Материалдар / Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығының ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығының ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілінің ерекшелігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2020
590
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығыны ң ерекшеліктері

1 слайд
Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығыны ң ерекшеліктері

Тіл ғылымы саласындағы танымал ғалым, жоғары оқу орнының профессоры атанса да, ғылым негіздерінің мектеп оқулықтарында еке

2 слайд
Тіл ғылымы саласындағы танымал ғалым, жоғары оқу орнының профессоры атанса да, ғылым негіздерінің мектеп оқулықтарында екенін жақсы түсінген Қ.Жұбанов қазақ тілінің жаңа оқулығын жасауға бел шеше кіріседі. Сөйтіп, өзінің мол білімі мен тәжірибесі негізінде 1936 жылы орта мектепке арналған қазақ тілінің жаңа грамматикасын даярлап, оны «Қазақ тілінің грамматикасы. Жалпы морфология. (5-класқа арналған оқулық) 1 бөлім» деген атпен жариялайды

Ғалым еңбегі замандастары тарапынан да, кейінгі ғалымдар тарапынан да жоғары баға алды. Кезінде заңғар жазушы М.Әуезов а

3 слайд
Ғалым еңбегі замандастары тарапынан да, кейінгі ғалымдар тарапынан да жоғары баға алды. Кезінде заңғар жазушы М.Әуезов аталмыш еңбекке төмендегідей баға береді: «Құдайбергеннің ерекше атай кетуді қажет ететін еңбегі – «Қазақ тілінің грамматикасы»

1965 жылы Қ.Жұбанов оқулығы туралы белгілі ғалым А.Ысқақов төмендегідей пікір айтады: «...бұл оқулық өзінің құры

4 слайд
1965 жылы Қ.Жұбанов оқулығы туралы белгілі ғалым А.Ысқақов төмендегідей пікір айтады: «...бұл оқулық өзінің құрылысы мен құрамы жағынан да, мазмұны мен талдау жүйесі жағынан да бұрын-соңғы қазақ тілі грамматикаларынан ғана емес, біздің елімізде шыққан өзге тілдердің грамматикаларынан да өзгеше еді. Ол өзгешелік –сонау грек я латын тілдері грамматикаларынан басталып, бірден-бірге, бүкіл Европа елдеріне, одан түркі тілдері грамматикаларына да жайылып бекіген үлгі- кестенің жүйесін өзгертіп, қазақ тілінің грамматикасын қазақ тілінің өзі үшін, оның өз табиғи материалының ерекшелігіне қарай құрастырып, баяндау я талдау негізінде құрылғандығында болатын. Амал қанша, бұл жаңа үлгі әрі қарай өрістей алмай, қазақ тілі грамматикасы біраз уақытқа дейін ескі үлгімен беттеп барды да, кейінгі кезде ғана өз жүйесін тауып келеді» [3,75].

Жұбановтанушы-ғалым Ж.Тектіғұлова кезінде қазақ тілінің грамматикасына Қ.Жұбанов енгізген жаңалықтардың қазақ тіл

5 слайд
Жұбановтанушы-ғалым Ж.Тектіғұлова кезінде қазақ тілінің грамматикасына Қ.Жұбанов енгізген жаңалықтардың қазақ тіл білімінің дұрыс бағытта дамуына жол ашқанын, сондай- ақ тілтану саласында талас тудырып келген төмендегі жағдайлардың түйінін шешуге мүмкіндік жасағанын былай атап көрсетед і:

 1. Қ.Жұбанов өзіне дейінгі және одан кейінгі оқулықтарда орын алып келген кемшілік – бір сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне

6 слайд
 1. Қ.Жұбанов өзіне дейінгі және одан кейінгі оқулықтарда орын алып келген кемшілік – бір сөздің сөйлемде атқаратын қызметіне қарай әр түрлі сөз табына жатқызылуының қисынсыздығын дәлелдеп берді, яғни сын есім мен сан есімнің сөйлемдегі қызметін дұрыс шеше білді;  2. Сайын, төмен, арқылы, ең, тым, нақ, т.б. септеуліктері мен күшейткіш сөздерді үстеу құрамынан шығарды;  3. Қазақ тіл білімінде тұңғыш аналитикалық тұлғадағы сөз тіркестерінің барын анықтап, оны қосалқылы деп атады;  4. Бұрын тіл білімінде еленбей жүрген сөз құрамындағы морфемалардың орналасу орнын көрсетіп берді және сөз алды, сөз артында келетін көмекші сөздерді сол сөздің мағыналы бөлшегі, ажырамас элементтері ретінде қарау қажеттігін түсіндірді;  5. Тілімізде тұлғасы күрделі көмекші етістіктердің (отыр, жатыр, жүр, тұр) бар екенін дәлелдеп, оның шақ категориясымен тығыз байланысты екендігін анықтап берді;  6. «Біріккен сөздер» терминін «кіріккен сөздер» терминімен ауыстырып, олардың шекарасын белгіледі;  7. Өлі түбірлер мен өлі жұрнақтардың шығу төркінін анықтап берді, т.б.»

Қ.Жұбанов «Қазақ тілі грамматикас ы» Өзіне дейінгі оқулық жазу тарихын жан- жақты зерделей келе, А.Байтұрсынұлы , Т.Шонан

7 слайд
Қ.Жұбанов «Қазақ тілі грамматикас ы» Өзіне дейінгі оқулық жазу тарихын жан- жақты зерделей келе, А.Байтұрсынұлы , Т.Шонанұлы сынды ғалымдардың ой түйіндеулерімен астасып жатқан, жаңа танымға негізделген оқулықтың негізін қалаушы. оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктерін жаңаша саралап, лингвистикалық ұғымдар мен түсініктерді білім мазмұнына енгізу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеушіқазақ тілінің жаңа оқулығын даярлауда жаңа, тың жол іздеген. Оқулықтағы ғылыми- теориялық қағидалар мен оны игеруге арналған тапсырмаларды ң кешенді түрде берілуі – осындай ізденістердің нәтижесі.қазақ тіл білімінің терминдерін жаңаша саралап, тұрақтандыруда және оларды қалыптастыруда ғы аса маңызды оқулық авторы тіл болмысын қолданыс қызметі тұрғысынан, дүниетаным құралы ретінде тұтастықта танытқан, оқулық жасаудың ғылыми ұстанымдарын жан-жақты айқындап берген көреген ғалым.