Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

11-сынып. «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) 11- сыныптар:«Зорлық -зомбылықтан қорғану: қорғау әдістерін және көмекке жүгіну ережелерін білу»

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сыныптың сынып сағаты тақырыбы: «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы (10 минут) 11- сыныптар:«Зорлық -зомбылықтан қорғану: қорғау әдістерін және көмекке жүгіну ережелерін білу»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар-29

Бекітемін:


Күні

,,,,.04.2025

Сынып жетекші:


Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Буллингтен қорған!»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

11- сыныптар:«Зорлық -зомбылықтан қорғану: қорғау әдістерін және көмекке жүгіну ережелерін білу»

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар буллингтің түрлерін, салдарын түсінеді;

Өздерін және өзгелерді буллингтен қорғау жолдарын үйренеді;

Қауіпсіздік сабағының мақсаты

Оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлерін түсіндіру және оның алдын алу шараларын үйрету.

Зорлық-зомбылықтан қорғау әдістері мен көмекке жүгіну ережелерін түсіндіру

Құндылықтарды дарыту

Құрмет – өзгелердің пікіріне, жеке кеңістігіне құрметпен қарау

Сыйластық – сыныптастар арасында жылы қарым-қатынас орнату

Қауіпсіздік – өзіне және өзгеге психологиялық қауіпсіз орта құру

Жауапкершілік – буллингке бейжай қарамау, қорған болу

Дәйексөз

Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. (Леонардо да Винчи)

Сабақтың барысы


Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


«Миға шабуыл»: «Буллинг деген не?» сұрағын қою.Бейнеролик көрсету.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Буллинг жайлы түсінігін білдіреді.

Интерактивті тақта, қысқа бейнеролик сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=pneqoYVovFw

Жаңа сабақ


«Ойлан – Жұптас – Бөліс» тәсілі: буллингтің түрлері мен салдарын талқылау.

Талқылауға арналған ақпараттар:

? Буллинг дегеніміз не?

Буллинг – бір адамды немесе топты әдейі және қайта-қайта қорлау, кемсіту, қорқыту, мазақ ету. Бұл мектепте, интернетте немесе басқа жерде болуы мүмкін.

? Буллингтің түрлері:

Физикалық буллинг – ұру, итеру, заттарын алу немесе бүлдіру.

Сөзбен жасалатын буллинг – кемсіту, мазақтау, қорқыту, лақап ат қою.

Әлеуметтік буллинг – адамды топтан шеттету, елемеу, өсек тарату.

Кибербуллинг – интернет, әлеуметтік желі арқылы мазақтау, қорқыту, жеке ақпаратын тарату.

? Буллингтің салдары:

Сенімсіздік, үрей, күйзеліс

Мектепке барудан бас тарту

Оқуға ынтаның төмендеуі

Жалғыздық пен депрессия

? Буллингке ұшырағанда не істеу керек?

Үнсіз қалма! Сенімді ересек адамға айт (ата-ана, мұғалім).

Досыңды қорғасаң – батырсың.

Агрессормен жалғыз қалмауға тырыс.

Кибербуллинг болса – скриншот жасап, бұғатта және хабарла.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Жеке ойлан (Ойлан):

Буллинг дегенді қалай түсінесің?

Өз өміріңде немесе айналаңда буллинг болған ба?

2. Жұппен жұмыс (Жұптас):

Буллингтің қай түрі жиі кездеседі?

Неліктен оқушылар бір-бірін қорлайды?

3. Топпен талқылау (Бөліс):

Мектепте буллингтің алдын алу үшін не істеу керек?

Буллингке қарсы 3 ереже ұсын.

Талқылауға арналған ақпараттармен танысады





























Талқылауға арналған сұрақтарға жеке, жұппен, топпен талқылауға қатысады








Презентация

Сабақтың ортасы







Топтарға бөлініп, постер жасау тапсырмасы: «Буллингке қарсы бір қадам».

Мақсаты:

Оқушылар буллингке қарсы күрес жолдарын ойластырып, ұжымдық шешім ұсынады.

Нұсқаулық (топтық жұмыс):

Сынып 3–4 оқушыдан құралған топтарға бөлінеді.

Әр топ "Буллингке қарсы бір қадам" тақырыбында постер (плакат) жасайды.

Постерде келесі сұрақтарға жауап болуы тиіс:

-Буллингті қалай тануға болады?

-Буллингтің салдары қандай?

-Буллингке қарсы қандай нақты әрекет жасауға болады?

-Сыныпта неге достық атмосфера маңызды?

Постерге сурет, ұран, қысқа кеңес қосуға болады.

Соңында әр топ өз жұмысын 1–2 минут ішінде таныстырады.

Топпен жұмыс жасайды, пікір алмасады, постер жасайды, таныстырады














А3 қағаз, маркерлер, стикерлер

Қауіпсіз

дік сабағы

(10 минут)

Қауіпсіздік сабағының тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

1)Зорлық-зомбылықтың түрлерін түсіндіру

Зорлық-зомбылықтың физикалық, психологиялық, эмоционалды түрлері туралы түсінік беру.


Зорлық-зомбылықтың түрлері әртүрлі болуы мүмкін. Міне, олардың әрқайсысы туралы қысқаша түсінік:

1. Физикалық зорлық-зомбылық — бұл адамның денесіне күш қолдану арқылы зиян келтіру. Мұндай зорлыққа ұру, сабау, қатты тепкілеу немесе басқа да физикалық ауыртпалықтар жасау жатады.


2. Психологиялық зорлық-зомбылық — адамның психологиялық күйін бұзу, қорқыту, абыройын төмендету арқылы оны эмоционалды және психикалық тұрғыдан жарақаттау.

3. Эмоционалды зорлық-зомбылық — адамның эмоциялық күйін бұзу арқылы оның психологиялық күйін, сенімін және өзін-өзі бағалауын төмендету.


2)Зорлық-зомбылықтан қорғану әдістері

Қауіпсіз қашу: Зорлық-зомбылық жағдайында қауіпсіз жерге бару.

Дауыстап көмек сұрау: Әрдайым көмек сұрауға құқығыңыз бар екендігін түсіндіру.

Құқық қорғау органдарына жүгіну: Егер зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда полицияға немесе арнайы ұйымдарға хабарласу жолдарын көрсету.


3)Көмекке жүгіну ережелері

Көмек сұрау үшін қандай ұйымдарға хабарласу керек екендігін түсіндіру.


Полиция, дағдарыс орталықтары, телефон арқылы қолдау көрсету қызметтері.

Төтенше жағдайларда 102 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу.

Қауіпсіздік сабағының тақырыбы мен мақсатымен танысады.






Ақпаратпен танысады


Презентация, бейнеролик

Сабақтың соңы


«Екі жақты күнделік» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Сабақтан алған маңызды ақпаратты күнделіктің сол жағына жазады

Өз ойын, сезімін немесе сұрағын оң жағына жазады










«Екі жақты күнделік» үлгісі бар парақ
(сол жағы – ақпарат / оң жағы – ой-пікір)

Қ алам, дәптер немесе A4 парағы Интерактивті тақта (қажет болса үлгі көрсету үшін)







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2025
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12