Материалдар / Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге қосымша ақпарат ретінде керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2020
645
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері

1 слайд
Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері

Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айна

2 слайд
Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады. Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасаса

3 слайд
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады. Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттық іс жүргізу бойынша көмекші сипатта болуы мүмкін тапсырмаларын орындауға құқылы. Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ.

Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді ж

4 слайд
Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіптік білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өту мақсаты болып табылады. Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.

Тағылымдамадан өту Республикалық нотариаттық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйр

5 слайд
Тағылымдамадан өту Республикалық нотариаттық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады

6 слайд
Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және нотариустың кәсіби және этикалық мінез- құлық нормаларын зерделеуді, нотариустар немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білімдер, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру жөнінде практикалық дағдыларды алуына бағытталған іс-шаралар тізбесін қамтуға тиіс.

Тағылымдама мерзімін қысқарту тағылымдамадан өтушіні тағылымдамадан өту бағдарламасын меңгеру міндетінен босатпайды.

7 слайд
Тағылымдама мерзімін қысқарту тағылымдамадан өтушіні тағылымдамадан өту бағдарламасын меңгеру міндетінен босатпайды. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды дайындайды, оны он жұмыс күні ішінде нотариаттық палата бекітеді. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын тағылымдамадан өтуші толық меңгермеген жағдайда оған қосымша уақыт беріледі.

Тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілгеннен кейін ол үш жыл бойы жарамды болып табылады. Тағылымдамадан өтушілерді

8 слайд
Тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілгеннен кейін ол үш жыл бойы жарамды болып табылады. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын толық меңгеру тағылымдамадан өтудің міндетті талабы болып табылады. Терiс себептермен атқарып жүрген қызметінен босатылғандарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік нотариустың жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.

Тақырыпқа сай тест тапсырмасы 1. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін. А) Шетел азаматы нотариустың

9 слайд
Тақырыпқа сай тест тапсырмасы 1. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін. А) Шетел азаматы нотариустың көмекшісі бола алады Б) Жоғары заң білімі бар, Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады В) Заңды тұлға нотариустың көмекшісі бола алады С) Қаржыгер нотариустың көмекшісі бола алады Д) Депутат нотариустың көмекшісі бола алады 2. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста қандай шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады? А) Еңбек шарты Б) Мәміле В) Рента шарты С) Айырбас шарты Д) Сенімхат

3. Тағылымдамадан өтушілер кемінде неше жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді? А) Бір

10 слайд
3. Тағылымдамадан өтушілер кемінде неше жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді? А) Бір жыл Б) Екі жыл В) Бес жыл С) Үш жыл Д) Төрт жыл   4. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы не жасасады? А) Шарт Б) Мәміле В) Шешім С) Бұйрық Д) Ештеңе жасаспайды

5. Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыр

11 слайд
5. Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттық іс жүргізу бойынша қандай сипатта болуы мүмкін? А) Көмекші Б) Нотариус В) Адвокат С) Судья Д) Заңды тұлға   6. Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы барма? А) Құқығы бар Б) Өзінің мөрін пайдалануға болады В) Қол қоюға құқығы бар С) Нотариус жоқта құқығы бар Д) Құқығы жоқ

7. Бір нотариустан бір мезгілде нешеден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады? А) Біреуден Б) Үшеуде

12 слайд
7. Бір нотариустан бір мезгілде нешеден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады? А) Біреуден Б) Үшеуден В) Екеуден С) Төртеуден Д) Бесеуден 8. Тағылымдамадан өту Республикалық нотариаттық палатамен келісім бойынша және қандай Қазақстан Республикасы министрінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады? А) Әділет министрінің бұйрығымен Б) Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен В) Әскери министрінің бұйрығымен С) Бас прокурордың бұйрығымен Д) Төрағаның бұйрығымен

9. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсе

13 слайд
9. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін не дайындайды? А) Бұйрық Б) Шешім В) Қорытынды С) Қаулы Д) Өсиет   10. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды дайындайды, оны неше жұмыс күні ішінде нотариаттық палата бекітеді? А) Екі жұмыс күні Б) Үш жұмыс күні В) Төрт жұмыс күні С) Он жұмыс күні Д) Бір жұмыс күні