Материалдар / Інжіл құсы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Інжіл құсы

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2019
325
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
№ 4 0 Алма Қыраубаева атындағы орта мектебіҒылыми жоба КЕНЖЕБЕК БАҚДӘУЛЕТ 4-СЫНЫП

1 слайд
№ 4 0 Алма Қыраубаева атындағы орта мектебіҒылыми жоба КЕНЖЕБЕК БАҚДӘУЛЕТ 4-СЫНЫП

Інжіл құсы

2 слайд
Інжіл құсы

Зерттеудің мақсаты: кептерді қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәлімет жинастыру; кептерлердің өсу кезеңіндегі іс - әр

3 слайд
Зерттеудің мақсаты: кептерді қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәлімет жинастыру; кептерлердің өсу кезеңіндегі іс - әрекетін, өзгеруін бақылау арқылы оның қолға бейімділігін анықтау; саналылығы туралы қорытынды шығару; достарыма кептер асырау өте қызықты екендігін, оларды жақсы көру керектігін насихаттау; Зерттеудің міндеттері: - интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы кептердің қолға үйретілуі және түрлері туралы мәлімет жинастыру. - өз кептеріме ұдайы бақылау жүргізу. - жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару.

Құстар - ерекше жаратылыс иесі. Мал бағып, егін шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы қазіргі кезде құс асыраумен де ай

4 слайд
Құстар - ерекше жаратылыс иесі. Мал бағып, егін шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы қазіргі кезде құс асыраумен де айналысып жүр. Оның ішінде кептер асырайтындар көбейді. Кептерлер – құстардың бір отряды.

5 мың жыл бұрын қолға үйретілген 15-20 жыл тіршілік етеді 300-ге жуық түрі бар Қауырсындары құлпырып тұратын алуан т

5 слайд
5 мың жыл бұрын қолға үйретілген 15-20 жыл тіршілік етеді 300-ге жуық түрі бар Қауырсындары құлпырып тұратын алуан түсті болады Жылына 2 рет, кейбіреулері 4-5 рет жұмыртқалайды Ешқашан адаспайды Салмағы 240-350гБасы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа Қанатының ұзындығы – 180-250мм Сағатына 70 шақырым ұшады

Ақ көгершін, көгершін, Әділеттің құсы деп, Қолқанат құс сен едің.

6 слайд
Ақ көгершін, көгершін, Әділеттің құсы деп, Қолқанат құс сен едің. Көз алмастан жолыңнан Бар, кезіп қайт, ел үшін Бақыт болып қоншы деп, Кең дүниенің көлемін. Ұшырамын қолымнан. Көгершіндерді «бейбітшілік құсы» деп атау тарихынан. Ең алғаш Нұх Пайғамбардың кемесіне зәйтүн бұтағын әкеліп, топан судың аяқталғанын және Құдайдың адамдармен татуласқандығын жеткізген осы інжіл құсы болған екен. Сонымен қатар осыдан сан мыңдаған жылдар бұрын әйгілі Венераның көгершіндері Марстың дулығасына жұмыртақалаған екен. Соны көрген Соғыс Құдайы соғыстан бас тартып, халықты қантөгістен аман алып қалыпты деген де аңыз бар.

1949 жылдың сәуір айында Париж бен Прага қалаларында бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі болады. Кон

7 слайд
1949 жылдың сәуір айында Париж бен Прага қалаларында бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі болады. Конгресті өткізуі АҚШ пен КСРО сынды әлемге әйгілі алпауыт екі мемлекеттің атаом бомбасын жасап, Жапония жеріндегі екі қаланы қатыгездікпен жойып жіберуі себеп болады. Осындай сынақтарды тоқтатушыларға эмблема керек болады. Олар атақты Пабло Пикассодан эмблема үшін сурет салып беруін сұрайды. Сол кезден бастап П.Пикассоның тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершін бейнесі бейбітшіліктің нышаны, эмблемасы болып саналыпты.

Бұл суреттің де пайда болу тарихы туралы ел аузында қызықты аңыз бар. Бұл аңызға сенсек, бір күнде

8 слайд
Бұл суреттің де пайда болу тарихы туралы ел аузында қызықты аңыз бар. Бұл аңызға сенсек, бір күндері атақты суретшіге бір өте кедей адам келіп: «Пабло, сен ұлы суретшісің, маған бір сурет салып берші. Мен оны сатып, адам секілді тамақтанар едім» ,-депті. Аң – таң болған Пикассо сол заматта «Бейбітшілік» құсының суретін салып береді. Незінде Пикассо бала кезінен бастап әкесінің бұйыруымен көгершіннің табандарын салып отырған көрінеді. Пикассо көгершінге ерекше ықыласпен қараған секілді. Себебі ол өз қызының есімін Палома (испан тілінде көгершін деген мағынаны білдіреді) деп атаған. Тағы бір қызықты мәлімет бейбітшілік құсы ретінде көгершіннің еркегін емес ұрғашысын алып отырған.

Кептердің түрлері Сүрек Қара кептерКөк кептер Тіз тұмсық Орман кептері Қап кептер Ақ кептер Тәжілі кептер

9 слайд
Кептердің түрлері Сүрек Қара кептерКөк кептер Тіз тұмсық Орман кептері Қап кептер Ақ кептер Тәжілі кептер

Көгершіндер - өте сұлу, таза табиғат жаратылысы болып табылады. Олар жұптасып өмір сүреді. Біреуі өлсе екіншісі де құ

10 слайд
Көгершіндер - өте сұлу, таза табиғат жаратылысы болып табылады. Олар жұптасып өмір сүреді. Біреуі өлсе екіншісі де құсадан өледі. Жұмыртқасын кезектесіп басады. Анасы балапанын жемсауындағы сүт тәріздес қойыртпақпен асырайды. Олар әр түрлі дәнді дақылдармен қоректенеді. Көгершіннің ерекшеліктері

Көгершіндер туралы қызықты оқиғалар. Азия халықтарының ортақ мұрасы саналатын «Гигелемаш» дастаны қышқа жазылған екен

11 слайд
Көгершіндер туралы қызықты оқиғалар. Азия халықтарының ортақ мұрасы саналатын «Гигелемаш» дастаны қышқа жазылған екен. Сондағы он бірінші қыштағы сөздерге қарағанда, кеме Ницар тауында қайырылып қалыпты. «Екі күн өтеді, кеме қозғалмайды, төрт күн, алты күн өтеді. Сосын: Жетінші күн дөп келді, Босатпай тұр бір құз деп, Бұл хабарды жеткіз деп. Көкке ұшырдым кептерді. Деп жазылған екен. Кептер арқылы сәлем жолдау осылай басталған екен. Мысырдың бір перғауыны өз досына әуе арқылы 1800 түйір шие жіберген екен. Ол 600 көгершіннің тұмсығына бір сабақтағы үш шиеден тістеткен екен.

Алғаш мемлекеттік кептер қатынасын Нұреддин сұлтан 1167 жылы орнатып, әр бағыттағы жолдарды жағалай кеп

12 слайд
Алғаш мемлекеттік кептер қатынасын Нұреддин сұлтан 1167 жылы орнатып, әр бағыттағы жолдарды жағалай кептерлерге арналған мұнаралара тұрғызған. Ол әр кептерге 1000 динар ақша төлеген екен. Ал ол ақшаға он қой сатып алуға болады екен. Ал 1249 жылы Мысырға «крест жорығын» жасаушылар келіп қалғанда, бұл хабарды сұлтанға кептер жеткізген. Сол кресшілермен шайқас ортасында Бейбарыста жүрген екен. 1260 жылы Бейбарыс Мысыр тағына отырғанда әр өзенге көпір салумен қатар «кептер» мұнарасын бұрынғыдан да күшті етеп нығайтуға бұйрық берген екен. Тағы бір аңызға сүйенсек қытайда бір екі ғашық болыпты. Олардың қосылуларына әке –шешелері қарсы болған екен. Екі ғашық бірін бірі сағынып зарығыпты. Сол жылдың бір түнінде бүкіл әлемнің барлық кептері жиналып, қыздың терезесінен жігіттің есігіне дейін тұтаса қанат қағып аспалы көпір жасайды. Сол көпір арқылы екі ғашық жүздесіп, мауықтарын басыпты деседі.

Медаль алған көгершіндер Көгершіндер жалпы бірінші дүниежүзілік соғысқа да, екінші дүниежүзілік соғысқа да қатыстырылд

13 слайд
Медаль алған көгершіндер Көгершіндер жалпы бірінші дүниежүзілік соғысқа да, екінші дүниежүзілік соғысқа да қатыстырылды. Жапония түнде ұшатын кептерлер отрядын жасақтады. Ағылшындар соғыс үшін 200 мың пошта көгершінін өсірді. Бұл ел соғыс кезінде маңызды құжаттарды кептерлер арқылы тасыды. Оның бірі – Мэри деген көгершін қанаты уатылып, үш бірдей оқ тигеніне қарамастан хабарды керек жеріне жеткізген. Бұл үшін медаль алыпты. Жалпы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастарға көмектескен иті бар, құсы бар талай жәндік осы Дикин медалін алса, оның 32-сі – кептерлер. Осы медальдің бір иегері Джо деген кептер 20 минутта 35 шақырымға ұшып, бір қаланы бомбалаудан сақтап қалған. Соғыстан кейін көгершіндер поштасы тек Швейцария армиясында қалды. Ал Британияның өзінде әлі күнге кептерлерді қанның анализін апару үшін ұстайды. Лондонның көлік кептелісін бір көрсеңіз, анализді кептермен жіберудің қаншалық қажеттігін байқайсыз.

Әкелген кезде - кептерімнің қанатының ұзындығы – 120мм. Бойы – 15см. Салмағы – 150г Бір айдан кейін - қанатының ұзындығы

14 слайд
Әкелген кезде - кептерімнің қанатының ұзындығы – 120мм. Бойы – 15см. Салмағы – 150г Бір айдан кейін - қанатының ұзындығы – 125мм. Бойы – 18см. Салмағы – 170г Екі айда - қанатының ұзындығы – 129мм. Бойы – 19см. Салмағы –200г Қазіргі кезде - қанатының ұзындығы – 200мм. Бойы – 21см. Салмағы – 250г Күніне 5 - 6 рет тамақ жейді. Бидай жейді, арасында жоңышқаға жайылады. Көк шөп жейді. Көп су ішпейді. 2- 3 рет су ішеді. Шомылдырғанды жақсы көреді, яғни ол суға үйренді. • Күніне 5-6 рет аспанға шарықтап ұшады. Ысқырған кезде қанаттарын қағып, билейді. Негізі билегенді ұрғашысынан көрі еркегі жақсы көреді. Таңғы уақытта күркенің үстіндегі шартағында отырғанды жақсы көреді. Кешке ұйықтайтын уақытында күркесіне қамаймын. Өз ұясын тез тауып алады. Зеттеу бөлімі Көгершінімнің даму кестесі

15 слайд

Түйгенім 1. Мен көгершіндерімді күтіп баптауды әр түрлі істер жасаймын. Бұл менің еңбексүйгіштік қабілетімді шыңдайды. 2. Менің

16 слайд
Түйгенім 1. Мен көгершіндерімді күтіп баптауды әр түрлі істер жасаймын. Бұл менің еңбексүйгіштік қабілетімді шыңдайды. 2. Менің кептерім саналы тіршілік иесі, ол әр түрлі қылықтар шығарады. Ол мені, отбасымды таниды. 3. Үнемі олармен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, менің оған деген жылы сезімім пайда болды. Әсіресе көзіне қарап отырған ұнайды. 4. Көгершіндерім мені жақсы көреді. Әсіресе менің қолымнан жем шоқып жегенді, иығыма отырғанды жақсы көреді. Мен де оларды жақсы көремін. 5. Менің бос уақытым болмайтын болды десем де болады. Себебі мен оларды асырап алғандықтан олардың өміріне жауаптымын. Сондықтан оларға жауапкершілікпен қарауым керек.

Қорытынды • 1. Менің көгершіндерім даму кестесіне сай жетіліп келеді. • 2. Оларға өз күркесінде, менің қолымда тұрған өте қо

17 слайд
Қорытынды • 1. Менің көгершіндерім даму кестесіне сай жетіліп келеді. • 2. Оларға өз күркесінде, менің қолымда тұрған өте қолайлы. • 3. Көгершіндер - саналы, ақылды тіршілік иелері. • 4. Көгершіндерім маған оларға жауапкершілікпен қарап еңбекпен айналысуыма үлкен көмегін тигізеді. • 5. Менің бойымда жауапкершілік қалыптасты Достарыма ұсыныс • 1. Жан – жануарларды, құстарды жақсы көру керек. • 2. Уақыттарыңызды тиімді әрі пайдалы өткізу үшін олармен дос болыңдар. • 3. Телефон, теледидар қарап отырғаннан осындай әдемі бір үй жануарын асырап, оларға күтім жаса. Ата-аналарға ұсыныс • Өз уақыттарыңызды үнемдеу үшін балаларыңызды еңбексүйгіштікке баулу үшін оларға өздері қалаған үй жануарынмен достасуларына мүмкіндік жасаңыздар. Сонда сіздің балаңыз еңбекқор, тиянақты, жауапкершілігі мықты азамат болып өседі.