Материалдар / 3-ші сыныптар арасында Интеллектуалды ойын "Жүзден жүйрік, мыңнаң тұлпар".
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

3-ші сыныптар арасында Интеллектуалды ойын "Жүзден жүйрік, мыңнаң тұлпар".

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Сайыс өткізу арқылы оқушылардың білім,білік дағдыларын байқау, білімге деген қызығушылығын арттыру; 2. Өздерін еркін ұстай біліге, шапшан ойлау, сөйлеу шеберлігін арттыру; 3. Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2019
464
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Тақырыбы: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар».


Мақсаты: 

1. Сайыс өткізу арқылы оқушылардың білім,білік дағдыларын байқау, білімге деген қызығушылығын арттыру;

2. Өздерін еркін ұстай біліге, шапшан ойлау, сөйлеу шеберлігін арттыру;

3. Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Абай атамыз айтқандай «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол»- деп келешек ұрпаққа берер тағылымы мол, іздер қалдырған.

«Рухани жаңғыру» аясында 3 сынып оқушыларының арасында «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты интеллектуалды ойынын ұсынғалы отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Олай болса бүгінгі сайысымызда өзімізді жаңаша қырынан көрсетіп, жақсы атсалысайық.












Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.

Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр бойында дей келе, сайыскерлерді таныстыстырып өтейін:

  1. 3 «А» сынып оқушысы: Жанай Нұрислам, Ахмет Еңлік

  2. 3 «Ә» сынып оқушысы: Уйсинбек Ақжайық, Қалмырза Али

  3. 3 «Б» сынып оқушысы:Рахматулла Балым, Болатхан Сабина

  4. 3 «В» сынып оқушысы: Тағай Нұрдаулет, Сарсен Мақсат



Әділқазылармен таныстыру.









Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер - дей отырып сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.


I-кезең: «Бәйге» ойыны.

II-кезең: «Мақал – сөз мәйегі».

IІІ-кезең: «Тапқыр болсаң, талас жоқ.»

ІҮ – кезең: «Тездет, бірақ қателеспе!»

Ү – кезең: «Ойлан тап !» 



Мына ұяшықтардан кез-келген сандардың біреуін таңдап сұраққа жауап бересіңдер. Егер сұраққа нақты жауап берсеңдер, сол ұпай сендердікі. Әр дұрыс жауап 10 балл болып есептеледі. Қоржыңға салынады.


І кезең: «Бәйге ойыны».

10: Қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы, ұстаз кім? (Ы.Алтынсарин)

20: Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

30: Жылқыға  жұрнақ  жалғанса , кім болады ?(жылқышы )

40: Мен бір аяғыммен тұрғанда салмағым 55кг, екі аяғыммен тұрсам ше? (екі аяқпен тұрсада (55кг)

50: Қазақтың атақты суретшісі кім? (Әбілхан Қастеев)

60: Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атаймыз? (жел)

70: Жеті қазынаны ата: (1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5 . Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік ат)

80: Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз.

90: Емен, қайың, терек өсімдіктің қай түріне жатады? (ағаш)










Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса - дей отырып ІІ-ші кезеңді бастаймыз.



ІІ кезең: «Мақал – сөз мәйегі».
Бұл кезеңде оқушылар мақал – мәтелді жалғастырады.

10: Жаңбырмен жер көгерер, (Батамен ел көгерер).

20: Жері байдың- (елі бай).

30: Отансыз адам. (Ормансыз бұлбұл).

40: Отан үшін отқа түс күймейсің. (Арың үшін алыссаң өлмейсің.)

50: Кітап – білім бұлағы, (білім өмір шырағы.)

60: Әдепті бала – арлы бала, (әдепсіз бала сорлы бала.)

70: Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді.)

80: Батыр бір өледі, (Қорқақ мың өледі.)

90: Бірлік болмай, (Тірлік болмас.)



ІІІ - кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр .»

10:

Он екі парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/

20:

Ти десем тимейді,

тиме десем тиеді.

/ерін/

30:

Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.

/қаламсап/

 40:

Көзіңе көрінбейді,

Қанғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады

/жел/






50:

Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/сызғыш/


60:

Қол созсаң, ақ кұміс

Алақанға толады.

Ашып-жұмсаң, із-түссіз

Лезде жоқ болады?

/қар/

70:

Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/

80:

Білімнің жол басшысы, 
Шәкірттің қолбасшысы 
/Мұғалі)/



90:

Қабы сояу, 
Діні – бояу. 
/Қарындаш/



Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшантық бұл сайыста қажет екен. дей отырып ІҮ-ші кезеңді бастаймыз.


ІҮ – кезең: «Тездет, бірақ қателеспе!»
Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.


10:

1) Дауыссыз дыбыстар 3 - ке бөлінеді. (иә. Қатаң. Ұяң. Үнді)
2) Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй, киім, көлік, теледидар. (жоқ. Тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3) Бір жылда 12 ай бар? (ия)

4) Судың 4 күйі бар. (жоқ. 3 күйі бар: қатты, сұйық, газ)
5) Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар. (иә. Солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)








20:

1) 120 минутта 3сағат бар.(жоқ. 2сағат)
2) Жұмбақ – үлгі – өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз. (Жоқ. Бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтылған қысқаша өлең)
3) Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді
. (иә)
4) 9 бен 4 – тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
5) Ұлыстың ұлы күні - 22 мамыр . (жоқ, 22 – наурыз)



30:
1) Зат есім қандай? қай? деген сұраққа жауап береді.(жоқ. кім? не?)
2) Ұзындық өлшем бірліктері (иә. мм, см, дм, м, км.)
3) Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы ертегі. (жоқ. Аңыз)
4) Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі карта.(иә.)
5. 45 – тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ. 9 - ға.)



40:
1) Үш биді ата. Олар Қазыбек би, Төле би, Жиренше шешен. (жоқ)
2) Негізгі сөйлем мүшесі баяндауыш. (жоқ. бастауыш)
3) Адам денесінің тірегі бас.(жоқ. қаңқа)
4) Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш.(иә)
5) Абылай ханға Төле бидің қойған аты (Сабалақ.(иә)

50:

1) Бір жылда 365 – 366 күн бар. (ия)

2) Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев (жоқ,Тоқтар Әубәкіров)

3) Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы заттың құны деп аталады. (иә)

4) Заттың атын білдіретін етістік сөз табы. (жоқ, зат есім)

5) Тік төртбұрыштың периметрін табу үшін ұзындығы мен енін қосамыз. (иә)



60:.

1) Екі жылда 26 ай бар. (жоқ, 24 ай)

2)  Табиғат  үшке  бөлінеді. (жоқ, 2-ге тірі, өлі)

3)  Қара   алтын  дегеніміз - мұнай ,  көмір. (ия)

4) Бауыржан Момышұлы –ұлы ақын. (жоқ. Батыр)

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!