Материалдар / Зерттеу жобасы «БҚО Теректі ауданында өсетін Кәдімгі қарағай қылқанының құрамындағы аскорбин қышқылының маңыздылығын зерттеу»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зерттеу жобасы «БҚО Теректі ауданында өсетін Кәдімгі қарағай қылқанының құрамындағы аскорбин қышқылының маңыздылығын зерттеу»

Материал туралы қысқаша түсінік
биология , экология пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2020
448
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тақырыбы: «БҚО Теректі ауданында өсетін Кәдімгі қарағай қылқанының құрамындағы аскорбин қышқылының маңыздылығын зерттеу»

1 слайд
Тақырыбы: «БҚО Теректі ауданында өсетін Кәдімгі қарағай қылқанының құрамындағы аскорбин қышқылының маңыздылығын зерттеу» Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық білім беру бөлімі Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы Зерттеу жұмысының авторы : 7 -сынып оқушысы, Аскаров Арман Рустамович Жетекшісі: биология, география пәнінің мұғалімі, Бердибекова Ж.Ж. 2018 жыл Аудандық “Менің Отаным-Қазақстан” слеті

Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім. «Аскорбин қышқылы – табиғатта кең таралған дәрумен» Кәдімгі қарағай -мәңгі жасыл өсімдік Ас

2 слайд
Мазмұны     Кіріспе Негізгі бөлім. «Аскорбин қышқылы – табиғатта кең таралған дәрумен» Кәдімгі қарағай -мәңгі жасыл өсімдік Аскорбин қышқылы туралы дереккөздері сыр шертеді Аскорбин қышқылының тәуліктік қажеттілігі мен химиялық құрамы Аскорбин қышқылының адам ағзасына физиологиялық әсері Аскорбин қышқылына зерттеу жұмыстары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Қосымшалар  

Кіріспе • Қазір ХХІ ғасырға аяқ басқан заманда адам денсаулығына әсер ететін жағымсыз факторлар жетерлік. Адамның өмір сүру

3 слайд
Кіріспе • Қазір ХХІ ғасырға аяқ басқан заманда адам денсаулығына әсер ететін жағымсыз факторлар жетерлік. Адамның өмір сүру деңгейінің төмендеуі, ұзақ уақыт шаршауы, дұрыс тамақтанбау т.б. әртүрлі аурудың күрт өсуіне әкеліп соғады. Көптеген аурулардың асқынулары адам ағзасындағы иммунды жүйенің төмендеуінен болатыныны айқын. Сондықтан ағзадағы иммунды жүйенің жұмысын жақсарту үшін дәрумендерді пайдаланудың маңыздылығынан, әсіресе С дәрумені ерекше саналады. • С дәрумені- алғаш лимон шырынынан алынған өте күшті антиоксиданттар. Олар суда жақсы еритіндіктен адам өміріне қажетті тіршілік әрекеттеріне кедергі келтірмей, иммунды жүйенің жұмысына едәуір көмектеседі.

Өзектілігі: • Мен Орал қаласына жақын орналасқан, тоғыз жолдың торабы түйіскен Подстепный ауылындағы гимназия жатақханасында

4 слайд
Өзектілігі: • Мен Орал қаласына жақын орналасқан, тоғыз жолдың торабы түйіскен Подстепный ауылындағы гимназия жатақханасында тұрып жатырмын. Гимназия жатақханасының қасында республикалық маңызы бар тас жол өтеді. Әртүрлі көліктердің адам денсаулығына кері әсерін тигізетін, иммундық жүйенің қызметін айтарлықтай төмендететін қоршаған ортаны қорғаудың негізгі ластаушыларының бірі болып табылады. Иммундық жасушалардың қарқынды түзілуі үшін үшін дәрумендердің аса қажет екендігі бұрынан белгілі. Қазақстанның тамақтану институты жүргізген зерттеулеріне сүйенсек соңғы жылдары Қазақстанда дәрумен жетіспеушілігінің артқанын тілге тиек етті. Сондықтан қазір С дәруменінің жетіспеушілігі күрделі мәселеге айналып отырғандықтан бұл зерттеу жұмысын таңдап алдым.Түрлі дереккөздері, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау барысында жасөспірімдерде аскорбин қышқылының жетіспеушілігі ағзаға кірген ауру тудыратын микробтарды жою қабілетін 2 есе азайтатынын, яғни иммундық қорғаныс төмендейтінін білдім. Соның нәтижесінде өткір респираторлық аурулардың жиілігі   • 30-40 пайызға жоғарлайды, керісінше аскорбин қышқылын тұтынуы арқылы респираторлық аурулардың жиілігін айтарлықтай азайтып, иммундық жүйенің белсенділігін, яғни дененің қорғаныш қасиеттері жоғарлайды. • Қарағайдың қылқаны- адам ағзасына қажетті заттар мен дәрумендердің қоймасы деуге болады,себебі оның құрамында 250-300мг дәрумен бар.

• Мақсаты: С дәрумені гиповитаминозын қарағайдың қылқан жапырағында кездесетін аскорбин қышқылының бар екенін дәлелдей отырып

5 слайд
• Мақсаты: С дәрумені гиповитаминозын қарағайдың қылқан жапырағында кездесетін аскорбин қышқылының бар екенін дәлелдей отырып, қолжетімділігін айқындау. • Міндеттері: • Күз-қыс мезгілдерінде қарағайдың қылқан жапырағындағы аскорбин қышқылының құрамын зерттеу. • Гимназия оқушыларының денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттау негізінде зерттелген материалдарды талдай отырып, ұсыныстар беру • Зерттеу нысаны: Теректі ауданы Подстепный елді мекенінде орналасқан Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының ауласында өсіп тұрған Кәдімгі қарағайдың қылқан жапырақтары • Болжамы: Кәдімгі қарағайдың қылқан жапырақтарының құрамында аскорбин қышқылының бар жоғын дәлелдеу • Зерттеу әдістері: жинақтау, салыстыру, әңгімелесу, сауалнамалар анализ және синтез, пікірлесу. • Зерттеудің жаңашылдығы мен дербестігі: Адам С дәруменін пайдаланудың тиімді жолын білсе, қолжетімділігін көрсету.

Кәдімгі қарағай-мәңгі жасыл өсімдік Қарағай (лат Pínus )– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақт

6 слайд
Кәдімгі қарағай-мәңгі жасыл өсімдік Қарағай (лат Pínus )– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгі жасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады.

Аскорбин қышқылы туралы дереккөздері сыр шертеді С дәрумені (аскорбин қышқылы) -1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз

7 слайд
Аскорбин қышқылы туралы дереккөздері сыр шертеді С дәрумені (аскорбин қышқылы) -1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз аурудың әсерінен адамның тістерінің еті қанталап,түбі босап,тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетінін,тері экземасыпайда болатынын, организмнің жұмысқа деген қабілеті кеміп,тез шаршайтынын кезінде жазып сипаттаған еді. Бұл аурумен,әсіресе теңізшілер,жауынгерлер, жиһанкездер ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады.Ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұру әрекетін арттырады.Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді.

Аскорбин қышқылының химиялық құрамы мен тәуліктік қажеттілігі . Аскорбин қышқылы (C 6 H 8 O 6 ) – адам мен жануар а

8 слайд
Аскорбин қышқылының химиялық құрамы мен тәуліктік қажеттілігі . Аскорбин қышқылы (C 6 H 8 O 6 ) – адам мен жануар ағзасындағы тотығу- тотықсыздану процестерін реттеп, әртүрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтетін, суда еритін дәрумен. Аскорбин қышқылының адам ағзасына физиологиялық әсері. Адам ағзасына аскорбин қышқылы биохимиялық және физиологиялық маңызды рөл атқарады. Егер адам азық-түліктің құрамында С дәрумені жеткіліксіз болғанда авитаминоз түрінде (цинги) көрінеді. C-авитаминозының негізгі басты белгілері: қан мен лейкоциттер плазмасында аскорбин қышқылы концентрациясының азаюы, қылтамырларының қабырғаларының жұқаруы, әлсіздік, бойкүйездік, шаршау, тәбеттің жоғалуы, бойының өсуінің тежелуі, тістерді тазалағанда кезінде қан білінуі т.б.

Аскорбин қышқылына тәжірибелік-зерттеу жұмыстары

9 слайд
Аскорбин қышқылына тәжірибелік-зерттеу жұмыстары

Қорытынды. Аскорбин қышқылының қасиеттерін және С дәруменінің адам ағзасына физиологиялық әсерін зерттеу- тәжірибелердің

10 слайд
Қорытынды. Аскорбин қышқылының қасиеттерін және С дәруменінің адам ағзасына физиологиялық әсерін зерттеу- тәжірибелердің нәтижесінде : • Аскорбин қышқылының негізгі қасиеттері оның ацкорбин қышқылын дегидроаскорбин қышқылына тотығуына байланысты тотығу-қалпына келтіру процестеріне қатысуымен байланыстылығын • Жасөспірімдер үшін денсаулық аса маңызды. Демек, азық-түлік құрамында маңызды органикалық заттармен бірге С дәрумені де болуы керек деген сөз. Бұл нәруыз алмасуымен тікелей байланысты, ағзаның суыққа төзімділігін, стресстің әртүрлі түрлеріне ықпал етеді. • С дәрумені жаңа піскен көкөністер мен жемістерде кездеседі, бірақ олар қыста бола бермейді, болса да ақшасы арзан болмайды. Сондықтан қылқан жапырақты қарағай өсімдігі С дәруменінің бай көзі болып табылады