1 слайд
Өндірістік тәжірибе
Тақырыбы:
2-КС нысаны: Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп.
2-сауда нысаны: Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу
туралы есеп.
2 слайд
«Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп»
(индексі 2-КС, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік
статистикалық байқаудың статистикалық нысаны.
«Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп» (индексі 2-
КС, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық
байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі
нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан
Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан
әрі - Заң) 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3 слайд
2-КС нысанын толтыруда қолданылатын
ұғымдар:
банктердің кредиттері;
басқа да қарыз қаражаттары;
биомасса;
Биогаз;
геотермальдық энергия;
ғимараттың жалпы құрылыс көлемі;
сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай;
жаңартылатын энергия көздерi;
жергілікті бюджет қаражаттары;
меншікті қаражаттар және т.б
4 слайд
Статистикалық байқауларда пайдалануға берілген
объектілер туралы деректерді толтыруға объектіні
пайдалануға беруді қабылдау және меншік иесінің өз
бетінше салынған объектіні пайдалануға беру қабылдау
актілері негіз болып табылады. Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы» Заңына сәйкес ресімделген актілердің
көшірмелері статистикалық есептілік нысанымен бірге
ұсынылады.
5 слайд
Статистикалық нысандарды меншік
нысанына және объектілерді пайдалануға беруді
жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысанына
қарамастан экономикалық қызметтің барлық
түрлерінің респонденттері (құрылыс салушы
ұйымдар) тапсырады.
6 слайд
Статистикалық нысанды ұсыну қағаз жеткізгіште
немесе электрондық түрде жүзеге асырылады.
Статистикалық нысанды электрондық түрде толтыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің интернет-ресурсында
(https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған «Деректерді
он-лайн режимде жинау» ақпараттық жүйесі арқылы
жүзеге асырылады.
7 слайд
Статистика комитетінің интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/)
орналастырылған статистикалық нысанмен толық танысуға болады
8 слайд
«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу
туралы есеп» (индексі 2-сауда, кезеңділігі айлық)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың
статистикалық нысаны
«Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу
туралы есеп» (индексі 2-сауда , кезеңділігі айлық)
жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың
статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
(бұдан әрі - Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы
Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына
сәйкес әзірленді.
9 слайд
2 сауда нысанын толтыру барысында
қолданылатын ұғымдар:
1. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және
жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
2. Бөлшек сауда;
3. Көтерме сауда;
4. Тауар қорлары;
5. Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша
көрсетілетін қызметтер.
10 слайд
1-бөлімде респонденттердің орналасқан жеріне (облыс,
қала, аудан, елді мекен) қарамастан тауарларды нақты
өткізу орны көрсетіледі. Егер кәсіпорынның әртүрлі
облыстарда (өңірлерде) статистикалық нысанды тапсыру
бойынша өкілеттілігі жоқ бірнеше құрылымдық және
оқшауланған бөлімшелері (сауда нүктелері) болса, заңды
тұлғалар статистикалық нысанды әрбір құрылымдық және
оқшауланған бөлімшенің орналасқан орнын 1-бөлімде
көрсете отырып тапсырады.
2-бөлімде 1, 2, 4, 5-жолдарда заңды тұлғалардың қолма-
қол ақшамен және ақшаны қолма-қол төлемей есеп
айырысуы арқылы сатып алушыларға сатылған тауардан
немесе көрсетілген қызметтен түскен ақшалай түсім сомасы
көрсетіледі.
11 слайд
Статистикалық нысанды ұсыну қағаз жеткізгіште
немесе электронды түрде жүзеге асырылады.
Статистикалық нысанды электронды түрде толтыру
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің интернет-ресурсында
(https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған «Деректерді
он-лайн режимде жинау» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.
12 слайд
Статистика комитетінің интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/)
орналастырылған статистикалық нысанмен толық танысуға болады
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз