Материалдар / Авторлық бағдарлама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды тіл өнеріне баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Мамыр 2020
311
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Ұстаз – Ұлы тұлға Адаева Нагима Алшынбековна

1 слайд
Ұстаз – Ұлы тұлға Адаева Нагима Алшынбековна

Ұстаз – Ұлы тұлға Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететі

2 слайд
Ұстаз – Ұлы тұлға Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. « Мұғалім мамандығы – барлық мамандық анасы » демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. « Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан » - деп, дана Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім- тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресін, болашақ жолдарда, бағытынан таймасы анық. « Бала тәрбиесі – бесіктен басталады » - дей келе менің іс-тәжірибем балабақшадан басталды. Еңбек жолын 17 жасымнан бастадым. Оқу мен еңбекті ұштастыра жүріп, кешке білім алып, ал қалған уақытта бүлдіршіндермен тәрбиеші болып жұмыс атқардым.

Қиын да болса қызықты күндер сәбилердің шатты күлкісімен, тынымсыз тыныс-тіршілігімен өте шықты. Түрлі ұлт өкілдерінің балалар

3 слайд
Қиын да болса қызықты күндер сәбилердің шатты күлкісімен, тынымсыз тыныс-тіршілігімен өте шықты. Түрлі ұлт өкілдерінің балалары болғандықтан, оларға қазақша үйреттім. Әр мерекеге орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер, тақпақтар дайындадым. Ол кезде мен шетел тілі курсында оқып, неміс тілін үйрендім. Негізі тілге деген қызығушылығым балалық шағымда басталған. Кішкентай кезімде өзбек тілінде жетік сөйлейтінмін. Содан мектепте жүргенде шетел тіліне деген әуестігім артты. Неміс тілін қызығып оқыдым. Ол да болса, маған сабақ берген сүйікті ұстазымның үлесі. Курсты тәмамдаған соң, жоғары оқу орнына жолдама алдым. Сонау 80-жылдар « Алматы шетел тілдер институтының » студенті атандым. Ол жерде сырттай оқып, болашақ мамандығым « Неміс тілі пәні » мұғалімі болғандықтан мектепке ауыстым. Сонымен педагог- маманнан, мұғалім қызметіне ауыстым. Еңбек жолымда сол кездегі « Карл Маркс » атындағы мектепте бастадым. Өмір – тоқтаусыз қозғалыс, оған тежеу салу мүмкін емес, бірсыдырғы жүріспен танбай алға жылжи бердім. Мектептің ұлан- ғайыр, тыныс-тіршілігі педагогикалық ұжыммен бірлесе еңбек еттім. « Білім мен тәрбие егіз » дегендей түрлі кештер, тәрбие сағаттарын, қызықты тіл апталықтарын өткіздім. « Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ » деген рас екен. Оқу орнын бітіріп, маман ретінде қызметімді басқа мектепте жалғастырдым. Отбасылы болып, тұрмыс құрған соң, бұрынғы « Калинин » бөлімшесі, қазіргі « Тассай » елді мекеніне тұрақтадым. Сол 1985-2001 жылдарда « Оразбай » атындағы негізгі орта мектебінде неміс тілінен дәріс бердім. Сол кезде «КИД» деген ұйым болатын. Сабақтан соң үйірмеге қалып, оқушылармен бірігіп шетел тілінде әр елдің балаларына хат жазып, алмасып тұрдық. «КИД – интернационалды достық клубы » оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттырып, жыл сайын 8 ақпан « Антифашистер күні » аталып өтіліп, оған оқушылар түрлі іс-шараларға қатысып, өлең оқып, бейбіт құсы – көгершін ұшырып, шарлармен, гүлдермен жан-жақты безендіретін. Сыныпаралық жарыс қызу тартыспен өтетін. Бұлардың барлығы сыныптан тыс өтілетін жұмыстар болатын.

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Тәрбиеден мақсұт – баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару.

4 слайд
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Тәрбиеден мақсұт – баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару. Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – Ұлт тәрбиесі , - деп айтқан Мағжан Жұмабаевтың сөздерін үнемі жадымда ұстадым. Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеу. « Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеу керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы » – делінген Әл-Фараби даналығында.

Сынып жетекшілік еткен жылдары 5-9 сыныптармен әртүрлі тақырыптарда сынып сағаттарын өттім. « Менің Отаным » атты тәрбие сағ

5 слайд
Сынып жетекшілік еткен жылдары 5-9 сыныптармен әртүрлі тақырыптарда сынып сағаттарын өттім. « Менің Отаным » атты тәрбие сағатымда диафильмдер көрсетіп, көрнекіліктермен, ата-аналарды қатыстырып, кең ауқымды өткіздім. « Үлгілі тәрбие сағаты » деп танылып, аудан көлемінде таратылды. Одан соң « Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » жәнеде, « Әсемдік – әдемілік », 5 сыныпта « Туған жерді – түлет » атты ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Бұл жерде оқушыларға ұлттық айтысты қолдандым – «Қыз бен жігіт» айтысы. Қосымша « Барып қайт балам ауылға » деген мәні бар әнді орындап бердім. Бұл осы мектептегі 1985- 2001 жылдың аралығындағы атқарылған міндеттер еді. 2001 жылдан бастап, жаңа белес белең алып, өмірімде өзгеріс болды. Мектеп мұғалімі нені талап етсе, сол кеменің ағысымен бірдей жүзе білуі керек. Заман талабына сай үш тілді меңгеру, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық, экономикаға ойдағыдай кіруге тіл,- деп « Тілдердің үштұғырлығы » мәдени жобасында көрсетілген. Мектеп тарапынан, ата-аналар ұйымынан, мектепте ағылшын тілі өтілсін деген сұраныс болды. Сол себепті 40-тан асқан шағымда ЖенПИ-ге оқуға түстім. Жылдамдатылған оқу бағдарламасы бойынша 2 жыл сырттай оқып бітірдім. Арасында ағылшын тілі курсын оқып, мектепте ағылшын тілінен сабақ бердім.

Ұлы классиктері: - қазақтан дана Абай Құнанбаев, орыс ақыны А. С. Пушкин, немістің И. В. Гете, Ф.Шиллер, ағылшынның У. Шекспир

6 слайд
Ұлы классиктері: - қазақтан дана Абай Құнанбаев, орыс ақыны А. С. Пушкин, немістің И. В. Гете, Ф.Шиллер, ағылшынның У. Шекспир, М. Твен атты кесек тұлғалардың шығармаларын оқып, өлеңдерін шәкірттерге үйреттім. Әр сабақты түрлендіріп өту барысында « Дует сабағын » қазақ тілі пән мұғалімімен кезектесіп өттім. « Қараңғы түнде тау қалғып » өлеңінің түп негізі Гетенің « Wanderers Nachtlied » деген өлеңін, Абай атамыздың аудармасы арқылы танылғанын түсіндірдім. Қазақ деген елді ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай даналарды әлемдік биікке таныту тіл арқылы жүзеге аспақ. Қазіргі заманға ғылым тарихында түрлі әдіс-тәсілдер, әдістемелер пайда болып, жаңаша білім жолдары іздестірілуде. Шәкірттерді тілге баулу үшін тілді құрметтеуге, сөздікпен жұмыс жасауға, мәдениетті сөйлей білуге баулыдым. Сабақта ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге, тілге деген қызығушылығын арттырдым.Әрине, тіл білу – өнер. Өзім үйрене жүріп, шәкіртерімді тілге баулыдым. « Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. » деген К. Ушинскийдің ұлы пікірін қағида етіп ұстандым. Ұлыларды танып білу бақыты – бұйырғанын мақтаныш сезімімен айта аламын.

Мұғалім өз сөзін оқушыларға тыңдата біліп, оларды тыңдай да білуі керек. Мұғалім жан-жақты қырынан танылады. Сабақта ол тек са

7 слайд
Мұғалім өз сөзін оқушыларға тыңдата біліп, оларды тыңдай да білуі керек. Мұғалім жан-жақты қырынан танылады. Сабақта ол тек сабақ беруші мұғалім ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, психолог, артист бола алады. Өйткені қазіргі заманда тек тәрбиелемей оқушыдан – тұлға жасап шығару керек. Жәнеде оқушының жай-күйін түсініп, ой- пікірін құрметтеу, қосымша оқыған әдебиеттен шығармалар бойынша сахналық қойылым қойылады, көркем сөздерді мәнерлеп оқып, образдарды сомдайды. Ұстаздың даналығы – шәкіртін дамыта отырып, оның ақыл-ойын кеңейте отырып,өздігінен білім алу жолдарын, тәсілдерін үйрену. Басты талап – оқушыларға бағыт-бағдар беріп, жіті бақылау қажет. « Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалңм көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады.» - Уильям Уордтың керемет сөзі бар екен. Сол ұлы керемет, жай да, жақсы ұстазды көрсете білетін – оқушы. Ұстаз бен оқушының тұтастығы – жаңа білімді ұштаушы негізгі фактор. « Ақылдының қазынасы – білім. » « Білімдінің сөзі оң, білімсіздің сөзі тоң. » деген сөз бар халықта, міне , сондықтанда менің алға қойған мақсатым – оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оқушының алған білімі мен тәрбиесін болашақта жарап, шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасуына үлес қосу, өз ісінің құзіретті маманы болу.

Уақыттың жалғыз өлшемі бар. Ол – адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар: арттағы ұрпақтың қамы үшін бітірген іс. 40 жы

8 слайд
Уақыттың жалғыз өлшемі бар. Ол – адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар: арттағы ұрпақтың қамы үшін бітірген іс. 40 жыл еңбек жолында, тәлім алған талай шәкірттерім менің ізімді басып, ұстаз болып өзіммен бірге жұмыс атқаруда. Міне, қиындығы мен қызығы мол жылдарды бастан өткердім. Еткен еңбек, төккен тер елеусіз қалған емес. Қаншама аудандық, қалалық, облыстық « Мақтау, Құрмет грамоталарына «Ұлағатты ұстаз» төс белгісімен, «Елеулі еңбегі үшін» төс белгісімен, «Ы. Алтынсарин» медаліне » ие болдым. Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні – өмірден алған өз орным, отбасым, яғни отағасы мен перзенттерімнің, немерелерімнің арқасы.