Материалдар / "Ұлы Жеңіске 75 жыл"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ұлы Жеңіске 75 жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайсарлық пен қарапайымдылжеңіске ық Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жол ашты Н.Ә.Назарбаев Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. Біз ата-бабаларымыздың арқасында осындай тәуелсіз ел болдық . Соғыс туралы айтсақ, Кеңес Одағының тарихында Ұлы Отан соғысы ерекше есте қалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
566
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
9 мамыр жеңіс күні

1 слайд
9 мамыр жеңіс күні

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ (1941-1945) Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл

2 слайд
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ (1941-1945) Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАСТА Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішін

3 слайд
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАСТА Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАСТА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ: 1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизи

4 слайд
МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАСТА ЕРЛІК КӨРСЕТКЕН ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ: 1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы- батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті. Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.

ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болы

5 слайд
ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры

ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молда

6 слайд
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт- Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

МӘНШҮК МӘМЕТОВА1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал

7 слайд
МӘНШҮК МӘМЕТОВА1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

1945 ЖЫЛЫ 2 МАМЫРДА БЕРЛИН ҚАЛАСЫ АЛЫНДЫ, РЕЙХСТАГ ҚАБЫРҒАСЫНА АЛҒАШҚЫ БОЛЫП ТУ ТІККЕН РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ

8 слайд
1945 ЖЫЛЫ 2 МАМЫРДА БЕРЛИН ҚАЛАСЫ АЛЫНДЫ, РЕЙХСТАГ ҚАБЫРҒАСЫНА АЛҒАШҚЫ БОЛЫП ТУ ТІККЕН РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесі

9 слайд
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.