Материалдар / 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып Қазақстан тарихынан сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2020
1145
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мектеп:

8.1.А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

Мерзімі Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:


Сабақтың тақырыбы

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипат алды?

Бағдарлама бойынша берілген оқу мақсаты

8.3.1.2 – ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық- саяси прцестерге баға беру

8.3.1.3 – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру

Сабақ мақсаттары


Барлығы: ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерді бағалай отырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің туындау себептері мен салдарын анықтап маңызын сипаттай алады

Басым бөлігі: 1916жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан тұлғалардың рөлін бағалай алады

Кейбірі: ХХ ғасырдың басында Қазақстанда болған ең басты оқиғалардың нәтижелерін анықтап, дәлелдер келтіреді

Бағалау критерийлері

  • ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестердің маңыздыларын анықтап, баға береді

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтап, көтеріліске қатысқан ұйымдастырушылардың рөлін бағалайды

  • ХХ ғасырдың басында болған басты оқиғалардың нәтижесін анықтап, дәлелдер келтіреді

Тілдік мақсаттар


Тілдік дағды: 1-2 тапсырмаларда оқылым, айтылы, тыңдалым, жазылым жүзеге асады

Терминология: интелегенция, идея, манифест, митинг, Мемлекеттік Дума, депутат, сардар, жасақшы, қазынашы және т,б

Тірек сөздер: ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси процестер, Қазақ халқының жағдайы, Ұлт-азаттық көтеріліс, көтеріліс басшылары.... және т.б.

Құндылықтарға баулу



«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарының «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығын бірлескен жұмыста оқушылардың бір біріне деген құрмет ынтымақтастық, сыйластығын арттырып, белсенді әрекеттер арқылы азаматтық көзқарасқа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы пәнімен байланыс тапсырмаларды орындауда қолданылады.

Алдыңғы білім


Қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік думасындағы қызметі мен ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру мақсатын еске түсіру

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут


Білу








Түсіну

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, реттеу

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Сиқырлы қобдиша» әдісі жаттығуын ұйымдастыру. Білім алушылар шеңбер құрып тұрады, ортаға сиқырлы қобдиша қойылады. Қобдиша ішінде жасанды гүлдерге жапсырылған қағазға жазылған адамгершілік қасиеттерге байланысты сөздер. Қатысушылар кезекпен сөздерді таңдап, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамына сыйлайды. Сол сөздерге байланысты топтарға бірігіп отырады.

Алдыңғы білімді жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында «Сұрақтар конверті» әдісі бойынша жазылған сұрақтарға жауап береді:

1. Қазақ зиялылыларының ішінде Ресей Мемлекеттік Думасына сайланғандар:

2. Қазақ халқының ауыр жағдайын Мемлекеттік думада ашып айтқан зиялылылар:

3. Қазақстанда ХХ ғасырдың басында қандай қоғамдық-саяси процестер орын алды?

Сұрақтар қоя келе тақтаға 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс көріністері көрсетіледі. Суреттер бойынша тақырыптың мазмұны мен оқу мақсаты жарияланады.

Тақта, бор, интербелсендітақта,компьютер, бейне материалдар, суреттер, сұрақ жазылған конверт, Қобдиша, көтеріліс көріністері көрсетілген слайд және т.б.

Сабақтың ортасы

6-35 минут


Қолдану



Талдау








































Жинақтау














Бағалау

1 (а) тапсырма: ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге байланысты бейнематериал көру. Мәтінмен танысу. Мәтінмен бейнематериалды пайдалана отырып «Түйінді сәттер» әдісі бойынша ХХ ғасырдың басындағы ең маңызды оқиғаларды кестеге ретімен жазып, оқиғаның нәтижесін өз ойымен бағалау. (Жеке жұмыс)

Маңызды оқиғалар

Нәтижесіне баға беру

1

1905-1906 жылдары Петициялық қозғалыс

Қозғалыс нәтижесінде қазақтардан Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлана бастады

2

1906 жылдан бастап қазақтардан Мемлекеттік Думаға сайлануы

Қазақтардың жағдайын патшаға дума жиналысында жеткізе білді

3

19011 жылы тұңғыш «Айқап» журналының жарық көруі

Қазақ халқының түйінді мәселелерін, жер мәселесі туралы баяндалды

4

1913 жылы жалпы «Қазақ» газетінің шығуы

Көшпелі және жартылай көшпелілік, мал өсіру, жер өңдей мәселелері көтерілді

(б) таспырма: (Топтық жұмыс)«Проблеманы анықта» әдісі бойынша ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестер қандай көтерілістің шығуына себеп болғанын және көтерілістің салдарын «Т» кестесі әдісіне сала отрып анықтау

С ебептері Салдары




Критерий

Дескрипторлар

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерді бағалай отырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері мен салдарын және маңызын анықтай алады

- ХХ ғ. Басындағы маңызды 4 оқиғаны анықтайды

- ХХ ғ. Басындағы 4 маңызды оқиғаның нәтижесін бағалайды

- 1916 жылғы көтерілістің сепетерін анықтайды

- 1916 жылғы көтерілістің салдарын анықтайды

Қалыптастырушы бағалауға кері байланыс: Топтар бірін-бірі бағалау әдісі бойынша бағалау жүргізеді. Кемшіліктеріне ұсыныс білдіреді.Мұғалім де алға жетелеу үшін мақтау, мадақтау айтады.

2 тапсырма: (жұптық жұмыс) «Терминдер конверті» әдісі бойынша термин сөздердің мағынасын анықтап, талдау жасау

1. Интелегенция 5. Мемлекеттік Дума

2. Идея 6. Депутат

3. Манифес 7. Сардар

4. Митинг 8. Жасақшы

9. Қазынашы сөздерінің мағынасын тауып, қай сөздер 1916 жылғы көтеріліске қатысты екенін анықтап, талдау жасау.

Кері байланысы: Білім алушылар арасында жылдам болған оқушыларды алға қарай ынталандыру мақсатында қол шапалақтау арқылы талпындыру.

3 тапсырма: «Тұлғаны танып біл» әдісі бойынша 1916 жылғы көтерілісті ұйымдастырушылардың суреттері мен аты-жөндері слайд арқылы беріледі. Тұлғаның көтерілісті ұйымдастырып, ерліктері мен рөліне баға беру. (Топтық жұмыс)

Көтеріліс нәтижесі қалай аяқталды? ___________________________________________________________________________________________________


Критерий

Дескриптор

- 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтап, көтеріліске қатысқан ұйымдастырушылардың рөлін бағалайды

- ХХ ғасырдың басында болған басты оқиғалардың нәтижесін анықтап, дәлелдер келтіреді

- Бекболат Әшекеевтің рөліне баға беру

- Әбдіғаппар Жанбосыновтың рөліне баға беру

- Ұзақ Саурықов рөліне баға беру

- Жәмеңке Мәмбетов рөліне баға беру

- Көтеріліс нәтижесі қалай аяқталғанын дәлелдеу

Қалыптастырушы бағалауға кері байланыс: Интербелсенді тақтаға болжамды жауаптар шығады, жауаптары бойынша топтар бірін-бірі «+», «-» таңбаларын қою арқылы бағалайды, мұғалім ұсыныс айтады.


Интербелсенді тақтада кесте түрінде берілген слайд




















Тапсырмалар мен критерий дескрипторлар жазылған слайд
























1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің суреттері бар слайд




Тапсырмалар мен критерий дескрипторлар жазылған слайд

Сабақтың соңы

36-40 минут

Сабақты қорытындылау мақсатында «Kahoot» бағдарламасы бойынша тест арқылы қорытындылау.

Рефлексия: «ҚҚҚ кестесі»әдісі бойыншасабақ барысында құнды болған, қиын болған, қызық болған жерлерді жазады.

Қызық

Қиын

Құнды





Үйге тапсырма: Қазақстан тарихы атамұра баспасы оқулығы 16-24 беттерді оқып, 1916 жылғы көтеріліс кезінде Ақмола өңіріндегі жағдайға 70 сөзден тұратын эссе жазу.

«Kahoot» бағдарламасын пайдалануға арналған интернет пен құралдар


Интербелсенді тақтада рефлексия барысы жазылған слайд

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралауды сабақ мақсатын қоюдан яғни барлығы, басым бөлігі, кейбірі деп смарт мақсаты бойынша сараданып алынады.

Саралау әдістері бойынша мәтінмен жұмыста «Түйінді сәттер» әдісін таңдадым, себебі мәтінді оқып танысып, бейнематериал көріп, ең маңыздыларын анықтап, Т кестесіне жазады..

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасында «Тұлғаны таны» әдісі бойынша графикалық органайзер бойынша берілген кестені орындайды, уақыт ұзақ болмауы үшін қорытынды тапсырмада «Kahoot» бағдарламасы арқылы тест орындалады және орындау барысында уақыты ескеріледі. Әр тапсырма сайын кедергі, қиындық туындаған оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт – бағдар беремін.

Бағалауды сабақ барысында оқушылармен кері байланыс жасауда қолдау көрсету мақсатында қол шапалақтау, сабақта әр - бір тапсырманы орындаған соң ұсыныс жасаудың бірнеше түрлері пайдаланылады. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасынан кейін оқушылар өздерінің жазғандарын бір-бірлерімен алмаса отырып, бірін-бірі тексереді және «+», «-» таңбаларын қояды, «Бірін-бірі бағалау» бойынша жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының критерий, дескрипторлары қолданылады, соның негізінде кері байланыс жүріп отырады.

Денсаулық сақтау технологияларына байланысты оқушылар арасында АКТ - ны пайдалануда уақытқа шектеу қойылады.

Сабақта сергіту жаттығуларынан «сиқырлы қобдиша» психологиялық ахуал орнатамын, белсенді жұмыс түрлерінен іздену, салыстыру жұмыстарын қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің АКТ ны сақтықпен қолдану тармақтары ескеріледі


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!