Материалдар / Презентация. Ғылыми жоба "Құрақ өнері- тарихи жәдігер"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Презентация. Ғылыми жоба "Құрақ өнері- тарихи жәдігер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл презентацияда ғылыми жоба қорғауда өте керекті материалдар бар. Құрақ өнерінің толық нұсөасы берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2019
1380
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қазақстан Республика сының ғылым және білім министрлігі Ақтөбе облысы Секциясы: Дизайн және өнер Тақырыбы:Құрақ өнері -т

1 слайд
Қазақстан Республика сының ғылым және білім министрлігі Ақтөбе облысы       Секциясы: Дизайн және өнер   Тақырыбы:Құрақ өнері -тарихи жәдігер       Авторы: Хайрулла Нұрила, 7 «ә» класы, №60 ЖББОМ, Ақтөбе қаласы   Жетекшісі: Жаймаганбетова Аккенже Нурлановна, №60 ЖББОМ, технология пәні мұғалімі, Ақтөбе қаласы                

Хайрулла Н ұрила Ту ған : 20.03.2006 Класы: 7 « ә » Қыз

2 слайд
Хайрулла Н ұрила Ту ған : 20.03.2006 Класы: 7 « ә » Қызығушылығы : қолөнермен айналысу Жақсы көретін пәні: көркем еңбек,математика

Аннотация Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейд

3 слайд
Аннотация     Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Оның бір қасиеті, өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т.б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан-ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан өнері – сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы.    Қазақ қол өнері – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері.   Казахское народно  -  прикладное искусство, ассоцируется с красотой нежностью, благородством казахского народа. Эти национальные качества используются в любом жанре искусства. В литературе, архитектуре, акультуре и.т.д. Народно -  прикладное искусство, является одной из древнейших искусств, а также в современном мире оно постоянно обновляется и пребряжается. Казахский национальное искусство  –  это вид искусство, корнями уходящий глубоко в историю и имеющий сложную теорию.   Kazakh folk – arts and crafts ,  is associ a ted with beauty ,  generosity of the Kazakh people .  These national guality used in any genre of art in liferature in architecture ,  sculpture etc .  Folk- arts and crafts is one of the oldest arts ,  as well as in the modern world is constantly updated and changld .Аннотация     Қазақтың сәндік – қолданбалы өнері жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Оның бір қасиеті, өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т.б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан-ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан өнері – сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы.    Қазақ қол өнері – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері.   Казахское народно  -  прикладное искусство, ассоцируется с красотой нежностью, благородством казахского народа. Эти национальные качества используются в любом жанре искусства. В литературе, архитектуре, акультуре и.т.д. Народно -  прикладное искусство, является одной из древнейших искусств, а также в современном мире оно постоянно обновляется и пребряжается. Казахский национальное искусство  –  это вид искусство, корнями уходящий глубоко в историю и имеющий сложную теорию.   Kazakh folk – arts and crafts ,  is associ a ted with beauty ,  generosity of the Kazakh people .  These national guality used in any genre of art in liferature in architecture ,  sculpture etc .  Folk- arts and crafts is one of the oldest arts ,  as well as in the modern world is constantly updated and changld .

Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: күнделікті тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа, көпқолданысты жәдігер бұйым жасап шығу. Ғ

4 слайд
Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: күнделікті тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа, көпқолданысты жәдігер бұйым жасап шығу. Ғылыми жобаның гипотзасы: құрақтың қазіргі заман талабында сәннен қалмауы, қазақтың өрнектерін пайдалану арқылы ұлттық салт дәстүрді құндылықты сақтау және жаңарту. Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері : • Құрақтың шығу тарихы туралы мәлімет жинау • Құрақ түрлерімен танысу • Жиналған әдебиеттерді талдау • Құрақтан жасалатын бұйымдарды зерттеу • Құрақтан жасалатын бұйымдарға сұраныстың болуын зерттеу • Құрақтан жасалатын бұйымдардың тарихи жәдігерге айналуына үлес қосу • Өзіндік пікір, тұжырым жасау. Ғылыми жобаны зерттеу әдісі: Тақырыпты ашу барысында қосымша әдебиеттерге шолу жасау. Өзіндік тұжырым жасай отырып, салыстыру әдісін де қолдану. Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Қазіргі заманғы өрнектермен безендірілген авторлық бұйымымды пайдалануда өзіндік пікірімді айтпақпын. Ұлттық салт дәстүрімізден алшақтамауға, құрметтеуге жаңартуға шақырамын. Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы: Бұл жұмыстың нәтижесінде қазақ құрақ өнерінің маңызды екеніне көз жеткіздім. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем рухани жәдігер ретінде пайдалана білдім. Ғылыми жобаның практикалық қолдану салалары: Тақырып негізінде жинақталған матриалдар күнделікті сабақ жоспарында пайдалануға болады.

Мазмұны Кіріспе................................................................................................................

5 слайд
Мазмұны Кіріспе................................................................................................................3-6 1-Тарау . Құрақ өнеріне жалпы сипаттама...................................................6-16 1.1 Құрақтың шығу тарихы............................................................................ 6-8 1.2 Құрақ жасауда қолданылатын геометриялық фигуралардың сыры......8-11 1.3 Құрақтан жасалынатын бұйымдар мен маталары...................................11-15 1.4 Құрақтағы бояулар сыры..........................................................................15-16 1.5 Қазақ қолөнеріндегі символы...................................................................16 2-Тарау . Құрақ -тарихи жәдігер.....................................................................16-19 2.1 Құрақ көрпе  өнерінің  ғылыми  тұрғыда  зерттелуі...................................16-17 2.2 Құрақ -құнды жәдігер................................................................................17-18 2.3 Құрақ бұйымдарына сұраныс..................................................................18-19 3-Тарау Менің авторлық бұйымым...............................................................20-21 3.1 Құрақ құрау технологиясы........................................................................20 3.2 Авторлық бұйымымның жасалу жолы мен қолданылуы.......................21 Қорытынды.......................................................................................................22 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................23 Қосымшалар......................................................................................................24-30

Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұраларымыздың ең асыл құнды

6 слайд
Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұраларымыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл ойды асқарға, қиялды қияға жетелейтін киелі мұра. Зерттеу өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы зор. Қазақ халқы салт- дәстүр мен қолөнер түрлеріне өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов «Ұлт дәстүрі заңнан биік» деген. Демек, салт- дәстүрі мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт- дәстүрімен, өнегелі, әдет ғұрпымен, қонақжайлылығымен, әдепті ырым, тыйымымен, қолөнер түрлерін үйретумен ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Дана халқының өзі жасаған рсы әдет- ғұрып пен жөн -жосықты біліп, үйренуі және өмірде қолданылуы ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата -ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ата әжелеріміз жастарға үйретіп, айтып отырса ұтарымыз көп болар еді. Халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер түріне : өру, тігу, тоқу, құрастыру,сызу, бейнелеу жатады. Соның ішінде ең көнесі ретінде әже- апаларымыздың құрақ құрау өнерін айтуға болады. Бұл өнер балаға көп тәлім -тәрбие беретін өнердің бір түрі. Құрақ құрау -бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі. Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған "қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй "тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді. Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың. Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, ендеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс. Қазақ халқының қолөнерінің бірі –құрақ құрау өнері туралы түсініктеме бере отырып, бізге тәрбие мен білім негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, адамгершілік қағидаларды бойына сіңіре отырып, өнер мен мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын, ата-салтын, халықтың қалпын жоғалтпау мақсатында құрақ құрау әдісін мұғалімнің ұсынысымен бойыма сіңіре отырып,ғылыми жобамды ұсынамын.

Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады.. Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықпен, көшпелі өмірм

7 слайд
Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады.. Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықпен, көшпелі өмірмен тығыз байланысты. VII-VIII ғасырда тігіншілік, етікшілік пайда балған. Сауда саттық дамыған кезде әр халықтың өнері араласып ұлттық құрақ түрлері пайда болды. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа үлгідегі "сегізжапырақ”, "қызғалдақ”, "ботакөз”, "құдық”, "жұлдыз”, "шахмат” құрағымен жастық тыс, көрпе, сырмақ, паннолар жасалады. Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші. Құрақ дегеніміз ерте заманнан келе жатқан жан өнер Каирдің Булат мұражайында қарақұйрық терісінен құрап тігілген өрнектер әрі күнге дейін сақталған, ал Токио мұражайының бірінде Майома Әдонің (1569-1867) асыл тастар мен түрлі маталардың қиындыларынан құрап тігілген киімі әлі күнге дейін сақталған. Демек құрақтар тек кедейлер емес байдың, ханның үйінде де одан жамылғы көрпелер, киімдер тігіп киген. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра. Бұл құрақ өнері бүкіл елге белгілі өнердің бірі болып табылады. Құрақ құрау көптеген халықтарға бұрыннан белгілі өнер. Ең көне бұйым болып табылатын пэчворк техникасы, ең алғаш рет шыт отаны – Индия елінен табылған. Ерте заманда құрастырылған киімдерді кедей, нашар тұратын адамдар киген. Ал қазіргі таңда құрастырылған киімдерді авангард стилінде пайдаланады. Орта Азия халықтары қазақпен қырғызда – "құрақ”, Ресейде – мозайка немесе "ляпочка” деп, ал ағылшынша «квилт» деп, Жапон халқында «сашико» деп аталады. АҚШ, Германия, Швеция сияқты елді мұражайларында құрақ бұйымдарының коллекциясы бар. Ал қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен хабар беретін бір қатар бұйымдар Ә.Қастеев мұражайында сақталған. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі қорынан XX- ғасырда жасалған құрақ бұйымдарды көруге болады. Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады. Өзге де ғылыми деректерд...