Материалдар / Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жарықтың түзу сызықты таралу заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2020
675
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Мектебі Алматы облысы Талдықорған қаласы «Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектеп» КММ Физика пән

1 слайд
Мектебі Алматы облысы Талдықорған қаласы «Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №23 орта мектеп» КММ Физика пәнінің мұғалімі Жуман Мергенбек Сыныбы 8 Пәні Физика Сабақтың тақырыбы Жарықтың түзу сызықты таралу заңы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты 8.5.1.1 – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу; Сабақ мақсаты  Жарық құбылыстарының физикалық мағынасын толық білу;  Жарықтың түзу сызықты таралу заңын, көлеңке және жартылай көлеңке ұғымын түсіну. Бағалау критерийі: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы жайлы ақпарат береді.

Жаңа сабақты түсіндіру 1. https://youtu.be/bMBrUt959PY 2. Көрінетін жарық – барлық жарықтың бірі 3. Оптика – жарық құбыл

2 слайд
Жаңа сабақты түсіндіру 1. https://youtu.be/bMBrUt959PY 2. Көрінетін жарық – барлық жарықтың бірі 3. Оптика – жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі. Жарық - бұл жиілігі 7,5 · 10 14 Гц – 4 · 10 14 Гц (толқын ұзындығы ≈400 нм - ≈760 нм) интервалдағы адамда көру сезімін пайда ететін электромагниттік толқындар. Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері. Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей жарық көздері. Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады. Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны. Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады. Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды. Вакуумде с=300 000 км/с Ауада с= 299 711 км/с Суда с=225 000 км/с Шыныда с= 200 000 км/с Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық. Жарық көздері – жарық шығаратын денелер. Ғаламдағы негізгі жарық көздері -жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз.

Қолдану 1-тапсырма Кестеге мына аталған денелердің қайсысы табиғи жарық көздеріне, қайсысы жасанды жарық көздеріне жататынын ж

3 слайд
Қолдану 1-тапсырма Кестеге мына аталған денелердің қайсысы табиғи жарық көздеріне, қайсысы жасанды жарық көздеріне жататынын жазыңдар: Күн, шырақ, теледидар экраны, жұлдыздар, шіріген заттар, күндізгі жарық шамы, найзағай, газ плитасы жанарғысының жалыны, поляр шұғыласы, дисплей экраны. 2-тапсырма Суретте S жарық көзінің және горизонталь орналасқан төрт білте тақтайдың орны көрсетілген. Осы суретті дәптерлеріңе көшіріп салып, АВ қабырғасының қай жерінде жарықтың жіңішке жолақтары пайда болатынын көрсетіңдер. Жарық көздері Табиғи Жасанды  

Бекіту сұрақтары 1. Оптика нені қарастырады? 2. Жарық деген не? Жарық көздерінің түрлерін ата? 3. Жарықтың вакуумдағы жылдамдығ

4 слайд
Бекіту сұрақтары 1. Оптика нені қарастырады? 2. Жарық деген не? Жарық көздерінің түрлерін ата? 3. Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы неге тең? Сергіту сәті «Ақ бұлақ» бейнебаян. https://www.youtube.com/watch?v=LeOmtCuOKxU Рефлексия «БББ» кестесі Үйге тапсырма Неге деген сұраққа жауап дайындаңдар. 1) Күннің тұтылуы: https://youtu.be/i008r6fugOA 2) Айдың тұтылуы: https://youtu.be/FUB2idOcL3cБілемін Білдім Білгім келеді

Қымбатты балалар!  Сіздер жаңа тақырып бойынша ең негізгі мазмұнды алдыңыздар, басқа материалдарды Сіздер өз мұғалімдерің

5 слайд
Қымбатты балалар!  Сіздер жаңа тақырып бойынша ең негізгі мазмұнды алдыңыздар, басқа материалдарды Сіздер өз мұғалімдеріңізден аласыздар!  Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды мұғалімдеріңізге қоя аласыздар!  Жаңа материалды меңгеруде сәттілік, біздің жас достарымыз!