Материалдар / 4 - сыныптың білім алушыларына арналған «Мәнерлеп оқу» курсының бағдарламасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

4 - сыныптың білім алушыларына арналған «Мәнерлеп оқу» курсының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныптағы «Мәнерлеп оқу» курсының ерекшелігі балалардың коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыра отырып, сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2019
3397
35 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















4 - сыныптың білім алушыларына арналған

«Мәнерлеп оқу» курсының бағдарламасы











Құрастырған С.С.Амирбаева

бастауыш сынып мұғалімі





















Түсінік хат

Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне айрықша назар аударылып отырғаны баршамызға белгілі. Мектептегі білім алушыларды туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана жасөспірімінің жан дүниесін жадыратуға болады.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибелерінде өзін атаған білім беру түрлері дамуда.

«Мәнерлеп оқу» бағдарламаны құруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын басшылыққа алынды.

4-сыныптағы «Мәнерлеп оқу» курсының ерекшелігі балалардың коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыра отырып, сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Көркем шығармалар түрін мәнеріне келтіре оқи отырып, ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағдарлама адамның ішкі рухани жан дүниесінің байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.


Проблемалары

Қоғам дамуы қарыштап алға басқан сайын ғылым-білімнің де керегесі кеңейіп, жаңалық молая түсуде. Ғылым мен техниканың жаңалықтары көз ілеспей дамып келеді. Ал, мектеп сол жаңалықтың барлығын оқушыларға меңгерту үшін бейімделе бастады. Кітаппен жұмыс істеу – мектепішілік мәселеге айналып барады. Мектептен тыс жерде, үйде балалар көбіне теледидар көріп, интернетке шығып, компьютермен ойын ойнайды. Кітап оқу екінші орынға ауыса бастады. Мектептегі оқушылардың кітапқұмарлығының ақсап бара жатқаны көруге болады. Алайда, білімнің негізгі бұлағы кітап оқу екені – басы ашық ақиқат. Ауызекі сөйлеу барысындағы ахуалдар, балалардың дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуі, ой-өрісінің даму барысындағы кездесетін кедергілерді жою.

2

Өзектілігі

Мектептің алғашқы басқышы, негізгі тірегі бастауыш сыныптан бастап, жас жеткіншектерді әсемдікке, әдемілікке, ойлай білуге, өзіндік ой түйіндей білуге, көркем шығармаларды мәнерлеп оқи отырып, білімді болып тәрбиеленуі. Балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі тілдік қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылуы.

Мақсаты:

«Мәнерлеп оқу» курсы– түсініп, дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде өздерін тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру. Ауыз әдебиетінің түрлі жанрларымен танысып, өз бетімен оларды оқуға қызықтырып, кітапқұмарлыққа баулу.


Міндеттері:


  • Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  • Өзінің ойын, көзқарасын жүйелі жеткізе білу;

  • Әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде мәнерлі, еркін сөйлеуді меңгерту;

  • Мәнерлеп оқу арқылы ойлау қабілетін арттыру, шығармаларды оқи отырып, өздерін тәрбиеге жетелеу;

  • Мәнерлеп, әсерлі оқуға талаптану;

  • Үнтаспаға жазылған бірнеше әдеби үлгілерді оқуға жаттықтыру барысында оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын көру;



Күтілетін нәтиже

Білім алушылар көркем әдебиет туындыларымен танысып, нақышына келтіріп оқитын болады. Шығармаларды оқи отырып, өзін-өзі тәрбиелейді, қоғамдық ортада білім алушының құзіреттілігі артады, өмір сүріп үйренеді. Мәнерлеп оқудың құндылығы білім алушының әрбір көркем әдеби туындыларды оқып, одан ләззат ала білуі.

3

Таңдау курсының құрылымы

1-бөлім. Мәнерлеп оқудың теориялық білімі.

Мәнерлеп оқу туралы ұғым. Дауыс. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағының кідірістері. Логикалық, психологиялық, грамматикалық кідірістер. Сөйлеу техникасы Дикция. Дыбыстау мүшелері. Дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Екпін. Мағыналық екпін. Тембр. Үзіліс(пауза). Сөйлеу қарқыны.

2-бөлім. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұсақ жанрлармен таныстыру.

Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. Санамақтар. Диалог түріндегі қысқа мәтіндер. Өлең шумақтарының үзінділері. Ұйқасын тауып өлеңді аяқтау тапсырмалары.



3-бөлім. Теориялық білімді практикамен ұштастыруда қарастырылған балалар жазушыларының шығармалары.

«Торғай» (р дыбысының оқылуына арналған). ТорайғыровС. «Қараңғы қазақ көгіне...»(екпінге байланысты). « Қияр мен капуста», дауыс ырғағына байланысты. «Қасқыр мен кірпі», «Мақта қыз бен мысық», (Үзіліс). «Бал араның жыры» . Мысал өлеңдер, «Шегіртке мен құмырсқа»(екпін мен тембрге байланысты).



4-бөлім. Мәнерлеп оқу курсының практикалық, бөлімінде үйренгенін көрсету, қолдану.

Бейнефильм көру, өзінің көзқарасы, сипаттауы. Өлең ұйқасын шығару. Өздерінің шығармашылықтарының жинақтары. (көрме). Мәнерлеп оқу: «Менің сүйікті өлеңім, сүйікті ертегім». Презентация. Қойылым көрсету.

Курстың ерекшелігі, әр берілген теориялық білім практикамен ұштасып отырады. Мысалы, балаларды бір күнгі сабақта, белгілі бір теориялық ұғыммен таныстырылса, оған практика жүзінде әдеби жанрлармен жұмыс жасалады.

4



Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат оқытылады



Тақырыптары


сағаты

мерзімі

1

Мәнерлеп оқу туралы ұғым

1


2

Дауыс ырғағының кідірістері

1


3

Грамматикалық кідіріс (логикалық, психологиялық) ұсақ жанрлармен жұмыс

2


4

Мақал-мәтелдер.

1


5

Үзінді оқу. «Сылтаушыл»

1


6

Ертегі. «Түлкі мен ешкі»

1


7

Сөйлеу техникасы. Дыбыстау мүшелері

1


8

Өлең. Ы. Алтынсарин «Ананың сүюі»

1


9

Әңгіме. «Жаман жолдас»,» Әке мен бала»

1


10

Қ. Мырза Әли. «Ана тілің арың бұл...»

1


11

Дикция. Маң-маң-маң басқан....

1


12

Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.Трамвай

1


13

Жаңылтпаштарды оқу.

1


14

Торғай.

1


15

Ұйқас өлең жазу

1


16

С. Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне...»

1


17

Дауыс ырғағы. «Қияр мен капуста»

1


18

Үзіліс. «Қасқыр мен кірпі»

1


19

Балалар ертегісі

1


20

Мағыналық екпін. «Бал араның жыры»

1


21

Оқудың әсерлі болуы.

1


22

Бейнефильм көру. Алдар көсенің хикаялары

1


23

Көрген бейнефильмнің кейіпкерлері туралы пікірлері

1


24

«Сөйлеу қарқыны «Данышпан»

1


25

Өлең құрылысы. Шумақты өлең. М.Әлімбаев

1


26

Тармақ. Бунақ. Буын.

1


27

Мысал өлеңдерді оқу

1


28

Менің сүйікті ертегім .

1


29

Сүйікті өлеңім

1


30

Қойылым. «Балалар мен ғалым»

2


31

Шығармашылық жұмыс. Презентация

1


32

Мәнерлеп оқу сайысына қатысу

1






5

Пайдаланған әдебиеттер



  1. Жалпы білім беретін 4-сынып білім алушыларына арналған «Әдебиеттік оқу мен хрестоматиясы» Атамұра-2014

  2. Журналдар «Балдырған» 2015ж Алматы, ЖШС РПБК «Дәуір»

  3. «Сөз әдебі» Елтаным баспасы -2010ж

  4. «Мәнерлеп оқу» С. Желдербаева Алматы, «Рауан»-2013ж

  5. Ы. Алтынсариннің балаларға арналған шығармалары

  6. Абай Құнанбаевтың балалар әдебиетінен

  7. С. Торайғыровтың балаларға арналған шығармалары

  8. Интернет ақпараттары

  9. Ш. Ахметов «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы»

І және ІІ томдары, Арлан –ПВ-2011



































6

МАЗМҰНЫ



Түсінік хат ............................................................................. 2-бет

Өзектілігі. Мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтиже ........... 3-бет

Таңдау курсының құрылымы ...............................................4-бет

Тақырыптары .........................................................................5-бет

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ............................................. 6-бет

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!