1 слайд
Қашықтықтан оқытудың
ұйымдастырушылық
формалары және
ерекшіліктері
М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде
оқытатын мамандандырылған
гимназиясының
неміс тілі мұғалімі
Сыздыкова Гаухар Аскербековна
2 слайд
Қашықтықтан оқыту
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да
қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың
формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн
(асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар
3 слайд
Қашықтан оқытудың білім саласындағы
мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың
жүйесін құру арқылы педагогтардың білім
деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы
міндеттері:
бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып.
мемлекеттік (республикалық, облыстық)
деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың
құрамына енуі;
құру кезінде мемлекеттің стандарт
талаптарын сақтау;
4 слайд
Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі
басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:
Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта
ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы
білуі қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы
қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік
курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі
қажет.
Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау,
қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы
қажет.
5 слайд
Қашықтықтан оқытудың негізгі ерекшеліктері:
Икемділік
Модульділік;
Параллель
Қамту
Рентабельділік
Оқытушыға баса назар аудару
Білім алушыға баса назар аудару
АҚТ қолдану
Әлеуметтілік
6 слайд
Қашықтықтан оқытудың маңыздылығы мен рөлі
білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы
оқушылардың білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік
ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және
шығармашылық ізденістерін арттырып, білімді шәкірт
тәрбиелеу. Қазіргі оқушылардың шығармашылық тұрғыдан
ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір
бойы оқып үйренуі талап етіледі. Әсіресе қашықтықтан оқыту
технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін
құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде мұғалім оқушының
жұмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын
ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында оқушы тұратынын
ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Мұғалім оқушыға
арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен
шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда
мұғалімнің рөлі арта түседі және өзгереді. Осымен
байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып
жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу
және жүзеге асыру мәселесі туындайды.
7 слайд
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз