Материалдар / Шығыстың жарық жұлдызы, әлемнің «Екінші ұстазы» атанған атамыз, Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығыстың жарық жұлдызы, әлемнің «Екінші ұстазы» атанған атамыз, Әбу Насыр әл-Фарабиге 1150 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына дана бабамыз туралы мәлімет беру, өмірін, ғылым құмарлығын үлгі ету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2020
537
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

1 слайд

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын

2 слайд
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы орта- ғасырлық қала.

Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасы

3 слайд
Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады, тәлім-тәрбие алады.

Әбу Насыр Әл-Фараби-әлемге әйгілі ойшыл , философ, социолог, мате-матик, астроном, ботаник, лингвист, физик, музыка, логи

4 слайд
Әбу Насыр Әл-Фараби-әлемге әйгілі ойшыл , философ, социолог, мате-матик, астроном, ботаник, лингвист, физик, музыка, логика зерттеушісі. Жаратылыстану, астрономия, меди-цина, математика, философия сала-ларынан 200 жуық трактат жазған. Фараби Аристотельдің әлеуметтік- қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да 1. “ Субстанция туралы сөз”. 2. “ Бақытқа жету”. 3. “ Кемеңгерлік меруерті. 4. “ Заңдар жайлы кітап”. 5. “ Аспан денелерінің қозғалыстары- ның мәңгілігі жайлы кітап”. 6. “ Мемлекеттік қайраткерлер дің нақыл сөздері” 7. “ Адам тәнінің ағзалары туралы” 8. “ Ізгі қала тұрғындарының көз- қарасы”т.б. еңбектерін жазды. Аль-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген .

Әл—Фарабидің “Музыка туралы үлкен кітап” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, музыка теория

5 слайд
Әл—Фарабидің “Музыка туралы үлкен кітап” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, музыка теориясының “Әліппесіне” айналған. Ғалым бұл еңбегін- де математикалық тәсілдерді пайдалану арқылы музыка- лық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге әкелді. Ол музыкалық теорияны ғана емес, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспап- тарда шебер ойнай білген.

• Қандай ғылым болса да,ол-адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. • Адамға ең бірінші білім еме

6 слайд
• Қандай ғылым болса да,ол-адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. • Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі. • “ Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан- дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауат - тылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алма - ған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді" Н а қ ы л с ө з д е р і

Фарабидің өлең шумақтары А.Нысаналиннің қазақ тіліндегі аудармаларында нәзік сезім мен сұлу сырға толы екені көрінеді. Б

7 слайд
Фарабидің өлең шумақтары А.Нысаналиннің қазақ тіліндегі аудармаларында нәзік сезім мен сұлу сырға толы екені көрінеді. Бауырым, қанша сүйгенмен, Өтеді өмір күйбеңмен. Шындыққа бас тік алаулап, Пенделіктен бол аулақ. Қағаздың түсіп бетіне Сызықтай бейне тартылған, Тап болып жігер сарқылған, Кездейсоқ өмір өтіне Қайыспай тұрса нар тұлғаң. Сонда да беріп кетеміз Жүректің отын молында. Арманды аңсап өтеміз Біз ұлы мұрат жолында …Аль-Фараби поэзиясынан

“ Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы аясында 2020 жылы Ұлы Айбайдың 175 жылдығы мен Шығыс ғұламасы әл-Фа

8 слайд
“ Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы аясында 2020 жылы Ұлы Айбайдың 175 жылдығы мен Шығыс ғұламасы әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына орай М.Әуезовтың “Абай жолы” роман эпопеясы мен Ә.Әлімжановтың “Ұстаздың оралуы романы таңдалды.”

Абай атамыздың “Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!” деген нақыл сөзін өздеріңізге өмірлік бағдарға алыңыздар” «Кіта

9 слайд
Абай атамыздың “Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!” деген нақыл сөзін өздеріңізге өмірлік бағдарға алыңыздар” «Кітап –алтын сандық: іші толған қазына, құт, оқы, оқы, ойыңа тұт!» Кітап оқыңыздар!