Материалдар / №2 "Ақ сұңқар " бөбекжай бақшасы "Ақ желкені" мектеп алды даярлық тобы .Ашық сабақ "Шдыбысы мен әріпі" сауат ашунегіздері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

№2 "Ақ сұңқар " бөбекжай бақшасы "Ақ желкені" мектеп алды даярлық тобы .Ашық сабақ "Шдыбысы мен әріпі" сауат ашунегіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ " Ш дыбысы мен әріпі" преезинтациясы сауат ашу негіздері мектеп алды даярлық тобыДыбыс деген не? Әріп деген не? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? Дауыссыз дыбыс неше? Сөз неден құралады? Сөйлем неден құралады? Сөздер неге бөлінеді сұрақтарына жауап табу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2021
257
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақбарысы Оқу қызметінің жоспарланғаніс-әрекеті

Оқу қызметінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.

Оқу қызметінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту. Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).

Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Ш дыбысын сөз ішінде анық айтуға үйрету. Ш дыбысының артикуляциялық позициясын дұрыс көрсетуге үйрету. Дем алу гимнастика жаттығулары арқылы дем шығару күшін жетілдіру. Ш мен Ж дыбыстарын ажыратуға үйрету.

Оқу қызметінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, сюжетті суреттер, айна, ойыншықтар, қарындаштар, боямақтар.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: шортан, шар, шәйнек, шағала

Полингвалды компонент: шортан – щука- pike, шар-шар-ballon, шәйнек-чайник-kettie


Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері



Мотивация

лық-қозғаушы

лық


Оқу қызметінің әрекеттері

Тәрбиеші қызметінің әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ән саламыз күнде біз.

Шаттық толы іргеміз,

Біз мәңгілік достармыз.

Біз мәңгілік біргеміз.

Өте жақсы. Орнымызға отырамыз.

Балалар сәлемдеседі.

Шаттық шеңберін қимыл-қозғалысқа сай орындайды.





- Орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар, бүгін біз «Сауат ашу» оқу қызметін өтеміз.

Балалар, біз өткен оқу қызметінде қандай дыбысты өттік?

Өте дұрыс айтасыңдар. Балалар, енді айтыңдаршы, Ч дыбысы қандай дыбыс?

Қандай түспен белгілейміз?

Жарайсыңдар. Балалар, енді маған айтыңдаршы, дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз ше?


- Дыбыстар нешеге бөлінеді?


- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?


- Оны қандай түспен белгілейміз?


- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? - Оны қандай түспен белгілейміз?

-Дұрыс айтасыңдар. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешіп көресіңдерме ?

Шатырда бар

Үйде жоқ

- Дұрыс, ол Ш дыбысы. Бүгін біз Ш дыбысымен және әріпімен танысатын боламыз.

- Балалар Ш дыбысы бар қандай есмідерді білесіндер?


- Осы дыбысты айтқанда біздің ерініміз қандай күйде болады? Қәне, айнаға қарап, «Ш» дыбысын айтып көрейікші, қандай екен?



- Ал тіліміз қайда орналасады?



- Тіліміз жалпақ па? Жіңішке ме?

- Ш дыбысы дауыстыма, дауыссыз ба? - Ш дыбысын қандай түспен белгілейді?

- Балалар, осы Ш дыбысы неге ұқсайды екен? Кім біледі?

- Балалар, осы Ш дыбысы біздің әліппемізге қайдан, қалай келгендігін білесіңдер ме?

- Ендеше тыңдаңдар. «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде. П әрпі орман ішінде серуіндеп жүріпті. Жолдың бойында ол таяқшаны тауып алды да, онымен ойнай бастады. Таяқшаны айналдырып, айналдырып, өзін сиқыршы ретінде елестеді. Ауада таяқшаны сілкіп еді, Ш дыбысына айналып кетті. Бірақ, әріптің сипаты өзгеріп кетіпті. Ол шулы дыбыс болып кетіпті. Сонда да басқа әріптер оны жақсы көре беріпті».

- Ал енді, экраннан «Сиқырлы әліппені» тамашалайық.

- Балалар, тіл ұстарту жаттығуын орындаймыз:

Ша-ша-ша

Балалық шақ тамаша

Шу-шу-шу

Әжем шашты шашу

Шы-шы-шы

Қойды бақты қойшы

Аш-аш-аш

Қарағай, шырша ағаш

Ше-ше-ше

Біздің апай ерекше.



- Жарайсыңдар. Балалар енді біз сергіту сәтін орындап алайықшы.



- Өте жақсы, денеміз сергіп, жақсы болып қалдық па?

- Балалар, енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешіп көреміз бе?

1. Ол өсіп әуре,

Ел кесіп әуре....?                             

2. Қызыл, жасыл домалақ,

Әуеде ұшар домалап. 

3. Тікен тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.    

4. Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге.

- Жарайсыңдар. Балалар, сендер жұмбақтың шешуін тауып айтып жатқанда, экраннан сол суреттер шығып жатты. Енді осы суреттерге қарап, сөздерді буынға бөлейікші?

- Балалар, Ш дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі екен. Мысалы, сөздің басында кездесетін Ш дыбысына сөздерді айтайықшы?

- Ортасында кездесетін сөздерді айтайықшы?



- Соңында кездесетін сөздерді айтайықшы?

- Балалар, орнымыздан тұрып, көзге арналған жаттығуды орындаймыз.


- Жарайсыңдар. Енді «Дыбысты ұста» ойынын ойнайық.

Мен сендерге допты дыбыс түрінде лақтырамын, ал сендер буын түрінде қайтарасындар.

Ш, А – ША А, Ш – АШ

Ш, О – ШО О, Ш – ОШ

Ш, У - ШУ Ұ, Ш – ҰШ

- Өте жақсы. Балалар, мына экранда тұрған суреттерге назар салайықшы. Мұнда ненің суреті бейнеленген?


- Енді осы суреттерді қолданып, сөйлем құрастырамыз. Мысалы, Арсеннің қылышы бар...


-Жарайсыңдар. Балалар, енді Ш дыбысының әріп таңбасымен танысайық. Алдымен қанша элементтерден тұратынын санап алайық.




- Дұрыс. Енді саусағымызды дайындап алып, ауада жазамыз. Жоғарыдан төмен қарай бірінші сызықты жүргіземіз, одан кейін екінші сызықты жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз, үшінші сызықты да дәл солай жүргіземіз. Ең соңында астынан тағы бір сызықты жүргіземіз.

- Партаның бетіне жазамыз.


- Қолымыз шаршаған шығар, қане қол моторикасына арналған жаттығуды орындап алайық

Жаза, жаза саусағым,

Әлсіредім шаршадым.

Бір, екі, үш,

Қолға жинап күш.

Қане, қалам алайық,

Әдемілеп жазайық.



- Енді алдымыздағы дәптерде Ш дыбысының киімін кигізейік. Балалар, ол қандай түсті киімді киеді?

Балалар, енді алдымызда тұрған үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасаймыз. Қане, қарайықшы, қандай тапсырмалар берілгенін.

1 тапсырма: Мына тапсырмада Тышқан қанша Ш дыбысы бар екендігін білмей отыр, қане дөңгелектеп алып, санап берейікші

2 тапсырма: санау таяқшаларынан Ш әріпін жазамыз.

3 тапсырма: Ш дыбысынан басталатын төрт сөзді тауып бер

4 тапсырма: Ш әріпін баспа түрінде жазамыз.

- Жарайсыңдар. Тамаша орындадыңдар.

- мұқият тыңдайды.


-Ч дыбысын.


-дауыссыз, қысылып айтылады.

-көк түспен

-дыбысты естиміз, айтамыз

-әріпті көреміз, жазамыз.

-екіге: дауысты, дауыссыз дыбыстар

-әуенмен, еркін, созылыңқы

-қызыл түспен


-қысыңқы, кедергімен

-көк түспен



-Иә


- Ш- Шолпан, Раушан, Шарапат, Шапағат, Шоқан, Шамиль



- Ерін аздап дөңгеленіп, алға қарай шығынқы келеді.

- Үстінгі тістердің артында.

- Жалпақ, кесе сияқты

- Дауыссыз дыбыс

- Көк түспен

- Е дыбысына, айырға, шанышқыға ұқсайды


- Жоқ, білмеймі


- Ш дыбысын көрсетіп жатыр.

Ша-ша-ша

Балалық шақ тамаша

Шу-шу-шу

Әжем шашты шашу

Шы-шы-шы

Қойды бақты қойшы

Аш-аш-аш

Қарағай, шырша ағаш

Ше-ше-ше

Біздің апай ерекше.

.

- Иә.



- шаш

- шар

- шырша

- шана

шаш (бір буын)

- шар (бір буын)

- шыр –ша (екі буын)

- ша-на (екі буын)



- шам, шатыр, шағала, шар

- шымшық, құлыншақ, қуыршақ, шаршы, қайшы

- ғарыш, ағаш, қарлығаш, шаш, қаш

- экраннан көзге арналған жаттығудың бейнеролигін көрі арқылы орындайды.

- ойынның шартын тыңдайды.


-ойынды белсенділік танытып, қызығушылықпен орындайды.

- қолшатыр, моншақ, қысқыш, қылыш.


- Жаза, жаза саусағым,

Әлсіредім шаршадым.

Бір, екі, үш,

Қолға жинап күш.

Қане, қалам алайық,

Әдемілеп жазайық



-көк түсті киімді киеді. Дәптердегі тапсырманы орындайды.


Рефлексив

тік-ттүзетуші

лік

- Балалар, сонымен біз бүгін не үйрендік?

- Ш дыбысы қандай дыбыс екен?

- Ол қандай түспен белгіленеді?

- Балалар, бүгінгі оқы қызметіміз түсінікті ме?

- Көңіл-күйіміз көтерілді ме?

-Жарайсыңдар.

-Мен сендерге оқу қызметімізге жақсы ат салысқандарың үшін жұлдызша таратып беремін.

-Ал балалар, енді біз қоштасайық. Сау болыңдар.

- Ш дыбысы мен әріпін

- Дауыссыз дыбыс

- Көк түспен


- Иә, түсінікті

- Иә, көтерілді


- алған әсерлерімен бөліседі.


-Сау болыңыздар.



Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: Ш дыбысы мен әріпін, дыбыс таңбасын, дауысты, дауыссыз дыбыстарды.

Түсінеді: Ш дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында кездесетіндігін, буынға бөлуді, сөзден сөйлем құрастыруды

Қолданады: айна, интербелсенді тақтаны, тақырыптық суреттерді


Балалардың іс-әрекеті











суреттерге қарап, сөйлем құрастырып, өз ойларын айтады.



- төрт таяқшадан тұрады












- ауада жазады

-партаның бетінде жазады

- Жаттығуға дайындалады








































































































- Мұқият назар салып тыңдайды.









Ш дыбысына қатысты ертегі әңгімені мұқият тыңдайды.





- Тіл ұстарту жаттығуын қайталайды:




- Экраннан сергіту сәтінің бейнеролигін тамашалап, соны қайталау арқылы орындайды










- дөңгелектеп, санап береді

- санау таяқшаларынан Ш әріпін жазады.

- шапка, шахмат, шашки, шоколад,шляпа

- баспа түрінде жазады.

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!