×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Басты бет | Вебинар
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

X, Y және Z ұрпақтарының ерекшеліктері. Қалай тіл табысуға болады

"Ұстаз тілегі" Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы

Вебинар ұзақтығы: 40 мин

Қазіргі уақыттағы қоғамның аса маңызды стратегиялық мәселелерінің бірі: «ұрпаққа білімді қалай игерту, жаңа ғылымдар, технологиялар, және өмір салты бойынша ликбез(сауатсыздықты жою)», «өмірдегі жақсы мен жаман не»,  «әртүрлі ағым аралық адамдармен қалай қарым-қатынас жасау», «балалармен, ересектермен қалай қарым-қатынас жасау» осындай жаңа ұғымдағы мәселелерді анықтау күрделі болып отыр. Уақыт өзгерген сайын – адамдар да өзгеруде.

Алайда, білім беру жүйесі қазіргі заманғы оқушылардың сұранысына әрдайым сәйкес келе бермейді. Ал тиімді педагогикалық үдерісті жүзеге асыру үшін өзара түсіністікпен мұғалім мен оқушыға ортақ мақсат қажет. Егер мұғалім мен оқушы әр түрлі ұрпақтың өкілдері болса, онда не істеу керек. Осы мәселелерді түсінуге тырысып көрейік. өзара түсіністікке қалай қол жеткізуге болады? Ұрпақ теориясы оған көмектесе ала ма?

Ұрпақ теориясы екі үлкен мәселені зерттейді:

•    құндылықтар;

• құндылықтардың қалыптасуына әсер ететін оқиғалар мен құбылыстардың циклдігі.

Бұл теорияның негізінде әртүрлі тарихи кезеңдерде өскен ортаның құндылықтар жүйесі бір-бірінен ерекшеленеді деген факті жатыр. Барлық факторлар жасөспірім кезеңінен бастап бір–бірімен  пікір алмасуы, мінез-құлқытың қалыптасуы, өмірдегі қайшылықтарды қалай шешу, қандай мақсаттар қоятындығы және ынталандыратын не адам бойындағы байқаусыз әрекет ететін құндылықтарды көрсетеді.

 «Ұрпақ теориясы» жақтастарының пікірінше– ұқсас құндылықтар мен тәрбие ерекшеліктері бір адамдар-қоғамдағы оқиғалар мен сол уақыт кезеңінде туған адамдар тобы екенін дәлелдеп отыр.

 Қазір Қазақстанда мынадай ұрпақ өкілдері тұрады (жақшада туылған жылдар көрсетілген):

1. Жеңімпаздар ұрпағы (1900-1922 жж.).

2. Үнсіздер ұрпағы (1923-1942 жж.).

3. Беби-Бумерлер ұрпағы (1943-1962 жж.).

4. X ұрпағы (1963-1982 жж.).

5. Миллениалдар ұрпағы немесе Y ұрпағы (1983-2002 жж.).

6. Кейбір сарапшылар Z ұрпағын(2003 жылдан бастап) жеке бөліп алады.

Сіз вебинарға қатысқандығыңыз туралы сертификатты
жүктеп алуыңызға болады

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Минаим

Өте керемет, ұнады. Әріптестеріммен де, студенттермен де бөлісуге болады.Рақмет!

Жанар

Вебинар керемет екен. Рақмет. Сертификатты бірден алдым.

Akhunzhan

Yaa super