Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2021
483
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1 слайд
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға» Осы үшеуі бірдей тең болса, оқу қиса

2 слайд
«Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға» Осы үшеуі бірдей тең болса, оқу қисаймай, ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмағанда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты орнықсыз» - деген екен. Үлкен ағартушы, ірі ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы

Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді

3 слайд
Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Белсенділікке оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Педагогикалық процесте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады. Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталаты

4 слайд
Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.

Бізге қажеттінің бәрі өзіміздің басымызда Теодор Рузвельт. Зерттеу жұмыстары ж

5 слайд
Бізге қажеттінің бәрі өзіміздің басымызда Теодор Рузвельт. Зерттеу жұмыстары жалпы жүйесінің негізгі кезеңдері - проблеманың өзектілігі (болашақ зерттеулерді анықтау, проблемаларды табу); - зерттеу саласын анықтау (негізі мәселелерді белгілеу); - зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу шеңберін белгілеу); - шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау); - зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау; - ақпараттар жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу); - алынған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, материалдарды жинақтау); - есеп беруге дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау; - баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау,ь сұрақтарға жауап беру).

Зерттеу проблемасы - бұл ашылатын және дәлелденетін белгісіз нәрсені білдіреді. Тақырып - мәселенің сипаттамалық ерек

6 слайд
Зерттеу проблемасы - бұл ашылатын және дәлелденетін белгісіз нәрсені білдіреді. Тақырып - мәселенің сипаттамалық ерекшеліктерін көрсетеді. Тақырыпты анықтау үшін алдымен келесі сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз, бұл сізді дұрыс таңдауға «итеруге» көмектеседі:  - Мені не қызықтырады?  - Мен ең алдымен не істегім келеді?  - Мен бос уақытымда не істеймін?  - Менің қай пәндерден бағаларым жақсы?  - Мүмкіндігінше не ні көбірек білгім келеді?  - Мен немен мақтанар едім? . -

Зерттеу жүргізудің ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, “ problema ”

7 слайд
Зерттеу жүргізудің ең маңызды нәрсе проблеманы көре білу болып табылады. Проблема жай ғана мәселе деген сөз емес, “ problema ” сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда (міндет”, “кедергі”, “қиындық” деген ұғымды білдіреді. Проблема теориялық немесе практикалық болуы мүмкін. Ол – белгілі бір қиыншылыққа тап болу. Қиындықтан шығу зерттеуге бағытталған жан-жақты ізденісті талап етеді. Тақырып проблеманың сипатын ашып береді. Зерттеу тақырыбы түрліше болуы мүмкін. Ең бастысы, өзіне қызықты болуы керек. Тақырыптарды негізгі үш топқа бөлуге болады: - қиялға негізделген құбылыстарға бағытталған фантастикалық тақырып; - өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу және практикамен тығыз байланысты эмпирикалық тақырыптар; - түрлі қанаркөзден алынған деректермен, материалдармен танысу жұмыстарына бағытталған теоретикалық тақырыптар.

Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – “ hypothesis ” ежелгі грек тілінен аударғанда құбыл

8 слайд
Тақырыпты таңдағаннан кейін болжам жасауға үйрену керек. Болжам деген сөз – “ hypothesis ” ежелгі грек тілінен аударғанда құбылыстар арасындағы заңды байланыстар жөнінде негіздеме деген ұғымды білдіреді. Болжам – бұл әлі айқындалмаған, логикалық дәлелденбеген және тәжірибеден өтпеген білім. Болжам шындық та, жалған да болуы мүмкін емес, ол тек ғана анықталмаған құбылыс. Егер болжам теорияға айналмаса, жалғанға айналады. Болжамдағы басты талап нақты материалдармен келісілуі тиіс. Зерттеу объектісі – теория мен практикадағы байланыстар, қатынастар, қасиеттер жиынтығы және ақпараттар зерттеудің қажетті қайнар көзі қызметін атқарады.

Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады.

9 слайд
Зерттеу пәні нақтырақ. Ол жұмыстағы танысуға жататын қатынастар мен байланыстан тұрады, ғылыми ізденістің шекарасын орнатады. Әрбір объектіде бірнеше зерттеу пәндерін бөліп алуға болады. Мақсат зерттеушінің негізгі жоспарына сәйкес қысқа, нақты болады. Ол зерттеудің міндеттеріне дамытылады, айқындалады. Зерттеудің келесі зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Бақылау, эксперимент, ақпараттар іздеу, жинау зерттеу әдістері бола алады. Бақылау - өте кең таралған және тиімді зерттеу әдісі. Бақылау әдісін белгілі бір мақсатқа негізделген қабылдау түрі деп атайды. Ол практикалық, танымдық міндеттерде бақылау зерттеу әдісі ретінде түрді сипаттайды. Эксперимент – зерттеу әдістерінің ең маңыздысы. Ол барлық ғылым саласында зерттеумен бірге қолданылады. “Эксперимент” деген сөз латынша “ experimentum ”, аудармасы “тәжірибе” деген ұғымды білдіреді. Бұл таным әдісі арқылы қоғамдағы немесе табиғаттағы құбылыстар қатаң бақылау мен басқару жағдайында зерттеледі. Кез келген эксперимент тексеру мен салыстыру мақсатында қандай да бір практикалық әрекетті көздейді. Эксперимент ойлану кезеңін өткізетін ойда жүрген мәселе де болуы мүмкін.

Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді: 1. Ойлау; 2. Өзіне өзі

10 слайд
Зерттеуші зерттеу жолдарын анықтағанда, алдымен, материалдар жинайды және төмендегі тәртіппен жүйелейді: 1. Ойлау; 2. Өзіне өзі сұрақ қою; 3. Басқа адамнан сұрау; 4. Кітаптардан қарау; 5. Бақылау; 6. Эксперимент жүргізу; 7. Интернет жүйесін қарау; 8. Материалдар жинақтау; 9. Қорытынды жасау. Зерттеу нәтижелерін жүйелеу үшін ізденудің кілті ретінде төмендегі сызба жүйесін ұсынуға болады: Мысалы: тірі табиғат, білім саласы – экология. 1. Қайда тіршілік етеді? 2. Немен қоректенеді? 3. Негізгі ерекшеліктері: жануар типі, класы, отряды, тұқымдасы, туысы, түрі. 4. Ең басты жаулары.

Немесе мынадай бағыт: ұлы ойшылдар. 1. Қайраткер адамға жалпы сипаттама. 2. Қашан және қайда дүниеге келген? 3. Өскен ортасына с

11 слайд
Немесе мынадай бағыт: ұлы ойшылдар. 1. Қайраткер адамға жалпы сипаттама. 2. Қашан және қайда дүниеге келген? 3. Өскен ортасына сипаттама. 4. Қайда өмір сүрді? 5. Алғашқы қызметі. 6. Қызметіндегі негізгі жетістіктері. 7. Ол туралы еңбектер. 8. Замандастарының оған қатынасы. 9. Ол туралы қазір қандай пікірде? Сұрақтар түрліше болуы мүмкін, олардың қатарын оқушы өзі арттыруына болады. Зерттеудің соңғы кезеңі орындалған зерттеу жұмысын қорғаумен аяқталады. Қорғау – зерттеудің жетістігі және жаңа зерттеулердің бастапқы кезеңі болып табылады. Қорғауға әдетте шектеулі уақыт (10-15 минут) беріледі. Осы уақыт ішінде зерттеуші ғылыми тақырыбының өзектілігін аша білуі тиіс, сондай-ақ жұмыстың логикасы, тілі, құрылымы мен жиналған материдың құндылығы, практикалық мәні бағаланады.

Ғылыми жобалар конкурсы жыл сайын Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен бекітілген 4 бағыт бойынша өткі

12 слайд
Ғылыми жобалар конкурсы жыл сайын Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен бекітілген 4 бағыт бойынша өткізіледі: 1. «Ғылыми – техникалық про гресс- экономикалық өсудің негізгі буыны» Секциялар: Физика, Техника, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар   2. «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» Секциялар: Математика, Қолданбалы математика, Экономика, Информатика   3. «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асырудың негізі». Секциялар: Биология, Химия, Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау 4. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары» Секциялар: Тарих, Өлкетану, Этномәдениеттану, Әдебиет, Тіл білімі, Адам және қоғам.

Зерде Мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша жүргізіледі: 1-секция - қазақ тілі мен әдебиеті; 2-секц

13 слайд
Зерде   Мектеп оқушыларының зерттеу жұмыстарын қорғау 8 секция бойынша жүргізіледі: 1-секция - қазақ тілі мен әдебиеті; 2-секция - орыс тілі мен әдебиеті; 3-секция - математика - информатика; 4-секция - физика - техника; 5-секция - медицина, психология; 6-секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану; 7-секция –биология, химия; 8-секция – экология, валеология.

Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар ҚұрылымыҚұрылымы Мазмұнға қойылатын талаптарМазмұнға қойылатын талаптар Титуль бетіТи

14 слайд
Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар ҚұрылымыҚұрылымы Мазмұнға қойылатын талаптарМазмұнға қойылатын талаптар Титуль бетіТитуль беті - Жұмыс орындалған оқу мекемесінің атыЖұмыс орындалған оқу мекемесінің аты - Автордың аты-жөніАвтордың аты-жөні - Ғылыми жұмыстың тақырыбыҒылыми жұмыстың тақырыбы - Ғылыми жетекшісінің аты-жөніҒылыми жетекшісінің аты-жөні - Қала және жылы жазылады.Қала және жылы жазылады. МазмұныМазмұны -бөлімдер мен тараулардың атттары-бөлімдер мен тараулардың атттары -материалдар жинақталған беттері жазылады-материалдар жинақталған беттері жазылады Кіріспе (екі беттен кем Кіріспе (екі беттен кем болмауы тиіс)болмауы тиіс) -шешілетін мәселенің немесе міндеттердің қазіргі жағдайына баға-шешілетін мәселенің немесе міндеттердің қазіргі жағдайына баға -жұмыстың қажеттілігі жөнінде негіздеме-жұмыстың қажеттілігі жөнінде негіздеме Негізгі бөлім (он беттен кем Негізгі бөлім (он беттен кем болмауы тиісболмауы тиіс Зерттеудің нақты тақырыптары бойынша бөлім материалдарынан Зерттеудің нақты тақырыптары бойынша бөлім материалдарынан тұрады. Автор басқа авторлардың еңбектеріне сілтеме жасайды.тұрады. Автор басқа авторлардың еңбектеріне сілтеме жасайды. ҚорытындыҚорытынды Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша қорытындылар жасалады.қысқаша қорытындылар жасалады. Әдебиеттер тізіміӘдебиеттер тізімі Ғылыми жұмысты жазу кезінде пайдаланылған Ғылыми жұмысты жазу кезінде пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.әдебиеттерден тұрады.