Материалдар / Тіл кемістігі бар балалардың дыбыс айту кемшіліктері және оларды түзету жолында қолданылып жатқан тиімді әдіс-тәсілдер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл кемістігі бар балалардың дыбыс айту кемшіліктері және оларды түзету жолында қолданылып жатқан тиімді әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл кемістгі бар балаларға арналған түзету жұмыстары туралы шығармашылық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2019
929
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Шығармашылық есеп: Тіл кемістігі бар балалардың дыбыс айту кемшіліктері және оларды түзету жолында қолданылып жатқан тиімді ә

1 слайд
Шығармашылық есеп: Тіл кемістігі бар балалардың дыбыс айту кемшіліктері және оларды түзету жолында қолданылып жатқан тиімді әдіс- тәсілдер. 2016-2017 оқу жылы.

ХХІ ғасыр – білім бәсекесі ғасыры. Әлемдік білім кеңістігінің ұлан-ғайырлығы сондай, мұғалімнің аса зор мәдениетті

2 слайд
ХХІ ғасыр – білім бәсекесі ғасыры. Әлемдік білім кеңістігінің ұлан-ғайырлығы сондай, мұғалімнің аса зор мәдениеттілік пен білімділікке үнемі ұмтылысы, педагогикалық, әдістемелік деңгейінің жоғары болуын қадағалауды талап етеді. Болашаққа біздің қадам енді басталды, оның қандай болуы сіз бен бізге байланысты. Н.Ә.НазарбаевХХІ ғасыр ұстазыХХІ ғасыр ұстазы

Сөйлеу тілі тек қана адамның тек өзіне тән психикалық қызмет атқарады.Тіл-бала дамуын жетілдірудегі өте күшті фактор.Себебі,ол

3 слайд
Сөйлеу тілі тек қана адамның тек өзіне тән психикалық қызмет атқарады.Тіл-бала дамуын жетілдірудегі өте күшті фактор.Себебі,ол адам өмірінде ерекше қызмет атқарады.Тіл арқылы адамдар айналадағы ортамен танысады,өзінің сезім-күйін,еркін білдіреді.Сөйлеу тілінің онтогенезі бойынша,баланың сөйлеу тілінде дыбыстар әртүрлі уақытта пайда болады.Бала дауысты дыбыстарды дауыссыз дыбыстарға қарағанда ерте меңгереді.Ең алдымен қазақ тілінің фонологиялық жүйесін құрайтын дауысты және де келесі дауыссыз дыбыстар қалыптасады.

Дауыссыз дыбыстар қалыптасады. [ б ] , [ п ] , [ м ] , [ н ] , [ д ] , [ т ] , [ к ] , [ г ] , Кешірек ысқырық

4 слайд
Дауыссыз дыбыстар қалыптасады. [ б ] , [ п ] , [ м ] , [ н ] , [ д ] , [ т ] , [ к ] , [ г ] , Кешірек ысқырық және және ызың [ с ] , [ з ] , [ ц ] ,- [ ш ] , [ ж ] , [ щ ] , [ ч ] . Ең соңынан [ й ] , [ р ] , [ л ] , дыбыстары шығады А.Н. Гвоздевтің пікірі бойынша,бұл «артикуляциялық қиын дыбыстар» деп аталады . «Артикуляциялық қиын дыбыстар» дегеніміз сөйлеу мүшелерінің қиын қимыл қозғалысын қажет ететін дыбыстар.Сол себепті осы дыбыстар кеш шығады және жиі бұзылады .

Сөйлеу тілі бұзылыстарының арасында жиі кездесетін кемістік-дыбыс айтуының бұзылуы. Дыбыс айтуының бұзылуы баланың ойлау проц

5 слайд
Сөйлеу тілі бұзылыстарының арасында жиі кездесетін кемістік-дыбыс айтуының бұзылуы. Дыбыс айтуының бұзылуы баланың ойлау процесіне және психиканың басқа барлық жағына әсер етеді.Осыдан тек танымдық іс-әрекетінің дамуы ғана зардап шекпейді,сонымен қатар баланың тұлғалық дамуына кері әсерін тигізеді.Дыбыс айтуының ақаулығы деп ерекше себептерге байланысты нормадан тыс тұрақты,өз бетімен жойылмайтын,логопедиялық көмекті қажет ететін дыбыс айтуынының бұзылуы.

Дыбыс айтудың бұзылуының себептері Естуінің төмендеуі Сөйлеу тіл бұзылыстарын естіп ажыратуының бұзылуы Артикуляциялық а

6 слайд
Дыбыс айтудың бұзылуының себептері Естуінің төмендеуі Сөйлеу тіл бұзылыстарын естіп ажыратуының бұзылуы Артикуляциялық аппараттарының анатомиялық бұзылыстары Артикуляциялық аппаратының қызметінің бұзылуы Артикуляциялық мүшелерінің епсіздігі Баланың айналасындағы адамдардың сөйлеу тілінің дұрыс болмауы немесе баланың сөйлеу тіліне көңіл бөлінбеуі

Себептердің әр қайсысын жеке-жеке қарастырайық . Баланың ерте жасында естуінінің төмендеуі оның дыбыс айтуының дамуына ғана е

7 слайд
Себептердің әр қайсысын жеке-жеке қарастырайық . Баланың ерте жасында естуінінің төмендеуі оның дыбыс айтуының дамуына ғана емес,жалпы сөйлеу тілі дамуына кері әсерін тигізеді.Сөйлеу тіл дыбыстарын естіп ажыратуы бұзылған жағдайда балалар жақсы естиді,бірақ акустикалық жақын дыбыстар оларға ұқсас болып естіледі. Мысалы: [ ш-с ] , [ ш-ж ] , [ с-з ],[ д-т ] , [ р-л ] .Бұндай бұзылыстар ерте жаста дыбыс айтуында жас ерешеліктері болып көрінеді,бірақ оларға қарағанда келешекте өз бетімен,яғни логопедиялық көмексіз жойылмайды және міндетті түрде баланың оқуы мен жазуында көрініс алады.Сондықтан үш- төрт жасында баланың акустикалық жақын дыбыстарды естіп ажыратуының қалпын тексеру өте маңызды.

Артикуляциялық аппаратының анатомиялық бұзылыстарының салдарынан көп деген жағдайда дыбыстардың айтуының қалыптасуына кед

8 слайд
Артикуляциялық аппаратының анатомиялық бұзылыстарының салдарынан көп деген жағдайда дыбыстардың айтуының қалыптасуына кедергі болады.(тіс және жақ сүйектерінің дұрыс қалыптаспауы,тіл асты желбезегінің қысқа болуы, таңдай жарықшалары тағы басқа. Атап айтсақ,тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен,тілдің ұшы жоғары емін- еркін көтеріліп қимылдай алмайды да тілдік дыбыстар бұзылады. Одан басқа тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте үлкендігі немесе кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс айтылуын қиындатады.

Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары,көбінесе үстіңгі және астыңғы тістердің қабысып,дұрыс қиюласпауы да дыбыс айту бұзылыстар

9 слайд
Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары,көбінесе үстіңгі және астыңғы тістердің қабысып,дұрыс қиюласпауы да дыбыс айту бұзылыстарына себеп болады.Олардың қиюласып тістесуіндегі кемсітіктер әртүрлі болып келеді. Кемиек(прогнатия) үстіңгі жақ сүйегі алға қарай сорайып қатты шығып кетеді де үстіңгі және астыңғы тістер бір-бірімен мүлде тістеспей қалады. Опырауыз-(прогения )-астыңғы жақ сүйегі алға қарай шығып кетеді де үстіңгі тістер астыңғы тістердің ішкі жағына кіріп тұрады. Ашық ауыз-(открытый прикус) үстіңгі жақ пен астыңғы жақты қабыстырған кезде алдыңғы тістер тістеспей,аралары үңірейіп ашық болып тұрады. Жарық езу-(перекрестный прикус) – жақ сүйектерін қабыстырған кезде бір оң жақ жағының,бірде сол жақ жағының немесе екі жағының да азу тістері қиюласпай аралары ашық қалады.Кейде аралары ашылып, селдіреп,сирексіп қисық шығатын тістер де дыбыс айту бұзылысына себепші болады. Тар немесе біртегіс жайпақ болып келетін төбесі әдеттегіден тым жоғары немесе тым төмен таңдай да көптеген дыбыстардың дұрыс айтылуына кедергі жасайды.

Баланың айналасындағы адамдардың сөйлеу тілінің дұрыс болмауы немесе баланың сөйлеу тіліне көңіл бөлінбеуі,яғни сөйлеу тілін

10 слайд
Баланың айналасындағы адамдардың сөйлеу тілінің дұрыс болмауы немесе баланың сөйлеу тіліне көңіл бөлінбеуі,яғни сөйлеу тілінің дамуына әлеуметтік жағдайына әсері. Атап айтсақ ол: Баланың жанындағы адамдардың тез,асығып сөйлеуі.(бала дыбыстарды есту және көру арқылы анық қабылдай алмайды:) Отбасында екі тілде сөйлеу(бала дыбыстардың әр түрлі үлгілерін естиді) Айналасында дыбыс айтуы бұзылған адамдардың болуы(бала еліктеу арқылы дыбыстарды бұзып айтады) Педагогикалық(ересектердің бала тіліне ,соның ішіне тіл дыбыстарын дұрыс айтуына көңіл бөлмеуі Ересектердің баланы еркелетіп,соның «тілімен сөйлеуі»баланың сөйлегені ересектерге ұнағандықтан ол дұрыс сөйлеуге ұмтылмайды. Баланың дұрыс сөйлемейтін құрбыларының арасында ұзақ болуы .

Көптеген жағдайда бір балада бірнеше себептер үйлесіп кездесуі мүмкін,бұл балалардың дыбыс айтуына кері әсер етеді.Сөйлеу тілі

11 слайд
Көптеген жағдайда бір балада бірнеше себептер үйлесіп кездесуі мүмкін,бұл балалардың дыбыс айтуына кері әсер етеді.Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді.Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төрке дейін болса,оны қарапайым,ал одан көп болса күрделі дислалия дейміз.Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың ақаулықтары дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы (мысалы:ысқырық)дыбыстар болса онда оны мономорфиялық дейміз.Егер мұндай ақаулықтар дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы (мысалы:ротоцизм,сигматизм және ламбдацизм) дыбыстары да болса оларды полиморфиялық дейміз.

Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай топтарға бөлінеді: Сигматизм-гректің си

12 слайд
Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай топтарға бөлінеді: Сигматизм-гректің сигма деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық [ с,с,з,з,ц ] және ызың [ ш,ж,ч,щ ] дыбыстарының айтылуын білдіреді. Ротацизм-гректің ро деген әрпі \р\ дыбысын білдіреді. Ламбдацизм-гректің ламбада деген әрпі \ л\ дыбысын білдіреді. Каппацизм- к,к Хитизм-х,хЙотацизм- й деген дыбысты білдіреді. Ұяң дауыссыз дыбыстардың ақаулығы - сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтар ,Мұндай ақаулықта ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады. \В-п,д-т,в-ф,з-с,ж-ш,г-ғ,к-қ\

Дыбыс айту бұзылыстарын түзету жұмыстары . Дыбыс айтуының бұзылуын түзетуге бағытталған логопедиялық жұмыс белгілі кезектілікп

13 слайд
Дыбыс айту бұзылыстарын түзету жұмыстары . Дыбыс айтуының бұзылуын түзетуге бағытталған логопедиялық жұмыс белгілі кезектілікпен,кезеңмен жүргізіледі.Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері жайында авторлардың әр түрлі пікірлері кезедседі.Мысалы: Ф.Ф. Рау екі кезеңге бөлсе, О.В.Правдина О.Ф Токаревалар үш кезеңге бөлсе , М.Е.Хватцев төрт кезеңге бөлді

Логопедиялық түзету жұмыстары Дайындық кезеңі Дыбысты қою кезеңі Дыбысты дұрыс айтуға машықтан- дыру Дыбысты ұқсас дыбыс

14 слайд
Логопедиялық түзету жұмыстары Дайындық кезеңі Дыбысты қою кезеңі Дыбысты дұрыс айтуға машықтан- дыру Дыбысты ұқсас дыбыстар- дан ажырату кезеңі

Дайындық кезеңі Баланы түзету жұмысына ынталан- дыру. Артику- ляцияны дұрыс қалып- тастыру Саналы түрде тапсырма- лар

15 слайд
Дайындық кезеңі Баланы түзету жұмысына ынталан- дыру. Артику- ляцияны дұрыс қалып- тастыру Саналы түрде тапсырма- ларды орындауға үйрету Зейінін, тың- дау,есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту Дыбысты қабылдау,а жырату процесін дамыту Қолдың ұсақ бұлшық- еттерін жаттық - тыру Сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуын қалыптас -тыру

Көптеген жағдайда балалар дыбысты қою кезінде өз артикуляциялық мүшелерін қажетті қалпына келтіре алмайды.Мысалы:балаға «р» д

16 слайд
Көптеген жағдайда балалар дыбысты қою кезінде өз артикуляциялық мүшелерін қажетті қалпына келтіре алмайды.Мысалы:балаға «р» дыбысы қойылып жатыр.Ал бала тіл ұшын дірілдету тұрмақ,оны жоғары көтере алмайды.Сондықтан дайындық жұмысын жүргізу қажет.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты артикуляциялық жаттығулар арқылы ерін мен тілдің қимылын жеткілікті дамыту.

Артикуляциялық гимнастикаға арналған жаттығуларды қалай болса, солай алуға болмайды.Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты ж

17 слайд
Артикуляциялық гимнастикаға арналған жаттығуларды қалай болса, солай алуға болмайды.Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және еркін,тіл қимылдарын,қалпын дағдыландыруға бағытталады.

18 слайд

Дыбысты қою кезеңі Бұл кезеңнің мақсаты фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыруы болып табылады. Егер баланың тілінде д

19 слайд
Дыбысты қою кезеңі Бұл кезеңнің мақсаты фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыруы болып табылады. Егер баланың тілінде дыбыс мүлдем жоқ болса,басқа дыбыстарға алмастырылып айтылса,дыбыс жаңадан қойылады.Ал егер бұзылған артикуляция қалыптыға жақын болса,артикуляцияның жеке элементтерін анықтау арқылы түзету жұмысы жүргізіледі. Дыбысты қою үшін негізгі үш тәсіл қолданылады . Механикалық(құралдардың Аралас тәсіл көмегі зондтар,шпатель,т.б).Еліктеу арқылы

Н , М , Л , Р , Н М Л Р Г , Д , Б , В , З , Г Д Б В З Ж К Т П Ф С Ш Х К , Т , П , Ф , С , Щ Х , Ч Ц

20 слайд
  Н , М , Л , Р ,     Н М Л Р     Г , Д , Б , В , З ,     Г Д Б В З Ж   К Т П Ф С Ш Х К , Т , П , Ф , С , Щ Х ,         Ч Ц   Ф.А.Рау кестесі бойынша дыбыс қою

Логопедиялық зонд

21 слайд
Логопедиялық зонд

Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген.Балаға өзінің сөйлеу мүшелеріне дыбыстың қалыпты айтылуына тән дұрыс орнықтыруын үйретеді

22 слайд
Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген.Балаға өзінің сөйлеу мүшелеріне дыбыстың қалыпты айтылуына тән дұрыс орнықтыруын үйретеді.Мысалы:балаға «с» дыбысын қою кезеңінде,тілдің ұшын төменгі тістердің артына қойып,тілді шығармай айтуын үйретеміз Екінші тәсіл құралдардың. (шпатель,зонд) немесе саусақтың көмегімен сөйлеу мүшелеріне механикалық ықпал етумен жүргізіледі.Бұл жағдайда белгілі бір бастапқы артикуляция пайдаланады,соның негізінде сөйлеу мүшелері механикалық жолмен,баяу түрде қажетті қалпына, қозғалысына келтіріледі.Мысалы:балаға аузын кең ашып,тілдің ұшын жоғары күрек тістерге қарай көтеріп \ж\ дыбысын ұзақ айтуын өтіну.Осы кезде шпательмен (зондпен) тіл ұшының астыңғы жағын тез-тез оңға-солға қимылдату,сонда \р\ дыбысына ұқсас дыбыс шығады. Үшінші тәсіл аралас тәсіл алғашқы екі тәсілдің қоса қолдануымен жүргізіледі.Артикуляцияның дұрыс қалпына еліктеу және ауызша түсіндіру бұл тәсілде жетекші болып табылады,механикалық ықпал көмек ретінде қолданылады.Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тектестігін ескеріп,бұзылған дыбысты түзеткенде оның дұрыс айтылуына сүйену қажет.

Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңі Бала жеке дыбысты дұрыс айтып үйренген соң міндетті түрде дыбысты машықтандыру кезеңіне ауыс

23 слайд
Дыбыс айтуды машықтандыру кезеңі Бала жеке дыбысты дұрыс айтып үйренген соң міндетті түрде дыбысты машықтандыру кезеңіне ауысу қажет.Қойылған дыбысты бекіту жұмысы керекті жүйелікпен және кезектілікпен жүргізіледі.Бұл кезең дайындық және дыбысты қою кезеңінен бастап дыбыс айтудың ауытқуынының себебі қандай болмасын жұмыс бірдей кезектілікпен жүргізіледі. Буында бекіту Ашық, тұйық,бітеу. Мыс:аш, ша, шаш Сөзде бекіту:басын да,ортасын да,аяғында,ш ана,аша, ағаш. Сөз тіркесінде бекіту: Мыс:шыны шәйнек,шашу шашты. Байланысты рып сөйлеуде бекіту:Шынар қуыршағына шалбар кигізді.Сөйлемде бекіту:Шара шыны шәйнекпен шәй құйды.

Шатастыратын дыбыстарды ажырату кезеңі Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажыратуын үйрету жұмыстары жүргізіледі.Бұл дағдылар а

24 слайд
Шатастыратын дыбыстарды ажырату кезеңі Қойылған дыбысты ұқсас дыбыстардан ажыратуын үйрету жұмыстары жүргізіледі.Бұл дағдылар арнайы жаттығулар арқылы қалыптасады.Дыбыстарды ажырату кезеңі дайындық және дыбысты қою кезеңінен басталады деп айтуға болады.Дайындық кезеңінде сөйлеу тілінде алмастырылатын дыбыстарды есту арқылы ажыратуды үйрету.Шатастырып айтатын дыбыстарды бала кез-келген дыбыс тіркестерінде дұрыс айтып үйренген жағдайда дыбыстар толық машықтандырылған кезде ғана дыбыстарды ажырату кезеңіне көшуге болады.Бұл кезеңдегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңдеріндегідей жүргізіледі:

- Дыбысты әртүрлі буындарда ажырату, мысалы:са-за,зы- сы,із-іс,зла-сла. -Сөзде ажырату. Мысалы:қаз-қас,жаз-жас,қазық-қасық -С

25 слайд
- Дыбысты әртүрлі буындарда ажырату, мысалы:са-за,зы- сы,із-іс,зла-сла. -Сөзде ажырату. Мысалы:қаз-қас,жаз-жас,қазық-қасық -Сөз тіркесінде ажырату.Мысалы:сегіз қасық. -Сөйлемде ажырату.Зухра серуенге шықты. -Байланыстырып сөйлеуде дыбыстарды ажырату: -Дыбыстарды күнделікті сөйлеу тілінде ажырату Қорыта келгенде бұзылған дыбыстарды түзетуде логопедиялық жұмысты осындай ретттілікпен жүргізген жағдайда нәтижелі болады.Дыбыс айту бұзылыстарын түзету сабақтары балаларға қызықты,тартымды болу үшін ойын және ойындық,сәттерді көп қолдану қажет.Ойын кезінде сөйлеу арқылы көптеген жетістіктерге тез жетеді. .

Логомассаж Логопа

26 слайд
Логомассаж Логопад:Қалмахан А Артикуляциялық гимнастика

Еліктеу тәсілі арқылы «ж» дыбысын қою кезеңі . «Жолақ жол» ойыны арқылы «ж» дыбысын буында бекіту.

27 слайд
Еліктеу тәсілі арқылы «ж» дыбысын қою кезеңі . «Жолақ жол» ойыны арқылы «ж» дыбысын буында бекіту.

«Ж» дыбысын сөз ішінде бекіту және танымдық қабілетін дамыту. «Аспаз мектебі» «С» дыбысын сөйлем ішінде бектіу

28 слайд
«Ж» дыбысын сөз ішінде бекіту және танымдық қабілетін дамыту. «Аспаз мектебі» «С» дыбысын сөйлем ішінде бектіу

Фонетико- фонема...

29 слайд
Фонетико- фонема...