Материалдар / Ғылыми жұмыс презентация "Ақкетігім – арқауы Ән - жырымның"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жұмыс презентация "Ақкетігім – арқауы Ән - жырымның"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкеге белгілі ірі ақындармен бірге көп таныла қоймаған, әр түрлі салада жұмыс істей жүре өлең жазатын ақындардың өмірі мен шығармашылығын, туған жерге және Ақкетігім деп тақырыбына жазылған өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашып көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2019
489
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ Е.ӨМІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ ТАҚЫ

1 слайд
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ Е.ӨМІРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ ТАҚЫРЫБЫ: АҚКЕТІГІМ – АРҚАУЫ ӘН - ЖЫРЫМНЫҢ Орындаған: Қылышбай Назира 10 – сынып оқушысы Жетекшісі: Тлеубаева Т.С Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Зерттеу мақсаты: Өлкеге белгілі ірі ақындармен бірге көп таныла қоймаған, әр түрлі салада жұмыс істей жүре өлең жазатын

2 слайд
Зерттеу мақсаты: Өлкеге белгілі ірі ақындармен бірге көп таныла қоймаған, әр түрлі салада жұмыс істей жүре өлең жазатын ақындардың өмірі мен шығармашылығын, туған жерге және Ақкетігім деп тақырыбына жазылған өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашып көрсету.

Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүбірлеп өткен жер ! Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер ! Ғашықтар бірін-бірі өпкен жер! Сарылы

3 слайд
Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүбірлеп өткен жер ! Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер ! Ғашықтар бірін-бірі өпкен жер! Сарылып  сал-серілер  кеткен жер! Бас иіп, иіскеп  топырағына Тағзым етпей өтпеңдер Маңғыстау . . . Бұл атауды  естігенде  соңғы кездері  көп адамдардың  санасында ашылып , игеріліп жатқан  мұнай мен газ кен орындары ғана тұрады . Ал, осынау  ежелгі мекен  тек пайдалы  қазбаларға ғана емес , сонымен  қатар  осы аумақта өмір сүрген  Кіші жүз қазақтарының тарихына да бай. Тамыры терең - Маңғыстау

Маңғыстауым – маңғаз далам, паң далам, Келбетіңе қараймын да таңғалам. Кеудесіне сыйғызып мол байлықты, Бүгінгі күн асып жатыр а

4 слайд
Маңғыстауым – маңғаз далам, паң далам, Келбетіңе қараймын да таңғалам. Кеудесіне сыйғызып мол байлықты, Бүгінгі күн асып жатыр арнадан. Қасиетті әулиелер мекені, Құмы, тасы тарихтан сыр шертеді. Сен туралы жырлап кетсе аталар, Әңгімесі неше таңға жетеді . Ең алғаш Маңғыстау түбегі жайлы мәліметтер географ Әл – Истахридің ІХ ғасырда Сиях – Кух (Қара тау) деп аталатын ежелгі араб тіліндегі жазбаларда пайда болған. Осыдан кейін Каспийдің шығыс жағалауындағы бұл түбек « Маңғышлақ» («Мың қыпшақ») деген атпен атала бастаған.Қазақстан республикасы егемендік алғаннан кейін , 1990 жылдардың басынан бастап, түбек «Маңғыстау» («Мың қыстау») деген атауға ие болды .

Тарихы тереңдігі – Форт Шевченко қаласы Ұлылықты кеудемде сезіне шын, Жартысынан көрінер көзіме шың. Қолтықтасқан Каспиймен қари

5 слайд
Тарихы тереңдігі – Форт Шевченко қаласы Ұлылықты кеудемде сезіне шын, Жартысынан көрінер көзіме шың. Қолтықтасқан Каспиймен қариямын, Ақкетігім,жатқан бір шежіресің. Шежіре – шын,сезінген елжіресін. Тарихтың тереңіне көз жіберсін. Жырларымды торқалы тойға шашам, Менің де бар өз үнім – өз үлесім

Мұрын Сеңгірбекұлы (1859-1954) - жырау, Қазақ халқының рухани асыл қазынасының бірі «Қырымның қырық батыры» жырын

6 слайд
Мұрын Сеңгірбекұлы (1859-1954) - жырау, Қазақ халқының рухани асыл қазынасының бірі «Қырымның қырық батыры» жырын Сыпыра жыраудан бес ғасыр кейін жырлап, біздің заманымызға ұластырған ұлы жыршы. Қазіргі Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Ол Кіші жүздің Адай руынан шыққан. Шын аты Тілеген. 1989 жылы Мұрын жыраудың туғанына 130 жыл толуына орай зергерлік шеберханасы қалпына келтіріліп, Мұрын жырау атындағы мұражай болып ашылған. Маңғыстау тарихына арналған академик Қ.Аманниязовтың «Мұрын жырау. Форт- Шевченко» кітабы жарық көрді. Жыраудың туған жері Форт-Шевченко қаласында мұражай-үйі жұмыс істейді.Қалдырған ізі мәңгілік...

Есағаң жүрген жолдарда тарих тұнып тұр, Ізденіп талай, сапары сәтсіз болмас құр. Есағаң салған соқпақ жолдарды бетке алып, Жүрс

7 слайд
Есағаң жүрген жолдарда тарих тұнып тұр, Ізденіп талай, сапары сәтсіз болмас құр. Есағаң салған соқпақ жолдарды бетке алып, Жүрсінші талай құндылық тапты шашар нұр «Ауылдың профессоры», «Маңғыстау Марғұланы» , « түбек тарихының тамыршысы» атанған тарихшы, мәдениет қайраткері Есбол Өмірбаев ғасыр жасап ұрпағына мол өшпес мұра қалдырды. Украин мен қазақтың арасына достық көпірін салған Есбол Аталарың бауырмалдылық пен туыстықтың символына айналды. Қалдырған ізі мәңгілік...

Тілеумұрат Қожабеков – 1948 жылы Маңғыстау облысы, Шевченко ауданының Құралы ауыл Советінде туылған. 1967 жылы Қазақстан МҰУ

8 слайд
Тілеумұрат Қожабеков – 1948 жылы Маңғыстау облысы, Шевченко ауданының Құралы ауыл Советінде туылған. 1967 жылы Қазақстан МҰУ – дың журналистка факультетінде оқуға түседі.Талантты жас студент шағында –ақ Пушкин,Лермонтов,Есенин өлеңдерін Мұқағали,Төлеген, Қадыр,Жұмекен жырларын жатқа айтып,Маңғыстау ақын – жазушыларының шығармаларын беріле орындаумен көзге түседі.Өнері өмірдің жалғасындай

Ибатолла Әбілқайыров – 1953 жылы 22 қыркүйекте Атырау облысы,Махамбет ауданы, Сарайшық селосында өмірге келген.Еңб

9 слайд
Ибатолла Әбілқайыров – 1953 жылы 22 қыркүйекте Атырау облысы,Махамбет ауданы, Сарайшық селосында өмірге келген.Еңбек жолын тракторист болып бастап, әскери борышын өтеп оралған соң Атырау телеведениесінде жүргізуші болып жұмыс жасайды.1975 жылы Атырау мәдени ағарту училищесінде оқуға түсіп, оны 1978 жылы бітіріп, жолдамамен Маңғыстауға келеді.Түпқараған аудандық мәдениет үйінде , одан соң белгілі азамат Тілеумұрат Қожабековтың шақыруымен музыка мектебінде баян және оркестр класынан сабақ береді. Өнері өмірдің жалғасындай

Ауылын жастарына қарап таниды Асылан Қуанышұлы – Түпқараған ауданы Форт – Шевченко қаласында дүниеге келген. Е.Өмі

10 слайд
Ауылын жастарына қарап таниды Асылан Қуанышұлы – Түпқараған ауданы Форт – Шевченко қаласында дүниеге келген. Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп түлегі.Бүгінде Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің студенті. Өлеңдері «Әдебиет порталы», өзгеде сайттарда , республикалық басылымдарда жарық көріп жүр. Асылбек Жаңбырбай ақын ағамыз айтқандай Асылан деген есім көне түркі тілінің Аршылан (Арыстан) сөзінен шыққан. Сондықтан болар, оның өлеңдерінде батылдықтың, өжеттіктің үні бар. Әр шумағынан ерлік, ер мінезділік байқалады.

Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы – 1972 жылы 12 желтоқсанда Форт Шевченко қаласында дүниеге келген. 1980-1990 жылда

11 слайд
Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы – 1972 жылы 12 желтоқсанда Форт Шевченко қаласында дүниеге келген. 1980-1990 жылдары Форт – Шевченко қаласындағы С.М Киров атындағы (қазіргі Е.Өмірбаев атындағы) орта мектепте білім алды. 1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (ҚазҰУ) фиология факультетінде оқыды. 1995 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы Актау мемлекеттік университетінде қызмет атқаруда, профессоры, медиа-үйлестірушісі.2009жылдан бері ҚР Журналистер Одағының мүшесі. 100-ге жуық ғылыми, 50-ден астам публицистикалық мақалалардың,Қазақ өлеңдеріндегі психологизм (2004ж), «Өлеңдегі сезім нақыштары» (2015ж)атты монографиялардың,«Қазақөлеңініңтабиғаты»(2010,2 012жж), «Жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысы»(2010ж) атты оқу құралдарының және бірнеше оқу-әдістемелік құралдарының авторы. Көркем туындылары ұжымдық жинақтарда жарияланған.

Күмісбай Орынтай – Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,Форт – Шевченко қаласында 1998 жылы дүниеге келген 2004 жыл

12 слайд
Күмісбай Орынтай – Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,Форт – Шевченко қаласында 1998 жылы дүниеге келген 2004 жылы Е.Өмірбаев атындағы орта мектепке қабылданып, 2015 жылы сол мектепті тәмамдады.Қазіргі таңда Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Филология» факультетінің 3 курсының студенті. «Жырым менің – шашылған алтын арай» атты өлеңдер жинағын шығарды.

Жұмагүл Амантайқызы Мұрсалова - 1990 жылы 15 маусымда Маңғыстау облысы Форт – Шевченко қаласында дүниеге келге

13 слайд
Жұмагүл Амантайқызы Мұрсалова - 1990 жылы 15 маусымда Маңғыстау облысы Форт – Шевченко қаласында дүниеге келген.2012 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің фиология факультетін үздік бітірген. 2012-2015 жылдары Жалау Мыңбаев атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарып, аудандағы түрлі мәдени шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты.Қазір «Алғыс – Актау» оқу орталығының қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалім болып қызмет етеді.Бірнеше облыстық және республикалық жыр мүшәйраларының жеімпазы. Өлеңдері облыстық,республикалық баспасөзде жарияланып жүр.

... Жұмагүл адамдық болмыстың әр қимылынан философиялық ой түйіндеуге бейім. Сол арқылы адам дегеннің мына аласапыран тіршілі

14 слайд
... Жұмагүл адамдық болмыстың әр қимылынан философиялық ой түйіндеуге бейім. Сол арқылы адам дегеннің мына аласапыран тіршіліктегі ерекше құбылыс екендігін, оның мінезі мен іс – қимылы осы өмірдің жалпы мінезін қалыптастырушы екендігіне сілтеме жасайды. Тіпті күнделікті жәй тіршіліктің ішіндегі былайғы адамдарға ұсақ-түйек болып көрінетін жағдайлардың өзі өмірлік өлшемдердің бөлшектері екендігін баяндайды.» Маңғыстаулық ақын Оңайгул Тұржанның жазғаны

Қорытынды Мен көркем әдебиетті тек көркем әдебиет үшін және көркем болуы үшін емес, қоғамды дамытуға жаң

15 слайд
Қорытынды Мен көркем әдебиетті тек көркем әдебиет үшін және көркем болуы үшін емес, қоғамды дамытуға жаңа идея қосу үшін жаратылған деп ұғамын. Көркем әдебиеттің миссиясы – ой толқындары арқылы қоғамды жаңаша дамытуға үлес қосу. Поэзиядағы ой – тұжырым, салыстыра көру, сөзбен салынған сурет, көркемдік – осының бәрі оқырманның ойлау траекториясын кеңейтіп, басқалар көрмей тұрған нәрселерді көруге машықтандырады. Көрінбейтұғынды көрсету – жаңаға жол бастаудың бір амалы болса керек. Ескіні ескере отырып, жаңалыққа ұмтылу – адам баласының міндеті. Поэзия жаңалыққа ұмтылдырады.Поэзияның тағы бір міндеті – адамның жан дүниесін тазарту. Саф ауадай міндет атқару. Осы тұрғыдан алғанда, оқырманның ой – қиялын шарықтатып әкететін әдемі жолдар, керемет кескіндер, терең ой қабаттары, астарлы сөздер осы ақындардың өлеңдерінде толқындап жатыр. Осындай ойлы дүниелерді оқығанда ертеңіміздің еренді, келешегіміздің кемелді болатындығына деген сенім арта түседі.

Ұсыныстар 1.Жергілікті жердің ақын жазушылардың шығармалары тарих, әдебиет сабақтарында қосымша сағаттар енгізілсе. 2.Оларды

16 слайд
Ұсыныстар 1.Жергілікті жердің ақын жазушылардың шығармалары тарих, әдебиет сабақтарында қосымша сағаттар енгізілсе. 2.Олардың шығарған өлеңдеріне білім беретін бөлімдерінде арнайы бұрыш жасақталса. 3.Жергілікті жердің мұражайында жас ақындардың қолжазбалары жинақталса.