№2 бжб.7-сынып. Қазақ тілі. 1,2 нұсқалы. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 2-бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№2 бжб.7-сынып. Қазақ тілі. 1,2 нұсқалы. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 2-бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»

Материал туралы қысқаша түсінік
№2 бжб. Қазақ тілі. 1,2 нұсқалы. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 2-бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» 7-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


2 бжб. Қазақ тілі. 1,2 нұсқалы. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

2-бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»

1-НҰСҚА


Оқу мақсаты:

7.1.1.1 -мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады



Ойлау дағдыларының деңгейі:

Орындау уақыты:

Жоғары деңгей дағдылары


15-20 минут


1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаңыз.

Тыңдалым мәтіні

Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау, — деді содан соң. — Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Мен ретімен таныстырып шығайын. Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше. Стройдың басында тұрған екеу — қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы — Нартай, анаусы — Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар баласы, аты Рәшит, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара — әйел бала, қалмақ, я дүңген, жасы алтыда. Қасындағысының аты — Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған; қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз, әрі мылқау. Ең соңындағы — жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман — неміс. Бұл баланың орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айрылып, панасыз қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған жайы бар.

Тоқа! — деді сол аяғына көнетоз саптама етік, он аяғына былғары тысты жаңа протез киген сырма күртелі қарамұрт. Бұл — бригадир Берден еді. — Тоқа, осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Мен де, ана Ақан да, мына Тілеубай да. Өзіңіз де құр қалмассыз. Тегіс сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-ақ ет-бауырымыз боп кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз.

Ләббай, — деді қайтадан қатайып алған басқарма, — мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш-өкпе болмасын. Ақа! Жол сіздікі.

Тысы тозған сеңсең тымағын құлағын қайырып бір жақ шекесіне қисайта киіп, жұрттың бәрінің басынан аса қарап, ат үстінде тұрған Ахмет шал қарына қыстырған құрығын лақтырып тастап, жерге ырғып түсті. Қимылы ширақ.

Таңдаған балаңызды алыңыз.

Сұрақ: Ахмет шал қай баланы таңдайды? Жауабыңызды себебімен дәйектеңіз.

Жалғасы:

Ахмет ысырыла жол берген жұртты киіп-жарып балалардың алдыңа барды да қалт бөгелді. Қайсысын алсам екен деп ойланғандай. Жетімдерді жағалай шолып шықты да, ең баста тұрған ағайынды қазақ балаларының қасына келді. Екеуі біріне-бірі тығыла құшақтасып тұрған. Қолдарынан тартып еді, айрылмады. Ахаң тізесін бүгіп, екеуін бірдей бауырына басты. Кезек-кезек маңдайларынан сүйді. Содан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

Мен осы мықтының өзін қаладым.

Сұрақ: Неміс баласы қазаққа сіңісіп кете ме әлде өз ұлтын ұмытпайды ма? Себебімен дәйектеп, болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз.



2-тапсырма. Халқымызда «Ауру - астан» деген сөз бар. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап, мәселеге өз көзқарасыңыз бен шешу жолдарыңызды ұсынып эссе жазыңыз. 




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.


1

Оқиғаның дамуын болжайды;

Себептерімен дәйектейді;

Оқиғаның аяқталуын болжайды



1

1

1


Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады


2

Пікір бойынша көзқарасын білдіреді;

Дәлелді аргументтер келтіреді;

Стильдік бірізділікті сақтайды;

Эссенің құрылымын сақтайды;

Тілдің эстетикалық көркемдігін сақтайды.

1

1

1

1


1

Барлығы

8








































3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

2-бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»

2-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

7.1.1.1 -мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Бағалау критерийі:

Білім алушы

  • Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.

  • Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады



Ойлау дағдыларының деңгейі:

Орындау уақыты:

Жоғары деңгей дағдылары


15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаңыз.

Тыңдалым мәтіні

Астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады.

Сұрақ: Нанның қасиетіне орай айтылған қандай тыйым сөздерді атап бере аласыз? Жауабыңызды себебімен дәйектеңіз.

Жалғасы:

«Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.

Кейбір адам қонаққа шақырып отырып «ойбұй, нан қоюды ұмытыппыз» деп жатады, яғни нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз...

Сұрақ: Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, не істеу керек екен? Болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз.


2-тапсырма. Халқымызда "Көңіл сыйса, бәрі де сыяды" деген, "Ортақ өгізден оңаша бұзау артық" деген де сөздер бар. Ұлттар достастығы тұрғысында сіз осы екі пікірдің қайсысын қолдайсыз? Ойыңызды жинақтап, мәселеге өз көзқарасыңыз бен шешу жолдарыңызды ұсынып эссе жазыңыз. 

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды.


1

Оқиғаның дамуын болжайды;

Себептерімен дәйектейді;

Оқиғаның аяқталуын болжайды



1

1

1


Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселеге өз көзқарасы мен шешу жолдарын ұсынып эссе жазады


2

Пікір бойынша көзқарасын білдіреді;

Дәлелді аргументтер келтіреді;

Стильдік бірізділікті сақтайды;

Эссенің құрылымын сақтайды;

Тілдің эстетикалық көркемдігін сақтайды.

1

1

1

1


1

Барлығы

8

Балл қою кестесі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
.
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі