Материалдар / 1.Саяхатқа шығуға алдын –ала дайындық жұмыстары: жүріп- тұру қауыпсіздік ережесімен және міндеттерімен таныстыру.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1.Саяхатқа шығуға алдын –ала дайындық жұмыстары: жүріп- тұру қауыпсіздік ережесімен және міндеттерімен таныстыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Саяхатқа шығуға алдын –ала дайындық жұмыстары: жүріп- тұру қауыпсіздік ережесімен және міндеттерімен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2019
3131
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КМҚК «Шығыс қазақстан ауылшаруашылық колледжі»



КЕЛІСІЛДІ

Әдіскер/ Методист

____________ А. С. Кабдуалиева










АШЫҚ САБАҚ




Топ:

Пән: «Дене тәрбиесі»

Тақырыбы: 1.Саяхатқа шығуға алдын –ала дайындық жұмыстары: жүріп- тұру қауыпсіздік ережесімен және міндеттерімен таныстыру.


2.Саяхаттың түрлері және саяхатқа шығардағы қажетті керек құрал – жабдықтар.


3.Саяхатта шатыр тігу, от жағу және тамақ пісіруді үйрету.

Қорытындылау.



Жалпы білім беретін және әлеуметтік

экономикалық пәндерінің ПКК

отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды

Протокол № ___ «____» ___________20___г

Төрайымы:











Саратовка 2019ж

Сабақ жоспары


Топ: 1С Мерзімі:________________


Туризм

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақтың тақырыбы: 1.Саяхатқа шығуға алдын –ала дайындық жұмыстары: жүріп- тұру қауыпсіздік ережесімен және міндеттерімен таныстыру.


2.Саяхаттың түрлері және саяхатқа шығардағы қажетті керек құрал – жабдықтар.


3.Саяхатта шатыр тігу, от жағу және тамақ пісіруді үйрету.

Қорытындылау.


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік- Туризм жайлы көзқарасын кеңейту.

Саяхат, саяхаттын түрлерімен таныстыру.

Бірінші медициналық көмек көрсетуді үйрену.

Қауіпсіздік ережелерімен танысу, қол қою.

2.Дамытушылық- саяхатта шатыр тігу, от жағу және тамақ пісіруді үйрету.

3.Тәрбиелік- студенттер арасындағы қарым қатынасты жақсарту.

Сабақ өткізу әдісі:Түсіндіру, көрсету, жасату.

Өткізілетін орын: Спорт алаңы немесе шет аумақ.

Құрал жабдықтар: Саяхатқа арналған құрал жабдықтар.


Сабақтың барысы:


Р/с

Сабақтың бөлімдері

(оқытушының

Мөлшері

Оқушылардың

әрекеттері

1

Дайындық бөлімі

10 мин






Сапқа тұрғызу, тізім бойынша тексеру, сәлемдесу, сабақ тақырыбымен таныстыру.

Оқушылырды орналастыру.


Ақпараттың дұрыс берілуін қадағалау

2

Негізгі бөлім

65 мин




1.Саяхат тұралы қысқаша ақпарат

2.Саяхатқа шығуға алдын–ала дайындық жұмыстары: жүріп- тұру қауыпсіздік ережесімен және міндеттерімен таныстыру.


3.Саяхаттың түрлері және саяхатқа шығардағы қажетті керек құрал – жабдықтар.

4.Медициналық көмек көрсетуді түсіндіру, үйрету.

5.Саяхатта шатыр тігу, от жағу және тамақ пісіруді үйрету.





Оқыған лекция бойынша сұрақ қою


3

Қорытынды бөлім

15 мин





Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау

Жиналуға уақыт беру

Саяхатқа шығу





Оқушыларды екіден сапқа қойып саяхатқа шығу




























ТУРИЗМ

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) Туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар Туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.

Туризм кез келген мемлекет үшін экономикалық қарқыны төмендемейтін саласы болып келеді. Себебі, туризм экономикалық жағдайдың жақсаруына үлкен ықпалын тигізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр

Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.

1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.

2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.

3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды мақсат етеді.

4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.

5. Экономикалық туризм — бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.

6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін.












































Оқушылармен туристік жорықтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.


Қауіпсіздік ережелерін сақтау –туристік топ мүшелеріне қойылатын басты талап. Апатты жағдайда және жарақат алуды болдырмау үшін туристік жорықтың әрбір мүшесі төмендегідей талаптарды орындауға міндетті.

Туристік жорықтар кезіндегі апатты және жарақат жағдайларында міндетті түрде төмендегі ережелерді орындау керек:

Жорыққа әзірлік кезінде:

Туризм техникасының сақтандыру әдіс және жалпы шынығу дайындығы сабақтары мен жаттығуларына үнемі қатысуы, жол қозғалысы ережелерін, автомобиль және теміржол көліктерімен өту ережелерін оқып, қатаң сақтап отыру;

Белгіленген маршрутты жан-жақты зерттеп, дәрігерлік байқаудан өтіп және жорыққа қатысуға дәрігерден рұқсат алу;

-жорық үшін жеке және топтық құрал жабдықтарды мұқият әзірлеу;

Топ жетекшісінің өкімін қолдау, маршруттың апатсыз өтуіне мүмкіндік туғызып тапсырмаларды шын көңілмен орындау, болмашы жағдайдың өзінде де басшыға баяндап отыру; топ қатарын тастап кетпей, қалып қоймай, қалып қойғандар туралы тез арада басшыға хабарлау; лагерьдің аумағын басшының рұқсатынсыз тастап кетпеу; белгісіз саңырауқұлақтарды, жеміс-жидектерді, су ішу тіртібін қатаң сақтау; басшының рұқсатынсыз алау жақпайды, отты өшірмей қалдырмайды, жанып тұрған шырпыны лақтырмау; ағаштарды, бұталарды шабуға жол бермеу, ағаш бұталарды шабу үшін лагерь аумағында әдейі алаң жасау; сақтану және өзін-өзі сақтандыру ережелерін қатаң мұқият орындау; апат болған жағдайда жоғары моральдық рухты салты қандылықты, сенімділікті сақтап, тез әрекет жасау, басшының бұйрығын орындау; жарылу қауіпі бар заттар табылған жағдайда, оған тимеу, басшыға хабарлау, қауіпті жерді қоршау;

Улы жәндіктердің шағуынан, күн өтуден, тамақтан уланудан, үсуден сақтандыру.

Әдетте улы жәндіктер адамға өздері тиіспейді, бірінші шабуыл жасамайды. Шағып алу олардың қалыпты өмірін, тіршілігінің адамдардың бұзуының, ұялары мен мекендердің бүлдірудің, оларды ұстап алуға тырысудың т.б. нәтижесі болып табылады. Сондықтан шағып алудан сақтанудың негізгі шараларының бірі-улы жәндіктердің тіршілік жағдайы мен ортасын шамалап болса да білу. Өрмекші тәрізділердің шағуынан сақтану үшін жатар алдында шатырлармен қаптарды ұқыпты түрде қарап шығып, шатыр мен оның аузындағы барлық тесіктерді бітеп, киім мен аяқ киімдерді киер алдында қарап шығып, сілку қажет.

Жыландар күндіз әдетте ескі ағаш түптерінде, шөп арасында, ағаш діндері мен тастар астында жасырынып жататындықтан, тексеру кезінде тайақты пайдалану қажет. Қалған карьерлер, тас үйінділері, құлаған үйшіктер ерекше сақтықты қажет етеді, өйткені оларды жыландар жиі ұялайды. Ұялы жыландар болатын аудандарда турист тығыз шалбар, биік аяқ киім (батпақты жерлерде резина етігін, тауларда тері аяқ киімдерді) алып жүру тиіс. Жорықтар алдында жыландардың түсін, т.б. ерекшеліктерін улы жыландарды шақпайтындарынан ажырату үшін біліп алу қажет.


Туристік жорықтар кезінде күн өту нәтижесінде, жаздың басында, таулы аудандарда көктемде ультракүлгін сәулелердің күшеюі кезінде тері күю қаупі бар. Күн арқылы терінің күюі кезінде қызарған жерлерді ешкі сүтімен, одеколонмен және спиртпен сүртеді. Көпіршіктер пайда болған жағдайда кәдімгі термикалық күйік кездеріндегідей шаралар қолданылады. Күннен күюден сақтану үшін жеңді, көйлек , екі жаны мен артына 2 қабат дәке тігілген жазғы шапка, күшті күн сәулесі кезінде көз үшін ойықтары бар дәке маскасын, жұқа, ашық түсті мақта матадан тігілген қолғаптар кию керек.

Жорықтарда сондай-ақ улану және ішек инфекциясы болуы мүмкін.

Бұндайда құсқысы келіп, іші аурады, температура көтеріледі. Егер бұл 3 күн ішінде басылмасы энтеросептол (2 таблеткадан күніне 4 рет) қабылдайды. Іштің төменгі оң жағы қатты ауырса (аппендицит) ол жерге суық басып, ешқандай дәрі, сүйықтық, тамақ бермей жатқызып ең жақын медициналық пунктке жеткізу қажет.


Өртке қарсы қауіпсіздік және алау жанындағы

сақтық шаралары.

Кім, бір кезде жорықта болса, сол дамылдау кезінде туристік костер алдында өткізген сағаттарды ешкашан ұмытпайды. Костер ұшқын шашып көңілді шырт алдайды, өзеннен салқын леп, судың шылпылы, күлкі естіледі. Қаранғы түседі, жаңадан бір қолтық қурай лап етеді де отырғандарды костер жарығымен бір минут шарпып жібереді тағы да қаранғылық. Костер алдында отырған қандай жақсы.

Бірақта, алау жағу кезінде ең алдымен қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Басшының рұқсатынсыз алау жақпайды, отты өшірмей қалдырмайды, жанып тұрған шырпыны лақтырмайды, ағаштарды, бұталарды шабуға жол бермейді, ағаш бұталарды шабу үшін лагерь аумағында әдейі алаң жасайды. Алаңның ортасына қастерді орналастырып, айналасы қазылады, ұшқын шашып өрт болмауы үшін аулақтау жерге су шашылады. Күрек, шелек т.б. керекті құралдарды дайындап қою керек.

Жанып тұрған немесе отқа тамақ қойған кезде 100-150 м жердей аулақта ойнау керек. Оттан тамақ алар кезде арнайы ілмек құралдарымен, ұзын сырық ағашпен алшақтау тұрып немесе арнайы қолға қолғап киіп алу керек. Отта тұрған суды қайнағанын, қайнамағаның білу үшін саусағымызды тығып қарауға қатаң тиым салынады. Сөнуге қалған алауды үрлеуге болмайды себебі от лап етіп жанып бетімізді күйдіріп алуымыз мүмкін.

Суға шомылу кездегі қауіпсіздік.

Су адам өмірінің қызметіне дәл қажетті компонент. Туристік жорықтар, экспедицияда, саяхатта суға шомылу ең қызықты да және ең қауіпті. Жауапты басшыдан бұған айрықша көңіл бөлуді талап етеді. Жорықта, экспедицияда, саяхатты шомылу тек гигиеналық мақсаттарда ғана жүргізіледі.

  • Елді мекендерде немесе оған жақын жерде суға түсу қоршалған жағдайда, кезекшілік және құтқару орындары бар жағажайларда өткізеді.

  • Егер арнаулы жабдықталған жағажай болмаған жағдайда, шомылатын жер қанализация суы құйылатын басқа да лас су көздері жоқ жерлер болуы керек.

  • Қайықтары бар туристер болған жағдайда топтағы шомылу кезінде суға түсуге арналған жерде күзет жүргізілуі тиіс.

  • Шомылу басшының рұқсатымен жүргізілуі тиіс.

САЯХАТҚА ШЫҒАР АЛДЫНДА ДАЙЫНДЫҚ


Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі - балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие берудегі таптырмас құрал. Туризм – бұл табиғат орындарына саяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу. Туризмнің бағыттары алуан түрлі: - ізденушілік-өлкетану бағытында туған өлкеге жасалатын оқутақырыптық экскурсиялар; - спорт бағытында өткізілетін жарыстар мен слеттер; - туристік жорықтар; Білім беру ұйымдарындағы туристік – өлкетану бағытындағы шаралар - оқушылардың бойында өз туған өлкесіне деген қызығушылықты, сүйіспеншілікті, өткені мен қазіргі тарихын оқып-үйрену негізінде патриоттық, азаматтық тәрбиені қалыптастырады. Сонымен қатар, баланың сана – сезімін, ойлау қабілетін, зеректілігін дамытып қоймай, достыққа, жолдастыққа үйретеді. Туристік жорықтар – туристер үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі. Туристік жорық дегеніміз – алдын – ала дайындалған жаңа немесе белгілі бір маршрут бойынша сауықтыру, танымдық, спорттық бағытта өткізілетін жұмыс. Туристік жорықтар ұзақтығына қарай бір, екі, үш немесе көпкүндік болып бөлінеді. Туристік жорыққа шықпастан бірнеше күн бұрын жетекші барлық қатысушыларды жорықтың мақсатымен таныстырып, қажетті жеке немесе топтық құрал – жабдықтармен, азық – түлік тізімімен, алып шығатын киімдермен хабардар етуі керек. Бұл құралда туристік жорықты ұйымдастыруда көмектесетін құжаттар, құрал – жабдықтар, тамақтану, жорық кезіндегі қауіпсіздік, көрсетілетін алғашқы медициналық көмек, топографиямен және компоспен бағдарлау туралы мағлұматтар беріліп отыр. Білім беру ұйымдарында туризмді дамыту .



МАРШРУТТЫҚ КІТАПША

Туристік саяхаттың негізгі құжаты – маршруттық кітапша. Оның құрамына мынадай мәліметтер кіреді: - маршрут атауы, қиындық дәрежесі, ұзақтығы мен ұзындығы; - негізгі пункттер, оның ішінде жолда кездесетін кедергілердің сипатт

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!