Материалдар / "Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау" тақырыбына ой-толғау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау" тақырыбына ой-толғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттің өз ойымен бөлісуі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
315
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
География пәні бойынша «Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау» тақырыбына ой- толғау Орындаған: Тәңірбе

1 слайд
География пәні бойынша «Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау» тақырыбына ой- толғау Орындаған: Тәңірбергенов Данияр Нұрланұлы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, ТОО Школа И Гимназия КазГУЮ колледжі, 1-курс студенті

Адамның табиғатқа араласуы әртүрлі нәтиже береді. Бір жағынан, адамзат табиғатты өзінен қорғауға тырысуда. Екінші жағынан,

2 слайд
Адамның табиғатқа араласуы әртүрлі нәтиже береді. Бір жағынан, адамзат табиғатты өзінен қорғауға тырысуда. Екінші жағынан, адамзат ықпалы қоршаған ортаға елеулі зиян тигізіп жатыр.

Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары 1.Қорықтар мен парктер. Табиғатты қорғау және сақтау үшін қорықтар, табиғатты қорғауға арнал

3 слайд
Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары 1.Қорықтар мен парктер. Табиғатты қорғау және сақтау үшін қорықтар, табиғатты қорғауға арналған парктер салынуда. Қазақстан қорықтары: Ақсу-Жабағылы қорығы,Наурызым қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы,Қорғалжың қорығы, Марқакөл қорығы ,Үстірт қорығы, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы ,Қаратау қорығы. 1. Орманды кесу . Түрлі жолдар, магистральдар, кәсіп орындар салу үшін орман ағаштарын кеседі. Бұл фаунаға, яғни, жануарлар әлеміне үлкен зиян келтіреді. Жануарлар тіршілік ету ортасынан айырылады. 2. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды азайту . Бұл әсіресе пластикалық ыдыстарға қатысты. Ол біртіндеп қағазға ауыстырылып жатыр. Пластикпен қоректенетін бактерияларды өндіру бойынша зерттеулер жүргізілуде. 2. Судың ластануы . Судың әртүрлі өндірістік қалдықтармен және адамдар қалдыратын қоқыстармен ластануы. Мысалы, Тынық мұхитында қоқыс көп болатын "өлі аймақ" бар. Тек бір мұнай тамшысы шамамен 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді және 20м2 (метр квадрат ) c у бетін ластайды. 3. Таза энергия көздеріне көшу. Бұл атом энергиясынан, көмір мен мұнай өнімдерімен жұмыс істейтін қозғалтқыштар мен пештерден біртіндеп бас тартуды білдіреді. Табиғи газды, жел, күн энергиясын және су электр станцияларын пайдалану атмосфераның тазалығын қамтамасыз етеді. 3. Ауа ластануы. Ауаның улы заттармен ластануы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автомобильдер әсерінен болады. Атмосфераға көміртегі және азот оксидтері, күкірт диоксидтері сияқты өндірістік қалдықтардың түсуі салдарынан атмосфера қабаты, адамның өзі де зардап шегеді. Ластанған атмосферадан, ауадан адамдар түрлі ауруларға ұшырайды. 4. Жерлер мен Ормандарды қорғау және қалпына келтіру. Ағаштары кесілген жерлерде жаңа ормандар отырғызылуда. Жерді құрғату, оларды эрозиядан қорғау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. 4. Браконьерлік, заңсыз аң аулау, балық аулау. Жануарлар түрлерінің жойылуына әкеледі.

Каспий теңізі. Каспий теңізінің негізгі проблемасы – теңіз деңгейінің көтерілуі. Судың көтерілуінен жүзден аса мұнай ұңғылары, м

4 слайд
Каспий теңізі. Каспий теңізінің негізгі проблемасы – теңіз деңгейінің көтерілуі. Судың көтерілуінен жүзден аса мұнай ұңғылары, мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Мұнай мен басқа да ластағыш заттар теңіз суына араласып, оның аумағы 300 000 гектарға жетті.  Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биологиялық алуантүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.  Су деңгейінің көтерілуі ауа мен топырақтың ластануына апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 80-ші жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамындағы пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре тұқымдас бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілеріне алып келуі жиілеп кетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40%-ға азайды.  Судың көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғылары, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.  Мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аймақтың шөлге айналуына себепші болып отыр. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының алуантүрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ деңгейінде көтерілуде. Ол проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан және Иран мемлекеттерінің де ортақ ісі.

Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңай

5 слайд
Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылып келеді. Нәтижесінде, өзен суының сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы отданы экологиялық жағдайды қиындата түсуде. Ертіс өзені - Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырьян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі байқалады. Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда және күріш пен мақта егіндісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Каспий теңізі Арал теңізі Сырдария өзені Балхаш көлі Талас өзені Шу өзені Іле өзеніЕртіс өзеніБұл картаға Қазақстанның ластанға

6 слайд
Каспий теңізі Арал теңізі Сырдария өзені Балхаш көлі Талас өзені Шу өзені Іле өзеніЕртіс өзеніБұл картаға Қазақстанның ластанған аумақтарын түсірдім