Материалдар / 22 сәуір Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиынның сце
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

22 сәуір Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиынның сце

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғұбайдолла Ақтаев - 1936 жылдан бастап № 6 орта мектепте математикадан дәріс берген ардақты ұстаз, мектеп үшін атқарған еңбегі ерен ерекше тұлға. Ұлы ұстаз өзінің бүкіл саналы ғұмырын білім беруге арнаса, соның 37 жылы осы киелі қара шаңырақпен байланысты. Ғұбайдолла Ақтаев - Қазақ ССР – інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Құрмет Грамотасының иегері, «Еңбек», «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», екі рет «Қызыл Жұлдыз», І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендері, т.б.көптеген медальдармен марапатталған. 1995 жылы 23 қарашада Ақтөбе қалалық маслихатының 8-сессиясының №82 шешімімен №6 орта мектебіне «Ғұбайдолла Ақтаев» есімі берілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
337
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

22 сәуір Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиынның сценарийі

(Салтанатты жиын өткізілетін орын тақырыпқа сай безендірілген).

(Фанфары ойнап, жүргізуші ортаға шығады)


Жүргізуші:

Қайырлы күн қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар, қымбатты шәкірттер, мектеп бітіргелі отырған жас түлектер!

Бүгін біздер үшін айтулы мереке, ерекше күн. Өйткені 22 сәуір - мектеп тарихында шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, елеулі еңбегімен артына із қалдырған өнегелі ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері - Ғұбайдолла Ақтаевтың туылған күні. Ардақты азамат, ұлағатты ұстаз есімін еске алу, сәуір Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған ұйымдастырылып отырған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

(музыка ойналады)

Жүргізуші: Салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын!

(ҚР Гимні ойналады.)

Жүргізуші:

Бүгінгі айтулы жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар, мектеп түлектері, мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері,мектеп еріктілері, спортта, өнерде, ғылым мен білімде жеңіске жеткен үлгілі шәкірттер қатысуда.


Жүргізуші:

Ғұбайдолла Ақтаев - 1936 жылдан бастап № 6 орта мектепте математикадан дәріс берген ардақты ұстаз, мектеп үшін атқарған еңбегі ерен ерекше тұлға. Ұлы ұстаз өзінің бүкіл саналы ғұмырын білім беруге арнаса, соның 37 жылы осы киелі қара шаңырақпен байланысты. Ғұбайдолла Ақтаев - Қазақ ССР – інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Құрмет Грамотасының иегері, «Еңбек», «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», екі рет «Қызыл Жұлдыз», І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендері, т.б.көптеген медальдармен марапатталған. 1995 жылы 23 қарашада Ақтөбе қалалық маслихатының 8-сессиясының №82 шешімімен №6 орта мектебіне «Ғұбайдолла Ақтаев» есімі берілді.

Жүргізуші:

Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Жанғалиева Шолпан Серікбайқызына беріледі.


Жүргізуші:

Жылдар бойы ерен еңбек атқарған,

Есіміңіз мәңгілікке сақталған

Ақтаевтай ұлағатты ұлы есім,

Шәкірттердің жүрегінде жатталған.

Ұрпақ жадында үлгі тұтар ұлағатты істерімен есте қалған ұлы тұлғаның рухына бас иіп, оны еске алып, 1 минут үнсіздік жариялаймыз.


Жүргізуші: Ұлағатты ұстаз есімін қашан да мақтанышпен айтып жүретін мектебіміздің барлық шәкірттерінің атынан гүл шоғын қою рәсімі киелі қара шаңырақтан қанат қаққалы отырған 11-класс түлектеріне беріледі.


Жүргізуші: 11 класс ата-аналары атынан Дускалиева Жеңіскүл апайы мен 11-класс оқушылары атынан «Алтын белгіге» үміткер, 2018 жылдың 14 сәуір күні Түркістан қаласында өтетін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізілген Қ.Я.Исауи ішкі пәндік олимпиадасының жүлдегері, грант иегері Мұқанбеткерімова Назеркеге сөз кезегі беріледі.

Гүл шоқтарын қою рәсімін 11 класс оқушылары, Алтын белгіге үміткерлері, математика пәнінен облыстық олимпиаданың жүлдегері Айтжанов Еримбет және орыс тілі пәнінен облыстық олимпиаданың жүлдегері, спорттық жарыстардың жеңімпазы Ашимова Аружан гүл шоқтарын қояды.

Жүргізуші:

Ұлы ұстазға арнау!

Көсегеміз көгереді аты кең –

Жазып кеткен жақсылардың хатымен.

Мектебіміз ұлы ұстаз - капитан

Ақтаевтың аталады атымен.


Бастаушысы болған оңды қадамның,

Туған күні бүгін асыл адамның.

Жақсы ісіңді жалғастырып келеміз,

Алғыс айтып, бас иеміз саған біз.


Ата-баба сара жолын сақтайық,

Үлкен жүрек даналарды мақтайық!

ХХІ-дің бәйгесінен қалыспай,

Білім туын желбіретсін Ақтаев!

Г.Ақтаев

Жүргізуші: Ғұбайдолла Ақтаевтың туылған күні қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша мектебімізде өткен онкүндік барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ұстаз есіміне арналған онкүндікті қорытындылап, ерекше белсенділік танытқан оқушыларымызды марапаттау рәсіміне кезек береміз!


Жүргізуші: Онкүндік аясында ұйымдастырылған «Ғ.Ақтаев кубогы» волейболдан педагог қызметкерлердің ойынын марапаттау үшін мектеп директоры Жанғалиева Шолпан Серікбайқызын ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Жеңіске жеткен оқушыларымыздың құрметіне мектебіміздің әншісі Құрманбай Дильназ пен Сабырова Аружанды «Батырлар әні» әнімен ортаға шақырамыз.

Құрманбай Дильназ пен Сабырова Аружан «Батырлар әні»


Жүргізуші: Онкүндік аясында ұйымдастырылған «Ақтаев ізбасарлары» математика олимпиаданың жүлдегерлерін марапаттау үшін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Избасарова Райля Қуатжанқызын ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Онкүндік аясында ұйымдастырылған «Ақтаев оқушылары жыр құшағында» және «Менің мектебім» эссе, шығармалар байқауларының марапаттау үшін Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұханбедиярова Дина Базарбайқызын ортаға шақырамыз.


Жүргізуші:

9 «б» класс оқушысы Смағұлова Аружан Ғ.Ақтаевқа арнау

«Мақтап етер ұлы тұлға»


Жүргізуші: Онкүндік аясында ұйымдастырылған «Класс басшысы-2018», «Мектеп түлектері» жобаны қорғау байқауларды марапаттау үшін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алдиярова Гулзия Төлемісқызын ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Онкүндік аясында ұйымдастырылған «Алтын ұя –мектебім» сурет және қолөнер байқауларын марапаттау үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Матаева Бақыт Зулқарнайқызын ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Белсенділік танытып үздік атанған оқушылардың құрметіне «» 9 ә класының оқушысы, мектебіміздің өнерлі оқушысы Құрманбай Дильназды шақырамыз.

Құрманбай Дильназ «Самға»


Жүргізуші: Онкүндік аясында ұйымдастырылған мектеп тарихы мен Ғ.Ақтаев туралы оқушылардың білім сауаттылығын тексеру мақсатында өткізіліген саулнама қортындысы бойынша жүлделі кластарды марапаттау үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шанаева Динара Нургалиевнаны ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: Барлық жеңіске жеткен, марапатталған оқушылар мен ұстаздарды құттықтаймыз. Онкүндікке белсенділікпен қатысып, жауапкершілік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.


Жүргізуші: «Мектеп даңқын шығарар түлектері» мектеп гимнін орындайтын класс оқушысы, мектебіміздің белсенді де өнерлі оқушыларды ортаға шақырамыз!

Хор. «Мектеп даңқын шығарар түлектері» мектеп гимні


Жүргізуші: Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,

«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп

Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек.


Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, қымбатты шәкірттер! Ғұбайдолла Ақтаевтай ұлы ұстаздың өмірі , оның шәкірт үшін атқарған ерен еңбегі - бізге, келер ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Тәлімі мол тамаша тәрбиеші, ақылы зор ұлағатты ұстаз атын арқалап жүрген мектебіміздің шәкірттерінің ардақты ұстаз есімін мәңгі есте сақтап, мектеп даңқын асқақтатарына біз сенеміз. Осымен бүгінгі салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

«Қазақстан барысы» әнін тамашалағыздар!!!

Қош - сау болыңыздар!

































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!