Материалдар / 10 кл Қысқа мерзімді жоспар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

10 кл Қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар мен жойылып бара жатқан мамандықтар туралы мағлұмат беру.Оқушылардың мамандық таңдауда табандылық пен жауапкершілікті түсіне білуге , еңбекқорлыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2022
318
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектебі

Әл Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия


Бағыты

Қазіргі таңдағы сұранысқа ие мамандықтар мен жойылып бара жатқан мамандықтар туралы мағлұмат беру.

Күні

21.02.22ж

Класс жетекші:

Жубаева Анар Онайевна

Класс: 10 «A»

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

« Кәсіптік таңдау мен жауапкершілік»



Сабақтың мақсаты:

Оқушылар жаңа мамандық туралы ақпарат алады, қыр-сырымен танысады және болашақта өз таңдауын жасайды

Құндылықтарды дарыту

Келешекте өз ісінің нағыз маманы атану үшін еңбекқорлық пен табандылықты өз бойларына дарыту,жауапкершілікке баулу.

Рәсімдеу

« Кәсіптік таңдау мен жауапкершілік » презентациясы

Музыкалық және бейне көркемдеу

(Мамандықтар әлемі туралы видео)

Үлестірме материалдар

Сұрақтар жазылған кеспе қағаздар

Тақырыптық эпиграф

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады.»

Н.Ә.Назарбаев

Дайындыққа арналған әдебиет

«Өзін өзі тану» кітабы Мамандықтар әлемі қосымша әдебиет

Сабақтың барысы





Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Психологиялық жағымды ахуал орнату:

Ыстық алақан тренингі


Бір біріне жақсы тілектер айтады.

Слайд көру

Сабақ басы (10 мин)

Ой қозғау»:

«Сиқырлы сұрақтар» әдісі. Кеспе қағаздар.

1.Сұранысқа ие мамандықтарға қандай мамандықтар жатады? 2.Қазіргі таңда қажетті мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?

3.Қазіргі қоғам маман иелерінен нені талап етеді?

4.Дұрыс таңдалмаған мамандықтың қоғамға қандай әсері бар?

5.Әлемде қанша мамандықтың түрі бар? 6.Мамандық таңдау қиын ба?

7. Қандай мамандықтар болашақта болмауы мүмкін деп ойлайсың?

Осы сұрақтар бойынша талдау жүргізіліп презентация бойынша ой қозғалды.Оқушылар жаңа мамандықтар туралы мәлімет беріп кейбір почта саласында жеткізу жұмыстары тасымалдау жеке адамдар үшін не интернет арқылы болашақта болмауы мүмкін деген ой тастады.


Суреттер мен кітаптар жиынтығы






Ортасы (25 мин)




Орыс академигі,тәжірибелі әдіскер психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше салалары бар: адам-техника, адам-адам, адам-белгі жүйесі, адам-табиғат, адам-көркем образ.

Адам -техника:бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, лектромонтерлер, слесар жатады. Адам-адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам-белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой ­ өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық.

Адам-табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат прогрестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам-көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.






Кәсіптік таңдау мен жауапкершілік презентациясы



Соңы (5 мин)



Дұрыс мамандық таңдау үшін қазірден өз қабілетіңді ұштап ерінбей жалықпай оқу оқып сол саланың қызмет барысымен толық танысу қажет.Қалаған мамандығыңмен қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді.

« Менің таңдаған мамандығым» тақырыбына эссе жазу.

Кері байланысты жасау





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!