Материалдар / И.В. Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы-Халида Маманова.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

И.В. Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы-Халида Маманова.

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы күнге дейін беймәлім болып келген Отан соғысының ардагері қайсар қазақ қызы Халида Маманованың ерлігін жұртқа паш ету. Оның өмір жолын оқушыларға жеткізе отырып, үлгі –өнеге беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2020
526
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы - Халида Маманова Дайындаған: БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау колледжінің тарих пәнінің

1 слайд
Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы - Халида Маманова Дайындаған: БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Ж.Ж.Бекжанова

Мақсаты: Осы күнге дейін беймәлім болып келген Ұлы Отан соғысының ардагері қайсар қазақ қызының ерлігін жұртқа п

2 слайд
Мақсаты: Осы күнге дейін беймәлім болып келген Ұлы Отан соғысының ардагері қайсар қазақ қызының ерлігін жұртқа паш ету. Оның өмір жолын оқушыларға жеткізе отырып, үлгі –өнеге алу.

Заманында бай, бақуатты әулет – Маман байдан таған ұрпақтың атақ-даңқы аспандап тұрған еді. «Қазақ» газетінің тоқ

3 слайд
Заманында бай, бақуатты әулет – Маман байдан таған ұрпақтың атақ-даңқы аспандап тұрған еді. «Қазақ» газетінің тоқтап қалмауы үшін қаржылай қолдау көрсеткен, қазақтағы тұңғыш романға бәйге жариялаған, Мамания мектебінің негізін салған бұл әулет туралы көптеп жаза беруге болар.  Біздің бүгінгі әңгімемізде, сол әулеттен тараған бір ғана ұрпақтың дерегін келтірмекпіз.  Қазан төңкерісінен соң, қазақ даласындағы бай-бағландардың, текті тұқымның қуғын-сүргінге ұшырағаны бәрімізге белгілі. Бір ғана Маман әулетінен он бес адам ату жазасына кесілді. Сол әулеттен шыққан, сол әулетке қатысы бар 36 отбасын жер аударып жіберді. Біздің кейіпкеріміз – медицина ғылымының докторы Халида Маманова осы әулеттің тұқымы еді. 

 Халида Маманова өмірбаянына: «Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қараағаш деген жерде, ірі малшы Есенқұл Мамановтың отбасында

4 слайд
 Халида Маманова өмірбаянына: «Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қараағаш деген жерде, ірі малшы Есенқұл Мамановтың отбасында дүниеге келдім», – деп өз қолымен жазыпты. Оның әкесі Есенқұл 58-ші баппен сотталып, үш жылға Қазақстаннан тыс жерге жер аударады. 1928 жылы мал-мүлкін кәмпескелеген соң, Есенқұл бала-шағасымен Чкалов қаласына келеді. Осы жерде байырғы бай баласы Есенқұл қара жұмысқа тұрып, оның әйелі тігін фапбрикасына жұмысшы болып тұрады. Алты баланың үлкені – Халида ол кезде бар болғаны он жаста еді. Айдауда жүрген Есенқұл құрт ауруымен ауырып, сол дерттен айықпаған күйі көз жұмады. Осы елде Халиданың екі кіші інісі шетінейді. Қалған отбасы мүшелері 1932 жылы Алматыға әзер оралды. 

Халида Есенқұлқызы ата жолымен, білім қуағысы келеді. Әуелі қысқа курстарда, одан кейін техникумға, сосын медицина и

5 слайд
Халида Есенқұлқызы ата жолымен, білім қуағысы келеді. Әуелі қысқа курстарда, одан кейін техникумға, сосын медицина институтына оқуға  түседі. Бірақ «байдың қызы» Халиданың тегін білген соң оны оқудан және комсомол қатарынан шығарады. Алайда, түрлі сынақтардан өтіп, оқуын қайта жалғауға мүмкіндік алған Халида осы оқу орнын сәтті бітіріп шығады.  Халида оқуда оқып жүргенде де, одан бұрынғы және кейінгі уақыттарда да Халиданың анасы әркез «қашан айдауға әкетер екен» деген күдікпен қос шабаданға киімдерін, керек-жарақтарын салып, әркез кешке қарай әлгі шабаданның бір бұрысына кішкене нан салып, ауыстырып, күдікпен ғұмыр кешіп жатады. Халиданың отбасындағы бұл үрейлі күй 1958 жылға дейін жалғасады. 

Халида Есенқұлқызы 1941 жылы Қазақ медицина институтын «емдеуші-дәрігер» мамандығы бойынша аяқтайды. Ғылым академиясы

6 слайд
Халида Есенқұлқызы 1941 жылы Қазақ медицина институтын «емдеуші-дәрігер» мамандығы бойынша аяқтайды. Ғылым академиясының Физиология институтының аспиранты болып, оқуын жалғастырмақ болады. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс басталып, 1942 жылдың ақпанында соғысқа аттанады. Медицина институтын бітірген әр түлекке берілуі тиіс кіші лейтенант шені Халида Мамановаға бұйырмайды. Тіпті соғыс даласында медбике болып жұмыс істеуге де рұқсат етілмейді. Себебі, ол «бай тұқымы», сенімсіз элемент. Сөйтіп, халида соғыс даласында бейіт пен окоп қазу жұмысына жегіледі. 

Міне, осы уақытта Халида Маманова Сталинге хат жазады. Хаттың мазмұны «Халық жауы болсам, айыпкерлер ротасына жіберіңі

7 слайд
Міне, осы уақытта Халида Маманова Сталинге хат жазады. Хаттың мазмұны «Халық жауы болсам, айыпкерлер ротасына жіберіңіз. Тірі қалсам, менен және туыстарымнан бүкіл айыпты алып тастаңыз» дегенге саятын. Осылайша, Халида айыпкерлер батальоны – штрафбатқа кетеді. Соғыстан оралған соң да Халида Маманова штрафбаттағы азабы туралы ешкімге ақтарылып сырын ашпапты. Халида Берлинге дейін тірі жетеді. Әскери қызметі 821 батальонда жалғасып, Маманова амбулатория бастығы болып тағайындалды. Бұл батальон Сталинград түбіндегі кескілескен шайқасқа басынан аяғына дейін қатысқаны белгілі. Одан соң, 4-ші Украина, 3-ші Беларусь майданының құрамында Балтық жағалауын азат етіп, 1 және 2-ші Украина майдандарының құрамында Польша, Чехославакия, Германия, Австрияны азат етті. 1943 жылы Халида Есенқұлқызына медициналық қызметтің аға лейтенанты деген шен берілді. Одан бөлек, «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941–45 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 

Халида елге капитан шенімен қайтады. 1946 жылы Қазақ медициналық академиясында патологиялық физиология кафедрасына

8 слайд
Халида елге капитан шенімен қайтады. 1946 жылы Қазақ медициналық академиясында патологиялық физиология кафедрасына жұмысқа тұрып, 1950 жылы кандидаттық диссертациясын жазып бітеді. Бірақ, Халида маманова бұл жұмысын қорғай алмайды. Себеп – бай тұқымы. Сол уақытта Халида маманованың ғылыми жетекшісі Глозман шәкіртіне ғылыми еңбегін КСРО-ның өзге елінде қорғап қайтуға кеңес береді. Нәтижесінде Х.Маманова ғылыми диссертациясын Мәскеуде қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты деген атақ алды.  1959 жылы Ақтөбе қаласында жаңадан медицина институты ашылып, бұл оқу орнының ректоры болып тағайындалған байырғы курстасы Халиданы кафедра меңгерушісі қызметіне шақырды. Маманова сол қызметте жиырма жыл жұмыс істейді, докторлық диссертациясын қорғайды.  Негізгі ғылыми еңбектері патолонология, физиология мәселелеріне арналған. Халида Есенқұлқызы Маманова әр түрлі ауру кезінде ағзада туатын арнайы емес реакцияларға сипаттама берді. Оның қатерлі ісік туралы ғылыми еңбектері Парижде өткен халықаралық конгресте оқылады.  Халида Есенқұлқызы студенттер арасында халық аспаптары ансамблін құрғуға мұрындық болғаны үшін «ұлтшыл» деп айыпталып, «социалистік ағарту және білім беруге қауіп туғызушы» ретінде бағаланады.

Халида Мамановаға Мексика және Орталық Америкаға шақырту келгенде КСРО Сыртқы істер министрлігі рұқсат бермейді.

9 слайд
Халида Мамановаға Мексика және Орталық Америкаға шақырту келгенде КСРО Сыртқы істер министрлігі рұқсат бермейді. Есесіне социалистік Болгарияға шығуына қарсылық танытпаған. Ақтөбе дәрігерлерінің делегациясының құрамында Болгарияға аттанған Халида Маманованың бірнеше күн демалыстан соң суға кеткен денесі табылған. Судмедэксперттер оның кешқұрым суға кеткенін айтады. Ал туыстары, таныстары оның дәл сол мезгілде суға түскенді ұнатпайтынын тілге тиек етеді. Марқұмның денесінен көгерген үлкен дақ байқалған. Оны дәрігерлер суға кеткенде бірдеңеге ұрып алуы мүмкін деп болжам жасаған. Бәлкім, әлдекім ұрған да болар? Марқұмның денесін тек екі апта өткен соң ғана туыстарына берген...  Қазақстан Республикасының 1993 жылы 14 сәуірде шыққан «Репрессия құрбандарын жаппай ақтау туралы» заңына сәйкес, Халида Есенқұлқызы Маманова репрессиядан зардап шегуші деп танылып, ақталды.  Қазіргі таңда Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік-Батыс ауданының бір көшесі Халида Есенқұлқызы Маманованың атына берілген.