Материалдар / 11- сыныпқа арналған ұлттық киімді пішіп тігуге арналған сабақ жоспарының жиынтығы .Технология пәнінің ұстаздарына (қыз балаларға)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11- сыныпқа арналған ұлттық киімді пішіп тігуге арналған сабақ жоспарының жиынтығы .Технология пәнінің ұстаздарына (қыз балаларға)

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пәнінің ұстаздарына (қыз балаларға) арналған. Сабаққа тақырыптарына сай жасақталған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
1801
15 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ПәніТехнология
Сыныбы11
Сабақтың тақырыбыҰлттық костюм жəне қазіргі киім
Мақсатықазіргі кездегі жаңа үлгідегі бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.Жаңа үлгідегі киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.
Керекті жабдықтырКарындаштар, жай қарындаш мен альбом
Күтілетіннәтижелері Ұлттық мотив бойынша қазіргі стильді киім түрлерін анықтайды. Бір бірімен байланыстыра отырып тұжырымдау. Бір жанырды тандап бейнелеп көреді.
Сабақ барысы
Өту барысыМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:

І Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Қауіпсіздік техника ережесін түсіндіру.1.Қандай талаптар қойылады?2. Гигиеналық талаптар деп нені атаймыз?3. Тігін машинамен жұмыс істер алдында нені ескеру қажет?ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау

Сұраққа жауап айту барысында қауіпсіздік техника ережесін еске түсіреді
Жаңа сабақ:«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты үлгі халықтың үздік үрдістерін сақтай білген киім үлгісі қазақ халқының камзол мен бешпет негізінен қазіргі сән ағымына сай көшірмені фольклор стилінде жасалды. Оның негізгі ерекшеліктерін, әсем сызықтарын түсті жібек жіптермен кестеленіп,композициясын толықтыратын қосымша сән сызықтары пайдаланылады. Осының бәрі бірігіп бір бүтінді құрайды.Жиынтықтағы үлгілері оңайлықпен дүнигеге келмеген. Оған қаншама білім, шабыт, уақыт, материал фурнитура, деталь, бөлшек, шеберлік жұмсалады десеңмі.Қиял тербеген үлгілеумілеріміз көз алдында небір ғажайып елестерді елестетіп, солардың бітімін, болмысын, бояуын, бедерін беруге тырысады. Содан кейін қоғаздағы тамаша суреттер нақты киімге айналу үшін тағы да үлгілеу, пішу, тігу, қиыстыру жұмыстары басталады. Осылайша қиялдағы қағазға, қағаздағы киімге айналғанша тыным жоқ.Бұл үлгілер Қазақ ұлттық киімдерімен, үрдісіне дүниеге келген бұл үлгіге жасанды маталар пайдаланылады. Комзолға әрі жұмсақ болып табылатын матасынан халқымыз небір киімдер мен тұрмыстық заттар жасағаны белгілі. Сонымен қатар түске келетін болсақ,қазақтың қыздары қадірлейтін түстер көйлекке, дәстүр негізінде алынды.Осы ережелерді,формаларды,силуетті,фактураны,түсті,негізгі элементтерді көңілге алынып бүтін бір костюмдерден қазақ қыздарына арналған салтанатты, әрі күнделікті киюге болатын сәнді ұлттық киім үлгісі жасалды. Ұлттық киім адам денесіне қонымды және қолайлы болып келеді. Адамның ажарын ашу, дене сұлулығын айғақтап тұрады. Сәнді ұлттық киім адамға рухани және моральдық жағынан дем береді.

Оқушылармен жұмыс, пікірлерді құрметтеу

Практикалық жұмыс:Оқушылар қағазға сурет салып эскиз жасап үйренеді.Өз ойларын жүзеге асырып үйренедіТүстер тандапдидактикалық материалдарды пайдаланып, алған білімді толықтыру.
Қорытынды:Жаңа сабақты пысықтауға сұрақ – жауаптар:
  • Жаныр түрі
  • Стиль нені бейнелейді
  • Қандай түрі бар
  • Алынған білімін пісіқтау.
    Бағалау:оқушылардың өз ара жасаған жұмыстарын салыстыра отырып, ережелердің сақталуын, жұмыстың ұқыптылығына қарай және оқушы түсінігін Сұрақ қою арқылы байқау, бағалау.

    Үйге тапсырма:Әр оқушы өзінің жұмысын аяқтап келеді.

    Жұмыс орнын жинақтап, сабақты аяқтау




































    Сабақтың тақырыбы:Ұлттық нақышта жаңа киім үлгісін дайындау технологиясы Сабақтық мақсаты: Ұлттық киімдерді түрлендіру туралы түсінік беру, сән келтіретін тәсілдер. Сабаққа қызығушылық ынтасын арттыру, шапшандыққа, өз бетінше еңбектенуге және ежелгі салт-дәстүрге баули отырып, жаңашылдыққа тәрбиелеу. қазіргі кездегі жаңа үлгідегі бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.Жаңа үлгідегі киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданудағы жаңа құралдарды пайдалану реттілігін түсіндіру. Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, әдебиеттік оқу, математика, тарих.Сабақтың түрі: СарамандықКөрнекіліктер: Интерактивті тақта (Прейзи бағдарламасымен слайд) манекен, дайын бұйым(кәзекей),фетр матасы, А4 форматындағы дайын суреттер т.бҚұрал-жабдықтар: Фетр матасы , қырықтық қайшылары, сабын, қайшы, газеттер, ине-жіп, ою үлгілері, киім үлгісі, сантиметрлік таспа , түйреуіштер т.бСабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа қатысушылармен амандасу.«Танысу» тренингін ұйымдастыру.Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Бір адамды бастаушы етіп сайлайды.Ол адамның қолында гүл болады. Сол гүлді өзінен кейінгі адамға ұсынып тілегін айтады. Келесі адам өзінен кейінгі адамға өз атын , кім болып істейтінін, қай жерден,мектептен келгенін және сол адамға тілегін айтады. Ең соңында бастаған адам гүлді қолына алып барша қатысушыға өзін таныстырып,өз тілегін айтады.ІІ. Қауіпсіздік техника ережесін түсіндіру.1.Үшкір қырықтық қайшысымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айту.2. Инелермен жұмыс жасау, сақтану ережелері.3. Тігін машинамен жұмыс істер алдында нені ескеру қажет екендігін түсіндіру.



    ІІІ. Жаңа сабақ:Бүгінгі сабағымды ата-бабадан мұра болып келе жатқан әйелдерге арналған кәзекейді, заманауи үлгідегі ұлттық киімге түрлендіру мақсатында сіздерге мастер класс көрсетемін.Қиял тербеген үлгілеумілеріміз көз алдында небір ғажайып елестерді елестетіп, солардың бітімін, болмысын, бояуын, бедерін беруге тырысады. Содан кейін қоғаздағы тамаша суреттер нақты киімге айналу үшін тағы да үлгілеу, пішу, тігу, қиыстыру жұмыстары басталады. Осылайша қиялдағы қағазға, қағаздағы киімге айналғанша тыным жоқ.Бұл үлгілер Қазақ ұлттық киімдерімен, үрдісіне дүниеге келген бұл үлгіге жасанды маталар пайдаланылады. Комзолға әрі жұмсақ болып табылатын матасынан халқымыз небір киімдер мен тұрмыстық заттар жасағаны белгілі. Сонымен қатар түске келетін болсақ,қазақтың қыздары қадірлейтін түстер көйлекке, дәстүр негізінде алынды.Осы ережелерді, формаларды, силуетті, фактураны, түсті, негізгі элементтерді көңілге алынып бүтін бір костюмдерден қазақ қыздарына арналған салтанатты, әрі күнделікті киюге болатын сәнді ұлттық киім үлгісі жасалды. Ұлттық киім адам денесіне қонымды және қолайлы болып келеді. Адамның ажарын ашу, дене сұлулығын айғақтап тұрады. Сәнді ұлттық киім адамға рухани және моральдық жағынан дем береді. Олай болса сабағымызды бастайық.

    IV.Сарамандық жұмыс1.Таңдаған үлгіні өз өлшемдерімізбен газетке түсіріп пішу үлгісін дайындаймыз.2.Үлгіні фетр матасына сабынның көмегімене бастырып шығамыз.3.Тігіс еніне 2 см қалдырамыз.(бүйір және иық тігісіне)4.Үлгіленген оюларымызды қиылған бөліктерге бастырамыз.5.Арнайы қырықтық қайшымен оюларды ойып шығамыз.(алдыңғы және артқы бойдың)6.Кәзекейдің етегін (баска) пішеміз.Матаны көлденең бүктеп, бұрыштап пішеді.7.Басканың етегін ойып, жоғарғы бөлігіне симмитриялы өрнек салып ойып шығамыз.8.Алдыңғы боймен артқы бойдың бүйір және иық қиықтарын қосып тігеміз.( Көктеу және машинамен тігу)9.Баскасын кеуде бөлігімен қосып тігеміз. .( Көктеу және машинамен тігу)10.Фурнитураларын орнатамыз. Қапсырмасын тағады.Бұйым дайын.

    V.Бекіту сұрақтары:1.Ескіні жаңғыртудың маңызы неде деп ойлайсыздар?2.Сіздерге қиындық туындатқан бөлімі?3.Құралдардың қайсысы сізге таныс емес және таңдаған оюыңыз туралы айтып өтсеңіз

    VI. Кері байланыс парағы1.Мен не үйрендім2.Маған не ұнамады3.Маған ұнады4.Алдағы уақытта тағы қандай өзгеріс енгізер едіңіз?







    Тақырыбы: Қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар.Иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы.Мақсаты: Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі иық бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.Күтілетін нәтиже:А. Қазіргі заман киімдерінің ішінен иық бұйымдарының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар туралы біледі;В. Иық киімдерінің түрлерін, қазіргі киімнің стилдерін ажырата алады;С. Жаңа үлгідегі иық киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.Дереккөздер, құрал - жабдықтар: АКТ, Таныстырылым, А4 формат, түрлі - түсті қағаздар,қарындаштар, флипчарт, маркер. желім, қайшы. ресурстар. стикер.Сабақтың барысы:КіріспеМұғалім әрекеті1. Сергіту сәті.(би қимылы)2. Топқа бөлу.Қағазға киімнің стиль түрлерін жасырып, үш топқа бөлу.1 - т классикалық стиль.2 - т спорттық стиль.3 - т жастар стилі.3. Топ ережесін еске түсіру.Топ басшысын сайлау.(бағалау парағын беремін)Оқушы әрекеті1. сергіту жаттығуларын орындайды.2. Топтарға бөлініп отырады.І топ: классикалық стиль.ІІ топ: спорттық стиль.ІІІ топ: жастар стилі.3. Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді.Топ басшысын сайлайды. бағалау парағының бөлімдерімен танысады.Топтар Ой қозғау І ІІ СұрақжауапІ топІІ топІІІ топТұсаукесер:Мұғалім әрекеті«Киім» сөзіне ой қозғау. Оқушылардың киім туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашамын. АКТ таныстырылым:Бейне жазба арқылы қазіргі заманғы иық киім үлгілерін көрсетуОқушы әрекетіКиім туралы әр топ өз ойларын айтады.Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады.Қазіргі кездегі сән үлгісіндегі иық киімдерінің түрлерімен танысады, көру арқылы есте сақтайды.Негізгі бөлімМұғалім әрекетіЖаңа сабақ. Әр топқа ресурс парақтары беріледі.«Зерттеушілік әңгіме» тапсырма бойынша оқушылар бірге ойлайды, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып, талқылайды.Ітоп. Иық киімі оған қойылатын талаптар.І топ.Иықты киімдер тарихы.ІІ Ітоп. Киім силуэті мен стилі.Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.Жеке жұмыс. Ұлттық иық киім үлгісін қағаздан жапсырмалау. Табыс критерийлерін оқушылармен бірге шығару.Топ атынан ұсынылған жұмыстарды екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.Оқушы әрекетіОқушылар оқулыққа қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, әр топтан бір адам шығы топтық жұмысты қорғайды. Топтық жұмысты табыс критерийлер бойынша бағалайдыСэндвич» әдісі арқылы 1жақсы 1сын 1мақтау айтады.Топтық жұмысты бағалау табыс критерийлері.Критерийлер Толық жауап Жартылайжауап1. Тақырып мазмұныныңашылуы.2. Баяндау шеберлігі.3. Эстетикалық талғамы.Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.Табыс критерийлері:Критер - й 3 4 5Ұлттықкиімдібейнелеушебер - гіЭстети -калықталғамғасай болуы.Шығарма - шылығыТабыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара бағалайды.Топ атынан үздік жұмысты ұсынады. Стикерге екі мақтау, бір ұсыныс жазып ұнаған жұмысқа жапсырады.Қорытынды.Мұғалім әрекеті





























    Тақырыбы: Иық бұйымының сызбасы үшін өлшем алуМақсаты: білімділік: иықты бұйымдардың жіктелуін, атауларын, ерекшеліктерін үйрету, мезгіл бойынша жіктеуді үйрету, оқушының талғамын дамыту, эстетикалық тәрбиеге баулу, мезгілге сәйкес, соңғы сәнмен киім таңдауға үйрету, үйлесімділікпен киім таңдауға үйрету.Сабақ түрі: сарамандық жұмыс.Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.Пәнаралық байланыс: бейнелеу, химия, физика, геометрия, сызу, әдебиет, қазақ тілі.Сабақ барысыІ. Ұйымдастыру1. Оқушылармен сәлемдесу.2. Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.3. Құрал – жабдықтарын тексеріп назарларын сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.ІІІ. Жаңа сабақ.Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, қамзол, тон, жейде, костюм т. б жатады.Төменгі сыныптарда белдемшелі бұйымдардың түрлерімен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы – мұнда мойы\н ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, тіпті жеңі жоқ болып келеді, жағасы да түрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады. Әйелдер киімінің үлгісін алып қарасақ, онда кеуде, бел, иық бүкпелерін көруге болады, ал ерлерге арналған үлгіде иығы кең, түймеліктің орны солдан оңға қарай бағытталады.Иық бұйымдары жүн, жібек, мақта, зығыр және т. б. маталардан дайындалады және адамның жас ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі, мектеп балалары, әйел, ер киімдері деп бөлінеді. Силуэт бойынша – тік, қынамалы және жартылай қынамалы болады. Пішімі – тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа және ұзын жеңді немесе жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы т. б болып бөлінеді.Иық бұйымдарын өңдеп әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты. Өңдеу түрлеріне кестелеу, қатпарлар, бедерлер, әр түрлі тігіс түрлері, бүрмелер, желбіршектер, жапсырмалар, шілтер, таспа, түймелер, қапсырмалар және басқа әшекей материалдары жатады.Қолдануына қарай бұйымдар тұрмыстық, күнделікті, салтанатты деп бөлінеді. Тұрмыстық киімдерді мақта және штапель маталардан тігеді. Пішімі үй жағдайындағы жұмыстарға ыңғайлы болуы керек. Күнделікті киімдер күрделі пішіліп, мақта, жібек және жүн маталардан тігіледі.Салтанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуэтті болып келеді. Мұндай киімдер әсем әшекейлермен, көркем өрнектермен, тамаша бедерлермен безендіріледі.Ассиметрия дегеніміз – композицияның тең дәрежедегі бөліктері бір - біріне ұқсамауын айтамыз.Симметрия деп барлық бөліктердің бір - бірімен белгілі бір заңдылықпен орналасуын айтамыз.Ырғақ – деп элементтердің кезектесіп қайталанып бірінен - бірі заңдылықпен ауысуын айтамыз.Сұлба – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тік бұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ т. б) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні.IV Бекіту сұрақтары1. Жеңі жоқ, иықты бұйым, қынамалы, ұзындығы белден төмен -......2. Астармен жасалатын иықты бұйымдар атаулары -.....3. Иыққа жіппен немесе матамен асылған, белден төмен, жеңі жоқ киім аталуы -....4. Капюшон деген не?5. Берілген бұйымдар атауларының ішінен иықты бұйымдар атауларын табу:Бөрік, қамзол, куртка, жейде, панама, шляпа, сумка, қолғап, шалбар, пальто, топ, плащ, белдік, сәукеле, тон, қасаба, пиджак, шапан, белдемше, орамал, білезік, алқа6. Салтанатты кешке арналған, иығы жоқ, етегі кең, кеуде бөлігі қыналған бұйым иықты киімге жатады ма?7. Геометриялық пішінге жататын иықты бұйымдарды атаV Зертханалық жұмыс1. Берілген суреттерге сыртқы сипаттама беру / әр оқушыға жеке - жеке 2 суреттен беріледі /2. Адам денесінің шаблонын киіндіру3. Екі тапсырмадағы киімдер сұлбасының геометриялық сәйкестігін тапVI Үйге тапсырма: аяқтап келу











































































    Тақырыбы: Қазақтың ұлттық көйлегін тігу. Иық бұйымының базистік сызбасы құруМақсаты: білімділік: иықты бұйымдардың жіктелуін, атауларын, ерекшеліктерін үйрету, мезгіл бойынша жіктеуді үйрету, оқушының талғамын дамыту, эстетикалық тәрбиеге баулу, мезгілге сәйкес, соңғы сәнмен киім таңдауға үйрету, үйлесімділікпен киім таңдауға үйрету.Сабақ түрі: сарамандық жұмыс.Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.Пәнаралық байланыс: бейнелеу, химия, физика, геометрия, сызу, әдебиет, қазақ тілі.Сабақ барысыІ. Ұйымдастыру1. Оқушылармен сәлемдесу.2. Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу.3. Құрал – жабдықтарын тексеріп назарларын сабаққа аудару.ІІІ. Жаңа сабақ.Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл - ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Қазақы киім – көненің көзі. Қазақ халқының ұлттық киімдері үш түрге бөлінеді. Олар – салтанатты киім, күнделікті және жұмыс киімдері. Салтанаттық киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі оқалы, кестелі, басына киетіндері көтеріңкі, аяқ киімдері шоңқима, биік өкшелі, қайқы тұмсықты, таспамен өрнектелген, зерлі жіптермен кестеленген болып келеді. Салтанатты киімді барқыттан, жібектен тігіп, құндыз, кәмшат терілерін қолданған. Олар – қамзол, шапан, бөрік, ішік, тақия, сәукеле сияқты көрнекі киімдер.Сұрақтарға жауап беру:1. Қазақ халқының ұлттық киімдері неше түрге бөлінеді? Оларды атаңдар.2. Салтанатты киімдер қандай болады?3. Салтанатты киімді неден тігеді?4. Ұлттық киімдер түрін атаңдар.2. Мәтінмен жұмыс – топтық жұмыс Ерлер киімі Ерлердің ұлттық киімдері: жейде, шалбар, жеңсіз қамзол, бешпент, шапан, шекпен, ішік, тон. Ерлер киімдерінің ең қымбаттысы — аң терісінен істелген ішіктер. Олар аң түрлерінің атына сәйкес түлкі ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бірнеше түрге бөлінген. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын барқыт, атлас, көк берен, манат, сияқты бағалы маталармен тыстаған.Шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Мұндай шапанды «сырмалы шапан» деп атаған.Тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11—12 қойдың терісінен тон шығады.Ерлер бас киімінің түрлері мол. Олар: тымақ, киіз қалпақ, бөрік, мұрақ, тақия, құлақшын, т.б.Әйелдер киімі:Әйел
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!