Материалдар / Сөз таптары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сөз таптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2019
337
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Талдықорған қаласы, № 28 IT мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметбекова Дана СаржанқызыП ән: Қазақ тілі Сынып:

1 слайд
Талдықорған қаласы, № 28 IT мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметбекова Дана СаржанқызыП ән: Қазақ тілі Сынып: 2 Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Ортақ тақырып: Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Бөлімше: 2.4 4.2 Сабақ негізделген оқу мақсаттары • 2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау. • 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату Сабақ мақсаттары: • Барлық оқушылар: Мәтінді түсініп оқып, түрлерін анықтап, мұғалімнің көмегімен негізгі ойын білу. • Көптеген оқушылар: Сөз таптарының (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) сұрақтарын ажыратып, сызбаға топтастыру. • Кейбір оқушылар: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтап, сөйлем құрастыру. Бағалау критерийі • мәтінді түсініп оқып, түрлерін (әңгіме немесе өлең екенін) анықтай отырып, мазмұнын айтады; • сөз таптарының анықтамаларын сұрақ қою арқылы ажыратып, сызбаға топтастырып жазады; • кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтап, сөйлем құрастырады БІЛУТҮСІНУҚОЛ ДАН У

Белсенді оқу әдістері 1- тапсырма ұжымдық жұмыста “Интервью” әдісін қолданамын. 2-тапсырма топтық жұмыста “Кестеге топта” ә

2 слайд
Белсенді оқу әдістері 1- тапсырма ұжымдық жұмыста “Интервью” әдісін қолданамын. 2-тапсырма топтық жұмыста “Кестеге топта” әдісін қолданамын. 3- тапсырма өздік жұмыста “Асық” әдісін қолданамын. 3- тапсырма да оқушылар жаңа сабақты бекіту және қолданысқа енгізу үшін өздік жұмыс орындайды. Тапсырманы үшінші мақсатқа жетемін деген ойда құрастырдым. Бұл тапсырмада “Асық” әдісін қолданамын. Себебі, біріншіден, ортақ тақырыбымыз “Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн” болғандықтан ұлттық құндылығымыз асықты таңдадым. Екіншіден, асықтың пішініне кім? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтап жазады да, сөйлем құрастырады. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймын. Осы әдіс орындалу барысында көмек қажет ететін оқушыға қолдау көрсетемін немесе жанында отырған көршісі көмек береді. Тапсырманы оқушылар орындау барысында қарым-қатынас жасау қабілеті, - білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті дағдылары қалыптасады.

Саралау тәсілдері 3-тапсырмада «Асық» әдісін таңдау арқылы сабағымның үшінші мақсатына жете аламын. Саралау тәсілі: қорыт

3 слайд
Саралау тәсілдері 3-тапсырмада «Асық» әдісін таңдау арқылы сабағымның үшінші мақсатына жете аламын. Саралау тәсілі: қорытынды. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап толықтырады. Жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Ал қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмаларды түрлендіріп ұсынамын. 1.Көмекті қажет етпейтін оқушылар: кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтап, сөйлем құрастырады; 2. Көмекті орташа қажет ететін оқушылар: кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтап, екі бағанға бөліп жазады 3. Көмекті қажет ететін оқушылар: кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді іздеп табады.1-тапсырмада ұжымдық жұмыс беріледі. Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін алдым, мұнда білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар беріледі. «Интервью» әдісіне сүйеніп, мәтінді түсініп оқып, түрлерін анықтап, мазмұнын айтады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша түсіндіремін.Кейбір оқушыларға қажеттіліктеріне қарай қолдау көрсету және ынталандыру керек болады. Диалог және қолдау көрсету Қорытынды Тапсырма

Қалыптастырушы бағалау «Қол белгісі» әдісі «Бұйымдар» әдісі «Оюлар» әдісі Кім ? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?Жұлдыз, тау, екі

4 слайд
Қалыптастырушы бағалау «Қол белгісі» әдісі «Бұйымдар» әдісі «Оюлар» әдісі Кім ? Не? Не істеді? Қандай? Қанша?Жұлдыз, тау, екі, ата, көк, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, спорт, жеті, адам, отыз, құс, жүзді, биік, жасыл,айналысады. Бағалау критерийі: сөз таптарының анықтамаларын сұрақ қою арқылы ажыратып, сызбаға топтастырып жазады; Дескриптор: сұрақ қоя отырып, зат есімдерді анықтайды және сызбаға жазады; сұрақ қоя отырып, етістіктерді анықтайды және сызбаға жазады; сұрақ қоя отырып, сын есімдерді анықтайды және сызбаға жазады; сұрақ қоя отырып, сан есімдерді анықтайды және сызбаға жазады.2-тапсырма . Сөздерге сұрақ қой. Мағынасына қарай сызбаға орналастыр. Толық жауап Толық емес жауап Әлі де ойлан 2- тапсырманы орындау кезінде сабағымның екінші мақсатына жетемін деген ойдамын. Осы мақсатты бағалау үшін “Бұйымдар” әдісін қолданамын. Себебі, оқушылардың ішкі уәжін арттырып, ынталандыру үшін .Сабақты бағалау әдісім сабақ мақсатына сәйкес таңдалған. “ Қол белгісі” әдісі «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын»дегендер қолдың бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдың бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды. .Толық жауап Толық емес жауап Әлі де ойлан«Оюлар» әдісі

Ықшам сабақтың сабақты жоспарлауға ықпалы Тренерден кері байланыс. Үш апталық білімімді жетілдіру курсынан үйренгендерім көп б

5 слайд
Ықшам сабақтың сабақты жоспарлауға ықпалы Тренерден кері байланыс. Үш апталық білімімді жетілдіру курсынан үйренгендерім көп болды. Курсқа кіріспе кезінде жаңартылған бағдарламаның түсініктерімен, оның ерекшеліктерімен таныстым. Оқу үдерісінің ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс - тәсілдерді оқып білдік. Әр сабақ бойынша оқу бағдарламаларымен танысып, оқу мақсатынан сабақ мақсатының шығу жолдарын үйрендім. Әріптестерден кері байланыс. Курс аралығында әріптестермен тапсырмаларға байланысты топтық жұмыстар орындап, постер қорғадық. Әріптес ұстаздардан әдіс - тәсілдердің түрлерін, оқу жоспарларын; ұзақ мерзімді жоспар; қысқа мерзімді жоспар құрғанда өзара түсінгендерімізбен бөлісіп отырдық. Өзара тәжірибе алмасу осылай іске асты. Болашаққа қадам. Курстан алған теориялық білімімді іс - тәжірибеде тиімді пайдалану. Сабақ мақсатын құрғанда қателікке жол бермеу. Оқушылардың қабілеттеріне қарай олардың дағдыларын қалыптастырып, 21 - ғасырдағы тәжірибиелі педагогтердің қатарына қосылу басты мақсатым болмақ. Жалпы айтқанда, педагогикалық шеберлігім мен шығармашылығымды шыңдау алға қойған мақсаттарымның бірі.