Материалдар / 1000В жоғары кернеумен электр тораптары және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қондырғыларды электрмен қамтамасыздандыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1000В жоғары кернеумен электр тораптары және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қондырғыларды электрмен қамтамасыздандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Электрмен қамтамасыз ету мамандығына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
365
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

29 ДӘРІС ЖОСПАРЫ

Тобы

Күні

ЭҚ 36-3


ЭҚ 37-3


Пәні: Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен қамтамасыздандыру


Дәрістің тақырыбы: 1000В жоғары кернеумен электр тораптары және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қондырғыларды электрмен қамтамасыздандыру сұлбалары






Дәрістің типі: Жаңа білімді меңгеру

Дәрістің түрі: Түсіндіру, ой қозғау, қызығушылықты ояту

Дәрістің технологиясы мен әдістері: СТО деңгейлеп оқыту, түсіндірмелі хабарлау, сұрақ жауап, топқа бөлу арқылы сыни тұрғысынан дамыту әдістері.

Дәрістің мақсаты

Оқыту: 1000В жоғары кернеумен электр тораптары және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қондырғыларды электрмен қамтамасыздандыру сұлбаларын оқыту

Дамытушылық: Оқыту процесінде білімгерлердің қабілеттері мен дағдыларын дамыту және инновациялық әдістерді қолдана отырып, ақыл-ой, біліктіліктерінің дамуы.

Тәрбиелік: Білімгерлер арасында өзара көмектесу дағдысын тәрбиелеу,пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу. білімгерлердің шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс:_Физика, ЭТН,

Дәрісті жабдықтау:

а) сабақтың көрнекілігі :

ә) үлестірмелі материалдар тарату қағаздары

б)оқытудың техникалық жабдықтары

в)оқыту орны каб.

Әдебиеттер:_ Н.Ә. Регинбаева Электроника негіздері. К.Е. Раманқұлов ӨЭН

Сабақтың барысы



Дәрістің элементтері,оқу сұрақтары,оқытудың әдіс-тәсілдері

Қосымша,

өзгерістер ескертпелер

І



ІІ


ІІІ












































































Дәрісті ұйымдастыру: Білімгерлерді түгелдеу, аудитория тазалығын тексеру, білімгерлердің сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару. Әлемдегі жаңалықтарға шолу.

Өткен тақырыптарға шолу: Білімгер білімін еске түсіру.

  • Сақтандырғыштарды қорғау аппараттары

Жаңа тақырыпты түсіндіру. С Т К.

Жоғары кернеу техникасы – электртехниканың әр түрлі ортада электр кернеуінің мәні үлкен болған (1 кВ-тан астам) кезінде өтетін электрлік құбылыстарды зерттейтін қолданбалы бөлімі. Жоғары кернеу техникасы айналысатын негізгі мәселе – ток беру желілерінің, электр машиналары мен қондырғыларының сенімді ұзақ мерзімдік жұмысын қамтамасыз ететін және асқын кернеулерге төтеп бере алатын жоғары вольттік оқшаулама жасау. Электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу жоғары кернеулерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қашықтық пен берілетін қуаттар үлкен болған сайын жоғары кернеуді қолдану экономикалық тұрғыдан тиімді болады. Жоғары (110 – 220 кВ), аса жоғары (330 – 1150 кВ) және асқын (1000 кВ-тан артық) кернеулі айнымалы ток желілері мен қосалқы электр стансаларына, тұрақты ток электр берілістеріне арналған аппараттарды жасау, игеру және оларды дұрыс пайдалану мұндай кернеулерге төтеп бере алатын оқшаулама түрлерін жасауды талап етеді. Жұмыс барысында электрлік оқшаулама әр текті кернеулердің әсеріне ұшырайды. Солардың ішінде, әсіресе, асқын кернеулер оқшауламаға үлкен қауіп төндіреді.

Асқын кернеулер коммутациялық (ішкі) және Атмосфералық (сыртқы) түрлерге бөлінеді. Біріншісі, электр энергетикалық жүйе режимінің күрт өзгеруі (қысқа тұйықталулар және оларды ажыратып тастау, жүктеменің күрт азаюы, т.б.) кезінде туатын өтпелі процестер жүруінен пайда болады. Бұл асқын кернеулер оқшауламаға қысқа мерзімде (секундтың жүзден бір бөлігінен ондаған секунд бойы) әрекет етеді, олардың шамасы номиналь кернеулерден бірнеше есе асуы мүмкін. Атмосфералық асқын кернеулер: найзағайдың электр қондырғысына тікелей түсуі кезінде (нысан арқылы найзағай тогының өтуінен) пайда болатын көтерілген асқын кернеу және найзағай кезіндегі электр разряды тудыратын электрмагниттік өрістің күрт өзгеруінен электр жабдықтарында индукцияланатын тума асқын кернеу болып ажыратылады. Атмосфералық асқын кернеулердің әрекет ету уақыты өте қысқа импульс түрінде өтеді (секундтың бірнеше бөлігінен жүз миллионнан бір бөлігіне дейін), бірақ олардың шамасы арнайы қорғаныс шараларын қарастырмаған жағдайда миллиондаған вольтқа жетуі мүмкін. Мұндай жоғары кернеулерге ешқандай оқшаулау құралымы төтеп бере алмайды.

Сондықтан олардың шамаларын арнайы құрылғылар (разрядтауыштар, асқын кернеулерді шектеуіштер) көмегімен оқшауламаға қауіпсіз деңгейге дейін шектейді. Кез келген оқшауламалық жүйеде оқшауламаның құрамдас бөлігі ретінде ауа немесе газ қолданылады. Мысалы, әуе электр желілерінің сымдары, тарату құрылғыларының, трансформаторлар мен жоғары вольтті басқа да аппараттардың шиналары бір-бірінен ауа кеңістігі арқылы, ал құралымдық бөліктері бір-бірінен қатты диэлектриктен (электртехникалық фарфоршыныцеллюлоза өнімдері, пластмасса, т.б.) жасалынған оқшаулатқыштар көмегімен оқшауланады. Сонымен бірге ауа немесе белгілі бір газ көптеген электр жабдықтарының (кабельдердің, конденсаторлардың, трансформаторлардың, т.б.) негізгі оқшауламалаушы материалы ретінде де жиі қолданылады. Соңғы жылдары оқшаулама техникасында электрлік беріктігі (диэлектрикті тесіп өтетін кернеу шамасының электродтардың ара қашықтығына қатынасы) жоғары газдар – элегаз (алты фторлы күкірт – SҒ6) және фреон (дихлордифторметан – ССҚ2Ғ2) кеңінен қолданылуда. Олардың электрлік беріктігі ауамен салыстырғанда 2,4 – 2,6 есе артық. Мұнайдан алынатын және синтет. сұйық диэлектриктер электр жабдықтары мен аппараттарының ток өтер бөліктерін оқшаулау, салқындату мақсаттарында кеңінен қолданылады (трансформаторконденсаторкабель майлары, т.б.). Жоғары кернеу техникасының басқа бір маңызды мәселесі – жоғары вольттік қондырғыларда пайда болатын тәждік разряд пен жоғары жиілікті сәуле шығаруды зерттеу.

Аса жоғары кернеулі әуе желілері сымдарындағы тәждік разряд есебінен едәуір энергия босқа шығындалады әрі байланыс желілері мен арналарына кедергі жасайтын жоғары жиілікті радиобөгеуілдер мен акустикалық шуыл пайда болады. Аталған шығындарды шектеудің бірден-бір жолы – сымдардың диаметрлерін өсіру және олардың кеңістікте өзара орналасу ара қашықтықтарын дұрыс таңдау. Ол үшін аса жоғары кернеулі желілерде біртұтас сымның орнына фазалары бірнеше сымға тарамдалған (фазадағы сымдардың өзара қашықтығы, әдетте, 40 – 50 см) құралымдар қолданылады (330 кВ кернеулі фаза – 2 сымға, 500 кВ кернеулі фаза – 3 сымға, 750 кВ кернеулі фаза – 4 сымға, 1150 кВ кернеулі фаза – 8 сымға тарамдалады). Мысалы, Қазақстанда салынған 500 кВ-тық әуе желілерінің фазалары 3 сымнан, ал кернеуі 1150 кВ-тық “Екібастұз – Көкшетау – Қостанай” әуе желісінің фазалары 8 сымнан құралған. Тұрақты ток желілерінде тәждік разряд әсерінен босқа шығындалатын энергия айнымалы токтағыдан едәуір аз. Сондай-ақ, тұрақты ток желілерінде асинхронды жұмыс істейтін электр жүйелерін өзара қосу мүмкіншілігі бар. Тұрақты ток желілерін пайдалану тек экономикалық тұрғыдан ғана тиімсіздеу.

Жоғары кернеу техникасына сонымен бірге жоғары кернеулі сынақтық және өлшеуіштік құрылғылардың қондырғыларын құрастыру да жатады. Жоғары кернеу техникасының жеке бір саласы – газдарды тазалау жүйелерінде, бояу және басқа жұмыстарда пайдаланылатын электрондық иондық технология. Мысалы, жоғары кернеулі тәждік разряд көмірмен жұмыс істейтін электрстансаларынаа, металлургияцементхимия және басқа бірқатар кәсіпорындарда ауаны тазартатын электр сүзгілерде қолданылады. Қазақстанда Алматы энергетика және байланыс институтының жоғары кернеулер техникасы лаб-нда жоғары және аса жоғары кернеулерге арналған әр түрлі оқшауламаларды, оқшаулатқыштарды сынауға және зерттеулерге арналған сынақ кернеуі 1000 кВ-қа дейінгі импульстік кернеулер генераторы, 300 кВ-қа дейінгі тұрақты ток генераторы және кернеуі 350 кВ-қа дейінгі айнымалы ток генераторы орнатылған.


Оқушының білімін, іскерлік пен дағдысын қалыптастыру және бекіту(пысықтау), сабақты қортындылау:

1000 В дейінгі торап және 6-35 кВ тарату тораптарын есептеу ерекшелігі.   Тұйықталмаған торап дегеніміз энергия тұтынушыларға бір жақтан беріледі.Көп жағдайда мұндай тораптар жергілікті мәндегі тораптар болып табылады,110кВ-қа дейін энергияны қашықтықтағы тұтынушыларға береді және 20-30 км аспайды.

Осындай 10кВ тораптардың мүмкін сұлбалары тамақсыз және тармақпен 8.1,а,б суретте көрсетілген.Қуаттар суретте реактивті киловольт-ампер мен киловатта көрсетілген.Егер есептің бірінші этапында қуат шығынын есептесек,онда қуат шығынын суммалай отырып әр аймақтағы сызықты қуатты (токты) табуға болады..

Тұйықталмаған тораптағы қуаттарды тарату тұтынушылар жүктемесімен және түйіндегі қуаттар баланс шартымен анықталады.Тұйықталмаған торап әр тармағындағы толық қуаты барлық жүктеме қуаттарының мәнін суммалау арқылы алынады,олар тораптың берілген аймағы (тармағы) бойынша қоректенеді.


Білімгерлерді бағалау

Бақылау сұрақтары


  1. Кернеуі 1000В жоғары электр қондырғылардағы негізгі электр қорғаушы құралдарына жатады.

  2. Қорғаныс құралдарын қолдану талаптары. 

  3. Токтың келесі шектік мәндерін бөліп атауға болады:




Үйге тапсырма беру:

  1. Н1 8-12 бет

  2. Қосымша материалдар дайындау

Оқытушы____________________________ Утепова Б.Б.

5 минут



15 минут










35 минут















































































10 минут



















10 минут







5 минут



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!