Материалдар / Ашық сабақ Еспенбет дастаны 10 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Еспенбет дастаны 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сыныпта қазақ әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдерге ашық сабақтарына көрнекі құрал ретінде әзірленді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2019
754
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

1 слайд

Дулат Бабатайұлының “Еспенбет” дастанының көркемдік ерекшеліктері

2 слайд
Дулат Бабатайұлының “Еспенбет” дастанының көркемдік ерекшеліктері

Сабақ мақсаты: а) Білімділік: Дулаттың ақындық өнерінің мән-маңызы мен өзіндік ерекшелігін тану; ә) Дамытушылық: әдеби теориял

3 слайд
Сабақ мақсаты: а) Білімділік: Дулаттың ақындық өнерінің мән-маңызы мен өзіндік ерекшелігін тану; ә) Дамытушылық: әдеби теориялық талдау жасау арқылы оқушының әдеби танымын кеңейту; б) Тәрбиелік: патриоттық сезімді қалыптастыру, ұлттық ділімізден қол үзбеу.

Қазақ жері Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғашықтар бір-бірін өпкен

4 слайд
Қазақ жері Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! Мына өлке, Мына аймақ, Бұл маңда Құлшылық етемін тұрғанға, Құлшылық етемін құмдарға, Тағзым жасаймын қырларға! Шүкірлік етемін қашанда Осы бір Отанда тұрғанға! Мұқағали Мақатаев“ Әуезбен әсерлеу” стратегиясы

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін

5 слайд
Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдардың бірі. Отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың егемендігін біржола жойып, тәуелді жұртқа айналдыру әрекеттеріне қарсы халықты үгіттеу міндеттерін алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры, сыншыл да, сыршыл ақын. “ Мағынаны тану” стратегиясы Дулат Бабатайұлы (1802-1874)

Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман- Сыбан елінен шыққан. Ол ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ақынның өле

6 слайд
Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман- Сыбан елінен шыққан. Ол ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ақынның өлеңдерінде: -Құран кітаптарды оқыдым, молдаға жүгіндім,-деген жолдар да кездеседі. Дулат – қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Себебі, ақын Шығыс, Оңтүстік Қазақстан және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өсті. Әуелі айтыс, әзіл-оспақ өлеңдер шығарып, кейіннен саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан. Дулат - әдебиеттегі зар заман өкілдерінің бірі. Дулаттың шығармаларының жалпы көлемі – 1500 жол. Соның ішінде 800 жолдай өлеңі 1880 жылы Қазан баспасынан басылып шыққан “Өсиетнама” кітабына енді.

Шығармаларын жинақтаушы әдебиетшілер “ Топтастыру” стратегиясы Дулат шығармаларының жинақталып, зерттелуі Байділдә ақсақал Ғ

7 слайд
Шығармаларын жинақтаушы әдебиетшілер “ Топтастыру” стратегиясы Дулат шығармаларының жинақталып, зерттелуі Байділдә ақсақал Ғаббас Байділдә ұлы Шәкір Әбенұлы

 Қажым Жұмалиев  Рабиға Сыздықова  Құлмат Өмірәлиев  Мұхтар Мағауин  Ханғали Сүйінішәлиев“ Түртіп алу” стратегиясы Шығармал

8 слайд
 Қажым Жұмалиев  Рабиға Сыздықова  Құлмат Өмірәлиев  Мұхтар Мағауин  Ханғали Сүйінішәлиев“ Түртіп алу” стратегиясы Шығармаларын зерттеуші ғалымдар:

Өлеңдері Мысалдары Дастаны “ Бірінші сөз” “Шымшық пен бөдене

9 слайд
Өлеңдері Мысалдары Дастаны “ Бірінші сөз” “Шымшық пен бөдене” “Еспенбет” “ Бесінші сөз” “Сары шымшық” “Он бес деген “ Ата қоныс Арқада” “Бір патшаның бір кезде” жас қайда” “ Ақтан жас” “Қара қарға жем тілеп” “Өсиетнама” “ Сүлейменге” “Шаштараз” “ О,Сарыарқа,Сарыарқа!” “ Ақжайлау мен Сандықтас” “ Аягөз” “ Тегімді менің сұрасаң” “ Әуелгі қазақ деген жұрт” “ Бараққа” “ Тырнақтай меңі болған соң” “ Ассоциация” стратегиясы Дулаттың шығармалары

“ Мағынаны тану” стратегиясы “Еспенбет” дастаны Бұл шығарма - өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгіс

10 слайд
“ Мағынаны тану” стратегиясы “Еспенбет” дастаны Бұл шығарма - өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастаны. Дастанның негізгі қаһарманы – жетім бала, Еспенбет. Ол өз елінен жырақта, нағашы атасы Қарасай батырдың қолында жылқы бағып жүреді. Ер жете келе бұл елде жата беруді ар санап, өзі туған Арқаға оралмақ болады. Ол атасы бермек болған үй, мал, қалыңдықтан бас тартып, оның орнына Ақбөрте деген тайды қалайды.Ақыры сол таймен елге оралады. Ел-жұрты баланы әуелі елемей, жалғыз ғана тай мінгізіп қайтарғаны несі деп Қарасай байды да кінәлай өсекке таңады. Бірақ Еспенбет оның бәріне де мән бермейді. Ақбөртені баптап бағумен болады. Ақбөрте жақсы ат болып өседі. Еліндегі Сәтімқұл бидің ас берген тойында Ақбөрте бәйгеден жалғыз келеді. Бас бәйгеге тігілген жүз тайлақты Еспенбет түгелімен бес арыс Сыбанға бөліп береді.

“ Нартәуекел” стратегиясы 1-тапсырма Дастанның тақырыбы мен идеясын және жанрын анықтаңыз.

11 слайд
“ Нартәуекел” стратегиясы 1-тапсырма Дастанның тақырыбы мен идеясын және жанрын анықтаңыз.

Тақырыбы: ерлікті мадақтау, үлгі ету Идеясы: болашақ жастардың бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншілі

12 слайд
Тақырыбы: ерлікті мадақтау, үлгі ету Идеясы: болашақ жастардың бойында туған елге, жерге деген сүйіспеншілік қалыптастыру. Отанның әр тасын саф алтынға теңеу, ұлттық рухты күшейту. Жанры: тарихи эпостық туынды. Дастанның тақырыбы, идеясы, жанры

“ Ой қозғау” стратегиясы 2 -тапсырма Дастанға композициялық талдау жасаңыз. Дастанның басталуы: Дастанның дамуы: Дастандағы ш

13 слайд
“ Ой қозғау” стратегиясы 2 -тапсырма Дастанға композициялық талдау жасаңыз. Дастанның басталуы: Дастанның дамуы: Дастандағы шиеленіс: Дастанның шарықтау шегі: Дастанның аяқталуы (шешімі):

Дастанға композициялық талдау Дастанның басталуы: Дастанның дамуы: Дастандағы шиеленіс: Дастанның шарықтау шегі: Дастанның а

14 слайд
Дастанға композициялық талдау Дастанның басталуы: Дастанның дамуы: Дастандағы шиеленіс: Дастанның шарықтау шегі: Дастанның аяқталуы (шешімі): Қарасай еліндегі жылқышы Еспенбет Еспенбеттің нағашы атасынан бата алып, туған елге оралуы Қалмақ-қазақ шайқасында қазақтан шығатын батырдың қалмауы Еспенбеттің жекпе-жекке шығуы Еспенбеттің жеңісі

“ Миға шабуыл” стратегиясы 3 -тапсырма Дастанды өлең құрылысына қарай талдаңыз. Дастандағы шумақ санын анықтаңыз. Дастан

15 слайд
“ Миға шабуыл” стратегиясы 3 -тапсырма Дастанды өлең құрылысына қарай талдаңыз. Дастандағы шумақ санын анықтаңыз. Дастанның тармақ санын табыңыз. Өлең жолдары неше бунақтан тұрады, атаңыз . Дастандағы буын санын ата.

Жыр 81 шумақ және 1тармақтан тұрады. Яғни жырда 321 тармақ бар. Өле өлгенше (5) // ел болды

16 слайд
Жыр 81 шумақ және 1тармақтан тұрады. Яғни жырда 321 тармақ бар. Өле өлгенше (5) // ел болды (3) – 8 а Еспенбеттің (4) // арманы (3) – 7 ә шалыс ұйқасты өлең. Өзімен бірге (5) // жасады (3) – 8 а Астындағы (4) / / тарланы (3) - 7ә Жыр 2 бунақтан тұрады. Дастан 7,8 буыннан құралған.

Синонимдерді табыңыз. Антонимдерді табыңыз. Теңеу сөздерді табыңыз. Ассонансты табыңыз. Аллитерацияны табыңыз.“ Нартәуекел” стр

17 слайд
Синонимдерді табыңыз. Антонимдерді табыңыз. Теңеу сөздерді табыңыз. Ассонансты табыңыз. Аллитерацияны табыңыз.“ Нартәуекел” стратегиясы 4 -тапсырма Дастанның тіл байлығына талдау жасаңыз.

Ассонанс (французша “”үндес” д.м.б.) – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Аллитерация (латынша “дыбыстас”

18 слайд
Ассонанс (французша “”үндес” д.м.б.) – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Аллитерация (латынша “дыбыстас” д.м.б.) – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау. Теңеу - заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттелуі. Көбіне –дай, -дей, -ша, -ше жұрнақтары арқылы жасалады. Синоним - мағыналары ұқсас сөздер. Антоним - мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Жырдағы синоним сөздер: жау-дұшпан, кейіс-мұң, қарқ олжа – мол олжа, қайрат – күш, айла-әдіс, сән – санат, қару-сайман –

19 слайд
Жырдағы синоним сөздер: жау-дұшпан, кейіс-мұң, қарқ олжа – мол олжа, қайрат – күш, айла-әдіс, сән – санат, қару-сайман – айыл-тұрман, шаң борату-құйын орату. Жырдағы антоним сөздер: ер - ез, айбаты өсу – йығы түсу, батыр – қорқақ, алыс – жақын. Теңеу сөздер: Ақбөртедей, Наймандай, тұнық көлдей, ерлер тастай түйілді, бөкендей, батагөй қарттай, арыстандай ақырды. Ассонанс: Ауылдан шығып ат қойып, Аруақтап ұран шақырды. Ақтанберді, Қабанбай – Алдындағы көсемі. Аллитерация: Сөз сөйледі ағылып: Сырыңды айт маған шөберем, Сұлу сүйгің келе ме? Сұңқар шүйгің келе ме?

1. Еспенбет неліктен жылқылардың ішінен Ақбөртені таңдап алады? 2. Неліктен Еспенбет өзіне жайлы нағашы жұртында қала бермеді?

20 слайд
1. Еспенбет неліктен жылқылардың ішінен Ақбөртені таңдап алады? 2. Неліктен Еспенбет өзіне жайлы нағашы жұртында қала бермеді? 3. Еспенбеттің батыр болуына не әсер етті? 4. “ Жігіттің жақсысы - нағашыдан” деген мақалды қалай түсінесіңдер? 5. Еспенбет бойындағы сен үшін ең жақсы қасиет не? “ Миға шабуыл” стратегиясы 5 -тапсырма Дастанның желісі бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

 “ Ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап...”  “ Ата көрген – оқ жонар”  “ Ерлік – елдік белгісі” “ Ойтолғаныс” стра

21 слайд
 “ Ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап...”  “ Ата көрген – оқ жонар”  “ Ерлік – елдік белгісі” “ Ойтолғаныс” стратегиясы 6 -тапсырма Төменде берілген тақырыптың бірін таңдап ойтолғау жазыңыз.

22 слайд

Қорыта келгенде, Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын

23 слайд
Қорыта келгенде, Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектесті. Сын-сықақты жиі қолданып, өлеңдердің бұл саласының дамуына да септігін тигізді. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, көркемдік бояуын күшейтті.

V Білемін - Білдім + Мен үшін жаңа ақпарат ? Мені таң қалдырады“ Insert ” стратегиясы

24 слайд
V Білемін - Білдім + Мен үшін жаңа ақпарат ? Мені таң қалдырады“ Insert ” стратегиясы

Үй тапсырмасы: 1. Жырдан үзінді жаттау 2. “”Еспенбеттей ер қайда?!” шығарма жазу

25 слайд
Үй тапсырмасы: 1. Жырдан үзінді жаттау 2. “”Еспенбеттей ер қайда?!” шығарма жазу 3. “Дулат Бабатайұлы” реферат жазу