Материалдар / музыкалық дидактикалық ойындар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

музыкалық дидактикалық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын орталық тәрбиешілеріне арналған дидактикалық ойындар туралы презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2019
873
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Музыкалық дидактикалық ойындар тізімі 1 «Күн» 2 «Туған күн» 3«Көңілді ысқырық» 4 «Ғажайып светофор» 5 «Әуенді терезе» 6 «Көңіл

1 слайд
Музыкалық дидактикалық ойындар тізімі 1 «Күн» 2 «Туған күн» 3«Көңілді ысқырық» 4 «Ғажайып светофор» 5 «Әуенді терезе» 6 «Көңілді паровоз» 7«Тракторлар» 8 «Күн мен жаңбыр» 9 «Баланың қайырымдылығын бақылау» Шы ғармашылық

Картатека № 1 «Күн» Мақсаты: Дыбыс жоғарылығын айыра білу. Нотаның орналасуын білуге үйрету. Ойын құралдары

2 слайд
Картатека № 1 «Күн» Мақсаты: Дыбыс жоғарылығын айыра білу. Нотаның орналасуын білуге үйрету. Ойын құралдары: Үлкен форматта бейнеленген даланың суреті,аспанда бес сызық сызылған.Күн суреті бейнеленген ноталар сегіз дана.Күн бірте бірте үлкейтіліп жасалынған. Балаларға үйлестіріп берілетін құралдар: Файлға салынған альбом,ноталар күн бейнеленген әр балаға бір данадан беріледі. Ойын барысы: Жүргізуші:Бір күні,күн болыпты,күн таңертен ертемен тұрып,керіліп бойын жазып,өзінің білетін әнін шырқайды. Мен күнмін жарқыраған, Өте - өте тазамын! Тазалықты сүйемін, Күнде - күнде жуынамын! Балаларым жан жаққа, Кетті шашырап! Жинап алуға сізден, Тұрмын көмек сұрап! Балалар күнді ретімен бес сызыққа орналастырады. Мен таптым кішкентай күнді- деп,бірінші сызыққа орналастырады. Атын айтады (ми)- деп.Балалар қайталайды,кішкентай күннің суретін көрсетіп балалар фортепианомен дыбыстайды. Ойын солай жалғасады. Әр оқуда күн бейнеленген ноталар,әр түрлі болып келеді. Тапсырмаға байланысты.

Картотека №2 «Туған күн» Мақсаты: Музыкалық шығармаларды айыра білуге үйрету. Балаларға көңілді күй сыйлау. Ойын құралда

3 слайд
Картотека №2 «Туған күн» Мақсаты: Музыкалық шығармаларды айыра білуге үйрету. Балаларға көңілді күй сыйлау. Ойын құралдары: Ойыншықтар,қоян,торғай,күшік,мысық, құлыншақ,балапан,т.б. Шағын ойыншық стол отырғыштарымен,ыдыс құралдары,коробка силықтар қоянға арналған. Ойын барысы: Жүргізуші: Балалар қараңдаршы,бүгін қоянымыз күндегіден ерекше,әдемі киінген,бүгін қоян не үшін әзірленіп жүр екен,кім айтады? Жүргізуші: Үйткені бүгін қоянның туған күні екен,міне біреу есік қағады,бұл кім болды екен? Жүргізуші фортепиано аспабымен дыбыстайды. Балалар кімдер келгенін айтады.Содан соң «ойыншық қонақ»силығымен келіп,қоянға силық береді. Ойыншықтар столға жайғасып,білетін әндерді айтады. Ойын соңында жүргізуші балаларға сұрақ қояды: Балалар ал сендер қоянға не силайсыздар ? Балалар өздерінің білетін әндерін немесе билеп береді.

Картотека № 3 «Көңілді ысқырық» Мақсаты: Ырғақты қимыл қозғалысын дамыту. Ойын құралдары: Паровоз бенен пароход суреті,темі

4 слайд
Картотека № 3 «Көңілді ысқырық» Мақсаты: Ырғақты қимыл қозғалысын дамыту. Ойын құралдары: Паровоз бенен пароход суреті,темір жол теңіз суреті.Картоннан қиылған дөңгелектер(үлкен дөңгелек ұзақ дыбысты білдіреді,кіші дөңгелек қысқа дыбысты білдіреді.) Ойын барысы: Жетекші:Қараңдаршы балалар,қандай әдемі пароход теңіз бетімен жүзіп келеді.Ол бізге өзінің көңілді ысқырығымен сәлем жолдағысы келеді,тыңдаймызба? Дөңгелектерді араластырып пароход тұрбасының бойымен созып қояды. Балалар шапалақтап,немесе аяқтарыменен топылдатып,дыбыс ырғағын,дөңгелектер орналасуыменен жасайды. (Паровоз да сол күйінде ойналады.)

Картотека №4 «Ғажайып светофор» Мақсаты: Жол ережелерін сақтауға үйрету. Түстерді ажырыта білу.

5 слайд
Картотека №4 «Ғажайып светофор» Мақсаты: Жол ережелерін сақтауға үйрету. Түстерді ажырыта білу. Музыка арқылы қимылды қозғалысын дамыту. Ойын құралдары: Қызыл,сары,жасыл түсті дөңгелектер. Қызыл дөңгелектің келесі жағында ұйықтап жатырған қоянның суреті бейнеленген. Сары дөңгелектің келесі бетінде билеп Тұрған қоянның суреті бейнеленген. Жасыл дөңгелектің келесі бетінде маршпен жүріп келе жатырған қоянның бейнеленген суреті. Жүргізуші балаларға дөңгелектің түсін көрсетіп келесі жағын көрсетеді. Балалар дөңгелектің түсін танып, сол сурет бойынша қимыл жасайды. Қимыл жасап мына әнді шырқатады: Міне, жанды светофор, Сен онымен керіспе! Не,көрсетсе светофор, Соны ұқта, және істе! Қызыл шамы жанғанда, Тыныш ұйықта қозғалма! Сары шамы жанғанда, Тұр да биле орныңда! Жасыл шамы жанғанда, Марш екпінде жүр алға!

Картотека №5 «Әуенді терезе» Мақсаты: Дыбыс жоғары төменділігін ажырата білуге үйрету. Аспаптарды дыбыс

6 слайд
Картотека №5 «Әуенді терезе» Мақсаты: Дыбыс жоғары төменділігін ажырата білуге үйрету. Аспаптарды дыбыстардан тануға баулу. Ойын құралдары: Үйшік терезесі жаппаланған, жануарлар суреті, немесе ойыншық жануарлар. Ойын барысы: Жүргізуші,балаларды терезеге назар аудартып, өлеңін оқиды: Терезеде мысық отыр, Мяулайды жәй ғана! Секіріп ол терезеден, Қашып кетті далаға! Айтыңдаршы балалар ? Үйде енді кім қалды, Терезені қағады. Бір ойыншы таңдалып,терезе артына тығылып,қалаған Ойыншығын таңдап,қандай ойыншық екендігін дыбыс ырғағымен, немесе кимылменен білдіреді.Балалар жаппаның артында тұрған кандай кейіпкер екендігін айтып табады.Таба алмаса ойыншық үйде қалады,ал таба алса,ойыншықты еңбегімен ұтып алады. Ойын солай жалғасады.

Картотека №6 «Көңілді паровоз» Мақсаты: Балалардың дыбыс ұзақтылығын дамыту. Ойын құралдары: Паровоз арбаларыменен,әр бір

7 слайд
Картотека №6 «Көңілді паровоз» Мақсаты: Балалардың дыбыс ұзақтылығын дамыту. Ойын құралдары: Паровоз арбаларыменен,әр бір терезеде Баланың суреті,терезелері ашылғанда ноталардың Ұзақтылығы көрінуі керек. Ойын барысы:Саз жетекшісі: Қараңдаршы паровоз, Арбаларын сүйрейді. Ол ұзақ жол жүреді, Пойызымыз әуенді. Қайырмасы: Паровоз гуілдейді, Ноталарды тасиды. 1- нұсқауы: Шақырылған бала өз қалаған терезесін ашады,нотаны көрсетеді,айтады да әндетеді.Барлық бала артынан қайталайды. 2-нұсқауы: Барлық бала әннің қайырмасын әндетіп,нотаның орнына тапсырманы орындап тұрған баланың атын айтады. Ойын әрі қарай жалғасады.

Картотека №7 «Тракторлар» Мақсаты: Балалардың қимылды қозғалысын дамыту. Ойын барысы: Жетекші балаларды екі қатарға тұрғыз

8 слайд
Картотека №7 «Тракторлар» Мақсаты: Балалардың қимылды қозғалысын дамыту. Ойын барысы: Жетекші балаларды екі қатарға тұрғызады да мына өлең шумағына айтқызып жүргізеді. Тара тара та ра ра, Тракторлар жүр алға. Шығамыз далаға, Осы шумақтарға аяқтарын алшақ басып,қаттырақ топылдатады. Қопсытып жерлерді, Егінді егеміз. Жерден нан тереміз, Осы шумақтарға жұп болып бір біріне қарама қарсы қарап,қолдарын айналдырады, қолдарын жәйіп егін себелейді, тағыда қолдарын айналдырады. Осылай қимыл жалғасады.

Картотека №8 «Күн мен жаңбыр» Мақсаты: Балаларға көңілді күй силау.Музыка арқылы қимыл қозғалыстарын д

9 слайд
Картотека №8 «Күн мен жаңбыр» Мақсаты: Балаларға көңілді күй силау.Музыка арқылы қимыл қозғалыстарын дамыту. Ойын барысы: Балалар алаңда жанжақта шашыраңқы жүреді. Музыканың сүйемелдеуімен алақандарын соғып мына өлең жолдарына қосылып әндетеді. Жарқырайды күн, Бақшада біздің. Шапалақтап алақанды, Қуанып жүрмін. Осы сәтте жүргізуші: «Жаңбыр» деген сигнал береді, Барлық бала осы сәтте қол шатыр астына тығылуы керек. Жаңбыр астына қалған бала ойыннан шығады. Ойын солай жалғасады.

Картотека №9 «Баланың қайырымдылығын бақылау» Мақсаты: Балаларды адамгершілікке,қайырымдылыққа баулу. Бұл ойын тек б

10 слайд
Картотека №9 «Баланың қайырымдылығын бақылау» Мақсаты: Балаларды адамгершілікке,қайырымдылыққа баулу. Бұл ойын тек бір рет ғана ойналуы керек. Ойын барысы: Бір топ бала қатар қатар тұрады,алдынан Бір қыз өтіп бара жатып байқаусыздан Бет орамалын жерге түсіріп алады. Кімде кім бала тез шешім қабылдап,қыздың бет орамалын жерден көтеріп қызға апарып береді,сол бала жеңіске жетеді. Қайырымды бала болып есептеледі.