Басқару стильдерінің өнімділігі Дәуренбек Қарақат Аралқызы
25 Қараша 2024
109
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ғасырға жуық тарихы бар еліміздің алдыңғы қатарлы бетке ұстар білім ордасы. Іргесі қаланғаннан бері үлкен белестерді бағындырып, Орта Азияда және Әлемдік деңгейде көш бастап келеді. Еліміздің осындай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орнында мықты мамандардың басқару ісі бойынша психологиялық дағдыларын қалыптастыру мен дамыту мақсатында «Басқару психологиясы» пәні оқытылады. Аталмыш пәннен психология ғылымдарының кандидаты, доцент Болтаева Алия Масакбаевна «Басқару стильдері. Жетекшінің басқару стилінің ерекшеліктері мен өнімділігі» тақырыбы бойынша 1 курс магистранттарына дәріс оқыды. Аталған тақырып бойынша талқылаулар семинар сабақтарында жалғасын тапты. Семинар сабақтарында магистранттар Курт Левиннің басқару стильдері бойынша пікір алмасып, әртүрлі көзқарастарды сараптады, бұл өз кезегінде оларға басқару психологиясына деген терең түсінік қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар, сабақ барысында олар ұйымдағы әрбір