Материалдар / 5- сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

5- сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
5- сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
974
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5- сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктеріАғылшын тілі пәні мұғалімі: М.Б. МайлыбаеваҚаблиса жырау мектебі, Қайнарлы ауылы«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтыңқолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»Н.Ә.Назарбаев Соңғы жылдары Қазақстандық қоғамда шет тілдерінің статусы айтарлықтай өзгерді. Қазір шет тілдерін, соның ішінде, ағылшын тілін меңгеру заман талабына айналды. Қазақстаннның әлемдік қоғамдастыққа енуі, елдегі экономикалық, әлеуметтік мәдени жағдай қоғамда шет тілдерін меңгеру қажеттілігін тудырып отыр.Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру — өзекті мәселелердің бірі. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата- аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет.Сондықтан да орта білім беру жүйесінде басты бағыттардың бірі  шет тіліне ерте жастан оқыту болып табылады. Соңғы он жылда ағылшын тілін бастауыш сыныптардан бастап оқыту көптеген мектептерде эксперименттік деңгейде жүргізіліп келді.  Биылғы 2016/2017 оқу жылында барлық мектептерде даярлық топтан бастап шет тілі енгізілді.  Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы. Неден бастаған жөн деген сұраққа жақсы оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс таңдалған оқу құралы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Соның ішінде 5-сыныпқа тоқтала кетсек.Себебі 5-сынып оқушылары 2016 жылы алғаш ағылшын тілін қолдарына алып және мен жас маман ретінде осы сыныпқа сабақ беруді бастадым.1-қыркүйектен бастап 5-сыныптың тілге деген қызығушылығын мен ынтасын бақылап келемін.Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, біздің мектепте 5-сыныпқа оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Алматы «Атамұра» Аяпова Т. оқу құралын қолданып келеміз.Аптасына екі сағаттан оқытылады.  Бұл кітаптардың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен мәтіндер жинағы топтасқан шағын оқу кітабі бар. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды.  Алғаш ағылшын тілін үйренгенде ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Бірақ өкінішке орай ата-аналар  арасында «ағылшын тілін білмейміз, көмектесе алмаймыз» деушілер көп. Бұндай жағдайда «Ағылшынша-қазақша сөздік» қолдануға ақыл- кеңес беремін.Себебі бұл создікте ағылшынша-қазақша 20000 сөз бар. Сонымен қатар оқушылырдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады.Мектеп ішілік 3-деңгейлік курс оқып, сол курстағы үйренген әдіс тәсілдермен жаңа технологияларды сабағымда жиі қолданамын.Соның ішінде көп қолданатын әдістер Джигсо,Сыни тұрғыдан ойлау,Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау т.б.әдістер қолданамын. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы,   жаңа сөз бірліктерін енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сақтауы артып отырады. АКТ құралдарын пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолдану керек.Сонымен қатар әр сабақта әр түрлі ойын элементерін пайдаланамын. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының  жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Әр сабағымды оқушыларға «Good morning» өлеңінен бастағанды жөн көремін.Сонымен қатар ағылышн алфавитінің өлеңін сабақ сайын айтып өтеміз.Себебі шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әр сабақта оқушыларды жұпқа бөліп диалог құрастырғанды көп қолданамын.Бір жақсы оқитын оқушымен бір төмен оқитын оқушыны тақтаға шығарып диалог құрастырсаң төмен оқитын оқушы жақсы оқитын оқушының сұрағына жауап беріп өзі де ынталана түседі.Жаңа сөздермен көп жұмыс жасағанды дұрыс көремін.Әр сабақтың соңында кітаптың артындағы сөздіктен 3-4 сөз жаттауға тапсырма беремін.Аз болса да оқушылар жатап келеді.Жыл соңында сөздік қоры дамиды деген ойдамын.Оқушыларға көшеде,дәлізде жіргенде ағылшын тілінде амандасуға дағдыландырдым.Оқушылар ағылшын тілінде күнделікті амандаса отырып мен ағылшынша сөйлей аламын және де ағылыш тіліне деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Ағылшын тілінде сауатты жаза алатын, өз ой – пікірін айта алатын, мағыналы түрде сөйлей алатын оқушыны тәрбиелеу қажет. Сонымен қатар жұмыстың барлық кезеңдерінде мұғалім шәкірттерінің іс - әрекеттерін қолдап, мадақтай келе, олардың ынтасын жұмысты іздеуге бағытталған ниетін көтерген жағдайда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!