1 слайд
“ Жайна Құлыншақ” балабашасы
мекемесі
«Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі
және салауатты өмір салтын қалыптастыру
шарттары»
Сейілова Гүлданай Айтмырзақызы
Қызылорда 2020 жыл
2 слайд
Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын
қалыптастыру шарттары
Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала
психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық
жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің
қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы
педогогикалық процесс. Дененің дамуы - тәрбиенің және біздің
қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық
функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары
мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі - еңбекке
қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі.
Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен
функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты.
Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас
шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші
баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту,
денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай
жасау.
3 слайд
Міндеттері:
1. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.
2. Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді
қалыптастыру.
3. Бала денесін шынықтыру.
4. Балалардың жүру, жүгіру. Секіру, өрмелеу, лақтыру
сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.
4 слайд
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру негізіне мыналар
жатады:
Балалар күтімі және өсуіне қолайлы мәдени-
гигеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн
тәртібі,тамақтандыру, дененің
тазалығы,баланың жасына, ауа-райына ыңғайлы
киінуі, гимнастика және қимылды ойындар
ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге
шығару, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану.
5 слайд
Дене тәрбиесінде қажетті жағдайлар:
Балалардың мен өсіуіне қолайлы мәдени –
гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған
күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы,
баланың жасына және ауа райына жылы-
жайлы киіну, гимнастика және қимылды
ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру,
серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді
пайдалану. Шынықтыру құралдары: ауа, су,
күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды
сауықтыратын процедура түрінде , ауа және
күн ваннасын, шомылу, сулы шүберекпен
ысқылану, үстіне суық су құйыну түрінде
пайдаланады.
6 слайд
Д
ұ
р
ы
с
т
а
м
а
қ
т
а
н
у
п
и
р
а
м
и
д
а
с
ы
7 слайд
Күн режимін дұрыс жасау
8 слайд
Валеология
Валеологиялық тәрбие балаларды тәрбиелеу және өмірлерін
ұйымдастыру: дербес қимыл әрекеті, мәдени-гигиеналық
дағдыларын тәрбиелеу, салауатты өмір салты, сауықтыру-
шынықтыру шаралары дағдыларын қалыптастыру арқылы
жүзеге асады.
Салауатты өмір салты
Күнделікті шынықтыру шараларын өткізуге жағдай жасау:
- серуен және күндізгі ұйқыдан кейін беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу;
- спорт залында жалаң аяқ жүру, ұйқыға дейін және ұйқыдан кейін кілем
үстінде, дымқыл тұзды жолмен, ортопедиялық кілем үстімен жүру;
- гигиеналық және сауықтыру мақсатында тамақты және ауызды салқын сумен
шаю;
- жылы-суық ауа ваннасы (температурасы әр түрлі бөлмеден бөлмеге өту, үйден
далаға шығу).
9 слайд
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Өз бетімен жеңдерін түру, сабынмен қолын жуу және беті-қолын
құрғатып сүрту, тіс щеткасымен тісін тазалау, сабын, тіс пастасын
қолдану, киімін суламау, сүлгіні белгілі орынға ілу, бет орамалмен
мұрнын сүрту сияқты жеке бас тазалығының қарапайым дағдыларын
қолдануға арналған ойындар мен жағдайлардың үлгісін құру.
Балаға іс-әрекеттерді орындауға (түймені түймелеу мен ағыту,
шұлықты кию және т.б.) жеткілікті уақыт беру.
Баланы күнделікті өмірде құрбы-құрдастарына көмектесуге тарту.
Тамақтану кезінде үстел басындағы мінез-құлық мәдениетінің: қасық,
шанышқы, арнайы пышақты қолдану, сулықпен аузын сүрту, тамақты
аузын жауып, ұқыпты шайнау, нан қиқымын шашпай, сорпаны, шайды
төгіп алмай ішу, тамақтан соң ауызды шаю үлгісін көрсету.
Баланың тамақ түрлерінен нені жақсы көретінін, нені ұнатпайтынын,
ненің пайдалы және ненің зиян екендігін талқылау.
Баланы жаңа тағам түрлеріне біртіндеп үйрету. Баланың нашар
тәбетіне баса назар аудармау. Құрбы-құрдастарының үстел басындағы
мінез-құлқын мадақтап, үлгі ретінде көрсету. Балаларға көкөністер мен
жемістерді қалай және не үшін жуу керектігін түсіндіру. Балалардың
жеке басының гигиенасын сақтамауы жайлы көркем шығармалар оқу,
талқылау, өзін қалай ұстау керектігі туралы ойларын ортаға салу
10 слайд
Салауат
ты
өмір
салтыЖеке бас
гигиенасын сақтау
Дене тәрбиесі
және спорт
Қоршаған ортаның
тазалығы Дұрыс
тамақтану
Күн тіртібін
дұрыс
ұйымдастыру
Зиянды дағдыларға
әуестенбеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз