Материалдар / Тәрбие сағат Ерте жүктілік 7 сынып

Тәрбие сағат Ерте жүктілік 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ерте жүктілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2021
1147
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Тақырыбы: Ерте жүктілік Сыныбы: 7 «В»

1 слайд
Тақырыбы: Ерте жүктілік Сыныбы: 7 «В»

1 слайд

Тақырыбы: Ерте жүктілік Сыныбы: 7 «В»

Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілі

2 слайд
Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру .

Атақты Шалкиіз жырау: «Қыз он бес жасқа келгенде, шашынан көп жаласы», – деген екен. Қырмызы қызыл гүлдей жайқалып өсіп келе жа

3 слайд
Атақты Шалкиіз жырау: «Қыз он бес жасқа келгенде, шашынан көп жаласы», – деген екен. Қырмызы қызыл гүлдей жайқалып өсіп келе жатқан қыз балаға, бой жеткенге кім қызыға қарамайды? Бірі «Менің келінім болса ғой» деп армандаса, екіншісі құмарта көз тастайды... Осындай нәпсіқұмар, арам ойлы адамдар ғой көбінесе жас қыздарды алдап-арбап, обалына қалатындар да, жезөкшелік жолға түсіретіндер де, ерте жүкті етіп, абыройын айрандай төгетіндер де. Әрине, жас қыздардың ішінде ненің халал, ненің харам екенін, оның зардап, зиянын түсінбей жақсы көрген жігітімен жыныстық қарым-қатынасқа түсіп, кәмелеттік жасқа толмай екіқабат болып қалатындар да көп. Бұрынғының қыздары мектеп бітіргенге дейін «сүйіссе аяғы ауырлап қалады-мыс» деген қорқынышпен бойжетсе, бүгінгі жасөспірімдер баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ беске біледі. Жыныстық тәрбие қазақ қоғамы үшін беріге дейін жабық тақырып болып келгені аян. Алайда қанша ұялып, бетті басып, қашып кеткіміз келгенімен бәрібір айналып келіп алдымыздан шыға береді. Жастардың ерте бастан жыныстық қатынасқа түсуі қоғамдық қасіретке ұласып, бұл мәселе «қайтпек керек» деп әр ойдың құйрығынан ұстай алмай жүргенде қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Дәл осы «жабық тақырыпты» жылы жауып қойғысы келсе мынау дамыған заманда жасөспірімдер интернет желісі және теледидар арқылы әр түрлі жайттардан хабардар болып отыратыны хақ. Біз қанша тұсаулағанымызбен балалар өз беттерінше «үйреніп», «тәжірибе» жинақтауда. «Қоршаулы бақтың жемісі тәтті» әрине. «Қорыған жерге бала мен ит өш» екенін тағы да сіз бен біз жақсы білеміз. Нәтижесі…….Жаға ұстатарлықтай… 14-15 жасар қыздарымыздың аяғы ауырлап қалып жатыр… 7-сыныптың баласы жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан емделіп жатыр. Тағысын тағылар… Бұл қанша жасырып жапқанмен аяғы ашылып қала беретін ақиқат. Тіпті іші үрлеген шардай болып жасөскін қыздарымыз кешкі мектепте оқып жүр. ҰБТ-ға дайындалудың орнына бала емізіп жүргендері де жетерлік. Ақыр аяғында өзіміз тұмшалаған өтірігіміз өзімізді тұншықтырып жатқандай. Ақиқаты осы ғой. Статистика жөніндегі агенттіктің берген мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын 15-19 жастағы 10 мыңға жуық қыз баланың аяғы ауыр болады екен. Медициналық тексеруден өткен әр 100 мың жеткіншектің 1 466-сының гинекологиялық ауруға шалдыққаны анықталған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметіне қарағанда елімізде 14 жастағылардың жыныстық қатынасқа бару фактілері жиілеген.Кез келген қыз бала ерте жүкті болып қалғанында әлі әйел болып қалыптасып үлгермегендіктен, психологиялық дағдарысқа ұшырайды. Жасөспірім қыз «күнәсіне» қысылып, әке-шешесінің, туған-туыстарының қас- қабағына қарап, жабырқап жасиды, қайғыға батады, қорланып қысылады. Елдің көзіне түсуден қашады, тасада тығылып өмір сүреді. Жүктілігі енді біліне бастағанда оны жасыру үшін оны белдікпен (орамал, белбеу, шалмамен) қатты тартып тастайды да, іштегі баланың толық жетіліп, дамуына зиянын тигізеді. Содан туған баласы әлжуаз, кемтар да болып шығады. Орыстар мұндай баланы «Не желанный ребенок» (Құдайдан қаламаған бала), – «Некесіз заңсыз туған бала» деп атайды. «Қызға қырық үйден тыйым, қала берді есіктегі күңнен тыйым» дейтін ата-баба дәстүрі көмескі тартқан тәрізді, бүгінде еркін өскен қыз балалар арасында ерте есейіп, балиғатқа толмай бала сүйетін жағдайлар кездесіп жататынын жасырудың қажеті жоқ сияқты... — «Ауруын жасырған — өледі» демекші, міне, өзіңіз де куә болып отырсыз. Осындай жағдайға душар болғандардың күніне 7-8-і акушер- гинекологтарға барады екен. Бәрі де 15 пен 18 жас арасындағы кәмелетке жасы толмаған қыздар. Тіпті 14-тегілері де бар. Қыздар көбіне құрбыларымен келеді, аналары «елден ұят» деп қыздарының бойын тазалатқанды жөн көреді, ал оның одан арғы өмірі не болады, оған бас қатырып жатпайды. Ұятты ойласа, қыз баламен 13 жасынан ашық сөйлесіп, қате қадамнан сақтандыруы керек деген пікірдеміз.

Ерте жүктілік деген не?. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі

4 слайд
Ерте жүктілік деген не?. Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала«әдейі» бәрін кері істейді. Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар? Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Жүктілік кезін

5 слайд
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады. Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жасаналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы.

• Негізі қыздарда 10-12 жаста алғаш рет етеккірі келеді. Демек, бұл уақыт олардың бойжеткендігінің белгісі. Етеккір келгенде не

6 слайд
• Негізі қыздарда 10-12 жаста алғаш рет етеккірі келеді. Демек, бұл уақыт олардың бойжеткендігінің белгісі. Етеккір келгенде не істеуі керек? Тазалықты сақтаудың алғы шарттарын қызына ең алдымен анасы, жеңгесі айтып түсіндіргені абзал. Ал 13-14 жаста жасөспірім қыздың гинеколог дәрігерге келіп, профилактикалық тексеруден өтуі міндетті. Бұл қабылдауды дәрігер қыздың қасында тек анасы болғанда ғана жүргізе алады. Бұл не үшін керек? Қыз баласының гинекологиялық ауытқуларын ерте жастан анықтап, дәрігерлік кеңес беру үшін қажет. Сондай-ақ, қыздың гинекологиялық тұрғыда қандай да бір шағымдары болса, анализ талдамаларын алып, зерттеуге жібереміз.

Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ