Материалдар / Психологиялық тренинг "Бірлігі мықты отбасы-бақытты болашақтың іргетасы" ата -аналарға
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психологиялық тренинг "Бірлігі мықты отбасы-бақытты болашақтың іргетасы" ата -аналарға

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру, ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2019
948
370 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
А.Рудаки атындағы № 23 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Шамсутдинова Айсулу Алиасқарқы

1 слайд
А.Рудаки атындағы № 23 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Шамсутдинова Айсулу Алиасқарқызы “ Бірлігі мықты отбасы – бақытты болашақтың іргетасы” психологиялық тренинг.

Мақсаты мен міндеттері: Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру, ата-ананың бала тәрб

2 слайд
Мақсаты мен міндеттері:  Ата - ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру, ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру,  ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу

Тренинг барысы. 1“Шаңырақ” әдістемесі. 2. Ой жинақтау. 3. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. 4. Бейнеролик “Тәрбиенің ең тамаша мек

3 слайд
Тренинг барысы. 1“Шаңырақ” әдістемесі. 2. Ой жинақтау. 3. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. 4. Бейнеролик “Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы” 5. “Бала мүсіні” жағдаят. 6. Топпен ән айту “Ана мен бала” 7. Қорытынды.

“ Шаңырақ” әдістемесі Мақсаты: ата-ананың баласына деген жауапкершілігін артыру. Жүргізілуі: Ата-аналар шеңбер боймын тұрады

4 слайд
“ Шаңырақ” әдістемесі Мақсаты: ата-ананың баласына деген жауапкершілігін артыру. Жүргізілуі: Ата-аналар шеңбер боймын тұрады. Жоғарыда шаңырақ тұрады, сол шаңырақтың уықтарын ұстап, ақ параққа жазылған әріптерді алып аты-жөнін айтып сол әріпке байланысты баласына сыйлайтын және баласынан күтетін жақсы қасиеттерді айтып шығады.

Ой жинақтау: Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін

5 слайд
Ой жинақтау: Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. I-топ.  Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. II-топ.  Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. III—топ.  Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

Бейнеролик “ Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы” Бейнероликті топпен бірге талқылау

6 слайд
Бейнеролик “ Тәрбиенің ең тамаша мектебі отбасы” Бейнероликті топпен бірге талқылау  

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның ештенеге құлқы болмайды). Егер балаға үнемі күлсе, ... (о

7 слайд
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның ештенеге құлқы болмайды). Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді). Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшінәрекет жасайды). Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады). Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді). Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды). Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі) Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді

8 слайд
Психолог:  баланың  роліне  ата-аналардың  бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан  көрініс  кезінде  айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен  байлап тұру тапсырылады. Менің кішкентай  қызым  бірінші  сыныпта  оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа  асығып  келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре  жөнелдік. Мама,анау не,қарашы!-деді қызым. Уақыт жоқ,аяғыңның астына қара,сүрінесің де  жүресің!Неге жан-жағыңа  алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым  сөздерді  тура мғынасында  түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз  әрі қарай  мектепке асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды  кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұхият  тыңдап, содан соң былай деді. Мама,мама,құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді. Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне  жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ  ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын  байлаймыз) Біз а втобустан  түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін. Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар ,мен оған фантик әкелемін  дегенмін,анау ше….. –деді. Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен  аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім. Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен  қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым. Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын  байлаймыз) Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым. Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп  тұрмынғой керең  неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп  айқайлады. Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай  қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған  менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім. Ата-аналардың  ой пікірлерін  тыңдау Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер? Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз? Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

Ән “Ана мен бала” Өзіңсің жарқыра сен мәңгі әуенім, Бақытым сенен өзге барма менің. Аналық махаббатым шексіз саған, Өлшеуіш жүр

9 слайд
Ән “Ана мен бала” Өзіңсің жарқыра сен мәңгі әуенім, Бақытым сенен өзге барма менің. Аналық махаббатым шексіз саған, Өлшеуіш жүрегімнің мәңгі әуенім. Қайырмасы Сен қуанып күл балашым, Сен аман боп жүр анашым. Жаралған бақыт үшін әлемдегі, Ешбір ана, ешбір бала, Мұңаймасын, жыламасын. 2 рет Махаббат мейірімін аямаған, Жүрегің сенің алтын сая маған. Әлемнің бар жылуын мен өзіңнің, Табамын құшағыңнан аяулы ана. Қайырмасы Тілеймін саған аппақ таңды балам, Өтемін мәңгі атыңды ән ғып ана. Бар бала ақтап өссін ана сүтін, Баласын өтсін сүйіп барлық ана. Қайырмасы

Қорытынды. Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түсе

10 слайд
Қорытынды. Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Олай болса балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

11 слайд
Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!