Материалдар / 1-маусым балаларды қорғау күніне орай « Бақытты балалық шақ » сазды шарасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1-маусым балаларды қорғау күніне орай « Бақытты балалық шақ » сазды шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар қорғау күніне арналған шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
551
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-маусым балаларды қорғау күніне орай

« Бақытты балалық шақ » сазды шарасының сценариі.


Мақсаты: балалардың жеке шығармашылық қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуға, би билеуге үйрету. Бір – бірін сыйлауға, құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата -аналар және балдай тәтті бүлдіршіндер! Бүгін сіздердің назарларыңызға, Исатай аудандық оқушылар үйі балалаларының, 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты бала-бақытты ел» республикалық акциясы шеңберінде ұйымдастырылғалы отырған мерекелік сазды бағдарламасын ұсынамыз.

Әр бала бақытты болуға лайықты! Бала-өмір гүлі! Қымбатты біздің кішкентай көрермендеріміз, сүйкімді балалар мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық болсын! Әдемі күлкілеріңмен әлемді нұрға бөлей беріңдер! Бақытты балалық шақтағы армандарың орындала берсін!

Бүгінгі өнер шашуымыз сіздердің құрметтеріңізге арналады, оқушылар үйінің кішкентай өнерпаздарының өнерлерін бірге тамашалаңыздар.

Асылай, Алена және Мейірім атты әнші қыздарымыздың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Ән: «Топ-топ балақан» орындаушылар «вокал» үйірмесі балалары.

Әні:

Сөзі:

Жүргізуші: Сахнада «Қамажай» би ансамблінің биші қыздары.

Би: «Алтын домбыра»

Жүргізуші: Жарайсыздар, өнерлі балапандар! Көрермендер, балалардың өнерлері ұнап жатса лүпілдеріңізді баса кетіңіздер! Экранның ар жағынан қошемет білдіріп отырыңыздар!

-Балалар, осы биыл қандай мереке тойланатынын білесіңдер ме? ...Ой, мына бір кішкентай қыз сахнаға шығып келеді. Сірә, жауап бергісі келетін секілді ғой.

-Атың кім? Танысып қояйық. (атын айтады) Сонымен қандай мереке бар?

Дария: Тәуелсіздікке 30 жыл.

Жүргізуші: Керемет, балақай, дұрыс айтасың, биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл. Қандай тамаша. Балалар сендерде біліп отырсыңдар деп ойлаймын. Ал, Дария қандай өнеріңді тарту етесің?

Дария: Жамбыл Дүйсенов «Ана тілім»

Жүргізуші: Бәрекелді! Жарайсың! Кішкентай Дарияға да қошеметті аямаңыздар, көрермендер!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Әрқашан халқым аман боп,
Кетпесін туған жердің берекесі.






Аспапта ойнау: «Адай » күйі. Дауылпазда Нұртөре.К

Жүргізуші: Шарамызды одан әрі жалғастырамыз. Иә, біздің оқушылар үйі жанында балаларға арналған бірнеше үйірмелер бар. Білімді, талантты оқушыларымыз да жетістіктерімен бізді қуантып келеді. Олар республика, облыс көлемінде жоғары дәрежеге қол жеткізуде. Қазір бәріміз экранға көз салып, сол балаларымыздың жетістігін бірге тамшалайық. Әрине уақытта тығыз, дегенмен бір сәт назар салып, қошемет көрсетейік, экран сыртынан бас бармақтарыңызбен, қол шапалақтарыңызды аямаңыздар!

Экраннан білімді, талантты балаларды көрсету.

Жүргізуші: Міне, біздің мақтаныштарымыз! Осындай білімге, өнерге тәрбиелеп келе жатқан барша ұстаздарына алғыс айтамыз! Келесі кезекте ағылшын үйірмесінің тәрбиеленушісі ---------------------ағылшын тіліндегі құттықтауын қабыл алыңыздар.

Көркемсөз: «----------------------» оқитын: ---------------------------------

Ән: «Алғыс айтамын» орындаушы: Жанерке.К, Нұртөре.К

Әні:

Сөзі:

Би: «Андижанский полька» биімен «Қамажай» би тобы.

Жүргізуші: Жарайсыздар, биші балғындар! Көрермендер сіздерге де біздің талантты балаларымыздың өнері ұнап жатыр деп ойлаймыз. Пікірлеріңізді қалдырыңыздар, міндетті түрде оқитын боламыз.(пікір оқу) Келесі кезекте драма үйірмесінің өнерпаздарына кезек берейік.

Пародия: -------------------------------------------------------------------драма үйірме балалары.

Көркемсөз: Мұқағали Мақатаев «Ана сен бақыттысың» оқитындар: Гүлназ, Бекзада, Аружан

Ән: «Ата-анамызды тыңдаймыз»орындаушылар: Айзада.Б, Бекзада..

Әні:

Сөзі:

Жүргізуші: Балалар сендер тәтті тортты ұнатасыңдар ма?Балмұздақты ше?... Әрине ұнатады деп ойлаймын. Біз де бала күнімізде торт пен балмұздақ көрсек тұра алмаушы едік. Әбден тойғанша жеп, үсті-басымызды былғалап ақыр соңында тіс ауырып, іш ауырып жылап аналарымыздың берекетін алушы едік . Қандай керемет еді десеңші балалық шақ. Ал, үлкен тортты қандай мерекеде ұсынушы еді... Иә, әрине туған күнде. Ендеше қазір біздің «Қамажай» тобының бишілері сіздерге «День рождение» биін тарту етеді.

Би: «День рождения»

Қобыз: «»

Ән: «Ата-әже» орындаушы: Айару.М

Әні:

Сөзі:

Жүргізуші: Міне, балақайлар біздің сазды бағдарламамызда өз мәресіне жетіп келеді. Сіздердің көңілдеріңізден шықтық, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйладық деп ойлаймыз.

Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.

Финал: Ән: «Ана» әні:--------------------, сөзі:--------------------

Жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар! Әлемдегі бар бала аман болсын!











































Қымбатты Жас дос!

Егерде сен

-жайдарлы жазда үйде бос жатпай, бос уақытыңды тиімді өткізгің келсе;

-түрлі үйірмелерге қатысып(би, ән, аспапта ойнау, ағылшын, драма, орыс тілі, шахмат, тоғыз құмалақ т.б) шығармашылық қабілетіңді шыңдағың келсе;

- жан-жағыңа дос жинап, олармен әңгімелесе отырып өз ортаңды таба алуыңа топпен жұмыс жасауыңа, ашылмай жүрген қабілетіңнің ашылуына тәжірибелі тәлімгерлер жұмыс жасайтын болады.

Сонымен қатар сіздерге:

-Көтеріңкі көңіл-күй мен керемет әсерлі сәттер сыйлайтын болады.

Исатай аудандық оқушылар үйі сіздерді шақырады! Келіңіздер! Тамаша жазғы демалыс мезгілін бізбен бірге қызықты өткізуге асығыңыздар! Орын саны шектеулі!

Байланыс нөмері: 87785220984 осы нөмерге төмендегі жұмыс күндері өз уақытында хабарласа аласыздар.

Жұмыс күні: Дүйсенбі-Жұма

9.00-12.00

15.00-18.00



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!