Материалдар / Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық –мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры. Дінтану 9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық –мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры. Дінтану 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР дін туралы келісім заңының негізгі   заңдылықтарының ережелерімен таныстыру, Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің ұғымы туралы терең білім беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
1547
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тарих пәнінің мұға

1 слайд
«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тарих пәнінің мұғалімі Шортанбаева Балнур Турсыновна9-сынып Зайырлылық және дінтану негіздері

Сабақтың мақсаты: ҚР дін туралы келісім заңының негізгі заңдылықтарының ережелерімен таныстыру, Зайырлылық – мемлекеттік

2 слайд
Сабақтың мақсаты: ҚР дін туралы келісім заңының негізгі   заңдылықтарының ережелерімен таныстыру, Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің ұғымы туралы терең білім беру.Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздіктің тұғыры

«Қазақстан –зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен толеранттылықт

3 слайд
«Қазақстан –зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Біздің елімізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді». Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзінен 2013 ж.19 ақпан.

4 слайд

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демок

5 слайд
Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратынын, әр адамның ар- ұждан бостандығы құқығын растайтынын, Қазақстан Республикасы азаматтарының діни нанымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.

1992 ж. қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңында барлық

6 слайд
1992 ж. қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңында барлық конфессия діндарларына қызметтерін еркін атқаруына толықтай кепілдік берілген. Жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді ұстану немесе ешқайсысын ұстанбау Құлшылық жасауға, діни жоралар мен рәсімдерге өз еркімен қатысу немесе қатыспау Дінді оқып-үйренуге күштеп мәжбүр етуге жол берілмейдіҚР заңына және халықаралық шарттарға сәйкес сенім бостандығы мынадай құқықтарды талап етеді:

7 слайд

1-бөлім. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдала

8 слайд
1-бөлім. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ғибадат үйі (ғимараты) - құдайға құлшылық ету, дұға оқу рәсімдері мен діни жиналыстарға, діни мінәжат етуге (құлшылық етуге) арналған объект; 2) діни қызмет - діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет; 3) діни қызметші - тиісті діни бірлестік рухани, уағызшылық қызметке уәкілеттік берген адам; 4) діни бірлестік - Қазақстан Республикасы азаматтарының өз мүдделерінің ортақтығы негізінде рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестік; 5) миссионерлік қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі; 6) уәкілетті орган - діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама 1. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағы ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Мемлекет және дін 1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. 2. Діни бірлестіктер ж

9 слайд
3-бап. Мемлекет және дін 1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. 2. Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауапты. 3. Ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. 4. Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі, рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатқа ие. 5. Азаматтардың дінге көзқарасына қарамастан олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қайсыбір дінді ұстанушылар қадір тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді. 6. Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияға және осы Заңға сәйкес жеке өзі, сол сияқты басқа да діни және өзге де сенімдегі адамдармен бірлесіп, ұстануға және таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы. 7. Ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ. Діни бірлестіктердің діни қызметшілері, миссионерлері, басшылары немесе мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмірге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады .

8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес, мемлекет: 1) азаматтың, шетелдік пен азаматтығы жо

10 слайд
8. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес, мемлекет: 1) азаматтың, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге деген және ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындау, ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеу кезінде, мұндай тәрбиелеу баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, оның құқықтарын шектеген жағдайды қоспағанда, араласпайды; 2) діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді; 3) егер діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды; 4) дін ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында өзара төзімділік пен құрмет қатынастарын орнықтыруға жәрдемдеседі. 9. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес, діни бірлестіктер: 1) мемлекеттік органдардың қызметтерін атқармайды және олардың қызметіне араласпайды; 2) саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді; 3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

10. Діни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшп

11 слайд
10. Діни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен қызметі мемлекетте бір діннің үстемдігін орнықтыруға, діни өшпенділікті немесе алауыздықты, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен және өзге де құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бірлестіктер құруға және оның қызметіне тыйым салынады. 11. Заңдарда белгіленген тәртіппен тіркелмеген діни бірлестіктердің қызметіне, сол сияқты Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дінге деген көзқарасын айқындау кезінде діни бірлестіктердің қызметіне, діни жораларға және (немесе) дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді. 12. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына басқа бір зиян келтірумен, не ерлі-зайыпты адамдардың некесін бұзумен немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, адамгершілікке зиян келтірумен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін орындаудан бас тартуға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының бұзылуына түрткі болумен байланысты діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.

13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызм

12 слайд
13. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелді жағдайын пайдалана отырып не алдау арқылы өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді. 14. Діни бірлестіктің мүшелері мен ұстанушыларын өзіне тиесілі мүлкінен діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа мүшелерінің пайдасына иелігінен шығарып жіберуге жол берілмейді. 15. Дін және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметін бүлдіруге, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бұзуға, елдегі басқарушылық деңгейін әдейі төмендетуге қабілеті бар шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады. 16. Діни бірлестіктің басшысы кәмелетке толмаған азаматтың ата-анасының біреуі немесе олардың заңды өкілдері қарсылық білдірген жағдайда, кәмелетке толмаған азаматтарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.  

Мемлекеттердің зайырлылық жүйесі негізінен дінаралық сұхбаттар арқылы анықталады. Зайырлылық дегеніміз – жалпы адамзат

13 слайд
Мемлекеттердің зайырлылық жүйесі негізінен дінаралық сұхбаттар арқылы анықталады. Зайырлылық дегеніміз – жалпы адамзаттық құндылықтарға ынталану. Зайырлы мемлекеттер адамзатқа ортақ құндылықтарды насихаттау және тарату жүйесімен шұғылданады. Бұл мақсатта дінаралық сұхбаттардың рөлі жоғары. Діндер сұхбаты – бұл кез келген ел өзіне ала алмайтын зор жауапкершілік.Сондықтан сұхбат ұғымы терең түсінікті қажет етеді.Ешкім ең киелі –сенімге, басқа дін жолын қуушыларға жат қағидаларды қабылдауға мәжбүрлемеуі керек. Толеранттылық – басқалардың тұрмыс қалпына, мінез-құлқына, әдет-ғұрып, сеніміне, сезіміне, пікіріне, идеясына төзімділік таныта білу.

Сұрақтарға жауап бер: 1. Біздің елімізде діни сенім бостандығы қандай жолмен қорғалады ? 2. Зайырлылық туралы не білесің? 3. Қа

14 слайд
Сұрақтарға жауап бер: 1. Біздің елімізде діни сенім бостандығы қандай жолмен қорғалады ? 2. Зайырлылық туралы не білесің? 3. Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі қандай заң негізінде реттеледі?

15 слайд