Материалдар / Қорқыт мұрасы-әлемге ортақ қазына
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қорқыт мұрасы-әлемге ортақ қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорқыт атаның өмірі, еңбектері, кітабы, мазары жайлы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
236
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тақырыбы: Қорқыт мұрасы- әлемге ортақ қазына № 214 орта мектеп 2020 жыл

1 слайд
Тақырыбы: Қорқыт мұрасы- әлемге ортақ қазына № 214 орта мектеп 2020 жыл

Қорқыт ата –түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзін "Хорқұт" сөзінен шыққан. "Хор" деген көне т

2 слайд
Қорқыт ата –түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзін "Хорқұт" сөзінен шыққан. "Хор" деген көне түркі тіліндегі "Өр" деген сөз, "Һор" деп те айтылған. Ал, "құт", ол кәдімгі "құт", "береке", "игілік" деген сөз. Демек Қорқұт сөзі "жоғарыдан келген құт" деген мағынада. Бірақ қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз- ертегілер туған.

Өмірбаяны Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеуле

3 слайд
Өмірбаяны Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз - қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “ Жамиғ Ат-Тауарих ” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “ Түрік шежіресінде ” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә. Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады.

Қорқыт Елімай Желмая Тарғыл танаҚорқыт ата күйлері Ұшардың ұлуы

4 слайд
Қорқыт Елімай Желмая Тарғыл танаҚорқыт ата күйлері Ұшардың ұлуы

 «Ұшардың ұлуы» күйі «Ұшардың ұлуы» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы

5 слайд
 «Ұшардың ұлуы» күйі «Ұшардың ұлуы» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады.

 «Башпай» күйі «Башпай» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт атаның қарындасы бо

6 слайд
 «Башпай» күйі «Башпай» - Қорқыт атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, Қорқыт атаның қарындасы болған еді. Бірде қарындасы оған тамақ әкелгенде, оның башпайы қарындасына тиеді. Сонда ол «Мені көмгенде, башпайымды сыртқа шығарып көміңдер»,дейді. Бұны айтқан себебі:ертеде қазақ халқы қызды еркелетіп, оны құрметтеген және оған ер адамның кез келген мүшесі тисе арсыздық деп санап, сол адам өмір бақи ұятта өмір сүреді.

Қорқыт ата ескерткіші Қорқыт ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы түбінде

7 слайд
Қорқыт ата ескерткіші Қорқыт ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы түбінде (1980). Авторлары – Б.Ә. Ыбыраев , С.И. Исатаев . Қорқыт Ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Аңыздарда айтылғандай, Қорқыт ата мазарында соққан желге үн қосатын қобыз қойылған.

8 слайд

9 слайд

10 слайд

11 слайд

Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қо

12 слайд
Қорқыт Ата мазары – тарихи сәулет өнері ескерткіші. Шамамен 9 – 10 ғасырларда қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қорқыт станциясынан 3 км жерде Қорқыт әулиеге тұрғызылған. 1925 жылдан опырыла бастап, 1952 жылы Сырдария өзені шайып кеткен. Қазір орны белгісіз. Мазар 19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, И.А. Кастанье, П.И. Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге “Түркістан альбомы» жинағында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев пен Кастаньенің жазуы бойынша, құрылымы шикі кірпіштен қаланған дөңгелек пішінді 6 – 8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған. Мазардың бұрынғы орнына қазіргі заманғы мемориалдық ескерткіш орнатылған; қазіргі Қорқыт ата ескерткіші.

Назарларыңызға рақмет!

13 слайд
Назарларыңызға рақмет!