Материалдар / Қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу бойынша іс-әрекетім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу бойынша іс-әрекетім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2019
815
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу бойынша іс – әрекетім. Дайындаған: Ж.Қонысбай № 65 орта мект

1 слайд
Қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу бойынша іс – әрекетім. Дайындаған: Ж.Қонысбай № 65 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізі тұлға-мұғалім. Жаңа әдіс-тәсілдер

2 слайд
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізі тұлға-мұғалім. Жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша іс-әрекет жасау дегеніміз-ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салысырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп , дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау.

“ Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға

3 слайд
“ Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға уйретеді демекші, жақсы мұғалім болудағы “Маған айтып берсең – ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын” деген ұстанымды мақсат етіп жұмыс жасаудамын.

Мен өз тәжірибемде жаратылыстану пәнінен “Ауа неден құралады?” тақырыбындағы сабағыма тоқталайын. Сабағымды

4 слайд
Мен өз тәжірибемде жаратылыстану пәнінен “Ауа неден құралады?” тақырыбындағы сабағыма тоқталайын. Сабағымды бастамас бұрын оқушылардың ұйымшылдық қарым- қатынастарын жақсарту мақсатында сиқырлы қорапшадан “күн,жер,су” суреттері бар қағаз қиындыларын алу арқылы шағын 3-топқа біріктірдім. Көңіл- күйлерін көтеру мақсатында “Әрқашан күн сөнбесін” әнін үш тілде орындаттым.

Мен сабағымды мынадай кезеңдерден құрдым: 1- кезең: “Серпілген доп” әдісі арқылы алдыңғы білім мен жаңа сабақты ба

5 слайд
Мен сабағымды мынадай кезеңдерден құрдым: 1- кезең: “Серпілген доп” әдісі арқылы алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру. Қызығушылығын ояту. 2- кезең. Жұппен жұмыс. “ Айырмашылығын тап” “ Болжау стратегиясы” 3-кезең. Зерттеу жұмысы 4-кезең. Топпен жұмысы “ Ойлан , бірік, бөліс” әдісі 5-кезең. Топтастыру стратегиясы 6-кезең Кері байланыс.

6 слайд

1- кезең: “Серпілген доп”әдісі арқылы алдыңғы білімді сұрақ қою арқылы пысықтай отырып,

7 слайд
1- кезең: “Серпілген доп”әдісі арқылы алдыңғы білімді сұрақ қою арқылы пысықтай отырып, жаңа сабақ тақырыбын аша білдім. Яғни, балалар доп ойнағанды жақсы көреді. Қызығушылықтарын оята отырып, оқушылар допты қағып алып, кері лақтыру арқылы сұраққа жауап берді. Доптың ішінде не бар? деген сұрағыма оқушылар доптың ішінде ауа бар екенін, ауаның серпілу қасиеті бар екенін айта отырып, “ауа” туралы жаңа білімді игеретіндерін білді. Алдыңғы білім мен жаңа білімді байланыстыра білдім.

2- кезең. “Болжау стратегиясы” “Айырмашылығын тап”. Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптаса отырып, екі ғал

8 слайд
2- кезең. “Болжау стратегиясы” “Айырмашылығын тап”. Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптаса отырып, екі ғаламшарды салыстырды. Көк түсті -жер ғаламшары, онда ауа бар, тіршілік бар екенін , қызыл түсті ғаламшар- Қызылжұлдызға суреттегі балалардың қайсысы ұшуға дайын, неліктен дайын екенін жұппен болжап, пікірлесіп ойларын жеткізді. Жұптар бірін-бірін “бас бармақ” әдісі арқылы бағалады. .

. “ Бас бармақ” әдісі арқылы бағалау

9 слайд
. “ Бас бармақ” әдісі арқылы бағалау

3-кезең. Зерттеу жұмысы . Әр топқа 2 тәрелкеге салынған балауыз шамды қойып, оларға от тигізіп, бірінің үстіне

10 слайд
3-кезең. Зерттеу жұмысы . Әр топқа 2 тәрелкеге салынған балауыз шамды қойып, оларға от тигізіп, бірінің үстіне банка жауып, бірін ашық ауада жануын бақылап зерттеді. Зерттеу кезінде 1. Банкамен жабылған шам тез арада сөніп қалды. Оның себебін зерттеді. Банка ішіндегі ауа таусылғанша жанып тұрғанын, ауасыз от жанбайтын білді 2. Ауада ашық күйде жанып тұрған балауыз шам таусылғанша ұзақ жана беретінін айтты. Зерттеу жұмысынан түйгендері ауа отты жандырады, өршітеді, өртті сөндіру үшін ауа жібермей , жолын жабу керек екенін білді. .

.

11 слайд
.

4-кезең. Топпен жұмыс. “От пен ауа” Суреттегі қатені тауып , қай кезде от жанатынын, қай кез

12 слайд
4-кезең. Топпен жұмыс. “От пен ауа” Суреттегі қатені тауып , қай кезде от жанатынын, қай кезде жанбайтынын топта “ Ойлан, бірік, бөліс” әдісі арқылы ойларын жеткізді. Топтар бірі-бірін “Бағдаршам”түстері арқылы бағалайды . .

.

13 слайд
.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау .

14 слайд
Бағдаршам түстері арқылы бағалау .

5-кезең. “ Топтастыру “ стратегиясы топтағы оқушылар ауаның иіссіз , дәлелсіз, түссіз , мөлдір екенін, ау

15 слайд
5-кезең. “ Топтастыру “ стратегиясы топтағы оқушылар ауаның иіссіз , дәлелсіз, түссіз , мөлдір екенін, ауаның сығылатынын, серпілетінін, жеңіл екенін, ауаның құрамы азот, көмірқышқыл газ, оттек, шаң –тозаңдардан тұратынын топтастырып, жұмыстарын қорғады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын “Үш шапалақ” әдісі арқылы бағалады. .

. .

16 слайд
. .

6-кезең. Кері байланыс. Сабақ соңында жаңа білімді игергендіктерін, сабақ ұнады ма, қай тұсы ұнағанын,

17 слайд
6-кезең. Кері байланыс. Сабақ соңында жаңа білімді игергендіктерін, сабақ ұнады ма, қай тұсы ұнағанын, не түсініксіз болғанын білу мақсатында “Интервью” әдісі арқылы сұрақ беріп кері байланыс жасадым. .

.

18 слайд
.

Осы сабақтың нәтижесін көрсететін кезеңнің бірі –бірі бағалау. Ынталандыру мақсатында қалыптастырушы

19 слайд
Осы сабақтың нәтижесін көрсететін кезеңнің бірі –бірі бағалау. Ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың орны ерекше. Өйткені әр топ жұмыстарын қорғаған сәтте оқушылардың бір-бірін қошеметтеп күш-жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды. Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс жасай алады, мұғаліммен еркін қарым-қатынасқа түсе біледі, сыныптағы оқушылардың білім сапасы көтерілді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. .