Материалдар / "Жеңіске құрмет - ұрпаққа міндет" қашықтықтан жүргізілген тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Жеңіске құрмет - ұрпаққа міндет" қашықтықтан жүргізілген тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестермен іс - тәжірибе бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2020
361
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Алматы облысы Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп – интернатының 8 – сынып оқушыларымен 9 мамыр Жеңіс кү

1 слайд
Алматы облысы Талғар қаласындағы облыстық санаториялық үлгідегі мектеп – интернатының 8 – сынып оқушыларымен 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай қашықтықтан жүргізілген тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Шілдебаева Нұрдана Әбілжанқызы

Жеңіске құрмет – ұрпаққа міндет Мақсаты: отансүйгіштікті, ерлікті үлгі ету, отан үшін жан қиған және қазір арамызда жүрген ард

2 слайд
Жеңіске құрмет – ұрпаққа міндет Мақсаты: отансүйгіштікті, ерлікті үлгі ету, отан үшін жан қиған және қазір арамызда жүрген ардагерлерге деген құрмет сезімдерін нығайту. Міндеті: отанға деген жауапкершілікті сезіне білуіне ықпал ету.

Біздің тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі – Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы 1941 жылдан 1945 жылға дейін 1418 күнге созылды

3 слайд
Біздің тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі – Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы 1941 жылдан 1945 жылға дейін 1418 күнге созылды. Адамзатқа алапат қайғы алып келген бұл соғыста Отан үшін от кешкен қазақстандық жауынгерлер ерекше ерлік көрсетті. Тылдағы еңбеккерлер жеңіс үшін не қажеттің бәрін де жасады. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан баһадүр бабаларымыздың ерен ерліктері ұмытылмайды.

Есімдері тарихта алтын әріптермен жазылған батырларымызды мақтан тұтамыз. Олар – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз До

4 слайд
Есімдері тарихта алтын әріптермен жазылған батырларымызды мақтан тұтамыз. Олар – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы. Біз Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық қазақстандық батырлардың аты-жөндерін біліп, оларды құрметтеуге міндеттіміз.

Жеңіс күні – Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмнің біржолата күлі көкке ұшырылған күн. Жеңіс күні – халқымызды фашист басқынш

5 слайд
Жеңіс күні – Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмнің біржолата күлі көкке ұшырылған күн. Жеңіс күні – халқымызды фашист басқыншыларынан қорғап қалған қаһарман жауынгерлердің ерлігіне тағзым ететін ұлы мейрам. Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл! Ұлы жеңістің қандай күшпен келгенін ешбір азамат ұмытпай, соғыс тарихын ұрпақтан - ұрпаққа естелік ретінде қалдыратыны сөзсіз. Азаттықтың ақ таңында өмір сүріп жатқанымыз – соғыстың жеңіспен аяқталуы. Бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Бүгінгі ұрпақ сіздердің алдарыңызда бас иіп, сол бір сұрапыл соғыстан оралмаған бабал

6 слайд
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Бүгінгі ұрпақ сіздердің алдарыңызда бас иіп, сол бір сұрапыл соғыстан оралмаған бабаларымыздың рухына тағзым етеді. Ардақты ардагерлер соғыс жылдарындағы ерліктеріңіз үшін, бүгінгі жасампаз өміріміз үшін және жарқын болашағымыз үшін қарыздармыз. Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әрдайым аспанымыз ашық, елімізде тыныштық болсын!