Материалдар / 3 а сынып Тәрбие сағаты "Бала құқығы - асыл қазына"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

3 а сынып Тәрбие сағаты "Бала құқығы - асыл қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2019
3374
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Бала құқығы –асыл қазына»
Мақсаты: Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру;құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру; ой-өрісін дамыту, бала құқығы  туралы Конвенция шарттарын меңгерту; белгілі бір пікір айтуға,  тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту; балалардың бойына құқықтық, патриоттық, 
адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд. Сабақтың барысы: І. Кіріспе. Біз қандай планетада өмір сүреміз? Жер планетасы
Біз қандай мемлекетте тұрамыз? Қазақстан
Біздің елде тұратын адамдарды қалай атайды? Қазақтар Қазақстан – өте бай,әдемі ,көп ұлтты, ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның астанасы қай қала? Астана . Мемлекетіміздің ең басты байлығы – оның халқы. Қоғамның басты байлығы – адам. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек.Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында,жұмыста,мектепте,көпшілік жерде.Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау,салық төлеу,мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған. Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған.
Конвенция дегеніміз ол- бала құқығы туралы келісім шарт. Құқық деген -Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз. Ол 98бапты біріктіріп,9бөлімнен тұрады.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
«Біз неге құқылымыз?» 
Әр бала өз ата-тегін алуға құқығы бар.
Ата-аналарымен бірге өмір сүруге
әркімнің өмір сүруге құқығы бар
Тегін ауруханада емделуге
Балабақшаға келуге
Тегін білім алуға
Демалуға
Еркін ойнауға
Еркін өз ойын толық жеткізуге
Өз тілінде сөйлеуге
14-бап.Заң алдында жұрттың бәрі тең.
Бұл заңда жеңіс даңқымыз
Салтанат құрған салтымыз
Сүйініш, қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз
13-бап. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
75-бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
5-бап.Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ!
12-бап.Біреудің атына кір келтіруге тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
19-бап.Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар.
27-бап.Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.
29-бап Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30-бап. Азаматтардың тегін, орта білім алуына, жоғары білім алуына құқығы бар. Аида
24-бап.Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар.
ІІІ. «Бәріміз бірге!» ойыны 1. Біздің мемлекет – ҚР.2. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
3. Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба. 4. Елорда – Астана.
5. ҚР кім басқарады? – Президент. 6.Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам). 7.Тәуелсіздікті қай жылы алдық? 1991ж 8. Астана қаласының бұрыңғы атауы?-Целиноград,Ақмола 9.Еліміздің төл мерекелерін ата-Тәуелсіздік күні,Конституция күні 10.Адамға не қымбат?-өмір 11..Конституция күнін ата.-30тамыз
. ІV.Оқушы міндеттерімен таныс болайық.
Оқушылар басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу олардың өмірімен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешеуге міндетті.
Мектеп сыныпта сабырлықты, тыныштықты сақтауға міндетті.
Мектеп жарлығына сәйкес жағдайда мектеп қызметкерлері мен кезекші оқушылардың айтқанын орындау мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер қауіпсіздік техникасын және тазалықты сақтауға міндетті.
Темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы сабырлы киімін таза ұстау өз-өзіне қарауға міндетті.
V. Ұлылырдан қалған асыл сөз
Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа (халық даналығы)
Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен кейін он үшке дейін құлыңдай қина,он үштен ары сырласыңдай сыйла.
Балам бол басқа бол бәріңе заң біреу-ақ. (Жүсіп Баласағұн) VI.Қорытынды Б.Момышұлы айтқандай, «Азамат жолы-ар жолы» ешкімнің ала жібін аттамай,өз құқығымызды да, өзгенің құқығында бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қыздары болып өсе берейік.
. Оқушылар жауап береді . Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенцияға тоқталсақ

*Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

*Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; *Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

*Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

*Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ; *Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

*Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

*Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

*Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

*Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Мұғалім: тақтадағы сөйлемді оқып оқушыларға сұрақ қойады. Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып, сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт - деді. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген. Сұрақ 1.Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма? 2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді? 3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме?Дұрыс жауабы: 1. Бейсенкүл дұрыс жасаған жоқ. Әділділікті тек сот шешеді. 2. Бейсенкүл ол балаларды көзбен қадағалағанын бөлімше инспектор полициясына айту керек еді, сөз расталған жағдайда ғана сотқа өтуі керек, яғни Қ.Р. кұкық бұзушылық кодекісінің №129 статьясы бойынша біреудің сыртынан жала әңгіме айтуға болмайды Ситуациялық жағдай. Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенетмашинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады. Сұрақ:Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма? Жауабы: Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында істеді. Қорытынды . Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

Picture 2

























Picture 4 Picture 1 Picture 8 Picture 6

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!