Материалдар / Ашық сабақ: Қазақ астрономиясы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Қазақ астрономиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы бұрынғы кезден бастап, аспан әлеміне, жұлдыздарды зерттеуге қызыққан Олар жылдың төрт мезгілінде де көшіп-қонып жүргендіктен, жұлдыздар олар үшін компас ретінде болды десек те болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
261
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қазақ астрономиясы

1 слайд
Қазақ астрономиясы

Қазақ халқының астрономиялық көзқарасы Қазақ халқы бұрынғы кезден бастап, аспан әлеміне, жұлдыздарды зерттеуге қызыққан. Олар

2 слайд
Қазақ халқының астрономиялық көзқарасы Қазақ халқы бұрынғы кезден бастап, аспан әлеміне, жұлдыздарды зерттеуге қызыққан. Олар жылдың төрт мезгілінде де көшіп-қонып жүргендіктен, жұлдыздар олар үшін компас ретінде болды десек те болады. Жұлдыздарға қарап жол табу әдісі жазық далаларда, ашық теңіздерде ұзақ уақыт жүргенде пайдаланылған. Ол әдіс біртіндеп дамып, кейін түркі тілдес халықтардың бұйымдарына жұлдыздардың суреттерін салған. Бұлтсыз ашық аспанда, Солтүстіктен Оңтүстікке қарай ақшыл жолақ көрініп тұрады, оны түркі тілдес халықтар «Құс Жолы» деп атаған. Құс жолы күз айларында айқын көрінетін. Құстар көктемде келгенде, күзде жылы жаққа қайтқанда осы жолақтары бойының бағытымен ұшатынын сол кезден-ақ байқаған. «Жетіқарақшыны таныған жеті жарық түнде адаспас» демекші, қазақтар жетіқарақшыға қарап жол тапқан. Ең алғаш «қарағшы», яғни «қарап тұрушы» деген ат қойған екен. Сонда ежелгі қазақ халқының түсінігі бойынша, ол сол төңіректі жыртқыш аңдардан, жын-шайтандардан қорғап, күзетіп тұрады деп ойлаған.

Қазақ халқы кейбір құбылыстардың аспан денелерімен байланысты екенін байқаған болатын. Сол кезден-ақ әр түрлі есептеулермен

3 слайд
Қазақ халқы кейбір құбылыстардың аспан денелерімен байланысты екенін байқаған болатын. Сол кезден-ақ әр түрлі есептеулермен, бес саусақтың жалпы он екі буыны бар екенін анықтаған және ол, мысалы ай ретін санауға, мүшел есебін жүргізуге, бір күндегі сағат санын есептеуге қолайлы болатын. Мысалы, төрт саусақ, жылдың төрт мезгіліне сәйкес келетін : 1. «Балаң үйрек» көктем мезгілінің наурыз, сәуір, мамыр айларын 2. «Ортан терек» жаз мезгілінің маусым, шілде, тамыз айларын 3. «Шылдыр шүмек» күз мезгілінің қыркүйек, қазан, қараша айларын 4. «Кішкентай бөбек» қыс мезгілінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларын көрсеткен. Саусақтар бірдей болмағандықтан, олардың ұзындықтары бойынша да ерекшелінген, мысалы, «Ортан терек» ең ұзыны болғандықтан, бұл Күннің ұзаратынын, ал «Кішкентай бөбек» Күннің қысқаратынын көрсеткен.

Қазақтар, қырғыздар және түрікмендер бұл жолақты «Құс жолы» деп атайды. Құс жолы күз айларында айқын көрінеді. Ол миллиардтағ

4 слайд
Қазақтар, қырғыздар және түрікмендер бұл жолақты «Құс жолы» деп атайды. Құс жолы күз айларында айқын көрінеді. Ол миллиардтаған жұлдыздардың жарығынан құралады. Шексіз әлемдегі бізге жақын жұлдыздардың басым көпшілігі осы Құс жолының бойында орналасқан, әрине, олардың бірі алыс (әрірек), бірі жақын (берірек) болады. Астрономияда Құс жолын Галактика дейді. Қазақстанның оңтүстігіндегі кейбір аудандарында ол «Сабан жолы» деп те аталады. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкелерге қайтқанда осы жолақтың бағытымен ұшады екен. Жұлдыздардың орналасуындағы бұл ерекшелікті көптеген халықтар ағарған, олардың түсініктері қазақтардың түсініктерімен қабысып отырады. Құс жолын татарлар, башқұрттар және чуваштар «Дала қаздарының жолы» дейді. Кейбір халықтардың қолданатын атауларын қазақ тіліне аударғанда былай болып шығады: «Тырна жолы» (мордва тілінен), «Құс жолы» (марий, фин, эстон, коми және венгр тілдерінен). Бұл деректер «Құс жолы» ұғымының ерте замандарда қалыптасқандығын көрсетеді.

Жеті қарақшы Қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз – Жетіқарақшы, шөміш фигурасын құрастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. «Жетіқа

5 слайд
Жеті қарақшы Қазақтардың бәріне таныс шоқжұлдыз – Жетіқарақшы, шөміш фигурасын құрастыратын жеті жарық жұлдыз тобы. «Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас» дейді қазақтар. Жұлдыз атауындағы «қарақшының» алғашқы түрі «қарағшы», яғни «қарап тұрушы» болу керек. Ай көрінбеген сағаттарда айырықша көзге түсіп, аз болса да, жарық беретін, жалғыз жүрген адамдарға ес, сүйеу болатын осы жеті жұлдыз, олар күн сайын және үнемі аспанның бір жағынан көрінеді, түні бойы жарқырап тұрады. Ежелгі халықтардың түсінігі бойынша, ол сол төңіректегі елді күзетіп, халықты жыртқыш аңдардан, жын - шайтаннан қорғап, қорып тұрады. Көне түркі тілінде күзетшіні «қорықшы» («қорып тұрушы») деген.

Ең алғаш аспан денелері зерттелініп, кейін оны түсіндіру үшін басқа да салалар пайда болған. Бұрынғы кезде, аспан денелерін к

6 слайд
Ең алғаш аспан денелері зерттелініп, кейін оны түсіндіру үшін басқа да салалар пайда болған. Бұрынғы кезде, аспан денелерін көзбен– ақ бақылайтын, ал қазіргі кезде техниканың дамуымен, әр түрлі диапазондағы телескоптар пайда болды. Қазіргі кезде, ең үлкен телескоп, Қытай еліндегі FAST телескобы, оның диаметрі 500метрді құрайды .

Қазақ ұғымында бұрыннан қалыптасқан қазақша атау бар планеталар мен жұлдыздар мыналар: «Темірқазық» - Полярлық жұлдыз; «Жетіқа

7 слайд
Қазақ ұғымында бұрыннан қалыптасқан қазақша атау бар планеталар мен жұлдыздар мыналар: «Темірқазық» - Полярлық жұлдыз; «Жетіқарақшы» - Үлкен Аю; «Шолпан» - Венера; «Үркер» - Плеяды, «Ақбозат, Көкбозат» - Кіші аюдағы ең үлкен ақшыл және көгілдір екі жұлдыз; «Таразы» - Ориондағы қатар тізіліп тұрған үш жұлдыз, кейде оны «Үш арқар» деп те атайды.

Астрономия ғылымы туралы қазақ тілінде шыққан тұңғыш кітапты Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов жазды. Ол, 1926 жылы Мәскеудегі

8 слайд
Астрономия ғылымы туралы қазақ тілінде шыққан тұңғыш кітапты Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов жазды. Ол, 1926 жылы Мәскеудегі «Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасында» төте жазумен жарияланған «Дүниенің құрылысы» (Астрономия) оқулығы еді. Орыстың академик жазушысы Д.Грабенің еңбегін қазақшаға аударған. «Әлихан Бөкейхановтың «Қыр баласы» деген лақап атпен жариялаған «Дүниенің құрылысы» еңбегін таза аударма деуге де болмайды, негізінен қазақ оқушыларының талап-тілегіне лайықталған кезеңдік оқулық деуге әбден болады.

Нығымет Мыңжани – Қытайда туған қазақтың белгілі тарихшы ғалымы, қоғам қайраткері. Біз бүгін оның «Қазақтың қысқаша тарихы» ат

9 слайд
Нығымет Мыңжани – Қытайда туған қазақтың белгілі тарихшы ғалымы, қоғам қайраткері. Біз бүгін оның «Қазақтың қысқаша тарихы» атты көлемді еңбегіндегі қазақ астрономиялық түсінігі туралы бөлігіне тоқталғымыз келеді. Ол «Қазақтың қысқаша тарихын» 1987 жылы жариялады. Кейін Алматыдағы Жалын баспасынан «Қазақтың көне тарихы» деген атпен, соңғы кейбір тараулары қысқартылып басылып шықты. Кітаптың соңғы тарауларының бірі «Қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері және байырғы қазақ күнтізбесі» деп аталады. Үлан-байтақ кең далада мал бағып, күндерін кең табиғат құшағындағы мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көпжылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинаған. Яғни өмір салты қазақтың астрономиялық көзқарасын қалыптастырады. Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын – күн мен түннің, жыл мен мезгілдердің, ай жаңалануының айналып келіп отыруын мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тұрмыстық маңызы болды. Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу және қыстауға қай уақытта келу, қой мен қозыны қай уақытта қырқу, қашан күйекке алу, қай мезгілде көктеуге барып мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырды.

10 слайд

Қателіктерді жібермеу үшін, төлді уағында төлдетіп, қыстауға уақытында жетіп алу үшін, көшкенде, аңға, жорыққа шыққанда адаспа

11 слайд
Қателіктерді жібермеу үшін, төлді уағында төлдетіп, қыстауға уақытында жетіп алу үшін, көшкенде, аңға, жорыққа шыққанда адаспас үшін осы екі бағыттағы астрономиялық бақылаумен айналысқан есепшілер болған. «Қазақ арасында тәжірибе метеорологиясымен және уақыт есебімен шұғылданатын арнаулы есепшілер болды. Олардың білім тәжірибелері атадан балаға мұра болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл байқау жүргізіп, күн райын болжады». Олар қазақ халық күнтізбесінің толық жылын белгіледі, маусымды жұмыс кездерін, жайлауға көшетін, қыстауға қонатын, күйек алатын, жүн қырқатын, шөп шабатын уақыттарды белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Сондай-ақ автор бұрынғы есепшілердің күн райын болжау тәсілдері туралы да қысқаша мәліметтер бере кетеді. «Есепшілер: жаздағы ыстықтың орнына қыста аяз келеді, жаздағы жаңбырдың орнына қыста қар жауады, жазғы шілдеде шыжыған қатты ыстық болса, қыста қаңтарда қатты аяз болып, онан соң күн жылынады деп есептеді. Әр айдағы ауа райының шұғыл өзгеретін кезеңдерін – амалдарды есептеп, жұртқа ауа райын алдын ала хабарлап отыратын болды.» дегенді айтады.

Н.Мыңжанидың пікірінше, қазақ қауымы негізгі планеталардың бәрін жақсы білген. Оны олар жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздардан

12 слайд
Н.Мыңжанидың пікірінше, қазақ қауымы негізгі планеталардың бәрін жақсы білген. Оны олар жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздардан да білуге болады. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да өздерінің малшылық өмірінен алынды. Қазақтар жұлдызды аспан картасын темірқазықтан бастады. Осыдан кейін қазақтардың жұлдыздар мен олардың рөлі туралы түсініктеріне біршама мысал келтіреді. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде бағыт беталысын бағдарлайтын астрономиялық компасы. Оның маңындағы екі жұлдыз «ақ бозат», «көк бозат» деп аталды. «Жеті қарақшы» (жетіген жеті қарт) қазақтың мал күзеткен күзетшілерінің астрономиялық сағаты еді. Күздің ұзақ таңында күзетшілер жеті қарақшыға қарап алмасты. Қыста кешкі шолпан (сары жұлдыз) туған кезде қойды қораға әкелді. Меркурийді қазақтар «Таң шолпаны» деп, кейде «кіші шолпан» деп атады. Юпитерді «Есек қырған», Марсты «Қызыл жұлдыз», Близнецті «қол жұлдыз», Сириусты «сумбіле» деп атады. Бұлардың жай-күйін, орнын, қозғалысын жақсы білді.

Ал үркер жұлдызы туралы кеңірек тоқталып өтеді. Үркер жұлдызының қазақтар үшін әрі астрономиялық әрі метеорологиялық мәні болд

13 слайд
Ал үркер жұлдызы туралы кеңірек тоқталып өтеді. Үркер жұлдызының қазақтар үшін әрі астрономиялық әрі метеорологиялық мәні болды деген пікір айтады автор. Жыл мен күнтізбе осы үркер жұлдызына қарап зерттелді. Қазақтар үркердің аууынан күн райы өзгереді деп білді. Әр айдағы үркер мен айдың тоғауында, әр айдың өларасыңда ауа райы өзгеріп, жауын-шашын болады: егер бұл екеуі ашық өтсе, жалпы алғанда, ол айда жауын-шашын аз болады. Жазғытұрым үркер іргеге жақындаса, көктем шығуының белгісі, «үркер жерге түспей жер қызбайды» десті. Мамырдың аяғы мен маусымның басында күн көкек зодиагінің белгісіне еніп, үркер көрінбей кеткен кезде, қазақтар: «үркер жерге тұсті» дейді. Қазақ есепшілері: үркер осы бетімен жерде қырық күн жатады, мұны жылдың өте ыстық кезі – «қырық күн шілде» деп атайды. Осы қырық күн – жылдың ауа райының шешуші кезеңі, егер үркер суға түссе, жаңбыр көп болады. Құрғаққа түссе, аңызақ жел көп болып, қағыр-қуаңшылық балады; үркер тасқа түссе, шіліңгір қатты ыстық болады деп ұйғарады. Осы қырық күн өтіп, үркер қайта көтерілген соң, өсімдіктің тамыры тереңге бойламайды: дән ала бастайды деседі.

14 слайд

Қазақтардың ай есебі бойынша да автор қысқаша мәлімет беріп өтеді. Қазақ есепшілері жылдың айларын дұрыс есептеу үшін айдың қо

15 слайд
Қазақтардың ай есебі бойынша да автор қысқаша мәлімет беріп өтеді. Қазақ есепшілері жылдың айларын дұрыс есептеу үшін айдың қозғалысын үнемі бақылап отырды. Олар бір жылды он екі айға, айдың тууына, толысуына, солуына қарай бір айды үш ондыққа бөлді. Қазақтар жыл мезгілдерін күннің үркерге қарағандағы жайына қарай да белгілейді. Күн көзіне негізделген жылдың астрономиялық айларын қазақтар «жұлдыз» деп атады. Бұл жердің, айдың он екі фазасына сәйкес он екі зодиактық шоғыр жұлдыздардың санын еске салады. Қазақтар дүниенің төрт жағын күн көзінің күндізгі жайына қарай «күн шығыс», «күн батыс», «оңтүстік», «солтүстік» деп атады. Ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде үлкен мәні болды. Қазақтар уақыт есебін осы мүшел жылы бойынша жүргізді. Әрбір жыл хайуан атымен; тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталды. Мүшел жылы жиырма екінші наурыздағы «наурыз» мейрамында ауысады. Яғни осының өзі қазақ күнтізбесінің мұсылманша күнтізбеден бөлек екенін аңғартады.

Бұл Нығымет Мыңжанидың «Қазақтың қысқаша тарихы» кітабындағы қазақтардың астрономиялық көзқарастары туралы бөлімінен алынды. О

16 слайд
Бұл Нығымет Мыңжанидың «Қазақтың қысқаша тарихы» кітабындағы қазақтардың астрономиялық көзқарастары туралы бөлімінен алынды. Осы бір құнды мәліметтерді аздаған ғана қысқартулармен назарларыңызға ұсындық. Көзі қарақты оқырман өз қажетіне жаратар.