қазақтарының II Құрылтайы өтті. Жиында оралмандардың елге оралумәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды.

2003 жыл 2003 жыл – мемлекеттік деңгейде қабылданган оралмандардың тарихи отанына оралуы бағдарламасының қабылдануы

13 слайд
2003 жыл 2003 жыл – мемлекеттік деңгейде қабылданган оралмандардың тарихи отанына оралуы бағдарламасының қабылдануымен маңызды. Беларусь, Қазақстан, Ресеймен Украина біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы мәлімдемеге қол қойды. Қазақстанның 2003-2015 жылдардағы Индустриялық- инновациялық дамуыныц мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. ҚР «Жер» Кодексі қабылданды. «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойылып, республикамызда ең жоғарғы жазалау тәртібін қолдану жойылды. «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен «Ұлттық инновациялық қоры» және бірқатар мемлекеттік органдар жаңа қызмет құзыреттіліктерімен қайта құрылды. Қоғамның жап- жақсы ақпараттануы мен ақпаратқа тәуелділігі мемлекеттік деңгейде мықты бағдарламаларды қабылдау және жүзеге асыру қажеттілігін тудырды. Осы негізде 2013 жылдың 1 қазанына дейінгі «Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалың аймағын құру жұмыстары басталды.

2004 жыл Қазақстан үшін ағымдағы жылды Қазақстандагы Ресей жылы деп жариялау Ресей Федерациясымен қарым-қатынастардың

14 слайд
2004 жыл Қазақстан үшін ағымдағы жылды Қазақстандагы Ресей жылы деп жариялау Ресей Федерациясымен қарым-қатынастардың тереңдей түсуініц көрінісі ретінде қабылданды. Елбасының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін!» Жолдауы Қазақстан Республикасының қарқынды даму жолын айқындады. Жылдың маңызды окиғаларының бірі - Парламент Мәжілісінің сайлауы болды. Оған 12 саяси партия қатысып, олардың ішінде төртеуі - екі сайлау блогының құрамасына бірікті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2005-2007 жылдары ҚР-ның «электрондық үкіметін» қалыптастырудыц мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Қазақстан мен Қытай арасында мұнай саласында маңызды құжаттарға қол қойылып, мұнай құбырының құрылыс жүмыстары жандана түсті.

2005 жыл 2005 жыл сайлау жылы болды. Парламент Сенаты мен ел президенттігіне сайлаулар елдегі бірқатар билік күште

15 слайд
2005 жыл 2005 жыл сайлау жылы болды. Парламент Сенаты мен ел президенттігіне сайлаулар елдегі бірқатар билік күштері мүдделерінің тоғысуына алып келді. Елбасы Н.Назарбаев өзінің жаңа президенттік мерзімге ниеті барын растады. Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси даму жолында» Жолдауында Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтік прогреске жету мақсаттары айтылды. Мұнай саласында маңыздылығы зор «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын тарту құрылысының аяңталуы Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын одан әрі ынтымақтастыра түсті. Бірқатар мемлекеттер Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрагалық етуін қолдайтындықтары жайында мәлімдеме жасады

2006 жыл 2006 жыл өткен Президент сайлауы нәтижесінде жогары пайыз дауыспен жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың П

16 слайд
2006 жыл 2006 жыл өткен Президент сайлауы нәтижесінде жогары пайыз дауыспен жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттікке қайта оралуымен басталды. Қазақстан Республикасының Әнұраны озгерді. Жаңа Әнұран авторларының бірі Н.Назарбаев болды. 2006 жылгы Жолдау Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясына арналды. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару холдингі» қүрылды. Қазақстан азаматтардың зияткерлік құқығын қорғауға жағдай жасай алатын мемлекет ретінде мойындалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастың ұйымына лайықты деңгейде төрағалық ете алады деп есептелетінін мәлімдеді. Жыл тәуелсіздіктің негізі болған «Желтоқсан оқиғасының» 20 жылдығына арналған іс- шаралармен аяқталды.

2007 жыл Ел Президентінің шетімімен Қазақстанда ойын бизнесін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге шектеулер қойылып, қы

17 слайд
2007 жыл Ел Президентінің шетімімен Қазақстанда ойын бизнесін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге шектеулер қойылып, қызмет ету аясы Заң жүзінде анықталды. Нұрсұлтан Назарбаев Парл...